2. ДӘріс тезистері


Күшейткіштер туралы жалпы түсінік



бет12/12
Дата21.04.2024
өлшемі0.53 Mb.
#499443
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Дәріс тезистері-Электроника (1)

Күшейткіштер туралы жалпы түсінік
Кез келген мамандыққа байланысты қандай бір жұмысты атқару барысында электрлік емес шамаларды өлшеу үшін оларды электрлік шамаларға түрлендірген жағдайда жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік туады. Электрлік емес шамаларды электрлік әдіспен өлшеу ғылым мен техникада, өнеркәсіп салаларында өте көк кездеседі. Мұндағы сигналдар деп аталатын электрлік шамалар көбінесе өте әлсіз болып келеді. Сондықтан, ондай сигналдардың кернеуін, тогін және қуатын күшейту үшін электрондық күшейткіштер деп аталатын электрондық құрылғыларды пайдаланады. Электрондық күшейткіштер биполярлық транзисторлар, өрістік транзисторлар және интегралдық микросұлбаларға негізделеді. Жалпы электрондық күшейткіштер сигналды коректендіруші ток көзінің э.қ.кнің энергиясының есебінен күшейтеді, қуатын арттырады.
Бір ғана активтік (транзисторға) және бірнеше пассивтік элементтен құралған күшейткіш құрылғыны каскад деп атайды. Егер бір ғана каскадтың күшейту қабілеті жеткіліксіз болса, онда бірнеше каскадты тізбектей немесе параллель қосу арқылы бұл мәселені шешуге болады.
Күшейткіштердің топқа бөлінуі
Электрондық күшейткіштер сигалдардың жиіліктеріне және олардың пішініне, яғни түр тұрпатына қарай бірнеше топқа бөледі:
1) төменгі жиіліктердің күшейткіштері (ТЖК)  жиіліктері бірнеше ондаған герцден бірнеше ондаған килогерцге дейінгі үздіксіз периодтық сигналдарды күшейтуге арналған электрондық құрылғылар;
2) тұрақты ток күшейткіштері (ТТК) кернеу мен тогінің шамасы аса баяу өзгеретін, жиіліктер аумағы нөлден басталып бірнеше ондаған герцмен шектелетін сигналдарды күшейтуге арналған электрондық құрылғылар. ТТК автоматика және есептеу техникаларының құрылғыларында кеңінен қолданылады;
3) талғағыш күшейткіштер  жиіліктерінің төменгі және жоғарғы мәндері шектелген ( ) сигналдарды күшейтуге арналған электрондық құрылғылар;
4) импульстік немесе кең жолақты күшейткіштер  жиіліктері бірнеше ондаған килогерцден бірнеше ондаған мегагерцге дейінгі үзікүзік сигналдарды күшейтуге арналған электрондық құрылғылар.
дамыған сайын микроэлектрониканың да болашағының табысты болары сөзсіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет