2. СҒЗЖ: Сүт және сүт өнімдерін лабораториялық зерттеу


Ветеринариялық токсикология



бет5/9
Дата13.03.2024
өлшемі61.71 Kb.
#495322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
сүтті зерттеу

2.4 Ветеринариялық токсикология

Токсикология - гректің toxicon - жебе уы және logos - ілім, деген сөзінен шыққан.


Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып-оркендеуі нәтижесінде тірі ағзаға зиянды ( әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті. Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте күрделілене түсуде. Көптеген улы заттардың ауыл шаруашылығында кең қолданылуы токсикологияның салалық бөлінуін қажет етті. Қазіргі замандық өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну "өндірістік токсикологияны" құруға негіз болды. Бұл саланың маңыздылығы сол, ол улы заттардың адам ағзасына зияндылығын, жұмыс істеу шарттарын белгілейді.
Мал дәрігерлік токсикология мынадай негізгі үш бөлімнен тұрады: жалпы токсикология, жеке токсико­логия, химиялық-токсикологиялық талдау әдістері.
Жеке токсикологияның өзін бірнеше жолдармен жіктеуге болады. Бұл ұсынылып отырған оқу құралында оқу материалдары мынадай жүйемен беріліп отыр:

3.Химиялық-токсикологиялық талдау әдістері бөлімінде токсикологиялық-зертханалық зерттеулер жүргізудің жалпы ережелері мен қағидалары жайлы баяндалады.
Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С.В. Баженовтың пайымдауынша удың жалпы биологиялық және токсикологиялық анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: "У дегеніміз тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат". Мысалы, ас тұзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Улану - жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у - себеп, улану -салдары.
Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет