Тәрбие жұмысының басым бағыттары: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. Ұлттық тәрбие.
Дәріс жоспары
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Ұлттық тәрбие
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тәрбие жұмысының басым бағыттары Жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба,
әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;
өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүрістұрысына;
заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;
әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): - этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; - мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; - өз халқының мәдени мұрасына; - қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; - Қазақстанның этномәдениетіне; - этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту. Іске асыру механизмдері Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс ісәрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбиенің мақсаты мен іске асыру механизмі
2. Ұлттық тәрбие мақсаты мен іске асыру механизмі
3. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі мақсаты мен іске асыру механизмі.
|