2 Дәріс Тақырыбы: Физикалық шамалар бірліктері. Si жүйесі. Өлшем объектілері


Сөз алды қосымшасы бар бірлікті ондық еселік немесе бөліктік деп атайды – деңгей көрсеткіші оң немесе теріс болғанына қарай



бет4/6
Дата02.10.2023
өлшемі60.2 Kb.
#479553
1   2   3   4   5   6
2 дәріс.

Сөз алды қосымшасы бар бірлікті ондық еселік немесе бөліктік деп атайды – деңгей көрсеткіші оң немесе теріс болғанына қарай.
Халықаралық жүйенің негізгі бірліктері:
1) метр (халықаралық белгілеуі m; орысша - м; өлшемділігі L) – ұзындық бірлігі, вакуумда 1/299 792 458 секунд бөлшегінде жарық өтетін жол ұзындығы (ХVII ӨСГК мақұлданған, 1983 жыл, 1 резолюция);
2) килограмм (халықаралық белгілеуі kg; орысша - кг; өлшемділігі М)– салмақ бірлігі: килограммның халықаралық прототипінің массасына тең масса (III ӨСГК мақұлданған, 1901 жыл, 3 резолюция);
3) секунд (халықаралық белгілеуі s; орысша - c; өлшемділігі T) – уақыт бірлігі: сыртқы өрістер жағынан ауытқу жоқ болған кезде Цезий-133 атомының негізгі күйінің аса жұқа құрылымының екі деңгейі арасында өтетін сәйкесті сәуле шығару 9 192 631 770 периодтар ұзақтығы (ХIII ӨСГК мақұлданған, 1967 жыл, 1 резолюция);
4) ампер (халықаралық белгілеуі А; орысша - А; өлшемділігі I)– электрлік ток күші бірлігі: айнымас тоқтың күші, ол бір - бірінен 1 м аралығында вакуумда орналасқан және сымның айналмалы қимасы соншалық кіші болса, екі параллель шексіз ұзындығы бар өткізгіштіктерден өткен кезде, сол өткізгіштіктердің әрбір метр ұзындықта 7 2 10  Н күші пайда болуы керек (IХ ӨСГК мақұлданған, 1948 жыл);
5) кельвин (халықаралық белгілеуі K; орысша - K; өлшемділігі Θ )– термодинамикалық температура бірлігі: судың үштік нүкте термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі (ХIII ӨСГК мақұлданған, 1967 жыл, 4 резолюция);
6) кандела (халықаралық белгілеуі cd; орысша - кд; өлшемділігі J ) жарық күші бірлігі: көздің берілген бағытта жарық күші, ол көздің монохроматикалық сәуле шығару жиілігі 12 540 10 Гц, осы бағыттағы энергетикалық күші 1/683 Вт/ 2 ср (ХVI ӨСГК мақұлданған, 1979 жыл, 3 резолюция);
7) моль (халықаралық белгілеуі mоl; орысша - моль; өлшемділігі N)– зат мөлшері бірлігі. Моль жүйенің зат мөлшері, ол жүйенің құрылымдық элементтері болғаны сонша, қанша атомдар массасы 0,012 кг көміртегі 12 нуклидинде. Моль бірлігін қолданған кезде құрылымдық элементтерінің өзгешеліктері анықталған болу керек және олар атомдар, иондар, электрондар тағы да басқа кішкентай бөлшектері немесе өзгешіліктері анықталған кішкентай бөлшектер топтары болуы мүмкін (ХIV ӨСГК мақұлданған, 1971 жыл, 3 резолюция).
Бірліктер аталуы әрбір тілде әртүрлі болғанына қарамастан, олардың белгілеуі халықаралық болып табылады, және ISO 31-0:1992 кепілдемелері бойынша сәйкес бірліктерді халықаралық белгілеуінен басқа еш қандайын қолдануға болмайды. Дегенмен ГОСТ 8.417 шамаларды екі түрлі әрпі белгілеуін орнатты: халықаралық (латин немесе грек әліппе әріптерін қолдануымен) және орысша (орыс әліппе әріптерін қолдануымен).
Бірақ шет елдерімен келісім - шарттық ынтымақтастық қатынастарда, халықаралық ұйымдардың іс-әрекетіне қатысу кезінде, шекара сыртына жіберілетін экспорттық өнімдерімен бірге техникалық және басқа құжаттарда бірліктердің халықаралық белгілеуін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет