2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


жүктіліктің бірінші, екінші және үшінші триместрінде ультрадыбыстық скринингке жібереді



бет31/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
ВОП 1

жүктіліктің бірінші, екінші және үшінші триместрінде ультрадыбыстық скринингке жібереді;
ұрықтың хромосомалық патологиясының жеке генетикалық қаупін есептей отырып, АСM талдауға жібереді.
8. Пренаталдық скринингтің бірінші кезеңінде "Акушерия және гинекология" немесе "Жалпы медицина" мамандығы бойынша дәрігер пренаталдық скрининг нәтижелерімен жүкті әйел қайтадан келген кезде оны "медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігердің консультациясына мынадай өлшемшарттар бойынша жібереді:
хромосомалық патологияның ультрадыбыстық маркерлерін анықтау және (немесе) бірінші, екінші және үшінші триместрлердің ультрадыбыстық скринингін жүргізу кезінде ұрықтың анатомиялық даму аномалияларын анықтау;
бірінші триместрдің біріктірілген тестін өткізгеннен кейін ұрықтың 1:150 және одан жоғары хромосомалық патологиясының жеке генетикалық қаупін анықтау;
жас факторының болуы (37 және одан жоғары жастағы әйелдер).
9. Пренаталдық скринингтің бірінші кезеңінде жүкті әйелдер бірінші триместрдің ультрадыбыстық скринингінен кейін соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап жүктіліктің 11 апта 0 күнінен бастап 13 апта 6 күнге дейін (күнтізбелік 1-3 күннен кешіктірмей ұсынылады) бірінші триместрдің біріктірілген тестінде АСМ талдауға жіберіледі.
10. АСМ талдауын және құрамдастырылған қатерді есептеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарда жүкті әйелдің қан үлгісін алу, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүкті әйелдің қан үлгісін алу, таңбалау, жеткізу алгоритмі бойынша жүзеге асырылады.
11. Жүкті әйелдердің қанының сарысуын немесе құрғақ қан дақтарын пренаталдық скринингтің бірінші кезеңін өткізген денсаулық сақтау ұйымдары қан алынғаннан кейін 36 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде пренаталдық скринингтің екінші кезеңіне жібереді.
Қан сарысуынан немесе құрғақ қан дақтарынан АСМ талдау және құрамдастырылған қатерді есептеу "Зертханалық диагностика" кіші түрі бойынша медициналық қызметке лицензиясы бар және медициналық ақпараттық жүйемен ықпалдастырылған медициналық ақпараттық жүйесі немесе зертханалық ақпараттық жүйесі бар денсаулық сақтау субъектілерінде орындалады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 01.11.2022 № ҚР ДСМ-123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Жүкті әйелдерді пренаталдық скринингтің бірінші кезеңінде тексеру үш реттік ультрадыбыстық скринингті қамтиды, оның нәтижелері бекітілген нысандарға (медициналық карталарға "Жүктіліктің бірінші триместріндегі ультрадыбыстық зерттеу хаттамасы" және "Жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі ультрадыбыстық зерттеу хаттамасы" қосымша парақтары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық № ҚР ДСМ-175/2020) бекітілген "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" № 052/е нысаны), жүктілік кезінде скринингтік ультрадыбыстық зерттеу жүргізу бойынша біліктілікті арттырудан өткен "Ультрадыбыстық диагностика" (пренаталдық ультрадыбыстық диагностика) мамандығы бойынша дәрігерлер жүктіліктің келесі мерзімінде толтырылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет