2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы



бет19/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
ВОП 1

2) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы;
3) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар;
4) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді.
19. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын мынадай медициналық ұйымдар:


1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері;
4) санаторийлік-курорттық ұйымдар;
5) апаттар медицинасы ұйымдары;
6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
9) жедел медициналық көмек ұйымдары бермейді.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі.
Осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, адамды медицина қызметкері тексермеген, өтіп кеткен күндер үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беруге жол берілмейді.
Жіті немесе созылмалы аурулар асқынған және жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге (халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілікті және босануды, сондай-ақ Кодекстің 89-бабының 2-тармағына сәйкес Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесінде айқындалған ауруларды қоспағанда, күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге беріледі.
"Жұмысқа кірісу" деген жол адам тексеріліп-қаралғаннан және еңбекке жарамды деп танылғаннан кейін келесі күнмен (айы мен күні) жазбаша толтырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық сақталған жағдайда: "Әлі сырқаттануда" деп жазылады және басқа еңбекке жарамсыздық парағының нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. Еңбекке жарамсыздық басқаша аяқталған жағдайда: "Мүгедектік белгіленді (күні)", "қайтыс болды" (қайтыс болған күні көрсетіледі) деген мәліметтер жазылады.


Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бергеннен немесе мерзімін ұзартқаннан кейін адам қабылдауға келмесе, ал кезекті қабылдауда еңбекке жарамды деп танылса, еңбекке жарамсыздық парағының "Жұмысқа кірісу" деген жолында: "Жұмысқа жарамды" (келген күні көрсетіле отырып), "Қай күннен баст




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет