П-тарау. Хорезмшах мемлекетінің кұрылуы.
2.1. Мемлекеттің кұрылуы және көрші елдермен саяси қарым
қатынастары.
Сұлтан Санжардың қазасынан кейін салжұқ мемлекеті өз тіршілігін жойып, оғыздардың талауына түсті. Қарақан мемлекеті болса Маураннахырда аңызға айналды. Олардың орнына жаңа жас мемлекеттер құрыла бастады /43/. Бұл уақытта тек қарақытай мемлекетінде ғана саяси басымдылық бар болатын. Хорезмде салжұқ мемлекеті құлағанымен қарақытайлардың бодандығынан құтыла алмады. Хорезмдіктер бұл бұғаудан құтылу үшін қаншама жанталасқанымен осы кезең де олар әлсіз болатын. Десекте Хорезмшахтар XII ғасырдың екінші жартысында бұл қиындықтан құтылу мақсатында қыпшақ тайпаларымен туыстық қатынас жасап күш біріктіруді қолға ала бастады. Бұл саясат Хорезмшах мемлекетінің күшін арттырып аяғынан тұруға көмектесті.
1156 жылы хорезмшах Атсыз өлгеннен кейін Ебул-Фетх ел-Арслан Хорезмге келіп нағашылары Инал-Тегін мен Юсупты және бауырлары Қытайхан мен Сүлейменшахты өлтіріп 1156 жылы 22-тамызда хорезмшах тағына отырды /44/. Әскердің өзіне қарсы шықпауы нәтижесінде жалақыларын көбейтті. Ел-Арсланның хорезмшах тағына отырғанын сұлтан Санжарда жылы қабылдады. Атабек оғылды да өлтірген ел-Арслан 1156-1172 жылдар арасында 16 жыл ел басқарды. 1157 жылы сұлтан Санжардың қайтыс болуымен салжұқ империясы ыдырап хандықтарға бөлініп кетті. ел-Арсланға Хорасан, Иранның шығысы еншісіне тиіп дара билеуші болып шығы келді әрі хорезмшах мемлекетінің нағыз "мемлекет" болып құрылу кезеңі болып табылады. Ирак салжұқ сұлтаны Гияс ед-дин Мұхаммедтің де хорезмшах ел-Арсланға қарсы тұрарлық күш-куаты жоқ еді. Міне хорезмшах мемлекеті енді хорезмшах Атсыздың өмір бойы армандаған тәуелсіздік жолына түсті /45/. Сонымен қатар шығыс Хорасанды да өзіне қаратты. Бұл жерде есқі салжұқ әмірлерінің бірі Ихтияр уд-дин Айтақ бар болатын. Хорезмшах Атсыз уақтында Хорезмдіктерден көп жәрдем алып өзінің билігін нығайтқан болатын. Осындай достықтың арқасында Ихтияр уд-дин Айтақ хорезмшах ел-Арсланға бағыныштылығын білдірді. Осыдан кейін ел-Арслан көзін Маураннахыр аймағына тікті. Себебі, Хорезмнің оңтүстігінде айтарлықттай маңызды әрекеттер болмағандықтан ел-Арслан бұл аймақтағы істерге араласпады. Батыс қарақан билеушісі Алихан 1158 жылы қарлұқ жабғуын өлтіріп белді адамдарын өз отандарынан қуып шықкан болатын. Осы оқиғаға байланысты қарлұқтар хорезмшах ел-Арсланнан жәрдем сұраған болатын. 1158 жылы хорезмшах әскерлеріне қарақытай әскерімен біріккен қарақан әскерлері Зеревшан аумағынында кездесті. Алайда бұл жерде он мындық жасақтан құрылған қарақытай әскері соғыстан бас тартты. Нәтижеде өзара келісім жүргізіліп қарлұқ ақсүйектерін өз отандарымен қауыштырды /46/.
Хорасанның шығысында орналасқан Нишапур қаласы маңында қарсыласы Махмуд ханды жеңді. Күшейген Ай-аба Неса қаласын 1165 жылы қоршауға алған болатын. Алайда хорезмшах ел-Арсланның бұл территорияға қайта-қайта қысым жасауының салдарынан Ай-аба Нишапурға шегіңуге мәжбүр болды. Нәтижеде Неса қаласында "құтбе" ел-Арсланның-атына оқыла бастады. Бұдан кейін хорезмшах, әмір Айтаққа қарсы аттанды. Бұл жорық нәтижесінде хорезмшах мемлекетіне бағынышты әмір Айтақ тәуелділіктен шығып, көтерлістер жасағаны түсінікті. Айтақтың Муеед Ай-абадан жәрдем алғанымен Дихистан аймағы хорезмшах мемлекетіне қарады /47/.
Садр ад-дин ел-Хусейінге сүйенсек ел-Арслан, Муеед Ай-абаның бас қаласы Ңишапурға қарсы әскери жорық жасаудың бұйрығын шығарған кезде Атабей Илденизден хат келді. Хатқа зер салсақ Хорасан және Хорезмнің салжұқ сұлтандарының атадан балаға мұра етіп қалдырған жері және Ирак салжұқ сұлтанына қарасты Нишапурға жорық жасар болса, қарулы қақтығысқа тап болары айтылған. Осы хат нәтижесінде екі жақ арасында соғыс біраз уақыт тоқтағанымен 1167 жылы Бистам аймағында болған соғыста екі жақ итжығыс түсті. Осымен қатар 1166 жылы қазан айында Бейхаһи қаласын қоршаған Ай-аба әскерлерін жеңген ел-Арслан, осы жылдың "Құрбан айтында" Себзебар қаласында өз атына "қүтбе" оқытты /48/. Ал Ай-аба болса қашуға мәжбүр болды. 1167 жылы шілде айында Таж уд-дин бед-дуния Мели-кут Түрік бел Ажем ел-Арслан, Нишапур қаласында да өз атына "кұтбе" оқытты /49/. Хусейнің тағы бір келтірген мәліметіне үңілсек Атабей Илдениз, ел-Арсланға қарсы жасаған іс-әрекеттері нәтижесіз болған соң Муеед Ай-аба Кады ад-дин, Ебул-Фетх ел-Арсланға елші жіберді. Елшілер Ай-абаның хорезмшах ел-Арсланға бағынышты және өз территориясыңда "күтбені" ел-Арсланның атына оқытатынын айтты. Осы елшілік нәтижесінде Хорасанды хорезмшах мемлекетіне қаратқан ел-Арслан, Ай-абаның жіберген елшілері арқылы түрлі силықтар мен лақаб аттар жіберді. Ебул-Фетх ел-Арсланның билігі шығыс Иранда бір-біріне қарсы. салжұқ сұлтандары Самарқант қаласында қарақан хандарының қарлұқ тайпасымен жүргізген қанды қырғындары және қарақытай мемлекетінің ашықтан ашық территориялық кеңейуі мақсатында жасалған жойқын жорықтарына қарсы тұрумен өтті /50/. Мұнымен қатар Аббаси халифатымен Ирак салжұқ сұлтаны арасындағы түсініспеушілікті бір қалыпқа келтіру үшін күш жұмсады.
Бағдаттағы халифатқа жазған хатында ел-Арслан, Ирак салжұқ сұлтанына жәрдем беруін және осы жәрдем мен Маураннахырды қарақытайлардан құтқара алатынын айтты /51/. Алайда Ирак салжұқ сұлтандығының шын мәнінде әскери күші анағұрлым мықты емес болатын. Хорезмшах ел-Арслан сұлтанға құрмет көрсету мақсатында Хорасан халқының алдында және салжұқ уәзірлері арасында өзіне деген сенімділікті арттыру мақсатында болатын. Қарақытай мемлекетіне салық төлеуден құтылыа алмады және Маураннахыр территорияларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алмады. Сонымен қатар оғыздарға және салжұқ уәзірлеріне барынша күш көрсете алмады. Нишапурды өзінің астанасы етіп жариялады. Тус, Бистам, Дамеганды өзіне қаратқаннан кейін, Хорасанда Ирак салжұқ мемлекетіне бағынышты және "құтбені" сұлтанның атына оқытқан Муеед Ай-аба мен жүргізген соғыста ел-Арслан тек қана Дехистанды ғана өзіне қарата алды /52/.
Қарақытай мемлекетіне берілетін салық өз уақтында төленбеуі салдарынан соғыстың басталуы және хорезмшах мемлекетінің ең куатты әскерлерінің жойылуы, ел-Арсланның өмірінің соңғы кезеңдеріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады (1171-1172). Хорезмшах әскерінің бас қолбасшысы қарлұқ тайпасынан шыққан Айғар бейдің осы соғыста тұтқындалуы және хорезмшах әскерінің жеңілуін, мүндай күтпеген жеңілістің ауыртпалығын көтере алмаған Ебул-Фетх ел-Арслан хорезмшах кайтыс болды (19 наурыз, 1172жылы) /53/. 16 жыл ел басқарған хорезмшах ел-Арслан, әкесінің өзіне қалдырған жерінен де көп жер хорезмшах мемлекетіне қосқанымен Атсыз сияқты саясаткер бола алмады. Сонымен қатар қарақытайларға берілетін салықтың ауырлығын балдарына жүк етіп қалдырды /54/.
2.2.Хорезмшах мемлекетінде тақ-таласының белең алуы және империя дәрежесіне көтерілуі.
Ел-Арслан хорезмшах өлген уақытта кіші баласы әрі мұрагері Жалал ад-дин Сұлтан Шах және шешесі Теркен Хатун екеуі Хорезмде болатын. Мұрагерлік жолмен Сұлтан Шах хорезмшах мемлекетінің тағына отырды. Женд қаласының билеушісі әрі бауыры Текешті, өзінің билігін мойындату үшін Хорезмге шақырды. Алайда Ала ед-дин Текеш бұл билікті танымауының салдарынан екі бауыр арасында тақ-таласы басталды. Осының нәтижесінде Сұлтан Шах Текешке қарсы әскер аттандырды /55/. Билікті өз қолына топтастыру мақсатыңда Текеш карақытайларды паналады және әскери көмек сүрады. Текеш қарақытайларға бұл жәрдемі үшін салықты артығымен төлеп түруға келісті. Екі жақты келісімнің нәтижесінде Текеш, Фума басшылығындағы қарақытай әскерімен Хорезмге аттанды. Мықты жасақпен келген ағасын көрген Сұлтан Шах оған қарсы тұра алмайтындығына көз жеткізіп, шешесі Теркен Хатун мен қазыналарын алып Хорасанға қашты. 1172 жылы желтоқсан айында Текеш ешқандай кедергісіз, қан төгіссіз Үргеніш қаласына кірді және хорезмшах тағына отырды /56/. Текеш ұрпағына хорезмшах империясын қалдырды және Сұлтан Шахтың қарсы әрекеттеріне қарамастан әрі бәсекелестерін толық жеңіп мұсылман дүниесінде ең қүдіретті билеуші болды /57/.
Текештің билігінің алғашқы жылдарында оған ел билеу оңайға соққан жоқ. Себебі: Сұлтан Шахпен шешсі Теркен Хатун, Ай-абаның әскери жәрдемі мен билікті қайтару мақсатында Хорезмге аттанды. Хорезмшах Текеш осы әскери жорыққа тосқауыл қою мақсатында Хорезмге 120 шақырым жердегі Субарлы ауданында күтті. Ай-абамен Сұлтан Шах әскерлерін шөлден бөліп-бөліп өткізіп Хорезмге таянғанда қайта қосылмақшы ниетте болған. Алайда Субарлы аймағына келген Ай-аба әскеріне қүтпеген жерден Текеш әскерлері шабуыл жасап Ай-аба әскері жеңіліске ұшырады және оның өзін тұтқындап өлтірді 1174 ж. Бұл жеңілістен кейін Сұлтан Шахпен шешесі Дағыстанға қашты. Соңына түскен Текеш Дағыстанда Теркен Хатунды ұстап өлтірді. Ал Сұлтан Шах болса қашып құтылып Нишапурға келді. Бұл жерде Ай-абаның баласы Тоған Шахтан жәрдем сұрады. Тоған Шахтан сұраған жәрдемін ала-алмаған Сұлтан Шах бауырына қарсы күресте өзіне сенімді әрі күшті Гур сұлтаны Гияс ед-динді паналауға мәжбүр болды.
Хорезмшах Текешпен қарақытай мемлекетінің достығы ұзаққа созылмады. Себеб: хорезмшах Текешті өздеріне бағынышты етіп санаған қарақытайлар жылдық салықты жинау мақсатында Хорезмге елшілерін аттандырды. Келген елшілік өзін басына сөйлегеніне ашуланған хорезмшах Текеш оларды өлтіруге бұйрық берді. Хорезмшах Текештің негізгі мақсаты да қарақытай мемлекетінің өзін тануы және өте күшті бір соққы беру болаты. Текеш өзінің әскерінің күші қарақытайлар мен күресуге жетеді деп санады. Осы оқиғаны естіген Сұлтан Шах Гур сұлтанынан бөлініп дұшпаны хорезмшах Текешке қарсы қарақытайлар мен бірікті /58/. Қарақытай мемлекеті хорезмшах Текешке қарсы Хорезм территориясына Фума басшылығындағы әскер жіберді. Хорезмдіктер ескіден келе жатқан тактика бойынша қарақытай әскерлерінің өтетін алқаптарға, Амудария өзенінің суын ағызып жіберді. Сонымен қатар мемлекеттің орталығында да соғысқа қарсы дайындықтар жүргізілді. Халықпен әскердің Сұлтан Шах тарапына өтеді деп ойлаған қарақытай мемлекеті, әскермен халықтың хорезмшах Текештің қоластына топтасқанын көріп соғыспай кері қайтуға мәжбүр болды. Сұлтан Шахтың өтініш мен оның қарамағына аздаған әскер берілді. Сұлтан Шах алған жәрдемімен Тус, Серахс және Мерв қалаларына өз билігін орнатты /59/.
Оғыз тайпасының қолбасшысы Мәлік Динарды және 1182 жылы Тоған Шахты жеңген Сұлтан Шах, оғыздардың Кирман аумағына көшуіне себепкер болды. Орталығы Нишапур қаласы болып саналған Мәлік Муеед Ай-абаның құрған хандығы да әлсіреп хорезмшахтар тәуелділігіне кірді. Осының нәтижесінде Гур сұлтаңдығымен бітіп таусылмайтын жанжалдар туындады.
Хорезмшах Текешпен дос сияқты өмір сүргені мен реті келсе соғысудан бас тартпайтын Сұлтан Шах 1193 жылғы өліміне дейін, қаншама рет Нишапур каласын өзіне қаратуға тырысқанымен ешқандай нәтиже шығара алмады. Нишапур қаласы бұдан кейін түпкілікті хорезмшах Текештің қарамағына өтті. Хорезмшах Текеш Иракқа қарсы жорыққа аттанғанда Сұлтан Шах Хорезмді өзіне қарату мақсатымен соғысқа шықпақшы болады. Алайда өзіне қарасты Серахс қаласының хорезмшах Текеш қарамағына өткені жөнінде хабар алысымен, орталығы Мерв қаласына келді әрі осы жерде өлді. Сұлтан Шахқа қарасты қалалармен әскерлер және бар қазыналары хорезмшах Текештің қарамағына өтті.
Сұлтан шах өлгеннен кейін Мерв қаласының билігін Текеш, Кутб ад-дин Мұхаммедке бермекші болғанымен Нишапурдың әмірі үлкен баласы Насыр ад-дин Мәлік Шах Мервтің билігін өзіне берілуі жөнінде өтініш жасады. Әкесі де бұл өтінішті қабыл алып Мервке Насыр ад-дин Мәлік Шахты әмірші етіп тағайындады. Хорезмшах Текеш бауыры Сұлтан Шахтың өлгенінен кейін кең тыныетап шекарасын шығыс Иран территориясына дейін кеңейтті және Иранның батысында орналасқан мемлекеттердің істеріне араласа бастады. Аббаси халифаты Насыр мен Ирак салжұқ сұлтаны III Тұғырыл арасыңдағы келіспеушіліктер және сұлтан мен уәзір Құтлық Инайыш арасындағы дұшпандық әрекеттер, хорезмшах Текеш үшін өте пайдалы болды /60/.
Өйткені хорезмшах Текеш Сұлтан Шахпен арасындағы тартыс кезінде Ирак салжұқ сұлтаны III Тұғырыл Рей каласын өзіне қаратуға жанталасқан болатын. Сонымен қатар 1193 жылы көктемде Таберек қаласын қоршап халқын қанға бөктірген болатын. Хорезмшах мемлекетінің қолбасшысы Әмір Тамғашты өлтірді. Хорезмдік әскербасыларға тиіспеуге сөз бергенімен сөзінде тұрмай оларды тұтқынға алып Феррезин қаласына айдады. Сұлтан III Тұғырыл мұнымен тынбай Бистам, Дамеган аймақтарына жорық жасаған болатын. Хары Рей аумағыңда хорезмшах әскеріне күшті соққы беріп 25 кісіні тұтқынға алды. Сұлтан III Тұғырыл осы оқиғалардан кейін өзіне қарсы хорезмшах Текеш соғыс ашады деп ойлап Рей қаласында соғысқа карсы дайындықтарға кірісті.
Хорезмшах Текеш Құтлұқ Инаныш бастаған Ирак қолбасышыларынан шақыру хаттарын алды және маңыздысы Аббаси халифаты ан-Насыр Лидин ил-лахтың Хорезмге жіберген елшісі Тұғырылды араздап, жаулап алған жерлерді тек өзі ғана басқарады екен деп хорезмшах Текешке сәлемдеме жібереді. Мұны естіген хорезмшах Текеш Иракқа қарсы соғыс ашуға қарар берді /61/. Хорезмшах Текеш 1194 жылы көктемде Симнанға жақындағанда Құтлүқ Инанышқа куатты әскер беріп Рей қаласына аттандырды. Хусейннің сол кездегі Рей қаласының басшысы Емин уд-дин Мұхаммед-и Зенжаниден естігеніне қарасақ Хар-ы Рейге келген хорезмшах Текештің карсыласы Шихаб уд-дин Месуд, сұлтан Тұғырылға шұғыл түрде хабар беріп Рей қаласын хорезмшахқа тастап Санаға шегінуі керектігін айтты. Сол жерде қантөгіссіз бір келісім жасармыз деп үміттенді. Тұғырылдың қолбасшысы әрі Казнин қаласының әмірі Нур ад-дин Қара да бұл пікірді қостады. Алайда хорезмшах Текеш Рейден кейін де тағыда жорығын жалғастырып Исфахан және Хамадан аймағына да соққы беруге әзірленді. Дегенімен сұлтан Тұғырыл бұл пікірді қанағатсыздандырды. Себебі: хорезмшах мемлекеті Рей қаласын алса халықты өзіне қарсы қояды деп түсініп, хорезмшах Текешпен соғысуға осы жерден шықты. Құтлық Инаныш қарамағындағы хорезмшах Текештің алдыңғы саптағы әскерімен кездескеңде сұлтан Тұғырыл, Текеш әскерінің аз бөлігіне шабуыл жасауға бұйрық берді. Өзі қолына күрзісін алып хорезмшах Текеш әскеріне ұмтылды. Алайда сұлтан Тұғырылдың әскерлері бұйрықты орындамай орындарынан қозғалған жоқ. Осының нәтижесінде сұлтан Тұғырыл қоршауға түсті. Жанында шатырын ұстап жүретін адамнан басқа ешкім жоқ болатын. Жалғыз қалған сұлтан Тұғырыл тек басына қалсада атынан жерге құлағанша соғысты. Жерге құлаған сұлтан Тұғырылды Құтлық Инаныш басын кесіп алды (1194 жылы 25 наурыз) /62/. Ирак салжұқ әскері қатты жеңіліске ұшырап, Тұғырылдың басын соғыстың жеңісі ретінде Бағдатқа жіберді. Ал бассыз денені Рей қаласында асып қойды (1194 жылы).
Хамадан және Ирак-ы Ажем сонымен қатар салжұқтарға бағынышты болған маңызды жерлердің барлығы хорезмшах Текешке қарады /63/. Нәтижеде Ирак салжұқ сұлтандығы жойылды. Хорезмшах Текеш өзін салжұқ мемлекетінің мұрагері етіп санап және "сұлтан" атағын иемдеңді /64/. Ирандағы жеке жеке хандықтар және Гур сұлтандығын да өзіне бағынышты деп санады. Оларға "әкелік" дәрежесін ұстап, банжар уақтындағы сияқты бүкіл Иран территориясын хорезмшах мемлекетіне бағындыруға тырысқанымен бұл арманы баласы Ала ед-дин Мұхаммед уақтында іске асты /65/. Хорезмшах мемлекетінің Иранның батысына билік жүргізуі оңайға түспеді. Хорезмшах Текеш өмірінің соңына дейін Ирак істеріне араласуымен болды. Аббаси халифаты хорезмшах Текештің Ирак территориясындағы жеңістері нәтижесінде басып алған жерлердің бір бөлігін өзіне береді деп үміттенген Насыр Лидин ил-лах үмітінің желге ұшқанын және хорезмшах Текештің өзіне бүрынғы Ұлы салжұқ мемлекетінің сұлтандары сияқты қарауы, өзін тек қана діни лидер ретінде тануы, екі жақ арасында соғыс өртін туындатты /66/. Алайда осы соғыста халифат әскерлері жеңіліске ұшырады. Хорезмшах Текеш Исфаханды Құтлық Инашқа және Рейді ұлы Юсуп ханға берді. Қолбасшы Маяжуқты баласына ұстаз етіп тағайындады. Алайда Рей қаласының әміршісі Юсуп хан ауырып билікті ұстазы Маяжуққа тапсырды және Бағдат әскерлерінің Иракқа жасаған жорығын естіп жәрдемге келген Құтлық Инаншты, дұшпандарымен одақтасқан Маяжуқ өлтіріп және басын Хорезмге жіберді. Орын алған келеңсіздікгерді бір арнаға қайта салу мақсатымен 1196 жылы хорезмшах Текеш үшінші рет Иракқа келіп, Бағдат әскерлерін жеңіліске ұшыратты /67/. Хамадан билігін Атабег Өзбекке, Исфаханды немересі Ербузға берді. Дәл осы уақытта үлкен баласы Мәлік Шахтың өлуіне байланысты Нишапур қаласында көтерлістер орын алды. Хорезмшах Текеш бұл көтерлістерді бастырып, Сырдария бойында маңызды оқиғалардың туындауынан Хорезмге кері оралды. Бұл жердегі орын алған жайттарды бір арнаға салған хорезмшах Текеш, 1198 жылы Хорасанға қайта келіп көтерліс ұйымдастырмақшы болған Маяжуқгьгжәне оған дем беруші адамдардың барлығын ұстап жазаландарды /68/. Ирак халқына зұлымдық жасаған Маяжуқгы дәрменсіз шараға түсірген Текеш, халық арасында үлкен сүйіспеншіліктерге қол жеткізді. Аббаси халифаты ан-Насырда Текештің Ирак, Хорасан және Түркістан аймақтарының билеушісі ретінде танып оған салтанат меншурыны берді.
Бұдан кейін хорезмшах Текеш Исмайлилерге қарсы соққы беруге дайындадды. Алғаш Ирак салжұқ сұлтаны Арслан бин Тұғырыл тарапынан жаулап алынғандықтан "Арслан Гуша" деген атпен танылған Каһире қаласына әскер жіберді. Казнинге 12 шақырым ұзақтықта орналасқан бұл қаланы Текеш әскерлері төрт ай бойы қоршап ақырыңда жаулап алды. Бұл қала Аламұттан кейінгі Исмайлилердің ең маңызды қаласы болатын. Текеш Аламұт аймағына да барып көптеген Исмайлилерді өлтірді. Баласы Тажд ад-дин Алишахты Ирак билігіне тағайыңдап өзі Хорезмге оралды. Исмайлилер Текештен кек қайтару мақсатында уәзірі Низамү-л Мүлік Месудты пышақтап өлтірді. Уәзірінің өлтірілуіне байланысты Текеш Исмайлилерді түпкілікті құрту мақсатыңда шешім қабылдап, ең куатты әскерін дайындап қолбасшысы етіп Кутб ад-диң Мұхаммедті тағайындады. Кутб ад-дин Мұхаммед ең бірінші Торшиз қаласын қоршауға алды. Осы жорық барысында Текеш тағы әскер жинап Батинилерге қарсы жорыққа шыққалы тұрғанда ауруға шалдықты. Емшілері Текешке осы жағдайда жорыққа шықпау керектігін айтсада, шешім қабылдаған хорезмшах Текеш айтқанынынан қайтпай және емшілерді тындамай жорық туын көтерді. Емшілердің айтқаны дұрыс шығып 4 тамыз 1200 жылы хорезмшах Текеш жолда қайтыс болды.
Текештің "қарақытайлармен жасаған күрестері жайында мәліметтер өте аз және олардың өзі де әртүрлі жазылған. Мысалы: Хорезмдіктердің Бұхараны қарақытайлардан алғаны 1198 жылғы оқиғалар жайындағы мәліметтер әртүрлі деректерде кездеседі. Сонымен қатар Ұран тайпасы қыпшақтардан шыққан билеушілер мен Текеш арасындағы деректерде толық зерттелмеген.
Текеш Сырдарияның жоғарысында өмір сүрген қаңлы-қыпшақ тайпаларын қарақытайларға керек десең Хорасан үшін болған жорықтарға саяси және әскери қуат ретінде қолдану мақсатында туысқандық байланыстар жасаған. Әрі олардың басшыларына мемлекеттік лауазымдар таратып отырған.
Ш-Тарау. XIII ғасырда Хорезмшах мемлекетінің гүлденуі мен
жойылуының алғы шарттары.
3.1. Хорезмшах мемлекетінің XIII ғасырда Гур, Қарақытай және Қарахан мемлекетерімен байланыстары.
Торшиз жорығы кезінде әкесінің ауыр халде жатқанын естіген Кутб ад-дин Мұхаммед каладағылармен 100000 динар алтынмен келісім шарт жасасып қоршауды тоқтатты және өзі Хорезмге кері оралды /69/. Әкесінің өлімінен бір ай өткен соң "Ала ад-дин" лақап атымен 1200 жылы 3 тамызда хорезмшах мемлекетінің тағына отырды /70/. Оның таққа отыруы 1197 жылы ағасы Мәлік шахтың өлімінен кейін занды мұрагер болып шыққан болатын. Билігінің алғашқы жылдарында Хорасан территориясына көз алартқан Гур сұлтандары Шихаб уд-дин мен Гияс ад-диндер және қанды, қыпшақ тайпаларының көсемдеріне сүйеніп дара билеушілікті аңсаған шешесі Теркен Хатунмен талас-тартыс үстінде өткізді /71/. Себебі: Текештің өлімін пайдаланған Гур сұлтандары Мерв, Тус және Нишапурға жорық жасап Текештің баласы Тадж ад-дин Али шахты және басқа да ханзадалар мен бірге қолбасшыларды тұтқынға алып Гурға әкеткен болатын. Әкесінің өлгенінен кейін тәуелсіз өмір сүру үшін тырыскан Мәлік шахтың баласы Хинду ханды, хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммедке қарсы қойып және өздеріне бағыныштылық шартымен Мерв, Серахс калаларының билігін берді /72/. Нишапурға әскерлерінің бір бөлігін қалдырып Бистан, Журжанға дейінгі жерлерге және Хорасанның маңызды қалаларына әскер жіберген Гурлылар, Хорасан территориясын хорезмшах мемлекетінен тартып алмақшы еді. Осы себептен хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед Нишапур қаласына аттанды және Гурлылардың өз территорияларына шегініп кеткенше тиіспеуге келісімін беріп қалаларды қиратып Мерв, Серахс қалаларын жаулап алды /73/. Хинду Хан жақтастарының касына кетуге мәжбүр болды. Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед Хорезмге кері оралып бір жылдан кейін Гератқа жорыққа шыққан болатын, бірақ сұлтан Шихаб уд-диннің өзіне қарсы шықканын естіп Мерв, Серахс жолымен хорезмге кері кайтуға мәжбүр болды. Серахста Хорасан қалаларының берілуін талап еткен Гур елшілеріне Ала ад-дин Мұхаммед бұл талапқа келіспейтіндігін білдіріп Хорезмге шегінді. Тус қаласына дейін Гур әскерлері оның ізіне түсті. Қала халқына ауыр салықтар салған Гурларға халық тарапынан оларға деген ашу-ыза туғызды. Сонымен қатар Шихаб уд-дин бауыры Гияс ад-диннің өлгенін естіп кері қайтты. Гур сұлтандығына қарасты Мерв әмірінің әскерлері хорезмшах әскерлерінен жеңілісі және Гияс ад-диннің өлімі, мемлекет ішіндегі толқуларды пайдаланған хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед Герат қаласын жаулап алмақшы болды /74/. Алайда-көздеген мақсатына жете алмаған хорезмшах Бадгис (Бағдис) аумағын талқаңдап 1204 жылы Мерв қаласына келді /75/. Осы уақытта Гур сұлтаны Шихаб уд-диннің қуатты әскермен Хорезмге аттанғанын естіген Ала ад-дин Мұхаммед шөл даламен тез жүріп Хорезмге оралды. Үргеніш қаласының халқын соғыс жағдайына келтіріп, Хорасан және бағынышты аймақтарға хабар жіберіп аздаған уақыт ішінде 70 000 адамнан тұратын әскер жинады. Сонымен қатар қарақытайлардан жәрдем сұрады. Хорезмдіктер әдет бойынша ескіден қолданып келе жатқан тактикаларын қолданып алқаптарға су жіберді. Гур әскерлері осы себептен 40 күн кешікті. Алайда Қара-су бойында болған соғыста хорезмшах әскерлеріне Гурлықтар ауыр соққы беріп астанасы Үргеніш каласына аттанды /76/.
Амудария өзенінің екі жағына орналасқан әскерлер соғысқа әзір тұрды. Сұлтан Шихаб уд-дин хорезмшах әскері тұрған жағалауға өту үшін әскеріне бұйрық берді. Алайда осы кезде Самарқанд билеушісі қарақандық Османмен қарақытай әскерінің жәрдемге келгенін көрген Гур әскерлері шегінуге мәжбүр болды. Карақытай әскерін Таянку-Тараз бастап келген болатын.
Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед шегінген Гур әскерлерін қуып жетіп сол қанат әскерлерін қырғынға ұшыратып мол қазыналармен тұтқындар алып Үргеніш қаласына келіп жеңісін тойлады /77/. Қарақытай әскерлері Гур әскерлерінің соңына түсіп Андхуд маңында Шихаб уд-динді қоршап алып екі күн соғысты. Нәтижеде Гур әскерлері көп шығынға ұшырады. Соғыс майданынан әрең қашып кұтылған Шихаб уд-дин қаланы паналады. Самарқанд билеушісі Османның араша жасауымен соғыс шығынын төлеп жанын құтқарды және Газне қаласына қайтты. Хорасанды бағындыру жолында болған соғыстар нәтижесі хорезмшах мемлекеті пайдасына шешілді. Соғыс шығынын төлету, мол олжаға кенелу барысында қарақытай мемлекетіде көп жетістіктерге қол жеткізді.
Қарақытай мемлекетінің күшейуінен қорыққан хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед ескі достығын кайта жалғастыру мақсатында Гур сұлтаны Шихаб уд-динге елші жіберді. Үндістанға жасаған "Ғазауат" соғыстарында "Гази" мансабына қол жеткізген Гур сұлтаны кәпірлерге жіберген есесін қайтару мақсатында Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммедтің одақтасу ұсынысын қуанышпен қарсы алды /78/. Келісім бола тұра Гур сұлтаңдығына бағынышты Белх қаласының әкімі Тажд ад-дин Зенги 1205 жылы хорезмшах өлкесіне жорық жасады. Бұл жорықта ол жеңіліске ұшырады. Себебі. Шихаб уд-дин өзіне бағынышты әмірге жәрдем бермеді, келісілген келісім шартты бұзбағаны айтылйды. Қайта Гур сұлтаны бұл жерге Белх қаласына жаңадан әмір етіп Имам ад-дин Өмерді тағайындап, өз бұйрығымен қарақытай мемлекетіне қарасты Термезге әскер аттандырды. Шихаб уд-дин Үндістан жорығын бастауымен қарақытайға қарсы жасаған жорығын нәтижесіз қалдырды. Үндістан жорығы Гур әскерлерінің жаңадан тыныс және мол қазыналарға иелену мақсатында жасалғаны белгілі. Себебі: Шихаб уд-дин Үндістан жорығын аяқтап бірден қарақытайларға қарсы соғысқа дайындықтар жасады. Алайда Гур сұлтаны үнділік немесе батини тарапынан өлтірілуі бүкіл алға қойған мақсатын жоқ қылды, 1206 жылы Шихаб уд-диннің өлімінен кейін Гур мемлекеті тез арада бөлшектенді. Ханзадалар бір-бірімен қырқыса бастады. Осыны пайдаланған Ала ад-дин Мұхаммед Нишапурға өз адамдарын жіберіп, Хорасан әскеріне Герат қаласын жаулап алу тапсырылды. Хорасаңда орналаскан Гияс ад-диннің баласы Махмуд және жақтастары тез арада бастырылып билігін Иззед дин Хусейін бин Хармилге берді. Белх қаласын да өзіне каратты /79/. Термез қаласы қарақытайларға бағынышты Самарканд билеушісі Османға берілді. Осындай жетістітерге қол жеткізген Ала ад-дин Мұхаммедті Геретқа келгенде өте зор қуанышпен қарсы алды. Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед, Махмудты Фирузхуһ билеушісі ретінде танып оған силықтар жіберді. Герат сол аймақгың билігін Хусейін бин Хармилге беріп, 250 000 алтын алып 1207 жылы Хорезмге оралды.
Енді хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед үшін тек оның жолын кесуші қарахан мемлекетін бағындырған қарақытай мемлекеті болатын. Әр жылғы салықтан және Маураннахырды құтқару үшін және Ислам әлеміңдегі ең құдіретті сұлтан хорезмшах Мұхаммед үшін бұл бірінші кезекте тұрған іс болатын.
XIII ғасырдың басында мұсылмандық Азияда бірінші болуға дәмеленген хорезмшах Мұхаммед мемлекетінің құрамына Сығанақ аймағын да кіргізді. 1207 жылы Маураннахырда қарақытайларға қарсы жасаған жорықта, қарақытай мемлекеті жеңіліске ұшырап Бұхара қаласы хорезмшах мемлекетіне қарады /80/. Осы даңқты жеңісінен кейін хорезмшах Мұхаммед "Ескендір Сани және Санжар" лақап аттарын алды /81/. Өзін ислам әлемінің қорғаушысы әрі сұлтаны ретінде санады. Осы соғыс барысында сұлтан хорезмшахты қарақытайларға тұтқын болды және өлтірілді деген жалған қауесеттер тарады. Осының салдарынан Герат, Нишапур қалаларында көтерілістер басталды. Өлді деген хабарды естіген Хусейін бин Хармил "құтбені" Гур сұлтандары атына оқыта бастаған болатын. Бірақ Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммедтің аман-есен Хорезмге келгенін естігенде істеген ісіне өкініп қайта бағынғанымен сұлтанның әмірімен өлтірілді. 1208 жылы Герет және аумағын қайта бағындырды. Осы жылы сұлтанның шешесі Теркен Хатунның туысқаны Нишапур әкімі Кезлик хан көтерлісі де бастырылды және өлтірілді.
Осы кезенде қарақытайлардың шығысында дүниенің астаң-кестеңін шығаратын күш ортаға шығуда еді. Шыңғыс ханның күшейуіме бірнеше көшпелі тайпалар қарақытай мемлекетінің территориясына келіп орналасты /82/.Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы 1208 жылы Ертіс бойында монғолдардан жеңілген наймандар болатын. Ұйғыр идикұты қарақытай тәуелділігінен шығып монғолдар қарамағына өтті. Осы оқиғалардан кейін қарақытай мемлекеті қатты әлсіреді. Күшліктің Гурханның қызына үйленіп әрі орнын тартып алып таққа отырсада мемлекетті бұрынғы күшіне әкеле алмады. 1212 жылы хорезмшах Мұхаммедтің Самарқанд қаласын жаулап алып билеушісі Османды өлтірді. Осымен бүтіндей Маураннахыр территориясы хорезмшахтарға қарады. Самарқандта мешіт сарай салдырып, қарахан мемлекетінің ең маңызды орталығы болып есептелген осы қаланы екінші бас қала етіп жасады. Хорезмшах Мұхаммед билігін шығысқа қарай орнату жолына түсті. Күшліктің Шығыс Түркістан мұсылмандарына қарсы жасаған зұлымдықгарына ештеңе істей алмады және Маураннахырдың солтүстігіңдегі жерлеріне қауіп төндірді деп 1214 жылға дейін Самарқандта тұрды. Исфиджап, Шаш, Ферғана және Кашан қалаларының мұсылмандарын оңтүстік батысқа көшуіне бұйрық берген хорезмшах, Сырдария бойындағы жерлерін Күшліктен қорғай алмағандығы көрініп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |