Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңін өткізу тәртібі
16. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық бақылауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.
17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.
Жіті аурулар анықталған кезде тексеру жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.
Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық тексеру, бақылау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің аяқталуы, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымдарына бекіту.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама қағаз түрінде ресімделеді, кейіннен МАЖ-ға күнтізбелік бір айдан кешіктірілмей енгізіледі
№
|
Наименование целевой группы
|
Периодичность
|
Срок завершения исследования
|
1
|
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |