2-күн тапсырмасы Тапсырма



Дата01.05.2024
өлшемі19.72 Kb.
#500250
2-күн тапсырмасы Исмайлова М.Қ.



2-күн тапсырмасы


Тапсырма. Тыңдаушыға арналған нұсқаулықта(18-20-беттер) берілген жеке тұлғаға бағытталған оқытудың ерекшеліктерін айқындаңыз.

  1. Саралап оқыту­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Саралау дегеніміз – әлсіз оқушыларға көмек беруге және қабілеті жоғары оқушыларға қолдау көрсетуге жағдай жасау. Саралап оқыту жағдайында үш түрлі деңгейдегі тапсырмалар әзірленеді. Оқу үдерісіндегі саралау қағидаты бойынша мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру қадамдары:
1) саралау критерийлерін анықтау;
2) белгіленген критерий бойынша жүйелі диагностика жасау;
3) диагностика нәтижесі бойынша оқушыларды топқа бөлу;
4) саралау тәсілдерін таңдау;
5) оқыту үдерісінің әр кезеңінде саралау тәсілдерін қолдану. Пайда болу себептері: • әр баланың білім берудегі қажеттіліктерін түсіну;
• жеке білім беру қызметіне бағытталған тәсілдің тиімсіздігі;
• объективті бағалау үшін оқушы қабілетін ескермеу. Артықшылықтары:
• қатемен жұмыс кері байланыс ретінде беріледі;
• эмоционалды қысым мен күйзелістің алдын алу;
• әр оқушыға жеке көзқарас;
• өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту қағидаты



  1. Даралап оқыту

Даралау қағидаты әр оқушының жеке дара ерекшелігіне қарай оқыту тәсілін таңдау идеясына негізделген. Жүргізілетін жұмыс оқушының дамуына қатысты болады, оған сыртқы мотивация әсер етеді. Мақсаты – оқу бағдарламасын меңгеру. Даралаудың мысалы – барлық балаларға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған инклюзивті білім. Жеке даралап оқыту жағдайында оқу үдерісі үшін жауапкершілік үшінші тарапқа (мұғалімге, ата-анаға, заңды тұлғаларға, мемлекетке) жүктеледі. Даралау қағидаты бойынша білім беру процесін оқушылардың өздері ұйымдастырады. Баланың өзі қай бағытта дамитындығын өзі таңдайды және оның бекітілген мектеп бағдарламасын ұстануы маңызды емес.
Пайда болу себептері:
• барлық оқушыларды оқытуда қолданылатын бір тәсіл тиімсіз;
• оқушылардың мақсат қоя алмауы және оған жете алмауы;
• қазіргі заман талаптарына сай болмауы;
• оқыту үдерісіндегі орын алған олқылықтардың себеп-салдарын саралау. Артықшылықтары:
• өзектілігін арттыру және оқу үдерісіндегі оқушылардың жауапкершілігі;
• оқушыларға оқу нәтижелеріне қалай әсер ете алатындығын көрсету мүмкіндігі және білім беру жүйесінің дамуы;
• оқушылардың әлеуетін толық ашуға жағдай жасау.



  1. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту – бұл оқушылардың білім қажеттіліктеріне сәйкес оқу материалдарын бейімдеу. Оқыту жағдайында оқушылар жаңа ақпаратты тез меңгеріп, тиімді дағдыларды игереді. Оқушыға нені, қалай және қашан оқу керектігін өз бетінше шешуге мүмкіндік береді. Бір қарағанда жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалім қызметінің маңызын жоятын секілді. Бірақ бұл – теріс пікір. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту жағдайында мұғалімге үлкен жауапкершілік артылады. Тек мұғалім еңбегінің арқасында ғана оқушы дербес және бақытты бола алады. Соңғы бірнеше жылда жеке тұлғаға бағытталған оқыту айтарлықтай сынға ұшырады. Зерттеушілердің бірқатары оқытудың бұл түріне ешқандай негіз жоқ деген пікір ұсынса, бірқатар зерттеушілер бұл оқыту тәсілінің тиімділігін растады. Осыған қарамастан, әр оқушы жеке тұлға екенін жоққа шығаруға болмайды, ал жеке тұлғаға бағдарланған оқыту – даралап оқытудың құрамдас бөліктерінің бірі. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оларды өзін-өзі түсінуге ынталандырудың өзі де құнды.
Пайда болу себептері:
• оқушы жетістіктерінің төмен көрсеткіші;
• оқыту үдерісіндегі зейінді шоғырландыру проблемалары;
• әр оқушының оқыту үдерісіндегі қиындықтарын талдау. Артықшылықтары:
• әр оқушының оқу нәтижелерін жақсарту;
• әр оқушының өзін-өзі бағалай алу дағдысын жетілдіру;
• жеке тұлғаға бағытталған қызмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет