2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


МСАК қызметкерінің немесе жалпы тәжірибелі дәрігердің жаңа туған нәрестеге үйге патронажбен бару кезіндегі іс-әрекет алгоритмі



бет28/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
ВОП 1

26. МСАК қызметкерінің немесе жалпы тәжірибелі дәрігердің жаңа туған нәрестеге үйге патронажбен бару кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
Жүкті әйелге патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы:
1) жүкті әйелден шағымдарын сұрайды, артериялық қысымын өлшейді, ісіну және анемия белгілерінің бар-жоғын қарайды;
2) көңіл-күйін (депрессия бар-жоғын), үй жағдайының және өмірінің қауіпсіздігін, үй-жайының және жеке гигиенасын, жүктіліктің қауіп факторларын бағалайды;
3) жүктілікке байланысты физикалық және психикалық өзгерістер туралы, жүктілік кезіндегі күйзелістің зиянды салдары туралы, темекіні, алкогольді және есірткіні тұтынудың зиянды салдары туралы хабардар етеді;
4) үйлестірілген тағам бойынша, салмақты, физикалық белсенділікті бақылау, ауыз қуысының гигиенасын, жеке гигиенаны сақтау бойынша ұсыныстар береді;
5) отбасын жүктіліктің алаңдататын белгілеріне, қандай жағдайда тез арада дәрігерге қаралу керектігіне үйретеді және босануға дейін терапевттің және гинекологтың бақылауын жоспарлайды;
6) босануға, нәрестеге арналған орынды, бөлмені, күту заттары мен киімдерді қалай дайындауға, нәрестенің негізгі күтіміне, тек қана емшекпен қоректендірудің маңыздылығы мен емізу техникасына үйретеді және консультация береді.
44. Нәрестеге патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы:
1) нәрестедегі аурудың немесе жергілікті бактериялық инфекциялардың белгілерін бағалайды және олар болған жағдайда тез арада дәрігерді хабардар етеді;
2) депрессияны, үй жағдайының қауіпсіздігін және нәрестенің қажеттілігін анықтау мақсатында ананың (ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің) көңіл күйін бағалайды;
3) жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы, физикалық белсенділігі, тамақтануы, ұйқысы, контрацепция);
4) баланың анасын (заңды өкілін) жаңа туған нәрестеге негізгі күтім жасау туралы хабардар етеді, кеңес береді және үйретеді: емізу, температуралық режим, баланы дамыту мақсатында күтім жасау және оған деген көңіл-күй, ата-анасының екеуінің де (заңды өкілдерінің) қатысуы (бар болған жағдайда), гигиенасы және қол жуу мәселесі, шомылдыру кезіндегі қауіпсіздік, ұйқыда жатқан кездегі қауіпсіздік, кенеттен шетінеу синдромының алдын алу, кіндігі мен терісінің гигиеналық күтімі;
5) отбасын медициналық мекемеге шұғыл жүгінуі қажет аурудың қауіпті белгілерін білуге үйретеді: қоректендіру кезіндегі проблемалар, нәрестенің белсенділігінің төмендеуі, минутына 60-тан астам жиіліктегі дем алу, дем алудың қиындауы, дене қызуының көтерілуі немесе төмендеуі, құрысу, қалтырау және басқалар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет