2. Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру



бет2/2
Дата24.11.2023
өлшемі85.5 Kb.
#484354
1   2
баяндама кмж (2)

«SMART» әдісі
«Миға шабуыл» әдісі.
«Денотатты граф» әдісі.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
«Өзінді тексер» әдісі .
«Бір сөзбен» әдісі.
Сыныпты «SMART» бейджиктегі бейнеленген суреттер арқылы 3 топқа бөлдім. «SMART» әдісінің мақсаты-дұрыс бағдар беріп,нақты нәтиже алу.
1-топ: тарихшылар
2-топ: географтар
3-топ: археологтар.
Бөлінген топтың өзінің мақсаты бар.
Бірінші кезекте топтық жұмыс болды. Әр топқа жеке тапсырмалар берілген. Бұл жерде мен «Денотатты граф» әдісін қолдандым. Яғни Тарихшылар тобы сақ тайпаларының б.з.б. І мыңжылдықта өмір сүрген аймағын атайды; сақ тайпалары туралы дереккөздердің түрлерін атайды; ежелгі тарихшылардың суреттеуін атайды.
Географтар тобы: сақтардың географиялық орнын анықтайды, нәсілдік ерекшеліктерін біледі.
Археологтар тобы: Есік обасының археологиялық ескерткіштерінің орналасқан аймағын,құрылымын атайды. Есік обасының хронологиялық шеңберін анықтайды. Есік обасынан табылған жәдігерлерді атайды.
Бұл әдістің тиімділігі берілген оқу материал арқылы оқушылар сын тұрғысынан ойлай отырып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.
Екінші кезекте жұптық жұмыс жасалды.Жұптық жұмыс кезінде оқушылар бейджиктегі түстер арқылы тағы жұптық топқа бөлінді. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолдандым.Яғни оқушыларға проблемалық сұрақ қойдым. Проблемалық сұрақ арқылы оқушылар жан жақты іздені арқылы дәлелді факторлар арқылы өз пікірін жинақы жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар бір бірінің пікірін тыңдай отырып, ұйымшылдықпен жұмыс жасайды.
Үшінші тапсырма бойынша әр оқушыға жеке тапсырма берілді. «Өзінді тексер» әдісін пайдаландым. Мұнда балалар жеке жұмыс істей отырып, сабақтағы тыңдалым дағдысының қаншалықты іске асқандығын көрсетіп, үлестірмелі материалдардағы пікірлердің шын немесе жалған екендігін анықтайды.
Кері байланыс алу үшін «Бір сөзбен» әдісін қолдандым.Оқушылар өздеріне берілген 14 сөздің ішінен, өздерінің сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап алды: Төзімсіздік, ашу, қуаныш, қанағаттану, шабыт, зерігу, алаңдау, тыныштық, сенімділік, рахаттану, түсіндім, білдім, немқұрайлылық.
Бұл әдісті алған мақсатым оқушылар сабақтың барысында өз бойындағы қасиеттерді немесе өзгерісті еркін және нақты айтуына жағдай жасау.
Қорыта келгенде,сын тұрғысына ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік, ол оқушылардың да мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейді. Бұл әдістер оқу үрдерісінде маңызы зор. Себебі олар мұғалімге оқушылардың алдыңғы білімдерін тез арада және жеңіл жолмен көруге мүмкіндік береді.
Болашақтың тірегі - жастар. Жастарды тәрбиелейтін - біздер. Болашағымыз үшін бар күш - жігерімізбен сапалы жұмыс жасайық!

«Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



БАЯНДАМА


Сақтардың
тарихи-географиялық орны


Кентау -2018жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет