2-ші сынып оқушыларына арналған "Жылдам оқу" таңдаулы курс сабағының жоспары



бет5/6
Дата01.11.2023
өлшемі42.52 Kb.
#482107
1   2   3   4   5   6
Жылдам оқу

Жаңылтпаш қарқынымен оқу кезінде оқудың мәнерлілігіне көңіл аударылмайды. Бұл жаттығу артикуляцияны дамытуға арналған. Жаттығу 30 секундтан аспайды. Әpi қарай мұғалім үшінші жаттығуды ұсынады. «Енді , балалар , мәтінді қайта оқыңдар, бірақ асықпай әдемі, мәнерлі оқуға тырысыңдар». Балалар мәтіннің өздеріне таныс бөлігін соңына дейін оқиды, мұғалім оларды тоқтатпайды. Сөйтіп, олар мәтіннің таныс емес бөлігіне өтеді. Міне, дәл осы сәтте, оқушының алдында күтпеген жәй пайда болады. Мәтіннің бір үзіндісін жоғары қарқынмен оқи береді. Әрине оның мүмкіндігі көпке бармайды ( жарты жол, 6ip жол). Егер бұл жаттығу күнде жүргізілсе, онда жоғары қарқынмен оқу ұзактығы біртіндеп көтеріле бастайды. Екі -үш жұмадан соң баланың оқуы едәуір жақсарады.
8. Дауыстап оқу. Шамамен балалардың үштен бip бөлігі дауыстап оқуда қиналады. Бұл балалардың ауызша сөйлеу дағдысының дұрыс қалыптаспағандығынан. Көп жағдайда мұндай балалардың сөйлеуінің дамуында кемшіліктер бар. Мысалы, тілі кеш шыққан балалар көптеген дыбыстарды дұрыс айтпайды, айтқан дыбыстары анық емес т. с. с. Бұндай балалар ерекше назар аудару тобына жатады. Өйткені, бұл балаларда сөйлеу мәнеріндегі аздаған жетіспеушіліктер сақталып отырады. Бұл дыбыстың бұзылып айтылуы, сөздік қорының аздығы, сөзді дұрыс қолданбауы, суреттеу мен әңгімелесудің балаға қиындық туғызуы. Сондықтан да осы балалармен тіл дамыту жұмыстарын жүргізу керек. Тіл дамуының жоғарғы деңгейі баланың оқу жылдамдығын арттырады және бала оқып тұрғанын тез түсінеді. інің негізгі сипаттамалары.
Оқудың техникалық және мағыналық жағы болады.Оқудың техникалық жағы төмендегідей компоненттерді қамтиды: оқу тәсілі , оқу жылдамдығы, оқу жылдамдығының динамикасы (өciмі), оқудың дұрыстығы. Мағыналық жағы: мәнерлілік және оқылғанның мазмұны. Оқу дағдысының техникалық жағынын қалыптасу қадамы төмендегідей: Оқу тәсілі - оқу жылдамдығы —► оқу жылдамдығының динамикасы Бул қадамдар авторлардың зерттеулері арқылы және төменгі сынып оқушысының оқу техникасын меңгеру процесін талдау барысында анықталды. Оқу тәсілі мен оқу шапшаңдығы, шапшаңдық пен динамиканың арасындағы өзара байланыс тағайындалды. Осығанан толығырақ тоқтала кетейік. Бірінші сыныптықтардың кейбірі мектепке оқып келеді. Бірақ оқу тәсілдері әр түрлі. Бipeyлepi буындап оқиды, енді біреулері буындап және тұтастай оқиды, үшіншілері тұтас оқиды, төртіншілері тұтас сөзбен және сөздердің тобын оқитындай дәрежеде. :Яғни, балалар оқу техникасын меңгерудің әр түрлі кезеңдерінде орналасады. Ал мектепте мүлдем басқа жағдай орын алады: бала буындап оқиды, яғни сөзді тұтас оқи алмайды, оның оқу техникасының деңгейіне сәйкес келмейтін мәтін ұсынылады, әрі оқу жылдамдығын тексереді. Ғалымдардың пайымдауынша, баламен оның мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жүргізілуі керек, егер бала буындап оқыса, оған соғұрлым көбірек буын саны аз сөздер ұсынылуы қажет. Әрине, мәтінді де оқу керек, бірақ оның көлемі шағын болғаны жөн. Егер бала буындап және тұтас сөзбен оқыса, онда буындық құрылымы қарапайым және күрделі сөздерді оқыту маңызды. Мәтіннің көлемі ұлғая түседi, бала біртіндеп тұтас сөздер және сөздер тобын оқи бастайды. Әрі қарайғы міндет - бұл тәсілді тұрақты ету, яғни оны дағдыға айналдыру. Авторлар бұны балалар көтерілетін баспалдақ түрінде бейнелейді. Олар бұл баспалдақты әр түрлі игереді: 6ipeyi тез көтеріледі, енді 6ipeyi әр баспалдақтан бөгеліңкіреп барып жоғары өрлейді.
Уақыт өте береді, баланың оқу қарқыны көтеріле түседі, мұғалім оның жетістігін белгілеп отырады, оқу жылдамдығының динамикасын байқап отырады. Сыныптағы басқа оқушылардан шапшаңырақ оқитын оқушылар тобының оқу жылдамдығының динамикасы мен баяуырақ оқитын оқушылар тобының оқу жылдамдығының динамикасының көрсеткіштерін салыстыра отырып, оқу жылдамдығы мен оның динамикасының өзара байланысын байқауға болады. Минутына 20 сөз оқитын оқушы минутына 70 сөз оқитынға қарағанда аз сөз қосады. Егер біріншілері 15 сөздей қосса, екіншілері екі есе көп 30 сөздей қосады. Минутына 20 сөз +15 сөз Минутына 70 сөз + 30 сөз Енді, оқудың дұрыстығы жөнінде. Оқудың дұрыстығы - бұл қатесіз оқу:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет