2 оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыту



бет5/6
Дата07.10.2024
өлшемі46.78 Kb.
#504402
1   2   3   4   5   6
21 гасыр

3-кезең «ЖОРҒА» 
ЛОГИКА:
10 ұпай;
Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар бір- біріне «Достым, мен сені көріп отырмын» дейді. Олар бірін-бірі қалай көріп отыр? Жауабы:(қарама-қарсы отыр)
20 ұпай;
Бес метрлік бөренені бір метрден өлшеп кесу керек. Неше рет кесу керек? Жауабы:(4 рет)
30 ұпай;
Қай айда 28 күн бар? Жауабы:Барлық айда
40 ұпай; 3 мысық 3 минутта 3 тышқан аулайтын болса,6 мысық 6 тышқанды қанша уақытта аулайды? Жауабы:3 минутта
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР:
10 ұпай;
Жеті рет өлше — … (бір рет кес)
20 ұпай;
Сабыр түбі… (сары алтын )
30 ұпай;
Басқа бәле… (тілден)
40 ұпай;
Ине көзінен сынады
Шешен ......... (сөзінен сынады)


Салт -дәстүр
10 ұпай
«Тұсаукесер» дәстүрі қай кезде жасалады?
(Бала қаз-қаз жүре бастағанда) 
20 ұпай;
«Сүйінші» сұрау деген қандай дәстүр?
(жақсы хабар берген адамға берілетін сыйлық)
30 ұпай;
«Қонаасы» асы деген қандай салт-дәстүр?
(арнай қонаққа асылған ас)

40 ұпай;
«Базарлық әкелу» деген қандай салт?
(балаларға,көршілерге алыс жолдан келген жолаушының сыйлығы)
Қазақ тілі
10 ұпай;
Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? (Диалог)
20 ұпай;
Дыбыстың жазба таңбасы?(Әріп)
30 ұпай;
Заттың түрін,түсін, сапасын,көлемін білдіретін сөз табы?
(Сын есім)
40 ұпай:
«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» тіркесінің мағынасын айт? (Тыныштық заман)
Жүргізуші: Міне үшінші кезең да аяқталды. Сөз кезегін қазыларға берейік.
Жүргізуші: Біз екі ойыншымызбен қоштасамыз, оларға ойынға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Жүргізуші: 4-кезең «ДОДА» ойынымызды жалғастырайық. Әр ойыншы 1 минутта сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі. Қазылардың мұқият болуын сұраймыз. «3» оқушы ойынды жалғастырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет