2 оқушы: Иә дұрыс айтасың, құрбым! Рахмет саған. Бірақ менің бір ойлаған арманым бар соны мына сыныптастарыммен де бөліскім келіп тұр.
1 оқушы: Айта бер құлағым сенде.
2 оқушы: «Болашақ қазақ математиктері» деген сауалға қандай жауаптары, арман – ниеттері бар екен соны білейік.
Көрініс бойынша пікір-талас ұйымдастырылады. 3 оқушы: Оқу мектепте 5 күндік болса, 6-шы күні өз сүйген ісімізбен айналысайық. 4 оқушы: Шет елдердегідей мектеп берген білімі бойынша, яғни аттестаттағы бағасы мен қалаған оқуына түссе.
5 оқушы: Үйде де, мектепете де қомпьютермен жазып, сызып, есептер шығарып оқысақ. Мектепке оқулық, сумкасыз барсақ. Мұғалімге емес компьютерге жауап берсек.
6 оқушы: Математиканы 5 саусағымдай білсем. 7 оқушы: Мұғалім айтса журналды алда өзіңе баға қой десе ғой. Мен 5 деген баға қойып алушы едім.
3 оқушы: Ол артықтау болмай ма, сен мүмкін 3-ке жауап берсең ше? 7 оқушы: Айтар едім, апай мен осы қашанға дейін 3 ала беремін. Ылғи 3-те 3. Мен арманымды түсіндірер едім.
1 оқушы: Жоқ құрбым, сен шетел мектебінде емес қазақ мектебінде оқып жүрсің. Бері назар қойыңыздар! Барлығымыздың арман – ниеттеріміз мынау ғой.
Болашақ мектеп атты слайд (слайтқа қарап айтып өтеді).
Жүргізуші: Мінеки ІІІ кезеңге куә болдық. Баланың ізденімін қалыптастыруға еркіндік беріп, қолдап, бағыттаушы болсақ, математика сабағында оқушылар білімі арта түседі. Оқущылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік шеберлік дағдысын дамыту. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс – әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта латын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты, жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Хор. «Ғажайып математика.»
әні –« Егемен Қазақстан» 1. Негізі бар математика, Жалықпай оқып үйрен тек қана. Білімнің ашты көзін тауып, Галелей мен Ковалевская. Қайырмасы: Математиктер ғұлама ғалым, Ойлары ұшқыр білімділер. Келген қонақтар риза болыңдар, Шапалақ ұрып қол соғыңдар. 2. Өнер қуған математикпіз, Келешектің үмітіміз. Бізге сеніп берсеңіз егер, Есебіңізді шешіп тастаймыз. Қайырмасы: Математиктер ғұлама ғалым, Ойлары ұшқыр білімділер. Келген қонақтар риза болыңдар, Шапалақ ұрып қол соғыңдар.
Қатысқан оқушылардың барлығы сахнаға шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |