2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз



бет60/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
ВОП 2

Медициналық оңалту тәртібі
5. Медициналық оңалту медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Медициналық оңалту:
1) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді көздемейтін амбулаториялық жағдайларда;
2) тәулік бойы медициналық бақылауды, емдеуді, күтімді, сондай-ақ тамақтанатын төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайларда;
3) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді талап етпейтін және төсек-орын бере отырып, күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеуді көздейтін стационарды алмастыратын жағдайларда;
4) үйде: медицина қызметкерін, ұтқыр бригаданы шақыру, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру кезінде (үйдегі стационар), оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып;
5) санаторийлік-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.
7. Медициналық оңалту көрсету үшін пациентті стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.
8. Пациентті стационарға жатқызу кезінде Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша электрондық форматта медициналық карта ресімделеді.
9. Медициналық оңалту ересектер мен балаларға жіті аурулар мен жағдайлар, жарақаттар, хирургиялық араласулар кезінде, тіршілік әрекеті шектелген емделушілерге, оңалту әлеуетін ескере отырып, аурулар және (немесе) функциялары мен құрылымдарының бұзылулары бар жағдайлар кезінде, әлеуметтік мәні бар аурулар мен жекелеген нозологиялық нысандар кезінде жүзеге асырылады.
10. Медициналық оңалтуды көрсету деңгейі нозологияға, пациент жағдайының ауырлық дәрежесіне және осы Қағидаларға 12345678910 және 11-қосымшаларға сәйкес ОБШ бойынша МДТ мамандарының қатысуымен ҚХЖ немесе ҚХЖ-БЖ өлшемдері негізінде БӘФ бұзылыстарының қалыптастыру тәртібіне сәйкес айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет