2. ДӘріс тезистері



бет16/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Жеке адам денсаулығы мен ұлт денсаулығының анықтаудың өзіндік критерийлері бар. Адам денсаулығын анықтауда оның жынысына, жасына, психикалық және психологиялық ерекшеліктеріне қарап организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын анықтайды.
Ал ұлт саулығы жалпы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштерге жататын адамдардың дұрыс тамақтануымен, денсаулық сақтау ісінің даму барысымен, халықтың өсімімен, өлу фактілері санының азайуымен, балалар өлімі санымен, орташа жас ұзақтығымен, т.б. көрсеткіштермен анықталады.
2013 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) әлемдік деңгейде мемлекеттер арасындағы «адами даму индексін» (Human Development Index, HDI) анықтауға негіз болған басты көрсеткіштердің бірі ұзақ және салауатты өмір сүру деп анықталуы денсаулық феноменінің дүниежүзілік деңгейде ең басты құндылық екенінің айғағы. Осы қатарда келесі көрсеткіштер ретінде «білім алу», «адамдардың өмір сүру деңгейі», «саяси еркіндік», «адамның құқықтарының кепілді түрде сақталуы» т.б. орналасқан.
Халықаралық сарапшылардың қорытындылары бойынша адами даму индексі бойынша бірінші ондықты бастап тұрған Норвегия болса, осы қатарда келесі орындарды Австралия, Америка Құрама Штаттары, Нидерланды, Германия, Жаңа Зеландия, Ирландия, Швеция, Швейцария мен Жапония иеленген. Ал осы рейтингке қатысқан 186 мемлекеттер арасында Ресей 55 орында болса, Қазақстан 69 орынды иеленуде (1).
Ұлттың саулығы – оның тірегі болар жас ұрпақтың саулығына тікелей байланысты. Осы тұрғыда Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Дені сау ұлт – жалпыұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек» – деп атап көрсетті. Сондықтан жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, ұлт денсаулығын жақсарту мәселесі күннен күнге өзектене түсуде.
Ұлттың ұрпағы сау болуы үшін қазіргі жастар денсаулығына баса назар аударылып, мемлекет тарапынан түрлі іс-шаралар өткізіледі, мемлекеттік заңнамаларға өзгертулер енгізіліп салауатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулықтың құндылығын нығайтуға бағытталған арнайы жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасында түрлі спорттық кешендер, стадиондар салынып, білім беру мекемелерінің әр бір деңгейінде жас өспірімдер мен жастар үшін спорттық үйірмелер, секциялар жұмыстары жанданып, жазғы демалыс лагерьлері, фитнес орталықтары, т.с.с. салауатты өмір салтын насихаттайтын мекемелер қарқынды жұмыс істеп келеді.
Аталған шаралардың нәтижесінде көптеген жастарымыз салауатты өмір салтын қалыптастыруға бейімделіп, ұлттық мәдениетімізге жат қылықтардан өздерін аулақ ұстап жүргендері қуантады. Соның дәлелі ретінде Қазақстан спортшыларының халықаралық жарыстарда, әлемдік чемпионаттарда жүлделі орындарды иеленулері жастардың ұлттық намысын күшейтіп, ұлттық рұхты асқақтататыны сөзсіз.
Алайда, осы үдеріске кері бағытты ұстанып, бойындағы ерік-жігерді дұрыс бағытта жұмсай алмай, жағымсыз әлеуметтік дертке ұшырап жатқан жастарымыз да жоқ емес. Болашақ ұрпақтың әлеуметтік саулығына, жалпы ұлт саулығының деңгейіне төмендегідей негізгі факторлар әсер етуде:
1) Қоршаған ортаның ластануы. Атмосфераның, гидросфераның, әлемдік мұхиттың ластануы адамдардың жүйке, тыныс алу, эндокриндік, ас қорыту жүйелеріне кері әсерін тигізіп, жалпы адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдікті бұзып, көптеген ауыруларды туындатуда.
2) Әлеуметтік фрустрация. Дүниежүзілік дағдарыстың әсері адамдар арасында əлеуметтік фрустрацияның күшейте түсті. Əлеуметтік фрустрация – адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдаушылығы, мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі, жеке тұлғаның өзін дəрменсіз, ешкімге қажетсіз сезінуі, балалар мен ересектердің əлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы, уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы. Осындай кездесіп отырған құбылыстар негізінде адамдардың тұлғааралық қатынастар мəдениетінің нашарлауы жиі орын алады. Көптеген жағдайларда адамгершілік қағидаларының сақталмауы, жас жеткіншектердің гуманизм принциптерінен алшақтауы, жалпы адами əдеп негіздерінің жетіспеушілігі, соның негізінде қызбалық, қатыгездік, кек сақтаушылық, өркөкіректік т.б. жағымсыз қасиеттер адамдар арасындағы түсініспеушіліктердің, шиеленістердің туындауының негізгі себебтері болып табылады. Күрделі психикалық күйзеліске ұшыраған адамдардың жүйкесі жұқарып, өздеріне қол жұмсауға (суицидке) дейін баратындары алаңдатушылық тудыруда.
3) Тұқымқуалаушылық, генетика. Тұқымқуалаушылық арқылы берілетін ауырулардың алдын алу әдістері әлі де жақсы жолға қойылмаған. Ұлттың генофондын және генетикалық қодын сақтау мәселелері қазіргі таңда көп талқыланатын өзекті тақырыпқа айналуда. Жастар арасында белсіздік, бедеуліктің белең алып бара жатқаны ұлттың болашағына, оның демографиясына әсер ететіндігі дабыл қақтырарлық мәселе. Бұл дерт әйелдер жағынан да, еркектер жағынан да бірдей асқынып келеді. Батыс ғалымдарының зерттеуінше, соңғы бір ғасырда ер азаматтар ұрығының белсенділігі орта есеппен 90 пайыздан 35-40 пайызға дейін төмендеп кеткен. Оның негізгі себептері ретінде ғалымдар экологияның, радияцияның, дәрі-дәрмекті көп тұтынудың, жыныстық қарым-қатынас төңірегіндегі сауатсыздықтың, арақ, сыра, темекіге әуестену салдарынан адам ағзасындағы генндер өзгеріске ұшырайды, гармондардың қызметінің бұзылуына әкеліп соғатынын айта отырып, оны ұлттың басына төнген қатер ретінде анықтайды.
Тамақтану мәдениетінің дұрыс сақталмауы. Қазіргі жартылай фабрикаттар мен жедел дайындалатын фастфуд тағамдарымен қатар адамның генетикалық қорына тағамдағы химиялық қоспалар, гендік-модификацияланған тағамдар кері әсер етуде. Әсіресе жастарымыз осындай тағамдардың әзірленуінен бейхабар болып, кейіннен түрлі ауыруларға шалдығып жататыны алаңдатушылық тудырады. Трансгендік тағамдардың аллергендік, мутагендік, канцерогендік әсерлері балалар мен жастар денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар мөлшерден артық тамақтану атеросклероз, жүрек ауырулары, гипертония, қант диабеті, семіздік және т.б. қауіпті ауырулардың туындауына негіз болады. Кейбір жағдайда жастар арасында дене бітімінің сымбаттылығын сақтауға бағытталған түрлі диеталар орын алады. Бірақ интернет сайттарынан алынған арықтату диеталарын өте мұқият зерттеп, дәрігердің кеңесі бойынша ғана қолданбаса, адам ағзасына қажетті белок, май, көмірсу, дәрумендер, тұздар мен минералдардың жеткілікті деңгейі төмендеп, зат алмасу үдерісі бұзылуы, ішкі секреция бездерінің қызметтері нашарлауы негізінде адам денсаулығы күрт нашарлап стресске ұшырауы мүмкін. Республикада мамандандырылған емдік-алдын алу тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жоқ. Халық арасында жүргізілген сауалнамалар оның тиімді тамақтану, тамақтанудың ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтау саласындағы білімділігі өте төмен екендігін көрсетіп отыр.
2. Денсаулықты құндылық ретінде бағалауға кері әсер ететін факторлар
Дене шынықтыру шаралары мен қозғалыс белсенділіктің жеткіліксіздігі. Қазіргі компьютерлік техниканың дамуы шырқап тұрған заманда дене шынықтыру шаралары әр адам үшін өз қалауымен өмірлік ұстанмына айналған деп айту қиындық туғызады. Көпшілігіміз белсенді қимыл-қозғалыстардың орнына техниканың көмегіне жүгінуге асығамыз. Сондықтан салмақтың артуы, буын ауырулары мен жүрек ауыруларының көбеюі, зат алмасу процесстері мен тыныс алу мүшелерінің қызметінің нашарлауы бұрынғыдай үлкен жастағы адамдарда ғана емес, қазіргі кезде жеткіншектер пен жастар арасының өзінде жылдан-жылға жиіленіп барады.
Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру қажеттілігі. Қаншалықты денсаулықтың құндылықтық маңызы насихатталып жатқанымен қазіргі жастарымыздың санасында және өмірінде салауатты өмір салтының нық орнығуы үшін әлі де көп күш жұмылдырылуы қажет. Жастар арасында бұрын-соңды ата дәстүрімізде болмаған, ұлттық ұстанымдарға сәйкес келмейтін темекі шегу, токсикомания, алкоголизм, наркомания, кальянқұмарлық, жезөкшелік, жасанды түсік пен тастанды балалар санының көбеюі сияқты әлеуметтік дерттердің нəтижесінде адамдардың интеллектілерінің төмендеуі, балалар ауыруының көбейюі, туа біткен ауырулар (ақыл-есінің, есту қабілеттерінің, көру, сөйлеу қабілеттерінде кемістіктері бар балалар санының көбеюі), жұқпалы ауырулар жиілене бастады.
Аталып отырған факторлар қазіргі қоғам адамдарының физикалық, психологиялық, рухани және әлеуметтік денсаулықтарын жақсарту қажеттілігінің анық айғағы. Қазіргі таңда тәуелсіз, егеменді ел болып, дамыған елу елдер қатарына еніп отырған шақта қоғамдағы басты даму бағыттардың бірі – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Тек қана терең білімді, білікті, тәрбиелі, мәдениетті, денсаулықтары мықты жастар ғана ел болашағын ойлап, қоғам дамуын ілгерлете алады. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны жастар арасында насихаттау, олардың арасында кездесетін жат қылықтарды болдырмау күн тәртібінен түспейтін тақырып.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесінде алға қойылған міндеті оқушы бойында теріс әсерлерге қарсы тура алу қабілетін қалыптастыру, дене еңбегі, психикалық, әлеуметтік және рухани аулық туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Осы міндетті орындау барысы бойынша жоспарда іс-шаралар жоспарлануы тиіс: «Денсаулық фестивалі - 2021», «Дені сау ұрпақ-елдің болашағы», спорттық ойындар, «Туберкулез қасымызда-сақтан» дәрігемен кездесу. Мектептің спортшы оқушылары да әр түрлі спорт түрлерінен жарыстарға қатысып жүлделі орындар алғандармен кездесу ұйымдастырылады.
Еліміздің болашағы үшін дені сау, рухы биік жеке тұлғаны қалыптастыруда оның дене күші мен рухани күшін бірге дамыту салауатты өмір құрудың негізі, ал салауатты өмірді әркім өзінен бастауы керек.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Денсаулықты құндылық ретінде бағалау - ұлттың рухани-адамгершілік жандануының қажетті шартын мысал келтіре дәлелдеңіз.
2. Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?
3.Қазақ халқының салауатты өмір салтына байланысты дәстүрлеріне сипаттама беріңіз.
4. Денсаулықты құндылық ретінде бағалауға кері әсер ететін факторларды жою жолдарын көрсетіңіз.

1

№ 11
Дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет