2 Инклюзивті сыныпта пәндік-білім беру ортаны модельдеу ерекшеліктері


Жалпыға білім беру мектеп жағдайында оқитын ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеу стратегиялары



бет2/6
Дата16.10.2022
өлшемі94.92 Kb.
#462800
1   2   3   4   5   6
инклюзивті2

1 Жалпыға білім беру мектеп жағдайында оқитын ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеу стратегиялары
Бұл құралда ЕБҚ бар балалардың әрбір санаты бойынша республика мектептерінің тәжірибесінде ерекше қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері көрсетілген. Құралда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қолдау моделін қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілген.
Әдістемелік ұсынымдар облыстық (қалалық, аудандық) әдістемелік кабинеттерінің басшылары мен әдіскерлеріне, білім беру ұйымының басшыларына, педагогтері мен мамандарына арналған.
Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары ауыр жағдайдағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының мағынасы қөптеген мәселелерді қамтитын күрделі мазмұн болып табылады. Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына элеуметтік аз қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан айрылған, мүгедектігі бар және дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де бұл қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар жатады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар. Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм. Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. И. Г. Кузина «өмірлік қиын жағдай» ұғымын, «адамның өзінің айналасындағылармен әлеуметтік қарым- қатынасы мен қалыпты өмір сүру дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі» деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар» деп қарастырады .
Мүмкіндігі шектеулі балалар, тегін әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдаулар алуға; мемлекеттік медициналық мекемелерде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінде тегін тексеруден өтуге; Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында бекітілген тегін медициналық көмектер алуға; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы бойынша дене бітіміндегі немесе психикасындағы ауытқушылықтардың көріну деңгейлерінің түрліше болуына қарамастан ауытқушылық анықталған күннен бастап тегін психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету алуға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет