2 Инклюзивті сыныпта пәндік-білім беру ортаны модельдеу ерекшеліктері.
Оқушыларды жалпы білім беру поцесіне қосуға жағдайлар жасау үшін мектептік Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылды.
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдау әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен дамытуға арналған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасайтын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін білдіреді.
- даму бұзылыстарын ерте түзету;
- балаларды әлеуметтендіруде, оқытуда жеке ыңғай жасау;
- оқуға ынтасын, дербестігін, әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту;
- өмірлік құзіреттердің дағдыларын қалыптастыру;
- ата-аналармен және құрдастармен конструктивті қарым-қатынас құру.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің айрықша ерекшелігі оның кешенділігі және арнайы педагогикалық көмекті қажет ететін балаларды уақытында анықтауға бағдарлану болып табылады. Қызмет әрекетінің мазмұны оқушылармен түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, балалардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын бейімдеу, білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара түсіністік пен әрекеттестікті нығайтуға ықпал ету. Қолдау қызметінің әрекеті бала дамуындағы кез келген проблеманы шешуде кешенді, пәнаралық тәсілдеме, білім беру процесінде бала дамуын 17 үздіксіз қолдау, қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау, психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша іс-шараларға ата-аналарды, педагогтар мен балалар ұжымын белсенді қатыстыру қағидаларына негізделеді.
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы Қолдау қызметінің жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі:
- психоәлеуметтік диагностика;
- психотүзету жұмысы;
- білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік ағарту жұмысы;
- әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек беру;
- ұйымдастырушылық-әдістемелік әрекет.
Инклюзивті білім беру моделдерін зерттеу, МШБ-ның әлеуттендіру дағдылары мен коммуникативтік біліктерін дамыту үшін маңызды ресурс ретінде АКТ, интернет-ресурстарды пайдалану мүмкіндігі мен әлеуетін, инклюзивті білім беруді дамытудың аймақтық қоғамдастығын құру және басқару процесінде инклюзивті білім беруді дамытудың тиімді тетіктерін көрсетті.
Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық қолдау және
оларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу модельдері
1-сурет. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жеке қолдаудың кезеңдері
Білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдері.
Баланың дамуын сүйемелдеудің бірінші кезеңі ретінде бала туралы ақпаратты жинақтау шығады.
Екінші кезең – алған ақпаратты талдау.
Үшінші кезең – бала, педагог, ата-аналар, мамандар үшін ұсыныстарды бірлесе түзу: әрбір «қиын» білім алушы, тәрбиеленуші үшін кешенді көмектің жоспарын түзу.
Төртінші кезең – сүйемелдеуге қатысушылардың барлығына бала қиыншылықтарын шешудегі жолдар мен амалдар туралы кеңес беру.
Бесінші кезең – қиыншылықтарды шешу, яғни сүйемелдеудің әрбір қатысышуысымен ұсыныстардың орындалуы.
Алтыншы кезең – орындалған ұсыныстардың сүйемелдеудің барлық қатысушыларымен талдануы (Неге қол жеткізілді? Неге қол жеткізілмеді? Не себептен?)
Жетінші кезең – бала дамуын талдауды жалғастыру (Келешектер не істейміз?)
Бұл шарттың барлығы шартты, өйткені әрбір баланың өз қиыншылықтары бар және оны шешуде жеке бір көзқарас қажет болады.
Қиын өмірлік жағдайға түскен балаларда әлеуметтену мәселелері өте жиі туындайды, оның көріністері ретінде балалардың мектеп алды және мектеп бағдарламасын меңгерудегі тұрақты білінетін қиыншылықтары, тәртіп бұзушылықтары, білім беру мекемесіне барып жүруден бас тартуы шығады.
Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін, атап айтсақ:
- дене бітіміндегі даму бұзылыстары (денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар),
- психологилық (зорлық-зомбылық құрбандары),
- әлеуметтік (табысы аз отбасылар, жетім балалар, қоныс аударылған балалар және т.б.).
Балалардың қолайсыз жағдайда дамуының осы аталған нұсқалардың кез-келген түрінде нақты немесе оның алдындағы жас кезеңіне сай келетін функциялардың жетіліп дамымауы, наразылық қылық көрсетумен немесе шынайы өмірден қол үзуімен көрініс беретіндей назар талап етуде лайықсыз қажеттілік, оқудағы және дамудағы мотивацияның әлсіз болуы, өз сезімін білдірудегі қиыншылықтар мен лайықты қарым-қатынас құру дағдыларының қалыптаспауы байқалады.
Бала дамуына кедергі тудыратын себептердің жойылуы балаға бағыттаушы және басқарушы ықпал көрсету түрінде бекітілген талаптардың жүйесін іске асыратын маңызды ересек адамдардың көмегімен ғана жүзеге асыру мүмкін. Сол себептен бұл жұмыста коррециялық-дамытушылық 25 бағдарламаларды жүзеге асыруды ата-ана- бала-ұстаз өзара байланысты тұтас жүйесінде өткізуге ұсыныс берілуде.
Ата-аналар мен педагогтер жиі жағдайда бала қиыншылықтарының сипатын түсіне бермейді де, олардың алдына дамуындағы шынайы деңгейге сай келмейтін міндеттерді қояды. Балалар оған лайықсыз мінез-құлықпен және әрекетсінуден бас тартуымен жауап беріп, бұл жағдай оқудағы сәтсіздіктерге жетелейді. Оңай жауап ретінде ересектер қорқытуға, жазалауға кірісіп, онысымен кінәлік сезімін тудырады, ол өз кезегінде болымды нәтижеге жеткізбейді. Оған қоса, ата-аналар мен мұғалімдер баланың «үстінен қарап», оның қиыншылықтарын түсінбейді, жиі жағдайда онымен эмоционалдық қатынасты орнатуға ынтасын білдірмейді. Бала жалғыздық сезіміне түсіп, ересектердің жағынан оның табысына деген тілектестік сезімдерін таппайды.
Достарыңызбен бөлісу: |