2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


Осы Талаптар Денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қолданылады



бет7/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
ВОП 1

2. Осы Талаптар Денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында осы Талаптарға сәйкес келетін медициналық ақпараттық жүйелер пайдаланылады.
3. Осы Талаптарда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – Денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
2) объектілік сәйкестендіргіш – объектімен байланысқан және объектілердің әлемдік адрестік кеңістігінде ауыстырмай сәйкестендіретін цифрлардың бірегей жиынтығы;
3) сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізілімі және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі – елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізбесі;
4) DICOM (Digital Imaging and communications in Medicine) – тексерілген пациенттердің цифрлық медициналық бейнелері мен құжаттарын жасау, сақтау, беру және визуализациялаудың медициналық салалық стандарты;
5) HL7 (ағылш. Health Level 7 – "Жетінші деңгей") – электрондық медициналық ақпаратты алмасу, басқару және интеграциялаудың халықаралық стандарты;
6) PACS (Picture Archiving and Communication System) – мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, электрондық пошта немесе алынбалы құралдар көмегімен қосылған жабдықтан да, қолмен жүктеу арқылы да алынған медициналық зерттеулерді беруді, сақтауды, қол жеткізуді және олармен жұмыс істеуді қамтамасыз етуге қызмет ететін бағдарламалық және аппараттық құралдар жиынтығы.
7. Медициналық-санитарлық сараптама, анықтамасы және функциялары. Медициналық-санитариялық сараптамаға (МӘС) жіберу қағидалары.
Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма екінші абзацына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы (бұдан әрі – МӘС) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүргізеді.
Ауру мен мүгедектіктің деңгейіне, құрылымына қарай МӘС бөлімдері жалпы бейіндегі, мамандандырылған бейіндегі (кәсіптік ауруы бар, туберкулезбен ауыратын, психикалық ауытқулары бар науқастар үшін) және педиатриялық бейіндегі МӘС бөлімдері болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет