2. ДӘріс тезистері


Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ерекшеліктері



бет3/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ерекшеліктері
Дәріс жоспары

  1. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру

  2. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ерекшеліктері

Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Тұлғаның ұлттық құндылықтарды тереңінен меңгермейінше, оның жалпыадамзаттық патриотқа айналуы екіталай. Халық даналығында – Отан отбасынан басталады, – Отан оттан да ыстық деп айтылуы да бекер емес. Демек, әр ұлтжанды азамат санасында ең алдымен өз ұлтының құндылықтарына, ұлттық тарихына, ұлттық мәдениетіне деген шынайы сый-құрмет бірінші кезектегі басымдықтар қатарында болуы тиіс.
Бастауыш сыныптарда тәрбие жұмысы негізінде оқушылардың ұлттық құндылығын қалыптастыру тұлғаның өз өмірін ұйымдастыруы субъектілік қатынасқа түсуде, өзінің мінез-құлық нормасын қалыптасуын көрсететін іс-әрекеттегі белсенділігі мен жауапкершілігі, өзіне өзі баға беруі, рефлексия жасай білуі, өзіндік пікірін делелдеуі, яғни өмірлік дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік туғызу болып табылады. Әрине бұл сияқты тұлғалық сапалар әр оқушыда әртүрлі болады. Сынып жетекшісі бұл жерде тұлғаның өзін өзі тануы, өзін өзі уәждеуі, өзін өзі айқындауы, өзін өзі жүзеге асыруы, өзін өзі реттеуін есепке ала отырып, тәрбие жұмысында тұлғалық сапаларды қалыптастыруы тиіс, - деп есептейміз.
Ұлт толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Олай болса бүгінгі күнгі ұрпағымыз ұлттық құндылықтарын қадірлеп, ұлттық мүддесін қорғауда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін білуі керек, әрине оны бастауыш сыныптарда ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының міндетіне жүктейміз.
Сонымен, тәрбие жұмысы негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылығын қалыптастыру тұлғаның табиғи жаратылысы мен арнайы ұйымдастырылған тәрбие үдерісінің негізінде тұлғаның ұлттық санасын, сезiмiн, мiнез-құлқын дамытуға бағытталған мақсатты, жүйелi, жоспарлы жүргiзiлетiн жұмыстың нәтижесі болып табылады. Ұлттық құндылыққа қызығушылықты қалыптастыру үдерісі бастауыш сынып оқушысының тұлғасына оның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, мақсатты түрде педагогикалық ықпал көрсету жүйесінен тұрады.
Дегенмен, ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы отбасының ықпалы, оның тиімділігін арттыруда мектептің ынтымақтастығы мәселелеріне аз көңіл бөлініп отыр. Жоғарыда аталған ғалым-педагогтар зерттеуіне сүйене отырып, біз гумаңдық қасиетке адамзат бойындағы ізгі ниетті барлық ұнамды құлықтардың жататынын анықтадық. Ол адамның ойы, көзқарасы, мінез-кұлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы арқылы көрініс береді.
Тәрбие жұмысы жоспары мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мынадай ұлттық құндылықтарға көңіл аударылды:
- туған тіліне сүйіспеншілік - туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлеу алу және жаза білуі; ана тіліндегі шығармаларды еркін оқи білуі-оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;
- туған жерге сүйіспеншілік - туған өлке, табиғатын сүю, туған жерінің орман-көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп баптау, экологтің аясы;
- туған елге сүйіспеншілік - өз ұлтын сүю, Отанын сүю, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу-азаматтық аясы;
- өз отбасына сүйіспеншілік ата-анасын, туыс-бауырын сыйлап, құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу-кісілік қасиет қалыптастыру аясы;
- Қазақстанды мекен ететін халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру - ұлт өкілдеріне, түсіністікпен қарап, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу қатынас мәдениетінің аясы;
2. Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы тектес ұлттық құндылықтар қалыптастыру барысында оларды ұлттық рухы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі, тұғалық тұрғыда қалыптасу қуаты арта түседі. Осы орайда біз өз зерттеу жұмысымызда бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылығын қалыптастыруда мынадай алты бағытта ұсынамыз:
- болашақ азаматтың бойында ұлттық сана-сезім орнықтыру үшін ең алдымен, өз тарихымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білуіміз керек;
- екінші, өз тілімізді – туған халқымыздың тілін білмек шарт;
- үшіншіден, атадан-балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды білген жөн.
- төртіншіден, өткен тарихымыздың жақсылықтары мен игі тағылымдарын сақтау, ерлік дәстүрлерін, бактырларын үлгі тұту;
- бесіншіден, атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, оқушылардың ұлттық мақтаныш сезімін ояту;
- алтыншыдан, отбасылық, туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіну.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар, олар өзге ұлттардың мәдениеті мен салт дәстүрін біліп, танып құрметтеуі қажет. Бұл негізінен мектептегі тәрбие үдерісінде әсіресе бастауыш сыныптан басталып жүзеге асырылуы тиіс.
Қорыта келгенде, бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық құндылығын қалыптастыру үшін жасалған теориялық талдаулар негізінде тұлғаның ұлттық санасын, сезiмiн, мiнез-құлқын дамытуға бағытталған мақсатты, жүйелi, жоспарлы жүргiзiлетiн жұмыстарда педагогикалық, психологиялық құнды ой-тұжырымдар басшылыққа алынады.
Тәрбие жұмысы негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың негізгі көзі тәрбие жұмысының жоспары мазмұны, әсіресе тәрбие сағаттары болып табылады. Тәрбие жұмыстары негізінде бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік-этикалық дүниетанымын, адамгершілік мінез-құлығын, ұлттық құндылықтарын қалыптастыратын тәрбие сағаттарының, тәрбиелік іс-шаралардың орны бөлек. Ішкі мазмұны жергілікті материалды пайдалануға негізделген Тәрбие жұмыстарында қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, ауыз әдебиеті үлгілері, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қамтылады. Осыдан келіп, барлық халықтық құндылықтардың бастауы – ұлттық дәстүрдің мәні мен мазмұнын жете танудың қажеттілігі туындайды.
Адамның тұлға ретінде дамуы оның мақсатты болжайтын субъекті мен шешім қабылдап, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілетті жеке адам болғандығын көрсетеді. “Мен” тұжырымдамасының мазмұнын талдау оның негізгі элементтері мен сипатын анықтауда тұлғаның жалпы дамуының бірнеше ерекшеліктері анықталды.
Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың әдiснамалық және теориялық мәселесiн зерттеудегi ғалымдардың тұжырымдары негізінде тәрбие жұмысы негізінде бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызылды:
- бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаға, жан-жануарға, табиғатқа, Отанға, елге, туған жерге сүйiспеншiлiгiн тәрбие үдерісінде қалыптастыру;
- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыруды жетiлдiру;
- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру негізінде оқушылардың ұлттық сана-сезiмдерi мен мінез-құлық сапаларын қалыптастыру;
- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда олардың мазмұнының ұлттық құндылықтарды қамтитын тақырыптарының салт-дәстүр, әдет-ғұрып, отбасы, Отаншылдық, тілі, ділі, туған жері, мінез-құлық және т.б. тәрбиелік мәнін ашу;
- оқушылардың ұлттық құндылығын қалыптастыру үшін тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың формаларын, әдiстерiн, технологияларын түрлендiре, саралап пайдалану;
- ұлттық құндылықтың басты көрсеткіші болып табылатын ана тіліне арналған пән апталығын ұйымдастыру;
- ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәнін түсіндіретін тәрбие сағаттарын ұйымдастыру аясында сахналық көріністер ұйымдастыру;
- отбасылық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;
- бастауыш сыныптан басталып қалыптасқан ұлттық құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарға ұштасатындай сабақтастықта болуын қамтамасыз ету.
Қорыта келгенде, бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық құндылықтарын қалыптастыру тұлғаның табиғи жаратылысы мен арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмысы негізінде тұлғаның ұлттық санасын, сезiмiн, мiнез-құлқын дамытуға бағытталған мақсатты, жүйелi, жоспарлы жүргiзiлетiн жұмыстың нәтижесі болып табылады. Тәрбие жұмысы негізінде оқушылардың ұлттық құндылығын қалыптастыруда тәрбие жұмысының жоспары мен мақсатына сәйкес оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп, тәрбие технологияларын саралап, пайдалану қажет, - деп санаймыз.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысы негізінде

ұлттық құндылықтарды қалыптастыру

  1. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ерекшеліктері

3.Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мысал келтіре өмірмен байланыстыра дәлелдеңіз.




№ 4
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет