Әйелдер босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде босанғаннан кейін осы тармақта көзделген ұзақтықта ғана демалыс ұсынылады;
7) әйел төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе үш жасқа толғанша балаға күтім жасау бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде жүктілік басталған кезде енбекке уақытша жарамсыздық парағы осы тармақтың 6) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың бүкіл күндеріне беріледі;
8) босанған кезде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы нәрестеге күтім жасауды жүзеге асыратын адамға беріледі;
9) жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.
Түсік өздігінен түскен (түсік тастағанда) жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне беріледі;
10) эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізген кезде операция жасаған медициналық ұйым эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап жүктілікті белгілеу фактісіне дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.
Жаңа туған баланы (қыз баланы) (балаларды) асырап алған адамдарға, сондай-ақ биологиялық аналарға cуррогат ана болу кезінде баланы (қыз баланы) асырап алған күнінен бастап және бала туған күнінен бастап күнтізбелік елу алты күн өткенге дейін тікелей перзентханадан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.";
22. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
57. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері тікелей күтім жасауды жүзеге асыратын баланың заңды өкілдерінің немесе жақын туыстарының біреуіне береді.
58. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы ол күтім жасауды қажет еткен кезенің ішінде, бірақ күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге беріледі және ұзартылады. Анасымен немесе баланың басқа да заңды өкілдерімен болған бала тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде ауырып қалған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы басқа қалалық ретінде (медициналық ұйым басшысының қолы қойылып) беріледі.
59. ДКК қорытындысы бойынша күтімді қажет ететін баланы стационарлық, оның ішінде оңалту орталығында емдеу кезінде күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы ата-ананың біреуіне немесе балаға күтім жасайтын адамға:
Достарыңызбен бөлісу: |