Тәрбие жұмысының басым бағыттары: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Дәріс жоспары
1. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
2. Бастауыш сыныптарда еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағытында тәрбие жұмысыны ұйымдастыру
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
экологиялық даму саласында мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;
«адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;
табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;
кәсіби білім мен өнімді еңбекке;
нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;
экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;
еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;
мамандық таңдауына;
үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.
Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш сыныптарда еңбек, экономикалық және экологиялық
тәрбие бағытында тәрбие жұмысыны ұйымдастыру
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым - қатынасын
қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие берудін міндеті табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту,адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын сана сезімдеріне дағдыландыру. Көгалдандыру айында мектепте ата–аналардың, оқушылардың, ұстаздардың көмегімен бірнеше жұмыстар атқарылуы тиіс, мектептің алдына ағаштар мен көпжылдық гүлдер отырғызуға қатысу. Сынып жетекшісімен мен оқушылар сыныпқа бөлінген аймақта сенбілік өткізу, тазарту жұмыстары жасалып тұруы тиіс.
Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие бағытында міндеті нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы қарапайым білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көзделген мақсатқа жетуді, шыдамдылықты қалыптастыру болып табылады. Сыныптарда оқушылар «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында қол өнер байқауы, «Мамандығым мақтанышым» кездесу сағатын өткізе отырып кітапханадағы ескі кітаптарды түптеп, беттерін түгендеу жұмыстарын, өз сынып бөлмелеріндегі мүлікке жауапкершілікпен қарап, «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан» тақырыбында тәрбие сағатың ұйымдастыруға болады.
А.Е.Манкештің пайымдауынша, экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана, экологиялық таным, экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім; экологиялық қызығушылық; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастыра келе, табиғатты қорғау – әлеуметтік табиғи түзілім деп, оның құрылымын құрайтын экологиялық ұғымдарға зерттеу жұмысына сай, олардың әрқайсысына мазмұндық сипаттама берген: автор алдымен оқушының экологиялық санасын қалыптастыру қажет деп есептейді; экологиялық таным - арқылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс жасауы, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.
«Біздің отбасымыздың кірісі мен шығысы» тақырыбы аясында 3-4 сынып оқушылары өздерінің отбастарының кірісі мен шығысы туралы алғашқы экономикалық түсініктері қалыптасады. Осы жұмыстар арқылы нәтижесінде алғашқы экономикалық түсініктері қалыптасып, еңбек ету құлшыныстары оянды. Ынтасы жоғары балаларды, сұраныстары ерекше балаларды, мәселелі оқушыларды уақтылы айқындау мақсатында пән мұғалімдері үнемі жұмыстар жүргізді. Ата-аналар комитеті мен әкімшілік, оқушылардың өзіндік басқару сынып белсенділері, жергілікті қоғамдастық, құқық қорғау органдары арасындағы байланысты жолға қоюы қажет. Ата-аналар комитеті сыныптардың қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруға қатысып отырады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
2. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағытына бір сыныпқа тәрбие жоспарын құрыңыз.
|