2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


МСАК ұйымдарының мамандары пациентті күндізгі немесе тәуліктік стационарға жоспарлы түрде Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жібереді



бет3/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
ВОП 1

3. МСАК ұйымдарының мамандары пациентті күндізгі немесе тәуліктік стационарға жоспарлы түрде Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жібереді.
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек көрсету ережелеріне сәйкес МСАК ұйымдарында да төртінші жеделділік санатындағы жедел медициналық көмек шақыртуларына қызмет көрсету жүзеге асырылады.
16. МСАК ұйымында үйге бару арқылы мынадай қызметтер жүргізіледі:
патронаж;
пациентке белсенді бару;
үйге шақырту;
үй жағдайындағы стационар;
3 деңгейдегі медициналық реабилитация;
отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша қызметтер;
салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар;
медициналық-әлеуметтік қолдау
психологиялық көмек;
созылмалы ауруларды динамикалық байқау;
рецепт жазу;
паллиативтік мобильдік бригаданың шығуы.
17. Патронаж:
1) 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге;
2) жүкті және босанған әйелдерге;
3) өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қаупі анықталған 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті немесе босанған әйелдері бар отбасыларды байқау кезінде;
4) қозғалысы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациентке;
5) паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге жүргізіледі.
18. 5 жасқа дейінге балалардың, оның ішінде жаңа туған нәрестелердің патронажы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16279 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес әмбебап-прогрессивті модель негізінде жүргізіледі.
19. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16854 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына (бұдан әрі – 173 бұйрық) сәйкес жүкті және босанған әйелдердің патронажы әмбебап-прогрессивті модель негізінде жүргізіледі.
20. Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарлы келулермен (әмбебап тәсіл), баланың өмірі, денсаулығы немесе дамуы үшін медициналық немесе әлеуметтік тәуекелдердің болуына байланысты жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерекше қолдауды қажет ететін балаларға арналған жеке жоспар бойынша (прогрессивті тәсіл) қосымша белсенді бару жүргізіледі.
Әмбебап (міндетті) патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады және жүкті әйелге босанғанға дейінгі 2 патронаждан (12 апта және 32 апта жүктілік мерзімінде) және жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды қадағалаудың жалпы схемасы бойынша дәрігер/фельдшер және орта медицина қызметкері үйде және МСАК ұйымдарында қабылдауда 9 келуден тұрады.
Прогрессивті тәсіл жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажының (орта медицина қызметкерінің үйде патронаждық баруы) әмбебап-прогрессивті моделі схемасы бойынша олардың өміріне, денсаулығына, дамуы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жүкті әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды көздейді.


4. міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
13) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
14) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет