18 жастан 70 жасқа дейінгі, скринингтік зерттеулерден өтетін, бүйректің созылмалы ауруымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын ерлер мен әйелдер
Бүйректің созылмалы ауруларын ерте анықтауға
Тыныс алу органдарының қатерлі ауруларымен және өкпе туберкулезімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер
Тыныс алу ағзаларының ауруларын ерте анықтауға
55 жастан 70 жасқа дейінгі, скринингтік зерттеулерден өтетін, қуықасты безінің қатерлі ауруымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын ерлер
Қуықасты безі обырын ерте анықтауға
18. Скринингтік зерттеулер жүргізу қағидалары, көлемі және кезеңділігін түсіндіріңіз.
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2022 № ҚР ДСМ- 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді өткізу тәртібін, көлемі мен кезеңділігін айқындайды.
2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) скринингтік зерттеулер-әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;
2) динамикалық байқау-пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) — денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |