Дәрістің қысқаша мазмұны:
Экономикалық өсу – адамзат қоғамның үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ұзақ уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы заманғы теория мен практикада «экономикалық өсу» термині елдің ЖІӨ немесе ЖҰӨ нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткіштерінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтағанда, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Экономикалық өсу көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық өсу категориясында экономикалық теорияда үлкен мән беріледі.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе интенсивті типіне негізделе дамиды.
Қазіргі кезде ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Экономикалық даму келесідей әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін:
Жұмыс күшінің саның көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады.
Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса, онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылаған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, сонымен қатар қоғам өз ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ) немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі.
Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (жеке меншік құқығы құрылымының өзгерісі, өндірісті ұйымдастыру, бөлу формаларының өзгерісі). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемелерге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
Неокейнстік;
Неоклассикалық;
Тарихи-әлеуметтік.
Экономикалық өсу ресурс шектеулігінің ахуалын жеңілдетеді. Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар: ұсыныс, сұраныс, бөлу.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы өндіріс жағдайлары нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Достарыңызбен бөлісу: |