Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазбаша түрде ресімделеді.
14. Профилактикалық егуді жүргізу алдында егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе кәмелетке толмағандардың және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне сауал жүргізу медицина қызметкерлеріне арналған сауалнама бойынша осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
15. ИКҚК дамуының алдын алу үшін халыққа профилактикалық егу осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген профилактикалық егу жүргізуге қарсы көрсетілімдерді ескере отырып жүргізіледі.
Инфекциясы бар науқаспен қарым-қатынаста болу, шектеу іс-шаралары жоспарлы егу жүргізу үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.
16. Адамның иммун тапшылығы вирусымен (бұдан әрі – АИТВ инфекциясы) өмір сүретін адамдарға профилактикалық егуді ұйымдастыру және жүргізу осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
17. ПӘИБП-ны қолдану алдында оған қоса берілген нұсқаулықты, ампуланың (құтының, ПӘИБП бар шприцтің) жарамдылық мерзімін, таңбалануын және бүтіндігін, препараттың қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкестігін зерделеу қажет.
18. Мына вакциналар мен басқа да ПӘИБП-ны:
1) құрамында антиген азайтылған адсорбцияланған дифтерия-сіреспе анатоксинін (бұдан әрі – АДС-М), сіреспе анатоксинін (бұдан әрі – АС), бүтін жасушалы (бұдан әрі – АКДС) және жасушасыз көкжөтел компоненті бар (бұдан әрі – АбКДС) адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасынан тұратын вакциналарды, вирустық гепатиттерге, пневмококк инфекциясына қарсы вакциналарды және белсенділігі жойылған полиомиелитке қарсы вакцинаны, сондай-ақ мұздатуға жатқызылған басқа да сұйық және адсорбацияланған вакциналарды;
2) құты индикаторының немесе басқа да термоиндикаторлардың көрсеткіштерінің негізінде жоғары температураның әсеріне ұшыраған вакциналарды;
Достарыңызбен бөлісу: |