2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


ап" және "Қай күнді қоса алғанда" деген бағандардағы бос жолдар "Z" белгісімен сызылады



бет20/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
ВОП 1

ап" және "Қай күнді қоса алғанда" деген бағандардағы бос жолдар "Z" белгісімен сызылады.
20. Жіті немесе созылмалы аурулар асқынған, жарақаттар мен уланулар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге (халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Бір дәрігер жұмыс істейтін медициналық ұйымдарда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі және дәрігер еңбекке жарамсыздықтың барлық кезеңінде бейінді маманның консультациясымен өз бетінше ұзартады.
Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.
Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге береді. Үш күннен жоғары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын ұзартуды учаскелік дәрігер жүргізеді.
Ауылдық жерлердегі фельдшерлер дәрігер болмаған кезде халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде береді
21. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет