2 Инклюзивті сыныпта пәндік-білім беру ортаны модельдеу ерекшеліктері


Жалпыға білім беру мектебінде ерекше қажеттіліктері бар баланың жеке даму бағдарламасы



бет4/6
Дата16.10.2022
өлшемі94.92 Kb.
#462800
1   2   3   4   5   6
инклюзивті2

3 Жалпыға білім беру мектебінде ерекше қажеттіліктері бар баланың жеке даму бағдарламасы.

Дағдарыс жағдайынан шығу бала-ата-аналары (заңды өкіл) және педагог арасындағы өзара қатынастарды және өзара әрекеттерді барлық қатысушылар бір-бірінің күйіне және мінез-құлығына өзара алғы шарт бола алатындай өзара байланысты бірыңғай жүйе көзқарасынан қарастырғанда мүмкін. Осы жүйенің жағдайын өзгерту үшін баламен де, ата-аналармен де, мұғаліммен де, сонымен қатар олардың қатынасқа түсу амалдарымен де бір уақытта жұмыс жүргізу қажет. Әдетте, білім беру мекемесінде бұл жұмысты психолог жүргізеді.


Психологиялық араласудың мақсаты:
- «қолдаушы ортаны» қалыптастырумен бала жағдайын өзгерту және оның дамуын жалғастыруға ықпалын тигізетін функциялардың қалыптасуын ұйымдастыру;
- ересектерді баланың жағдайы мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандырып, оларда баланы дағдарыс жағдайынан шығару және оның дамуын жалғастыру бойынша шақыру сезімдерін тудыру арқылы ересектердің балаға деген көзқарасын өзгерту.
Осылайша, психолог балаға тікелей ғана емес (арнайы ұйымдастырылған ортада жеке және топтық жұмыс жүргізу режимінде),сонымен қатар ата-аналары, мұғалімдері арқылы, олар арқылы баланың дамуындағы өзекті жағдайдағы талаптардың жүйесі мен пысықтауларын өзгерте алады.
Жеке дамыта-түзету жұмысын таңдау және оны іске асыру бойынша шаралар келесі кезеңдерді көздейді:
• Бала дамуындағы жақын аумақты, сонымен қатар оның дамуындағы ресурстарды анықтау және баламен және оның ата-аналарымен қолдағы әлеуметтік жағдайда пайдалану мүмкіндіктері мен амалдарын анықтау;
• Баланың оң мақсаттарын түзуінде көмек көрсету, яғни оның келешектегі даму үлгісін жасау, сонымен қатар баланы белгіленген мақсатына өз қажеттіліктерін, мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін ескерумен қол жеткізуіне түрткі беру;
• Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу амалдарын, соның ішінде баламен жасанды жағдайда жасайтын тапсырмаларының, сонымен қатар қалыптасқан дағдыларды бала дамуындағы өзекті жағдайға ауыстырудың бағдарламасы мен режимін таңдау.
Дамыта-түзетудің жеке бағдарламасын әзірлеу механизмінде мынадай блоктарды ажыратуға болады:
1. Психологиялық-педагогикалық амалдар мен жұмыс әдістерімен денсаулықты сақтау, психологиялық-соматикалық және психологиялық-неврологиялық қолайсыздықтардың алдын алу және оларды түзету.
2. Оқу қызметін қамтамасыз ететін психологиялық-физиологиялық функциялардың дамуындағы тапшылықты толтыру.
3. Табысты әлеуметтену үшін қажетті болатын әлеуметтік-рухани қасиеттерді дамыту.
2. Эмоционалдық-жігерлілік аясындағы бұзылыстарды түзету.Жеке бағдарламаларды іске асыруда түбегейлі мәні бар жеке бағдарламалар болып табылатындары:
- дамуындағы немесе мінез-құлығындағы ауытқулардың диагностикасы мен түзету шараларының бірлігі қағидасын ұстану;
- баланың және оның отбасының дамуындағы әлеуметтік ахуалды ескеру;
- ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғаларды педагогикалық түзету үдерісіне тарту;
- оқыту мазмұнын өзгерту және жұмыс әдістері мен амалдарын жетілдіру арқылы тәрбиелеуге және оқытуға жеке тұлғаға бағытталған көзқарасты іске асыру;
- ересектердің балалармен өзара әрекеттесу нұсқаларын кеңейту және балалар арасындағы әріптестік серіктестік нұсқаларын белсендендіру үшін жағдайларды қалыптастыру.
Жоғарыда келтірілген дамытушылық-түзету бағдарламасының үлгілі екенін атап көрсету қажет. Бағдарламаның тараулары әрбір нақты алынған баланың білімділік қажеттіліктерінен жеке алынып анықталады. Жеке бағдарламаны әзірлеудің үдерісі педагогтердің өзара әрекеттесуі мен шығармашылығын бағамдайды. Ешбір әдістемелік құрал нақты баланың барлық қажеттіліктерін дәл ескеруі мүмкін емес.
Ал сабақтардың нақты мазмұны мен режимі зерделеу барысында анықталған баланың негізгі қиыншылықтарындағы «ауырлық ортасын» ескерумен таңдалады. Мәселе оның эмоционалдық күйінің аясында жатқанында (алаңдаушылық, қорқыныштар, күйзеліс күйі), ең алдымен, психологиялық-терапевтикалық ықпал көрсету әдістерімен жұмыс жүргізу қажет. Егер қорқыныштарында қоршаған адамдардың балаға деген қарсылық қатынасы түрінде шынайы негіз болса, онда әлеуметпен (мысалы, атааналарымен немесе мұғалімімен) осы көзқарасты өзгерту бойынша, сонымен бір уақытта баланың жауап қату түрін өзгерту бойынша жұмыс қажет. Егер баланың қорқыныш сезімі ерте балалық шағындағы бұрмаланулармен байланысты болса (отбасындағы қиыншылықтар, психологиялық жарақаттар, аурулары және т.б.), онда оның нәтижесі ретінде баланың жауап қату амалын анықтайтын оның жалпы беталысы ретіндегі сенімсіздігі шығады. Оны өзгерту де психологиялық терапияның әдістерімен орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет