2 Сот қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі



бет3/5
Дата14.06.2016
өлшемі459.5 Kb.
#136083
1   2   3   4   5

Тергеушінің өкілеттігі






құқықтары


Қылмыстық істі қозғау және алдын ала тергеу жүргізу



Прокурордың немесе соттың санкциясы қажет істерді қоса алғанда,барлық қылмыстық істерді өз қарауына алу




Қ.і.ж.к. барлық тергеу амалдарын жүргізу




Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындауын күтпей-ақ,істі кез келген сәтте іс жүргізуге қабылдауға және оны тергеуге



Прокурордың нұсқауымен келіспесе жоғ.тұрған прокурға шағымдану


Жедел-іздестіру материалдарымен танысуға





Анықтау органдарына жазбаша атқару үшін міндетті іздестіру және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге





Анықтау органдарынан қылмыстық іске қосу үшін, алдын ала тергеу материалдарын сұратып алуға



Анықтау органын тергеу амалдарын жүргізу үшін тартуға





міндеттері









Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру; істі жан-жақты, толық, обьективті түрде зерттеу; алдын ала тергеу мен тергеу үшін жіберілген істің уақытында ашылуына,заңдылығы үшін жауап беруге;

Заңда көзделген тәртіптерде прокурордың немесе шешімін алуға;қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде айыпталушыны қылмыстық жауапқа тарту


2.3.Анықтау органы. Анықтаушы.

Анықтау – анықтау органдарының заңмен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту, және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргіз нысаны болып табылады.

Заң шығару анықтау органдарының егжей-тегжейлі тізбесін белгілейді. Оларға мыналар жатады:

1.ішкі істер органдары;

2.ұлттық қауіпсіздік органдары;

3.қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша- әділет органдары;

4. қаржы полициясының органдары;

5.контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша - кеден органдары;

6.Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша -әскери полиция органдары;

7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы істер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша -шекара бөлімдерінің командирлері;

8.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынысты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскер жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстары туралы істері бойынша әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;

9.Өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша -Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;

10.Өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша -мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;

Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері, сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының, осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да мемлекеттің ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да, - көлік қатынастары жоқ болған кезеңде жүктеледі.

С.В. Болотиннің пікірі бойынша: «Анықтау органының іс жүргізу мәртебесін иемдену үшін төмендегідей құқықтық алғышарттардың болуы қажет: -Заң белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органын құру; - адамды қызметке /оның ішінде осы органның басшысы қызметіне/ тағайындау; - аталған басқару органының анықтау жүргізуге арналған өкілеттілігінің қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленуі»12 Сонымен бірге қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық істер жүргізу кодексінің талдау қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысушыға анықтау органының мәртебесін беретін тағы бірнеше белгілері бар екендігі туралы куәландырады. Мұндай қосымша белгілерге мыналар жатады: - Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 65-бабының 2-тармағында аталған органдар анықтауды жүзеге асырған уақыттағы белгілі бір шектеулер /мәселен, кедендік органдар, контрабанда туралы істермен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару жөнінде ғана анықтау жүргізеді; әділет органдары – сотқа құрмет көрсету және сот шешімдерін орындау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер жөнінде анықтау жүргізеді/; - анықтау органы тек аталған органдардың барлық жүйесін емес, тікелей анықтау мақсаттары үшін қалыптасқан құрылымдық бөлімдерді ғана /департаменттер, басқармалар, бөлімдер, бөлімшелер/ түсіну, мәселен тұтас жүйе ретінде ішкі істер органдары Ішкі істер министрлігінің аппаратының, аумақтық органдардан /облыстық басқармалар, аудандық бөлімдерден/ тұрады, олар өз кезегінде /сондай-ақ анықтауды жүзеге асыру құқығы бәріне бірдей берілмеген жекелеген қызметтерден тұрады;/ - белгіленген өкілеттіктер шегінде қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана анықтауды жүзеге асыру құқығының пайда болуы /мәселен, шекара бөлімінің командирі қылмыстық іс қозғап, сотқа құрмет көрсетпеуге байланысты қылмыстар бойынша анықтау жүргізуге құқылы емес/; - анықтау органдарына жедел-іздестіру іс - қимылын орындау құқығын беру;-алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша толық көлемде сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтау.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша анықтау органдарының процессуалдық жағдайының ерекшелігі- осы органдарың заң белгілеген жағдайда алдын ала тергеуді жүзеге асыру құқығы болып табылады.

Анықтау органдарының қызметінің сипаты олар алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша жұмыс істеуіне байланысты ерекшеленеді.

Заң алдын ала тергеу жүргізуді міндеттейтін істердің тобы бойынша анықтау органы қылмыстық іс қозғаумен шектеледі, қылмыстың ізін анықтау және бекіту жөніндегі шұғыл тергеу іс қимылын жүзеге асырады, сосын істі кідіріссіз прокурор арқылы тергеушіге береді . Осы іс бойынша анықтау органының одан әрі қызметі тергеушінің тапсырмаларын орындау нысанында жүзеге асырылады.

Алдын ал тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау органының өкілеттіктері әлдеқайда ауқымды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 285 – бабының 1-бөліміне сәйкес осы істер бойынша анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады. Бұл анықтау нысанында іс жүзінде алдын ала тергеу жүргізілетіндігін білдіреді, бірақ бұған процеске жекелеген қатысушылардың құқықтарының көлемі және анықтау жүргізудің мерзімі бөлігіндегі кейбір ерекшеліктері қосылмайды. Қылмыстың белгілерін және оны жасау адамдарды табу мақсатында анықтау органдарына қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау міндеті жүктеледі. Қылмыстық іс жүргізу заңына жедел-іздестіру шараларының мазмұнын ашып көрсетпейді Жедел-іздестіру қызметінің мәні, әдістері, құралдары Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңы реттейтін тақырып болып табыладлы. Мұның өзі өз кезеңінде қылмыстық іс жүргізу құқығының сондай-ақ, тиісті ведомствалық нормативтік актілердің көзі болып табылады.

Бұл орайда мынаны атап өту керек, жедел іздестіру шараларын қабылдау міндетінің іріктеп алатындай сипаты болады және барлық анықтау органдарына қатысы болмайды, ол тек арнайы әдістермен құралдарды қолданбастан өзінің өзгешелігі бар функцияларын жүзеге асыра алмайтын органдарға тән (мәселен, қылмыс жасаған адамдарды іздестіру және табу жария түрдегі қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен мүмкін болмайтын жағдайда) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесі шегінде жедел іздестіру шараларын жүргізу құқығы осы шараларды функционалдық тәртіппен орындайтын арнайы бөлімшелер мен мекемелерге берілген және де анықтау мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу анықтау органдары атқаратын екі дербес функция. Анықтау мақсаттарына қол жеткізу Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нұсқауларын қолдану жолымен де, сондай-ақ жедел іздестіру шараларын үйлестіру жолымен де мүмкін болады. Жедел-іздестіру ақпараты дәлелдемелерге қылмыстық іс жүргізу талаптарын сақтаған жағдайда дәлелдейтіндей ақпаратқа айналуы мүмкін. Қарама-қарсы жағдайда мұндай ақпараттың қосымша бағдар беретіндей ғана сипаты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет