5) жіті және созылмалы ауруларды анықтау, шұғыл және жоспарлы емдеу іс-шараларын уақтылы жүргізу;
6) көрсетілімдері болған жағдайда балаларды тәуліктік стационарларға, күндізгі стационарға жіберу және үйде стационар ұйымдастыру;
7) диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар балаларды динамикалық бақылау, емдеу және сауықтыру;
8) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
9) № 704 бұйрыққа сәйкес жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың скринингін жүргізу;
10) мектепке дейінгі немесе мектеп мекемелеріне барар алдында балаларды сауықтыруды ұйымдастыру;
11) дұрыс тамақтану, балалар ауруларының профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналармен және отбасы мүшелерімен немесе баланың заңды өкілдерімен ақпараттық жұмыстар жүргізу.
25. Жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларды патронаждаудың әмбебап-прогрессивті моделінің схемасы
3) патронаж – медицина қызметкерлерінің үй жағдайында профилактикалық және ақпараттық шараларды жүргізуі (нәрестеге патронаж, жүкті әйелге, босанған әйелге, диспансерлік науқасқа патронаж).
Баланың өміріне, денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіптерді анықтау және төмендету, сондай-ақ қаупі жоқ отбасына міндетті бару санын азайту мақсатында жүкті әйелдерді, нәрестелер мен ерте шақтағы балаларды үйде патронаждық бақылауды ұйымдастыру Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) ұсынған әмбебап-прогрессивті моделінің негізінде жасалады.
Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарланған үйге барулармен қатар (әмбебап тәсілдеме) баланың өміріне, денсаулығына немесе дамуына әсері бар медициналық немесе әлеуметтік қауіптің болуына байланысты ерекше қолдауды қажет ететін жүкті әйелдерге, нәрестелер мен балаларға арналған жеке жоспар бойынша қосымша белсенді бару енгізіледі (прогрессивті тәсілдеме).
Әмбебап (міндетті) патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі және жүкті әйелдерге (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде) босануға дейінгі 2 патронаждан және ал балаларға осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес үйде жүкті әйелдерді, нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды жалпы бақылау сызбасы бойынша және МСАК көрсету кезінде деңгейінде МҰ қабылдауда 9 рет барудан тұрады.
Прогрессивті тәсіл осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес жүкті әйелдердің және 5 жасқа дейінгі балалар патронажының әмбебап-прогрессивті моделінің сызбасы бойынша (мейіргер ісінің маманының үйге патронаждық баруы) өміріне, денсаулығына, дамуына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық және әлеуметтік сипаттағы қауіптер анықталған жүкті әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |