ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология»



жүктеу 0.91 Mb.
бет1/6
Дата08.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘҚ

ПОӘҚ 042-18-31.1.38/03-2014

ПОӘҚ

Оқу әдістемелік материалдар «Жарнама психологиясы»



Баспа №2 11.09.2014ж.





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Жарнама психологиясы»

мамандық үшін 5В010300 - «Педагогика және психология»


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәріс

  3. Практикалық және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жұмысы (жоба)

  5. Білімалушылардың өздік жұмыстары


1 ГЛОССАРИЙ

Аккредитив – тұлғаның атына жазылған, сонда көрсетілген соманы банктен алуға тұлғаның құқығын куәландыратын атаулы ақшалай құжат.

Аудитор – кәсіпорынның қаржылай шаруашылық қызметін тексеретін сенімді тұлға, арнайы лицензиясы бар маман.

Ақпарат – информация /лат. Informatio-түсіндіру, баяндау, хабардар ету/. 1) істің жағдайы, қандайда болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру.

Ақпарат құралдары – мемлекет тәуелсіздігінің саяси-экономикалық және ғылыми-техникалық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.

Ақпарат саясаты – мемлекеттік органдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды ақпараттық жүйелерді немесе БАҚ-ын ғана емес, барлық түрдегі – іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық т.б сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды

Баға – өнімнің, бұйымның, тауардың, жұмыстардың, қызметтердің ақшалай құны. Баға өндірістік шығынға, істелген еңбек мөлшеріне, орташа пайданың сомасына, сұраныс пен ұсынысқа, басқа да факторларға байланысты қалыптасады.

Банк депозиті – банкке ақшаның немесе басқа валютаның эквивалентті мөлшерінің күні бұрын төленуін егізінде немесе кредит берушінің есебінен банктен белгілі бір ақша сомасын алу құқын беретін салым.

Банктік қызмет – банк жүргізетін несие операциялары.

Брокер – басқа адамдардың атынан тауарларды, ақша номиналдарын немесе акцияларды сатып алатын және сататын адам.

Депозит – заңды немесе жеке тұлғалардың банктер мен басқа да мекемелерге белгілі бір мерзімге салған салымдары.

Дилер – биржада делдалдық операциялар жүргізетін жеке және заңды тұлға.

Журналистика – қоғамдық институт, қоғам айнасы. Қазіргі заман тақырыптары мен проблемаларын қамти отырып, оқырман қауымның әртүрлі өкілдерінің қажеттілігін күнделікті қоғамдық ақпаратпен негізінен публицистика формаларын пайдалана отырып қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қоғамдық өзекті проблемаларды қозғаған ғылыми, көркемдік әртүрлі туындыларды жариялайды.

Құн – тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалатын ақшалай шығын.

Маркетинг – сауда қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Ол табыс табу мақсатымен нарықта тауарлардың жылжытылуын және өткізілуін тездетуге бағытталады.

Маркетингтің мәні – экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым.

Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі, яғни маркетингтік ақпарат бағыт-бағдар беретін компас сияқты.

Менеджер – өндіріс және тауарлар айналымы процестерін басқару жөніндегі маман. Менеджерлер – фирманың штаттық қызметкері, фирманың менеджментінің өкілі болып табылатын орташа және жоғары басшылық құрамының лауазымды адамдары.

Менеджмент – өндірісті басқару, принциптерінің әдіс-тәсілдерінің және құралдарының жиынтығы. Ол өндірістің тиімділігін арттырып, тұрақты табыс алу мақсатымен құрылатын экономикалық саясат.

Нарықтық экономика – сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, тауар алмасу арқылы туатын еркін бәсеке уақыты.

Несие – қайтарылым және төлемдік шартымен ақшалай нысанда берілетін қарыз.

Пайда – табыстың шығыстан асып түсетін ақшалай қаражат сомасы.

Публицистика – публицистика мерзімді басылымдарды мазмұны жағынан байыпты, қоғамдық-саяси материалдық ой идеяларды жазбаша әшкерелеп, замана талабын бейнелейді. Зерттеушілер публицистика журналистиканың пайда болуына алғы шарт болған деп пайымдайды. Публицистика – қоғамдық өмірдің ең өзекті проблемаларын көтеріп, саяси іс қызметке белсенді араласады және ғылым мен өнерге де тікелей сабақтастығы бар.

Публикацияның тиімділігі - бастапқы кезеңде таңдап алынған фактінің қоғамдық мәнін, саяси маңызы, әлеуметтік бағытын қаншалықты бейнелей алды дегенмен тығыз сабақтасады. Сондай-ақ, тиімділік – публикация тақырыбының мезгілін тапқандығы, практикалық өзекті проблемаға берген жауабы, қоғамдық өмірге байланысты белсенділігінің деңгейі т.б. Жалпы публикация тиімділігі редакция жұмысының алыс және таяу мерзімде жасалатын жоспарлардың біртұтас сапасы, ғылыми негізділігі, кәсіби шеберлігі, өзара үйлесімі және мақсаттың орындалуына сай туындайды.

Принцип – латынның - негіз, бастау деген сөзінен шыққан, өзара байланысты бірнеше мағына мен қоғамдық-саяси қызметтің барлық саласында кеңінен қолданылады. П. - ғылыми, қоғамдық, саяси шығармашылық аумақтағы барлық іс әрекеттің теориялық-методикалық түп негізі. Принцип осылайша журналистиканың да іс-қимылының теориялық негізі болатындықтан істі жүргізуші сол аумақтағы мағлұматтан бастау алады. Принцип - журналистиканың дамуы мен іс қимылы заңдылықтарының жиынтығы. Сонымен қатар танымдық процесс, көзқарасты қалыптастыру мен ұйымдастыру ісінің бірлігін қамтамасыз етудегі журналистикалық қызметтің методикалық негізі болып табылады.

Салық дегеніміз – үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алған төлемі. Үкіметті, әскерді, милицияны ұстау үшін халықтан салық жиналады. Салық бірінші рет Қытайда пайда болды. А.Смит салықты «әділетті салық» деп атаған.

Салым – пайыздар мен дивидендтер түрінде табыс табу мақсатында мүлік, мүліктік құқықтар немесе ақшалай қаражаттар нысанындағы жеке немесе заңды тұлғалардың орналастыратын құны туралы активтері. Салымдарды жеке мүліктік емес құқықтар немесе өзге материалдық емес игіліктер түріндегі заңды тұлғаның жарғылық капиталына салуға жол берілмейді.

Саясат – алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекетті басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді. Саясат - өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі.

Табыс – кәсінорынның кірісі мен шығысы балансындағы, бюджеттің кіріс бөлімінен қаражат түсімінің көлемі мен көздерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

Тауартану – тауардың тұтыну құнын, сапасын зерттейтін пән.

Тиімділік - латынның «эффективность» яғни орындау, нәтиже деген сөзінен шыққан. Саяси сөздік анықтамаларында көзделген мақсаттың орындалу мөлшері іс-қимылдың нәтижесін мақсатпен теңестіру немесе мақсаттың орындалу өлшемі деп анықтаған. Ал, басқару теориясында тиімділік принципі алға қойған мақсатты, еңбек, материал, қарыз жағынан ең аз бөлігін жұмсап, ең қысқа мерзімде нәтижеге жету деп түсіндіреді. Көптеген ғалымдар тиімділікті алға қойған мақсаттың орындалған мөлшері деп тұжырымдаған

Функция - латынның істеу, жасау, атқару, орындау іс-әрекеттің мақсаты деген мағынаны білдіретін сөзі. Екі обьектінің бірі өзгергенде келесісі де бірге өзгеру қатынасын да функция деп атайтыны тағы бар. Олай болса, қарым-қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің бірі өзгергенде келесісінің де бірге өзгеруін де функция деп атайды. Олай болса қарым-қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің қажетті талабын функция деп көріп оны элемент ретінде өз аумағында өзара сабақтастықтарымен тану дұрыс. Функция нендей бір ұғымның теориялық ішкі сипатын көрсетеді. Белгілі жүйенің іс-әрекеттік тәсілі мен оның ішкі құрылымын функция анықтайды деген де тұжырым бар.

Сапалы басылым - интелектісі жоғары қоғам өкілдеріне және бұқаралық оқырманға арналған басылым;

Мемлекеттік басылым – қазынадан қаржы алатын және Коммерциялық басылым - өз тапқан қаржысына өмір сүретін басылым;

Ресми баспасөз - үкіметтің және тәуелсіз баспасөз құрылтайшылары мен меншік иелерінің көзқарасын айқындайтын;

Басқару функциясын атқарушы басылым - саяси және экномикалық билік құрылымдарының жұмыстарына үгіт-насихат жасауға бағытталған, сонымен қатар оппозициялық басылым, билік басындағыларды сынап, қоғамды дамыту үшін әзірлеген өз жобаларын ұсынатындар;

Саясиланған басылым - негізінен қандай да бір партия мен қозғалыс арасында саяси күресті көрсетуге бағытталған және бейсаяси - саясаттан бойын аулақ ұстайтын басылым;

Іскер, экономикалық басылым – іскер адамдар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсететін және көңіл көтеруге арналған – оқырмандарға демалыс ұйымдастыруға арналған;

Легитимді басылым –ақпарат министрлігінде ресми түрде тіркелген және легитимді емес – билік құрылымдарын мойындамайтын басылым;

Ұлттық – республиканың барлық аймағын қамтитын және Трансұлттық – алыс және жақын шетелдерде шығарылатын басылым.

Имидж - қойылған мақсат бойынша өңдеп шығарылған және үгіттелген бейне.

Инновациялар - ғылым мен тәжірибенің жетістігіне байланысты техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару аймақтарына жаңалықтар енгізу, сонымен қатар, бұл жаңалықтарды әртүрлі аймақтар мен орталарда қолдану.

Ақпаратты технология - ақпаратты техникалық тәсілдер мен әдістер кешені арқылы алу, сақтау, өңдеу және қолдану.

Менеджмент - бұл басқару ғылымының жетістіктерін қолдана отырып, өндірісті және өндірістік персоналды бсқару құралдарының, әдістерінің, формаларының, принциптерінің жиынтығы. Менеджменттің негізгі мақсаты-өндіріс тиімділігін арттыру, кәсіпорынның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану.

Ынталандыру - адамның ұйымда жемісті қызмет етуі үшін оның ынтасын тудыру мақсатындағы басқару функциясы.

Шешім қабылдау үрдісі – шешімді қабылдау мен оны жүзеге асыру, альтернативаларын жинақтау, жағдайды талдау мен ұйым мәселелерін шешуге бағытталған басқару субъектісінің сатылай іс-әрекеттері.

Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты.

Стратегия - үкіметтің, аймақтардағы әкімшіліктің өндірудегі кәсіпорынның әрекеттері, кірістер мен шығыстар, салық бюджеті, бағалар, капитал салу, әлеуметтік сақтау жоспарларын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі.

Тактика - қазіргі жағдайға бағытталған салыстырмалы қысқа мерзімге арналған экономикалық әрекеттер тізбегі, экономикалық іс-әрекет.

Технократия - әлеуметтік- экономикалық факторларды және техникалық шешімдерді қабылдаудан туындайтын экономикалық салдарды ескермей, экономикалық құбылыстар мен процестерге техникалық тұрғыдан қарау.

Басқару технологиясы - басқару қызметінде шешім қабылдау үшін бір-бірімен қажетті операциялардың орындалу тізбегі.

Басқару - экономикалық субъектілер мен адамдарға саналы түрде тікелей әсер ету арқылы күтілген нәтижелерді алу мақсатында іс- әрекеттерді көзделген мақсатқа бағыттау.

Басқару шешімдері - ұйымның мақсаттарға жету жолында басшы қызметінің шегінде жүргізілетін альтернативті таңдау.

Агенттер - сатушының немесе сатып алушының мүддесін қолдайтын, жұмыстары брокерлерге қарағанда тұрақты болатын делдалдар.

Әлеуметтік таптар - қоғам шеңберіңде сатылық тәртіппен орналасқан, табысы, байлығы, білімі, тұрғылықты мекенінің көлемі мен орны, меншігі, айналысатын ісі арқылы анықталатын салыстырмалы тұрақты адам топтары.

Бақылау - таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі.

Бренд - атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы.

Жарнама- қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.

Жарнама агенттіктері - жарнама қызметін ұсынатын делдалдар.

Жарнама құралдары - жарнама таратушылардың жиынтығы: баспасөз, телеарна, радио, кино жатады.

Жарнамалық хабар – компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы.

Жарнамалық сөз мәнері – тауар сапасын, фирманың тура немесе абстрактылы түрдегі бейнесін көрсететін қысқа лозунг немесе ұран.

Жарнаманы қамту ауқымы – берілген уақыт аралығында жарнама науқанымен таныстыратын мақсатты аудиториядағы адамдардың белгілі бір пайызы.

Жарнама жеткізушілері – жарнаманы тарататын нақты құралдар: нақты журналдар, телешоу, радиобағдарламалар және т.б.

Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өңдірушіден тәуелсіз делдалға , одан кейін –тұтынушыға жылжыуына байланысты құрылатын арналар.

Купондар – тауарларды сатып алған кезде берілетін жеңілдіктер мен шегерімдер сертификаттары.

Қызмет көрсету – тұтынушылар сатып алаты, бірақ меншік құқығына ие бола алмайтын сезілмейтін игілік.

Лицензиялау – шетел фирмаларына белгілі бір төлем немесе роялти орнына өзінің өндірістік және сауда құпияларын, ноу-хау тауар белгісін, потентін қолдануға беретін құқық.

Маркетинг – нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабідеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және біріктірілген қызмет. Тауарды өндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас арқылы жеке адамдар тобының және тұтынушылар мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару прцесі. (Ф.Котлердің анықтамасы).

Маркетингтік зерттеулер – басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, компанияның алдына қойған маркетинтік міндеттеріне сәйкес ақпарат жинап, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.

Маркетингтік логистика – сұраныстарын неғұрлым тиімді қанағаттандыру мақсатымен өндіріс орнынан бастап тұтынушыларға жеткізумен аяқталатын материалдар мен дайын өнімнің заттай ағымын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.

Маркетингтік коммуникация – тұтынушыға ықпал ету мақсатында тауар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі.

Маркетинг бюджеті – фирманың табысының, шығынының және пайдасының жоспарлы мөлшері.

Маркетинг жоспары – бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленетін жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы, нысандандырылған құжат.

Мәміле – белгіленген шартқа сәйкес тауар мен қызметті өткізуді іске асырудағы екі немесе бірнеше тараптардың өзара келісімі.

Миссия компанияның қайсыбір қызмет түрін және нарықтағы алатын орнын анықтайтын ұзақ мерзімді бағдар.

Нарық (маркетинг тұрғысынан) – нақты және әлеуетті (потенциалды) тұтынушылар жиынтығы.

Өмір стилі – тұтынушының тұрақты әдеттерін, талғамдарын, мүддесін білдіретін өмір сүру бейнесі және мінез-құлықтың белгілі бір түрі.

Өмір сүру салты – жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі, қарым-қатынастары мен тауар тұтынудағы өзіндік ережесімен айқындалатын өмір мәні.

Өткізуді ынталандыру – тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралар кешені.

Паблик рилейшнз (PR) – бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынасты және оны қолдауға бағытталған, жоспарланатын шараларды құру.

Пікір сұрау (опрос) – бастапқы ақпаратты алу мақсатымен респонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі.

Стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсаттарын мүмкіндіктерін ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерінді сәйкестіріп үйлестіру және олардың тепе-теңдігін ұстап тұруды басқару процесі.

Сапа – тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың не қызметтің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы.

Сипаттама зерттеулер – маркетингтік мәселелерді, әр түрлі жағдайларды, нарықтарды тұтынушының өнімге қатысын сипаттауға бағытталған маркетингтік зерттеулер.

Сұраныс – сатып алу қабілеті бар қажеттілік.

Тұрақты шығындар - өндіріс пен өткізу көлеміне қатыссыз қосымша шығындар.

Тұтыну тауарлары – негізгі тұтынушының қолдану үшін сатып алынатын тауарлар. Күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және бәсең сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді.

Тұтынушы ұйымдар – тауарларды өндіріс процесіне пайдалануға алатын кәсіпорындар қайта сату үшін алатын көтерме тұтынушылар, бөлшек сауда орындары, мемлекеттік органдар және т.б.

Эксперимент – бір немесе бірнеше айнымалы факторлар өзгерісінің бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалын анықтайтын маркетингтік зерттеу әдісі.

2 ДӘРІСТЕР
Модуль 1. Кіріспе

1 Жарнама психологиясы ғылымы объектісі туралы көзқарастар



Сұрақтары. Жарнамалық іс-әрекеттің дамуы. Жарнамалық іс-әрекеттің даму факторлары. Жарнаманың қоғамның даму тарихымен байланысы

Жарнамалық іс-әрекеттің дамуы. Жарнамалық іс-әрекеттің даму факторлары. Жарнаманың қоғамның даму тарихымен байланысы. Ресейдегі және шетелдегі жарнаманың тарихы.Антикалық дәуірдегі жарнамалық текстер. Батыс Европалық ортағасырдағы жарнамалық іс-әрекеттің формалары. 17-18 ғасырларда Ресейде жарнамалық іс-әрекет тәсілдерінің қалыптасуы. 18-19 ғасырларда орыс прессаларындағы жарнама эволюциясы. Ресейде көтерілістен кейінгі жарнама (20ғ№ 20-шы ж.) Совет кезеңіндегі жарнамалардың ерекшеліктері. Қайта құру және жарнама.

Жарнама іс-әрекеті қазіргі таңда енді зерттеліп келе жатқан тың зейін қоятын психологияның ерекше саласы. Жарнама психологиясы туралы Ресей және шетел ғұламалары жазған оның ішінде Лебедев А.Н. «Психология рекламы» атты еңбегі және Сэндидж Ч., Фрайбургер В., Ротцолл К. «Реклама теория и практика» сонымен қатар Мокшанцев Р.И. «Психология рекламы», Мануйлов М.А. «Психология рекламы», Фридленгер К.Т.«Путь к покупателю» атты еңбектерінде жарнаманың психологиялық тұрғыдан қарастырған, жарнаманы қабылдаудағы психикалық процестер туралы толық мәліметтер қамтылған. А.А. Ухтомскийдің жарнамаға доминанта принципін қолдануы қарастырылған. Қазақ тілінде «жарнама психологиясы» туралы әлі ешкім зерттемеген, оның алғашқы зерттеушілері мына біздер болып табыламыз. Біздің елде жарнамаға енді көңіл бөле бастауда. Ол көптеген зертеулерді талап етеді.

XX ғасырдың ортасында біздің өмірді жарнамасыз елестету қиын деген сұрақпен нақты зерттеу басталды. Біз жарнаманы кез-келген жерде кездестіреміз - үйде теледидар алдында отырғанда, радио тыңдағанда, жұмысқа не сабаққа бара жатқанда барлық жерде. Қай жерде болмасақ та тауар немесе күтім туралы айтатын жарнамалық хабарландыруды көреміз не естиміз.

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер психология ғылымында жаңа бағыттың тууына әкелді. Ең маңызды сұрақтардың бірі - саяси жарнаманы және өзін жарнамалауды зерттеу. Тағы бір өзекті мәселе- шет елдік жарнамаларды бейімделу мәселесі. Зерттеулер көрсеткендей шет елдік және отандық жарнамаларға қатынас бір жақты емес. Ақпараттық құралдарының психологиялық мәдениетінің төмендігі сол жарнамаларды тұтынушыларға қажет формада емес үлкен пайда алуды көздеп жасалады.

Бізде жарнамаға деген психологиялық бейімделудің жоқтығын кейде жарнамалар біздерді кемітеді. Сондай-ақ, жарнама жоғары сапалы, жоғары кәсібилікті қажет етеді. Жарнама өз мақсатына толық жету үшін жарнама мәтінін, бейнесін, түсті таңдауда адам психикасының ерекшеліктерін есеру керек.

Соңғы уақытта Қазақстанда жарнама іс-әрекеті қызу өрістеуде. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда жарнаманың адамға психологиялық әсерін білу қажеттілігі туындап отыр. Жарнама феноменін психологиялық зерттеу үшін адамның даралығының табиғатын толық ашу керек. Теледидардан көріп жүргеніміздей кейбір орыс тіліндегі жарнамалар қазақ тілінде аударылып берілуде, әрине табиғи қазақ тілінде шықпағандықтан кішкене тартымсыз болуы мүмкін. Бірақ, бұл да еліміздің ана тілі қазақ тіліне көшудің бір көрінісі. Мұндағы бір өкініштісі, өз еліміздің тауарын таза қазақ тілінде өзіндік идеялармен шығарылуының өте аз болуы. Теледидардағы жарнама көрермендердің психологиясын ескермейді, моральдық тұрыдан ұнамсыз аз сюжеттерді толассыз бере береді. Теледидардағы жарнама жарнамалаушылардың іс-әрекетіне сөзсіз пайдалы, алайда ол адамдардың әсіресе, балалар мен жеткіншектердің психикасы мен денсаулығына жаман әсер етуі мүмкін. Ал болашақта жарнаманың дамуы қоғамдағы әлеуметтік қатынасты тұрақты түрде өзгертуі мүмкін. Бұл бүгін де өзекті мәселелердің бірі.

Жарнаманы өндіруде, зерттеуде әлеуметтік, әлеуметтік - психологиялық, қабылдаудың ұлттық этникалық (әдет-ғұрып, өнеге және діни салттар) ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларды ескеру қажет. Бізде пайдаланып жүрген жарнамалар Ресей мамандарының жұмысына сүйенеді. Жарнама өнімдері қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескермей жасалғандықтан, тиімділігі төмен болып жатады.

Жарнаманың психикалық әсеріне - зейінді тарту, қызығу туғызу, тілектерді ояту, интеллект пен эмоцияға жағымды әсер ету сияқты жағдайлар жатқызылады. Адамға жарнаманың әсерін әлеуметтік- психологиялық ішкі дайындықтың жиынтығы ретінде түсіндіретін негізгі компоненттерге - когнитивті, мінез-құлықтық және эмоционалды компоненттерді жатқызуға болады.

Жалпы алғанда жарнама ол информациялар емес, әуелде солай көрінгенімен ол адамдарды психологиялық бағдарламалау. Бұл жағдай өте қауіпті, ерте ме, кеш пе ол бізді экономикалық ғана емес, өнеге сферасында да басқарады, нәтижесінде тауардың бар екенін біліп ғана қоймай, оны сатып алуымыз керек. Жарнаманы зерттеу арқылы, қоғам күйін де анықтауға болады.

Жарнама мен тұтынушының мінез-құлқының арасындағы арақатынасты түсіну үшін біріншіден, адам мінез-құлқының көп жақтылығы, оған әсер ететін факторларды, екіншіден маркетингпен айналысатындар мінез-құлық тенденцияларына қарай қалай топтастырады, әсер ететін факторлардан қалай капитал жинайды деген сұраныстарды нақтылау керек.

Жарнама іс-әрекеті- қоғамдық сананың бір формасы. Тұтынушының психологиясымен білу жарнама маманына нақты өз аудиториясын дұрыс табу, психологиялық әсер ету факторларында бағдарлануға мүмкіндік береді.

Жарнама мәселелеріне әсіресе психология, әлеуметтану және журналистика ғылымдары араласады. Жарнама ол да өнер, бірақ жартылай ғана. Қалған жартысы ғылыми негізделген- тұжырымдама жаңа жарнаманы тұтынушылар қалай қабылдайды, сұраныс беруші фирмаға қандай нәтижелер береді сияқты сұрақтарды ғылымилау.

Жарнама әсерінің психологиялық тиімділігін дұрыс түсінбеу осы бағыттың әдіснамалық дамуына зиянын тигізеді. Тиімділікті жарнамамен тауар сатудың арасындағы тура байланыс деп түсінеді, яғни жарнаманың тұтынушының тілегіне әсер ете алатын қабілетін ғана бағалайды. Ең негізгісі-жарнама тұтынушыға түсінікті болу керек, зейінді аудартатындай, жеңіл есте қалатындай жағымды эмоция туғызатындай жасалуы тиіс. Осы бағыттағы психологиялық теория мәселелері жарнаманы қабылдаудың психологиялық құрылымы және соған сәйкес жарнамалық әсерлердің психологиялық аспектілері жатады. Осыған байланысты жарнама психологиясы, жарнаманың эксперименталды психологиясы, жарнамадағы психологиялық әдістер, саяси жарнамалар, жарнама бизнесі үшін мамандар даярлау жарнама әрекетін сараптау, жарнамада түстерді этномәдени топтардың қабылдауы секілді жаңа бағыттар дамуда.


2 Жарнама функциясы және мәні
  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет