2-ші сынып оқушыларына арналған "Жылдам оқу" таңдаулы курс сабағының жоспары


В.Н.Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесінің 8 резерві



бет3/6
Дата01.11.2023
өлшемі42.52 Kb.
#482107
1   2   3   4   5   6
Жылдам оқу

В.Н.Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесінің 8 резерві
Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың кеңінен тараған технологиясы В.Н.Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесі. Аталған технология шапшаң оқуға үйретудің 8 резервін құрайды.
1. Дайындық жаттығуларының ұзақтығы емес, жиілігі маңызды.Балаларға қандай-да бip біліктілікті меңгертіп, оны дағды деңгейіне жеткізу үшін белгілі бip уақыт аралығында, олармен күнде - күнде көлемі шағын жаттығулар жүргізу қажет. Біз күнделікті өмірде мынадай жәйттерді жиі естиміз: «Мына ертегіні оқы, оқып болмайынша, ойнауға бармайсың...». Баласының - оқу шапшаңдығының төмен екенін біле тұра, анасы күрделі педагогикалық қате жібереді. Сондықтан үйдегі дайындық әр 5 минут сайын шағын абзацты оқып, мазмұнын айтып берумен аяқталады. Бір - екі сағаттан соң тағы 5 минут оқиды. Ұйықтар алдында тағы бip рет оқиды. Бұндай дайындық біp отырғанда 6ip жарым-екі сағаттан оқуға қарағанда әлдеқайда тиімді.
2. Ызыңдап оқу. Ол не? Бұл барлық оқушы бip мезгілде, бір-біріне бөгет жасамас үшін жартылай дауыспен оқу. Әркім өз жылдамдығымен, 6ipeyлepi тез оқыса, енді 6ipi баяу оқиды. Ызыңдап оқуды сабақтың кез келген кезеңінде жүргізе беруге болады. Математика сабағындағы есептің немесе кейбір тапсырмалардың мазмұнын түсіну үшін оқудың осы түpiн пайдалану өте тиімді.
3. Әр сабақтағы бес минуттық оқу. Егер мұғалімнің үлесінде үш-төрт оқу сабағы болса, онда бір аптада 25 оқушының әрқайсысы 6ip-екі peт оқу мүмкіндігіне ие болады. Ал әр сабақ сайын (қазақ тілі, математика, дүние тану т.б.) балаға 5 минут оқуға мүмкіндік беру апталық жаттығуды 120 минутқа дейін ұзарта алады.
4. Ұйықтар алдындағы оқу. Ұйықтар алдындағы оқу жақсы нәтиже береді. Өйткені күннің соңғы cәттepi адамның (жадында) көңіл-күйінде жақсы сақталады, сегіз caғaт ұйқының барысында адам coл cәттің әсерінде болады. Бұдан 200 жыл бұрын "Студент, науками живущий, учи псалтырь на сон грядущий, то есть учи так, чтобы это 6ылo последним событием дня", -деген екен.
5. Үзінділермен оқу. Егер бала оқуды ұнатпаса, онда осы оқу түрін пайдалануға болады. Бұндай жағдайда балаға 1-2 жолдық үзінді оқуды ұсыну керек. Біраз демалып, содан соң оқу қайта жалғасады. Оқудың бұл түрін ата-aнaлapғa кеңес ретінде беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет