2 і-тарау. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Хорезмнің саяси тарихы



бет4/4
Дата22.02.2016
өлшемі346 Kb.
#1795
1   2   3   4

Қорытынды.

Бүгінде тарихымызды өткен олқылықтарын бүгінде толықтыратын уақыт жетті. Тарихтың ешқашанда өзгермейтін дәлелдейтін кезең болып табылады. Саналы адамзаттың және қоғамның мәңгілік ізгі арманы тілегі мақсаты тәуелсіздікпен тікелей байланысты.

Міне осы тәуелсіздігімізді алып көк байрағымызды желбіреткен шақта біз неге өз тарихымызда кеткен қателіктерді түзетіп енгізбескке. Сондықтан мемлекетіміздің тарихшылары хорезмшах мемлекетінің құрылуы жайында онша сөз қозғалмайды. Тек қана монғол шапқыншылығы тұсындағы тарихын ғана жазумен шектелген. Оның өзі де біраз талас-тартыс әркім әрқилы пікірлер айтуда. Мен осы жайттарға қарап отырып, қол жеткізген орыс тарихшыларымен, түрік тарихшыларының жазып шыққан еңбектерін отанымызда жазылған еңбектерді салыстыра отырып өзіндік пікірімді ортаға салып отырмын.

Әрине айтар болсақ ауызға ең бірінші хорезмшах мемлекетінің құрылуы және қандай және қандай әулеттен шыққан адамдар басқарды деген сұрақ өзінен - өзі туындайды. Міне тарихшылар осы жайтты өз пікірлері бойынша әр түрлі пікірлер айтуда. Менде сол тарихшылардың зерттеген еңбектерін толық зерттей алмасамда шама шарқымша зерттеп Ануштегин әулетінің түрік екені даусыз деп айта аламын. Бұл әулетті оғыз тайпасының Бегділі руынан шыққан дейді. Бұның өзіндік себептері де бар. Тарихтан белгілі айтып өткенімдей Ұйғырлармен оғыздардың Хорезм аумақтарына орналасуы және саяси билік құрулары, қаңлы тайпасының бой көрсетуі, қарлұқ тайпасының Маураннахыр территориясында қоныстануы және қыпшақтардың билігі, бұлардың барлығы осы аймақтармен тікелей байланысты болғандықтан әулеттің қай тайпаға жататынын дөп басып айту қиын.

Мен өзім тарихшылардың келтірген деректеріне сүйене отырып Ануштегин әулетін қаңлы тайпасынан шыққан деп тұжырымдаймын. Хорезмшах билеушілері саяси билігін нығайту мақсатында көшпелі тайпаларды өздеріне бағындыру жолы арқылы, екенін түссінеміз. Бұл жолда хорезмшах сұлтандары бар жан-тәнін салды. Бұл оқиғалар әсіресе хорезмшах Атсыз заманында орын алған Атсыз өзінің саяси билігін нығайту үшін қыпшақтарға шыққан болатын. Алайда Атсыз сол кезде салжұқтарға мемлекетіне бағынышты болатын. Сұлтан санжар Атсыздың бұл әрекетін өзіне бағынбаушылық және мұсылмандардың қанын төкті деп айыптап Хорезмге жорыққа шықты. Нәтижеде Санжар хорезмшах тағына жиені Сүлеймен бин Мұхаммедті тағайындады. Алайда Санжардың бұл жерден кетісімен Атсыз билікті өз қолына алды. Себебі: Атсыздың билікті өз қолына топтастыруында Үргеніш қаласының халқы көп жәрдемін тигізді. Өйткені сұлтан Санжар қала халқына үрдіс болып қалыптасқан жүйені ауыстырғаны қала халқына көптеген ауыртпалықтар әкелген болатын. Міне осыны дер кеіңде пайдаланған Атсыз хорезмшах тағына келген болатын. Билікке келген Атсыз қайта дербестігін жариялағанымен қайта салжұқтар бодандығына қарады. "жеті қат көктің жәңе жердің тәңірісі болған Алланың атымен мен мен болғаннан бері Санжардың қарамағында болайын" деп бағынштылығын білдірді. Бұл бағыныштылық ұзаққа созылмады. Себебі: Сұлтан Санжар мен қарақытай мемлекеті арасында 1141 жылы 9 қыркүйекте "Катван" соғысы болып Санжардың жеңілісімен аяқталған болатын. Атсыз осы сәтсіздіктерді пайдаланып тәуелсіздігін қайта жарялап, Хорасан территорияларына жорықтарын жасады. Нишапур қаласын 1142 жылы 28 мамырда "құтбе" өз атына оқытқан болатын. Сұлтан Санжар Маураннахырдан Тебризге қай жылы келгені айтылмаған. Қыркүйек айында Маураннахырдың қолдан шықканы және осы уақытта Атсыздың Хорасанға жасаған іс-әрекеттеріне қарағанда сұлтанның хорасанға келмегені көрініп тұр. Бұл уақытта санжардың Тебриз қаласында жаңа жасақтар құрумен айналысқан айтылады. Ибнул Есирдің дерегі бойынша қарақытай әскерінің Маураннахыр және маңызды жерлерде тұруы, санжардың Атсызбен соғысудан бас тарқан деп жорамалдайды. Алайда 1143/44 жылы Санжардың Хорезмге жасаған жорығының нәтижесінде Атсыз Хорасанда жасаған іс-әрекеттерінен түскен қазыналарды кері қайтаруға мәжбүр болды. Хорезмшах Атсыз 1156 жылы 30 шілде де 59 жасыңда Хабушан қаласында қайтыс болды. Атсыз ұрпағына "Сахри Түркістан және Жент" жерлерін қалдырды. Хорезмшах Атсыз Хорезмнің барлық жағдайын жасап, мұсылман әлемінде күшті мемлекетің қүрылуының негізін қалаған болатын. Хорезм шекарасы бойында кәпір түріктермен жүргізген соғыстары үшін "гази" лақабын алған.

Сұлтан Санжар өлгеннен кейін салжұқ мемлекеті өз тіршілігін жойып, оғыздардың талауына түсті. Қарахан мемлекті Маураннахырда аңызға айналды." Тек саяси күш қарақытай мемлектінде ғана болатын. Хорезмшахтар салжұқ бодандығынан құтылғанымен қарақытай бодандығынан құтыла алмады. Хорезмшахтар бұдан құтылу мақсатында қыпшақ тайпаларымен туыстық қатынас жасап күш біріктіруді қолға ала бастады. Бұл саясат хорезмшах мемлекетінің күшін арттырып аяғынан тұруға көмектесті. Атсыздың өлімінен кейін баласы Ебул-Фетх ел-Арслан өзіне қарсы шыққан Инал-Тегін және Юсупты, бауырлары Қытайхан мен Сүлеймен шахты өлтіріп 1156 жылы 22 тамызды хорезмшах тағына отырды. Ел-Арслан 1156-1172 жылдар арасында 16 жыл ел басқарды. Осы кезең Атсыздың өмір бойына армандаған тәуелсіздік жолына түсті. Хорезмшах мемлекетінің нағыз "мемлекет" болып құрылу тарихы міне осы кезеңнен басталды. Қарақытай мемлекетіне берілетін салық өз уақтында төленбеуі салдарынан соғыс өрті тұтанды. Бұл соғыста хорезмшах әскерінің қолбасшысы қарлұқ тайпасынан шыққан Айғардың соғыста тұтқындалуы және хорезмшах әскерлерінің жеңілгенін күтпеген жеңілістің ауыртпалығын көтере алмаған ел-Арслан хорезмшах 1172 жылы 19 наурызда қайтыс болды. Хорезмшах ел-Арслан әкесінің өзіне қалдырған жерінен де көп жер хорезмшах мемлекетіне қосқанымен Атсыз сияқты саясаткер бола алмады. Сонымен қатар қарақытайларға берілетін салықтың ауыртпалығын балдарына жүк етіп қалдырды. Ел-Арслан өлгеннен кейін мемлекетте тақ-таласы басталды. Мұрагерлік жолмен Сұлтан Шах хорезмшах мемлекетінің тағына отырған болатын. Алайда бұның билігін Текештің танымауынан екі бауыр арасында соғыс басталды. Билікті өз қолына.алу -мақсатында Текеш, қарақытай мемлекетінен жәрдем сұрады. Бұл жәрдемі үшін жыл сайынғы салықгы артығымен төлеуге келісті. Текеш Фума басшылығындағы қарақытай әскерімен Хорезмге келді. Сұлтан Шахпен шешесі теркен Хатун оған қарсы тұра алмайтындарына көз жеткізіп, хорасанға қашып кетті. 1172жылы желтоқсан айында Текеш ешқандай кедергісіз кан төгіссіз Үргеніш қаласына кіріп, хорезмшах тағына отырды.

Текеш билігінің алғашқы жылдарында оған ел билеу оңайға соққан жоқ. Себебі: Сұлтан Шахпен шешесі Теркен Хатунның қарсылықтарына тап болды. Сұлтан Шах билікті қайтару мақсатында қолынан қолынан келгенін істеп бақты. Текешпен қарақытай мемлекетінің достығы ұзаққа созылмады. Хорезмшах Текешті өздеріне бағынышты етіп санаған қарақытай мемлекеті жылдық салықты жинау мақсатында Хорезмге жіберген болатын. Келген елшілік өзін басына сөйлегеніне ашуланған Текеш оларды өлтіруге бұйрық берді. Осы оқиғаны естіген Сүлеймен шах Гур сұлтанынан бөлініп дұшпаны Текешке қарсы қарақытайлармен бірікті. Нәтижеде карақытай әекерлері соғыспай кері қайтаруға мәжбүр болды. Хорезмшах Текеш Гур және Түркия салжұқ мемлекеттерін өзіне бағындырып оларға "әкелік" саясат жүргізді. Текеш Хорезмшах мемлекетін империя дәрежесіне көтерді. Сонымен қатар Аббасид халифаты да оның билігін танып "сұлтандығын" мойындаған хаттар жіберген. Хорезмшах Текеш 1200 жылы қайтыс болды.

Хорезмшах Текеш қайтыс болғаннан кейін орнына баласы Кутб-ад-дин Мұхаммед 1200 жылы 3 тамызда хорезмшах тағына отырды. Мұхаммедтің таққа отыруы 1197 жылы ағасы Мәлікшахтың өлімінен кейін заңды мұрагер болып шыққан болатын. Билігінің алғашқы жылдарында Хорасан территориясына көз алартқан Гур сұлтандары Шихаб-уд-дин мен Гияс ед-диннің және қыпшақ тайпаларына арқа сүйеген шешесі Теркен Хатунмен талас-тартыс үстінде өткізді. Қалай айтсақта хорезмшах Мұхаммед мемлекетінің территориясын кеңейткенімен әкесі Текеш сияқты ірі қайраткер бола алмады. Себебі: Монғол шапқыншылығы тұсында қателіктерге бой алдырмағанда "Отрар ойраны" және Орта Азиямен Анадолы территорияларында монғол шапқыншылығының зардаптарына ұшырамас еді. Хорезмшах Мұхаммед 1220 жылы Абескун аралында өлер алдында өзінен кейін мемлекетті бір арнаға салып, қайта қалпына келтіре алады деп тақ мұрагері етіп Жалал ад-динді тағайындады. Алайда Жалал ад-дин монғолдарға қаншама қарсылықтар көрсеткенімен мемлекетті бұрынғы қалпына келтіре алмады.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І.Қазақстан тарихы. І.т. А. 1996. "Атамұра". 7 бет.

2.Бұл да сонда. 8 бет.

З.С.М.Ахинжанов. "Кыпчаки в истории средневекового Казахстана" А. 1999. с.202.

4.Бұл да сонда. 203 с.

5.Н.Н.Бартольд. "Сочинения". Т.VII. М.1961. 387 с.

6.К.д Оссон. "От Чингисхана до Тамерлана" А. "Санат" 1996. 97с.

7.С.М.Ахинжанов. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А.1999.204 с.

8.З.М.Буниятов. Государство Хорезмшахов-Ануштегинов, 1097-

1231. М. 1996. 12 с.

9.Н.Н.Бартольд. Сочинения . Т.VII. М.1961.387 с.

10.Қазақ ССР тарихы. А.1976.69 б.

11.Бұл да сонда 251 бет.

12.Бұл да сонда 251 бет.

23.Қазақстан тарихы. I том. А.1996. "Атамұра" .423 бет.

13.Бұл да сонда 251 бет.

14.С.М.Ахинжанов. "Кыпчаки и история средневекового

Казахстана". А. 1999. 210 с.

15.Н.Н.Бартольд. "Сочинения" . Т.VII. М.1961. 389 с.

16.Бұл да сонда 389 бет.

17.Бұл да сонда 72 бет.

18.3.М.Буниятов. Государство Хорезмшахов-Ануштегинов, 1097-

1231. М. 1996.27 с.

19.С.М.Ахинжанов."Кипчаки в истории средневекового

Казахстана" . А. 1999. 213 с.

20. Бұл да сонда 213 с.

21.С.М.Ахинжанов. "Кыпчаки и история средневекового

Казахстана". А. 1999. 241 с.

22.История Узбекской ССР, I том. Ташкент.1967 г. 388 с.

23.Н.Н.Бартольд. "Сочинения". Т.VII. М.1961. 398 с.

24.Бұл да сонда 399 с.
25.Н.Н.Бартольд. "Сочинения". Т.VII. М.1961.400 с.

26. Бұл да сонда 401 с.

27. История Узбекской ССР, I том. Ташкент.1967 г. 388 с.

28.Н.Н.Бартольд. "Сочинения". Т.VII. М.1961. 404 стр.

29.Бұл да сонда, 405 стр.

30.Бұл да сонда, 405 стр.

31. З.М.Буниятов. Государство Хорезмшахов-Ануштегинов, 1097-

1231. М. 1996. 17 с.

32. Бұл да сонда, 18 стр.

33. Бұл да сонда 21 стр.

34. Бұл да сонда 25 стр.

35. З.М.Буниятов. Государство Хорезмшахов-Ануштегинов, 1097-

1231. М. 1996. 12 с.

36.Бұл да сонда 15с.

37."История Бухары с древнейших времен до наших дней" Ташкент,2002

96 с.


38.К.Д Оссон. "От Чингисхана до Тамерлана". А. "Санат" 1996. 103 с.

39. Бұл да сонда 103 с.

40.Бұл да сонда 104 бет.

41.Бұл да сонда 104 бет.

42.Бұл да сонда 105 бет.

43.С.М.Ахинжанов. "Кыпчаки в истории средневекового

Казахстана" . А. 1999. 227 с.

44.Қазақстан тарихы. I том. А.1996. "Атамұра" .425 бет.

45.Бұл да сонда 425 бет.

46.С.М.Ахинжанов. "Кыпчаки в истории средневекового Казахстана". А. 1999. 232 с.

47.Н.Н.Бартольд. Монғол шапқыншылығына дейінгі Түркістан. А.1998.436 бет.

48.Бұл да сонда 436 бет.

49.С.М.Ахинжанов. "Кыпчаки в истории средневекового Казахстана". А. 1999.234 с.

50.Қазақстан тарихы. I том. А.1996. "Атамұра" .441 бет.

51.К.д Оссон. "от Чингисхана до Тамерлана". А. "Санат" 1996. 110 с.

52.Бұл да сонда 111 с.

53. Қазақстан тарихы. I том. А.1996. "Атамұра" .443 бет.

54.Бұл да сонда 448 бет.

55. Бұл да сонда 448 бет.

56.Нығмет Мыңжан. "Қазақтың қысқаша тарихы" 196 бет

57.Бұл да сонда 197 бет.

58.Қазақстан тарихы. I том. А.1996. "Атамұра" .443 бет.

59.М.Сұлтанғазыұлы. "Монғолдардың қүпия шежересі" 156 бет.

60.Қазақ ССР тарихы. I том. А.1972.129 бет.

61.История Узбекской ССР, Ташкент, 1984.422 с.

62.Вамбери Т. История Бухары или Транссаксонии с древнейших времен до настоящего. Т. 2. М,. 1993. 228 с.

63. Бұл да сонда. 229с.

64.Газиз Г. История татар. Сост., пер. с татарск. С.Г. и А.Х.Губайдуллиных. М., 1994. 198 с.

65.Горелик М.В. Основные этапы военного дела кочевников Евразии в древности и средневековья (Историко-культурные контакты народов алтайской языковой общности. / Тез. Докл. 29-и сессии. Постоянной международной алтаист. конф.) Гл. ред. В.М.Солнцева. М., 1986. С. 22–23.

66.Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. М., 1989. 764 с.



67. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государста и народы евразийских степей; Древность и средневековья. СПб., 2000 , 320 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет