4. Скринингтік зерттеулер аурулардың тиісті түрлері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын адамдарға жүргізіледі.
2 тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі
5. АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық бақылау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.
6. АЕК ұйыдарының скринингтік зерттеулерін жүргізу үшін:
1) халықтың медициналық ұйымына бекітімен адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;
2) осы зерттеулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі туралы халықты хабардар етеді;
4) МАЖ-ға деректерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді;
5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.
7. Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды:
дайындық кезеңі;
қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі;
қорытынды кезең.
1-параграф. Скринингтік зерттеулердің дайындық кезеңін өткізу тәртібі
8. Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина қызметкері (бұдан әрі – ОМҚ) жүзеге асырады және өзіне мыналарды қамтиды:күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін жыл сайын қалыптастыру және жасау, кейіннен нысаналы топтарды ай сайын түзету;халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету;халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру;
халықтың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуін қамтамасыз ету.
2-параграф. Скринингтік зерттеулердің қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңін жүргізу тәртібі
9. Қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі бірінші және екінші кезеңді қамтиды: бірінші кезеңде АЕК ұйымының ОМЖ немесе дәрігері:сауалнама бойынша сұрау жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: |