2.1.Сот-қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б.А.Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субьектісі ретінде онда ерекше орын алатынын, ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу қызметіне қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жүзеге асырылатынын атап өтті.4 Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі – сот органы.
Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны сот билігі органы деп белгіленген. “Сот, сот төрелігін жүзеге асырушы мемлекеттік билік оргны ретінде,-деп атап көрсетті М.А.Чельцов,іс жүргізу қызметінің басты субьектісі болып табылады”5 Сот ұғымына заң шығарушы сот құрамын қосқан (судья мен судьялар алқасына процесте істің мән-жайын зерттеу жөнінде тең құқықтар берілген).
Соттың процесті басшылық ролі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақты шешу жөніндегі функциясымен айқындалады. Сот функциясы мазмұнына мыналар кіреді:
а)істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау;
ә)істің нақты жағын анықтау;
б)егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысына баға беру және жазалау шарасын бекіту;
в)егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе сотталушының кінәсіз екені анықталса, сотталушыны ақтау;
г)заңды негіздер бар болса, істі қысқарту.
Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзіреттілігі және бейтараптылығы заңмен белгіленген ережелердің сақталуымен қамтамасыз етіледі:
-қылмыстық істердің соттылығын анықтау; - нақты қылмыстық істерді қарау үшін соттың құрамын жасақтау; - судьяларды бөлу;
-істі шешу функциясын айыптау және қорғау функциясына бөлектеу.
Заңда қылмыстық істерді қараудың екі түріне жол берілген:
1)судьяның жеке өзі; 2)үш судьядан, соның ішінде төрағалық етушіден тұратын судьялар алқасы;
Соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіндегі қызметі мынадай болып табылады:
-сот қылмыстық істі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік құқық нормаларын қолдана отырып, қарайды және шешеді;
-алдын ала тергеу органдарынан қылмыстық істі қабылдай отырып, сот іс жүргізу органының прокуроры мен тергеушімен, анықтау органымен, анықтаушымен байланыс жасау тәртібі туралы нұсқаулықтарын басшылыққа алады; - жасалған қылмыс дәлелдерін тексере отырып, сот жәбірленушімен, куәмен, сарапшымен, қорғаушымен және процеске қатысушы басқа да адамдармен қылмыстық іс жүргізушілік қатынаста болады.
Соттың қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдар жүйесіндегі орнының маңыздылығын түсіну үшін басқа ешқандай органға емес, тек сотқа ғана берілетін өкілеттіктердің мазмұнын ескерту қажет. Сондықтан, адамды айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға, төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге тек соттың ғана құқығы бар.
Соттың жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарынан туындайтын өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіндегі қызметінде маңызды орын алады. Мәселен, бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге он тәулік ішінде шағым жасауға немесе наразылық білдіруге болады. Оның өзі жаңа сот перспективаларын ашады. (істің апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Оның процедурасы қылмыстық іс жүргізу заңында қатаң белгіленген). Егер айыптау үкімі күшіне енген болса, оның өзі үкімді орындауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын туғызады. Соттың өзге де дәлелдер талап ету жөніндегі шешімі сол дәлелдері іс жүргізу барысында орнықтыру мен бағалауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарының жүзеге асырылуын білдіреді. Сонымен, сот қаралып отырған қатынастарға қатысушы бола отырып, сонымен бір мезгілде өз шешімдерімен жаңа іс жүргізу қатынастарын туындатады.
Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыра отырып, қылмыстық іс жүргізу қатынастары шегінен шығып кететін жағдайлар болуы мүмкін. Соттың істі қарауы барысында әкімшілік жауаптылыққа әкеліп соғатын мән-жайларды анықтауы оған үкіммен немесе өзге де шешіммен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығару құқығын береді.
Соттың істі қарауға байланысты ұйымдастыру жұмысының іс жүргізушілік негізі бар. Мәселен, басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья тараптардың сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған барлық материалдармен танысуы үшін шаралар қолданады. Судьялар алқасы істі ұзақ уақыт қарайтындай болса, сотта төрағалық етуші запастағы судьясының қатысуымен қамтамасыз етеді. Төрағалық етуші сот отырысының барысына басшылық етеді. Қатысушылардың бәріне залда қажетті тәртіп сақтауын қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға шаралар қолданады. Заң негізі соттың осы және өзге де ұйымдық іс әрекеттеріне қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастары сипатын береді.
Соттың процестегі құқықтық жағдайының өзіндік ерекшелігі,сонымен бірге, сот ісін жүргізудің істі нақты шешу кезінде іс бойынша ақиқатқа жетуді көздейтін мақсатымен айқындалады. Мақсаттың философиялық мәні мынада: ол сотты бәсекелесуші тараптар жөнінде мүлдем бейтарап жағдайға қояды.
Сот өз шешімінде әділ болуға тиіс. Бұған оның кіршіксіз әділдігімен жетуге болады. Алайда мұның өзі сот шешіміне субьективті факторлар (мысалы, қылмыскерлердің жасы ұлғайып кетуіне, отбасы жағдайының ауырлығына, шын көңілден өкінуіне байланысты төменгі шектен төмен мерзімге бас бостандығынан айыру) ықпал етуі мүмкін екенін тіпті де жоққа шығармайды. Сонымен бірге, сот шешімін субьективтендіру – жазаны даралау принципі көріністерінің бірі, бұл материалдық – құқықтық қатынастар саласында өте маңызды.
құқықтық қатынастар саласында өте маңызды.
Қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүргізетін соттар
|
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Жергілікті соттар
Облыстық соттар
Аудандық соттар
Мамандандырылған соттар
Соттар және оларға теңестірілген облыстық сот-р
Соттар және оларға теңестірілген аудандық соттар
ҚР әскери күштерінің сот /облыстық және оған тең.сот/
Астана және Алматы қалаларының аудандық соттары
Аудандық соттар және аунаралық соттар
әскери соттар
Қылмыстық іс жүргізу қызметінің қатысушысы ретінде прокурордың6 орны мен мәнділігі Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданылып жүрген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” заң күші бар Жарлығының тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған заңдарды қолданудың жәрдем көрсететіндей сипаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесіне прокуратураның прокуроры қадағалаудың функционалдық бағытына байланысты бірқатар өзіне тән ерекшеліктері болады. Прокуратура құқық бұзушыларға қарсы тікелей жазалау шараларын қолданбайды, бірақ бұзылған заңдылықты қалпына келтіру және кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке тарту үшін өз билігінің бүкіл күшін пайдаланады.
Прокурор қылмыстық іс қозғауға құқығы болса да, қылмыстық іс қозғаудың заңдылығына қадағалау жүргізуге міндетті. Қылмыстық іске қатысушы ретінде, прокурордың тұлғасы көп қырлы болып көрінеді: айыптаушыға қатысты прокурор айыпталушы шағымдарымен, өтініштерімен, тілектерімен шыға алатын инстанция болып табылады, сонымен бірге тап осы прокурор әлгі айыпталушыға немесе сотталушыға қатысты сотта мемлекеттік айыптауды қолдауы мүмкін.
Прокурор қылмыстық ізге түсу мен қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып, мынадай өкілеттіктерге ие:
) оқиға болған жерді қарауға, қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа да іс әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы;
)қылмыстық іс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу іс әрекеттерін жүргізу туралы, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің материалдарын қылмыстық іске қосу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
) өзі қозғаған қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізу үшін береді;
) заңдарда көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізетін лауазымды адамдардың іс әрекеттеріне санкция береді;
) жекеленген тергеу іс әрекеттерін жүргізуге қатысады;
) қылмыстық іске түсуден иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұйғарым шығарады;
) алдын ала тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істі сотқа жібере отырып, істі мәнісі бойынша қарау үшін айыпталушыны сотқа тапсырады;
) қылмыстық ізге түсу органдарынан тексеру үшін қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды және жасалған қылмыстар туралы жедел іздестіру қызметін анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәлімдемелерді алады;
) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңның сақталуын тексереді;
)анықтаушы мен тергеушінің, сондай-ақ анықтау органдары мен тергеу бөлімі бастықтарының заңсыз қаулыларының күшін жояды;
)тергеу мен анықтау толық болмаған, сондай-ақ тергеу және анықтау барысында заң бұзушылыққа жол берілгені анықталған жағдайда қылмыстық істі қосымша тергеуге жібереді не оның толық көлемде немесе белгілі бір адамдарға қатысты қысқартады;
)қылмыстық істі анықтау органынан алып, алдын ала тергеу органына береді; айрықша жағдайларда тергеудің толық және обьективті болуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу органының жазбаша өтінімі бойынша не өз бастамашылығымен істі заңмен белгіленген тәртіпте тергеу ретіне қарамастан алдын ала тергеудің бір органынан екінші органына береді;
)анықтаушы мен тергеушінің, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;
)алдын ала тергеу, анықтау ісін жүргізуде заң бұзушылықты анықтаған кезде тергеушіні, анықтаушыны қылмыстық істі одан әрі тергеуден шектейді;
)осы заңда көзделген жағдайлар мен тәртіпті алдын ала тергеудің және бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауға алудың мерзімдерін ұзартады;
)бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған адамдарды күзетпен ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
)заңдарда көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Прокурордың тергеушіге, анықтаушыға, тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органына, анықтау органының бастығына заңмен көзделген реттерде нұсқау береді. Нұсқау бұлар үшін міндетті болып табылады. Берілген нұсқауды орындамау қылмыстық заңда көзделген тәртіптерді қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Нұсқау қылмыстық істі әрмен қарай жүргізілуіне кедергі болмайды.
Сондай-ақ, прокурор өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бас Прокурор өз құзіреті шегінде анықтау және тергеу органдарының орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық актілер қабылдайды. Ал, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын органдар нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісе отырып қабылдайды.
Айыпталушыға немесе оның іс әрекеті үшін мүліктік жауаптылықта болатын тұлғаға прокурор:
-өзінің дәрменсіз күйіне, айыпталушыға тәуелді болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетінше пайдалануға қабілеті жоқ жәбірленушінің құқығын қорғап талап қоюға құқылы;
-мемлекет мүддесін қорғап, талап қоюға құқылы.
Прокурордың сотқа дейінгі іс жүргізу және істі соттың қарау кезіндегі өкілеттігі:
- прокурор іс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға немесе материалдарды қосымша тексеру үшін іс жүргізуге жіберуге;
- анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс қозғауға;
- анықтаушының, анықтау органының қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және егер, қылмыстық іс бойынша тергеу іс әрекеттері жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. Прокурор бір немесе бірнеше адамды әртүрлі алдын ала тергеу органдарының тергеуіне жататын қылмыстар жасағаны үшін айыптау бойынша істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеу ретін белгілейді.
Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізу кезінде заңдардың атқарылуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор заңмен белгіленген өкілеттіктерге ие болады, бұдан басқа да ол мынадай өкілеттіктерге ие:
- айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық істі сотқа жіберуге;
-анықтау жүргізілетін қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізуге жіберуге;
-анықтау органының бастығы бекіткен айыптау хаттамасының күшін жоюға және осы кодексте көзделген негіздер бойынша анықтауды қысқартуға құқылы.
Прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті. Күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурор қолдануы мүмкін. Егер, сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуының мүмкін еместігі анықталса, онда ол алмастырылуы мүмкін. Іске және прокурордың кірісуі осы уақытқа дейін сотта жасалған іс әрекеттерді қайталауға әкеп соқтырмайды, бірақ прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу үшін уақыт бере алады. Прокурор дәлелдерді ұсынады және оларды зерттеуге қатысады. Сотқа айыптаудың мәні бойынша, сондай-ақ, сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін баяндайды. Сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады. Егер, мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қорғауды талап етсе прокурор іс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды.
Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қорғау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер, айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға /толық немесе ішінара / міндетті.
Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде жол беріледі. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленушіге де бас тартса сот өз қаулысымен істі қысқартады. Ал, егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады. Ал, айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі арқылы қолдайды. Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оған өкіл шақыру үшін уақыт беруге тиіс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тарқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тарқан бөлігінде істі қысқартады. Айыптаудың қалған бөлігіндегі іс жалпы тәртіппен қаралады.
Егер, прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды.
Сонымен қатар, прокурорға наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республдикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлармен олардың орынбасарлары, аудандарың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан өз құзіреті шегінде үкімге наразылық білдіруге құқылы. Сондай-ақ, прокурор апелляциялық, қадағалау сатыларындағы соттардың қаулыларына шағым жасауы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулыларын қайта қарауға және істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға ерекше жағдайларда осы алқа қабылдаған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы үшін, не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін ауыр, орны толмас зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екендігі туралы деректердің анықталуына байланысты енгізілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша жол беріледі.
Соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына наразылық келтіру құқықтары мына прокурорларға тиесілі:
-Қазақстан Республикасыныың Бас Прокуроры- облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы мен қадағалау алқасына тиесілі;
-Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасарлары-облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына;
-Облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар - облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына наразылық келтіруге құқылы.
Наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны берген адам кері қайтарып алуы мүмкін, сондай-ақ жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабына сәйкес прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалау жүктелген. Конституциялық деңгейде жалпы түрде тұжырымдалған қадағалау функциясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығында жетілдіріліп, нақтыланған. Осы Жарлық бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудегі қадағалау функциясының мазмұнына мыналар жатады:
-жедел - іздестіру қызметін қадағалау;
-тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау;
-сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру;
-орындалу ісінің заңдылығын қадағалау / сот тағайындаған жазаларды және өзге де мәжбүрлеу сипаты бар шараларды орындау кезінде ұсталғандар жататын орындарда, сондай-ақ алдын ала қамау орындарында заңдардың орындалуы.
Осы аталған бөліктерді жеке-жеке талқылыр болсақ, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың актілеріне іс әрекеттерінің заңдылығы қадағалаудың мәні болып табылады. Жедел –іздестіру қызметіне қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор: - жедел-іздестіру қызметінің тоқтатылған немесе жүргізіліп жатқан істерін, жедел-іздестіру қызметінің барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажетті мәліметтерді алады, бұған жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарда жасырын негізде қызмет ететін немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәліметтер қосылмайды;
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың арнайы жедел-іздестіру шараларын өткізу заңдылығын тексереді;
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар шығарған жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу тактикасын реттейтін Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін нормативтік құқықтық актілеріне наразылық жасайды;
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырған кезде заңның адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда өзінің қаулысымен жедел-іздестіру шараларын тоқтатады:
- жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырған кезде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер жөнінде қылмыстық және тәртіптік іс қозғау туралы қаулы шығарады;
- жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырған кезде заңды бұзудың анықталған фактілері бойынша прокурорлық қадағалаудың осы Заңда көзделген өзге де актілерін шығарады;
-заңсыз ұсталған адамдарды босатады;
-қажет болған кезде жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар басшыларынан заң бұзушылықты жою мақсатында өздеріне бағынысты органдарда тексеріс жүргізуді талап етеді;
-заңдарда белгіленген жағдайларда жедел-іздестіру шараларын жүргізуге санкция береді. Жедел – іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры және өзге де прокурорлар заңдарда белгіленген құзіреті шегінде жүзеге асырады.
2.Тергеу мен анықтама заңдылығына қадағалау.7 Прокурор анықтама мен тергеу органдарының актілері мен қызметінің заңға сәйкестігіне жасалған қылмыстар және тергеу жүргізу туралы өтініштер мен хабарларды шешудің заңдарда белгіленген тәртібінің сақталуының қадағалауды жүзеге асырады.
Анықтама мен тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып:
-анықтама мен тергеу органдарына тексеріс үшін қылмыстық істерді, жасалған қылмыстар жедел-іздестіру қызметінің анықтаманың, тергеудің барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәліметтерді алады;
-жасалған немесе әзірленіп отырған қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексереді;
-қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция береді;
-қажет болған жағдайларда қылмыстық іс қозғайды, қылмыстық істерге тергеу жүргізу жөнінде жазбаша нұсқаулар береді;
-тергеушілер мен анықтама жүргізуші адамдардың заңсыз қаулыларының күшін жоюды;
егер, анықтама мен тергеу барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудің заңсыз әдістеріне жол берілсе, кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе қояды;
-тергеу мен анықтама толық болмаған, сондай-ақ тергеу мен анықтама барысында заңдылықтың бұзылуына жол берілгені белгілі болған жағдайларда қылмыстық істерді қосымша тергеуге қайтарады немесе оны толық көлемде не нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады;
-анықтама мен тергеу органдарына келіп түскен қылмыстық істерді түптеп қарау үшін сотқа жібереді, қажет болған жағдайларда тергеу бөлімшелері анықтама органдары басшыларынан оларға бағынысты органдарда заңды бұзушылықты жою, қылмыстардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тексеріс жүргізуді талап етеді. Анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің анықтама мен тергеу органдары басшыларының іс әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды. Сондай-ақ, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға шешім жасалған адамдарды қамауда ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шартының сақталуын тексереді. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық іздестіру жариялауға санкция береді.
Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру.
Қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республикасының қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу және өзге де заңдарына сәйкес шағым және қадағалау тәртібімен өз өкілеттігін жүзеге асырады. Соттың немесе судьяның іс бойынша шешімімен, үкімімен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессіздігі немесе негізсіздігі себепті келіспеген жағдайда, прокурор істі қайта қарау немесе құқықтық актінің күшін жою не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы. Прокурор өзінің істің сотта қаралуына қатысу-қатыспауына қарамастан, соттың не судьяның заңды күшіне енбеген, заңға сәйкес келмейтін немесе негізсіз шешіміне, үкімі мен өзге де қаулысына жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы. Прокурор соттың заңды күшіне енген шешімдері, үкімдері және өзге қаулылары бойынша істерді өз құзіретінің шегінде соттан талап етіп алдыруға құқылы. Соттың заңды күшіне енген шешімі, үкімі мен өзге қаулысы заңға сәйкес келмейтін немесе негізсіз болған жағдайда, прокурор қадағалау тәртібімен наразылық жасайды. Егер, наразылық жасау оның құзіретінің шегінен асып кететін болса, онда тиісті прокурор наразылық жасау жөнінде жоғары тұрған прокурорға ұсыныс айтып өтініш жасайды. Прокурордың соттың заңды күшіне енген шешіміне, үкімі мен өзге де қаулыларына наразылық жасау және орындалуын тоқтата тұру жөніндегі өкілеттігі заңмен айқындалады. Республиканың Бас Прокуроры Республиканың Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының Конституцияға және заңдарға сәйкес келмеу негіздері бойынша Республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысына наразылық енгізеді.
Прокурордың атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау.
Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзіреті шегінде: адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандық тұрғыдан қарау жөнінде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және біріңғай қолданылуын талап етуге; азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша сондай-ақ, прокурордың талабы мен өтініштері бойынша атқарушылық істер жүргізілуін талап етуге және тексеруге; сот тағайындаған жазалау мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы прокурор бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерінде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға; ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға; осы адамдарды ұстауға , қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге; мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру, айыру органдарында немесе мекемелерінде заңсыз отырған әр адамды өз қаулысымен дереу босатуға; бас бостандығынан айыру орындарына жазасын өтеп жүрген адамдарға заңды бұза отырып, қолданылған тәртіптік шаралардың күшін жоюға, оларды өз қаулысымен айыптық изолятордан, камералық үлгідегі орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға; заңда белгіленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкімшілігінің актілерін санкциялауға хақылы; заңдарда белгіленген жағдайларда атқарушылық іс жүргізу органдарының борышкердің банктерге немесе банк операцияларын жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа мүлкіне тыйым салу туралы актілеріне санкция беруге құқылы.
Сонымен қорыта айтсақ, прокурор қызметінің ерекшелігі прокуратура органдарының көп қырлы функциясынан көріп отырмыз.
2.3.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63-бабының 1-ші бөлігіне сәйкес тергеу бөлімінің бастығы дегеніміз – алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және өздерінің құзіреті шегінде жұмыс істейтін оның орынбасарлары. Қылмыстық іс жүргізу мағынасындағы құзіреттің ұғымы мен мазмұнын олардың атқарушы органдар жүйесіндегі лауазымдық қызметтеріне байланысты осы адамдарға жүктелген функционалдық міндеттерден ажырата білу қажет.
Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы:
- қылмыстық іс қозғау туралы және өзге де қосымша материалдар туралы қаулыны бере отырып, нақты тергеушігіе тергеу жүргізуді тапсыруға құқығы бар. Мұндай тапсырма кезекшілік кезінде келіп түсетін, хабар-ошарларға жауап беретін жедел-іздестіру тобының қылмыстық іс қозғау жағдайларында, сондай-ақ белгілі бір қылмыс түрлерін тергеуге маманданып жүрген тергеушінің тәжірибесі мен дағдысын ескерту қажеттігі жағдайында туындайды.
Мұндай тапсырыс беру қажеттігі басқа да себептер бойынша туындауы мүмкін, мысалы, күдік тудырушы мен /айыпталушымен/ жақын қатынастарының болуына байланысты тергеушінің мүдделілігін, сондай - ақ, басқа да жағдайларға байланысты туындауы мүмкін.
- тергеу жүргізу бөлімі бастығының қылмыстық іс жүргізу бойынша тергеуші іс - қимылының мезгілінде болуын бақылау жасауда, тергеушілердің, алдын ала тергеу мен қамауда ұстаудың мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар. Қамау, үйде қамау мерзімін ұзартуға арналған санкцияларды алуға байланысты материалдарды прокурорға табыс ету үшін осындай жағдайларда көзделген жиырма төрт сағат ішінде тергеушінің қаулысының көшірмесін прокурорға жолдау үшін іс-қимылдың уақытылы болуы қылмыстар туралы хабарлар мен өтініштерді қарау үшін заңда белгіленген мерзімдерді сақтау жолымен қамтамасыз етіледі. Уақытылылығы мазмұнына аталған мерзімдерді сақтаумен қатар белгілі бір процедуралардың дәйектілігі де жатады, іс жүргізуді орынсыз созу іске қатысушының құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасау ретінде қаралуы мүмкін. Мысалы, ұсталған адамға ұсталған сәттен бастап, қорғаушының араласуы қамтамасыз етіледі. Жалпы ереже бойынша ұсталған адамнан алғашқы жауап алынғанға дейін оның қорғаушымен оңаша кездесуі жүзеге асырылады. Қорғаушымен алдын ала кездеспей тұрып сезіктінің жауап бермеу құқығына ие болады. Мұндай дәйектілікті сақтамау ұстауды орынсыз деп тануға соқтырады;
- тергеу бөлімінің бастығы прокурордың нұсқауларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 197 – бабының 2-тармағына сәйкес прокурордың тергеушіге, тергеу бөлімінің бастығына берген нұсқаулары міндетті болып табылады. Прокурордың берген нұсқауларына жоғары тұрған прокурорларға шағым жасай алады. Шағым жасау істің ары қарай жалғасуына кедергі келтірмейді. Мұның өзі тергеу бөлімінің бастығы прокурор нұсқауларының орындалуына, осы нұсқауларға шағым түсірілген жағдайдың өзінде бақылау жасайтын болады дегенді білдіреді;
- Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген жағдайларда басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуы үшін бақылау жасайды. Сотқа дейінгі қызмет процесінде қылмыстық ізге түсудің өзге де органдарының тергеушілері тапсырмалар беруі мүмкін, оларды өз күштерімен орындау барлық уақытта бірдей мүмкін бола бермейді. / мәселен, басқа облыста тұратын куәгерден жауап алу қажеттігі/;
-оған негіздер болған жағдайда тергеушіні іс жүргізуден шеттету;
-алдын ала тергеуді жүзеге асыратын өзіне бағынатын органның тергеу бөлімшелерінің бірінен қылмыстық істі алып, алдын ала тергеуді жүзеге асыратын осы немесе өзге де өзіне бағынышты органнан басқа тергеу бөлімшесіне беру. Мұндай берудің қажеттілігі тергеушілерге тапсырмаларды бөлген кезде қаралатын істерді біріктіру, тергеушіден бас тару немесе оны шеттету жағдайларына байланысты туындайды.
-белгіленген тәртіппен одан әрі шаралар қабылдау үшін аяқталған қылмыстық істі прокурорға жібереді.
-қылмыстық істерді қозғау және оларды өзінің іс жүргізуіне қабылдау, бұл орайда тергеушінің өкілеттілігін пайдалана отырып, алдын ала тергеуді жеке өзі жүзеге асырады;
Осы аталған тергеу бөлімі бастығының өкілеттіктері тергеушінің дербестігін шектей алмайды. Тергеуші тергеу бөлімі бастығының нұсқауларымен келіспеген жағдайда прокурорға шағым түсіре алады, осы арқылы тергеуші өкілеттігінің тұтастығына және оған берілген құқықтардың толық жүзеге асуына кепілдік береді.
Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тобына жататын тергеушімен тығыз байланыста.
Сонымен бірге кейбір өзіне тән іс жүргізудің елеулі сипаттары сот ісін жүргізудегі оның жағдайын біршама оқшау түрде көрсетеді, бірақ дербес орган сипаты деңгейіне көтере алмайды. Тергеу бөлімі бастығының қызметін реттеу екі деңгейдегі сипатта болады. Алғашқы деңгейі – заң тұрғысында сипатталады. Екінші деңгей – Ішкі Істер Министрлігінің, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің тергеу аппараттарының қызметін реттейтін ведомствалық нормативтік актілер. Бұдан басқа заң тұрғысындағы деңгей – тергеушінің маман ретіндегі қызметін реттейтін нормалардың бүкіл кешені, өйткені ол тергеушінің өкілеттіктерін толық күйінде көрсетеді.
Тергеушінің өкілеттіктерін жүзеге асырумен қатар тергеу бөлімінің бастығы қылмысты ашу және алдын алу жөнінде өзіне бағынышты тергеушілердің іс қимылының уақытылы болуына бақылау жасауды жүзеге асыруға, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді мейлінше толық, жан-жақты және обьективті түрде жүргізілуіне шаралар қабылдауға міндетті. Осы функцияларды орындау үшін заң шығарушы оны арнайы өкілеттіктермен қамтамасыз етті, ол мынадан көрінеді, тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық істерді тексеруге алдын ала тергеуді жүргізу туралы, сондай-ақ, жекелген тергеу істерін жүргізу туралы тергеушіге нұсқаулар беруге, істі бір тергеушіден екінші бір тергеушіге беруге, қылмыстық істі тергеу жұмысын бір емес бірнеше тергеушіге тапсыруға құқығы болады. Сонымен қатар, өзі де алдын ала тергеу ісіне қатысуға және алдын ала тергеуді жеке жүргізуге құқылы.
Тергеушінің іс жүргізуіне заң тұрғысынан дербестік берілуі және іс бойынша ол өзі қабылдайтын барлық шешімдер үшін жауапкершілік жүктелуі - өзіне бағынышты тергеушінің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру жөніндегі тергеу бөлімі бастығының өкілеттіктерінің шегі туралы мәселені анық ажыратып бере алмайды. Бұл мәселенің екінші жағы тергеу бөлімі бастығының өкілеттілігін және прокурордың өкілеттілігін саралауға байланысты. Бұл жерде негізгі өлшем, біздің көзқарасымызша, прокурор өкілеттіктерінің мазмұны болып табылады, өйткені бұл – олардың негізгі функционалдық бағытына - заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыруға байланысты жан-жақты әрі мазмұнды болып келеді.
Мәселен прокурор айыпталушыға қатысты заңда көзделген кез келген бұлтартпау шараларын таңдау туралы нұсқаулар беруге құқылы болса, ал тергеу бөлімі бастығының осы тұрғыдағы өкілеттіктері прокурор санкциясын талап етпейтін бұлтартпау шараларымен ғана шектеледі. Заң бұзушылықты анықтаған жағдайда тергеу бөлімінің бастығы тергеушіге нұсқаулар береді. Ал, мұндай жағдайда прокурор өзінің қаулысымен тергеушінің де, тергеу бөлімінің бастығының да шешімдерін жоққа шығаруға құқылы. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 197-бабының негізінде прокурор, егер тергеуші іске қатысушылардың немесе басқа да азаматтардың құқықтарын бұзуға елеулі түрде жол берген, тергеудің заңсыз әдістерін қолданған жағдайда немесе оның іске салақ қарауы немесе біліксіздігі себеп болса, немесе тергеудің нәтижелеріне жеке өзінің мүдделілігі байқалған жағдайда тергеушіні алдын ала тергеу жүргізуден босатуға құқылы. Тергеу бөлімі бастығының мұндай құқығы жоқ. Осы орайда тергеушіні тергеуді әрі қарай жүргізуден босату құқығын Э.И.Воронин әділетті түрде былай деп атап өтеді: «прокурордың ерекше құқығын білдіреді» және тергеуді одан әрі жүргізуден «босату» ұғымы және «істі бір тергеушіден екіншісіне беру ұғымы терминологиялық тұрғыдан ғана емес, мазмұны жағынан да ерекшеленеді, заң шығарушы олардың әрқайсысына осындай сипат берген”(8.77)
Бұл орайда істі бір тергеушіден екіншісіне беру деген сөз бұл құқықты кім жүзеге асыратынына байланысты әр түрлі мағынаны білдіреді. Егер бұл іс – қимылды тергеу бөлімінің бастығы жүзеге асырса, онда мұның өзі біріңғай ұйымдастыру - басқару мақсаттарын көздейді: бағынышты тергеушінің тергеліп жатқан істердің саны мен көлемі тұрғысынан жұмысы көп болса, және жұмысты біркелкі бөлу үшін бөлім бастығы істердің бір бөлігін екінші тергеушіге береді. Прокурор жүзеге асыруға тиіс істі бір тергеушіден екіншісіне беруді қадағалау функциясын орындауда тергеуші жол берген заң бұзушылықты дұрыс жолға қоюы керек.
Тергеу бөлімі бастығының бағынышты тергеушінің қызметіне процессуалдық бақылауын былай деп айқындауға болады: «…қылмыстарды табысты тергеу мен алдын алу және тергеушілер алдында тұрған міндеттерді орындауды жеңілдету үшін оңтайлы жағдайларды жасауға бағытталған шаралар кешені».(8.77.)
Тергеу бөлімі бастығының процессуалдық бақылау қызметіне мыналар жатады:
-қылмыстық іс қозғаудың уақытында болуын әрі негізділігін тексеру; -алғашқы тергеу іс-қимылдарын жүргізудің нәтижелілігін және олардың қылмысты ашу мен тергеудің маңызын анықтау; күдік тудырушыны ұстаудың заңдылығы мен негізділігін таңдап алынған бұлтартпау шараларының оларды қолданудың процессуалдық шарттарына сәйкестігін анықтау; айыпталушы ретінде адамды жауапқа тартудың заңдылығы мен негізділігін тексеру; алдын ала тергеуге қатысушылардың процессуалдық құқықтарын қамтамасыз етуді талдау; заң бұзушылықтарды жою; қажет болған жағдайда істі тергеудің жан-жақтылық, толықтылық және обьективтілік талаптарын орындау жөніндегі шараларын қолдану; келтірген материалдық зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші қабылдаған шаралардың сәйкестігін анықтау; іс жүргізуді тоқтата тұру немесе қысқарту туралы тергеуші қаулысының заңдылығы мен негізділігін тексеру.
Бірқатар зерттеушілер мәселен, И.Гуткин, Ф.Лопушанский, А. Чувилев,Ю.Белозеров тергеу бөлімі бастығының өкілеттіктері ретінде көрсетілмесе де, оның процессуалдық жағдайының мәнінен туындайтындай тергеушіні басқару жөніндегі бірқатар процессуалдық іс-әрекеттер орындайтындығын атап өтеді. Олар, осындай іс-әрекеттер қатарына, мәселен, тергеушінің анықтау органдарымен өзара іс-қимылы туралы, қылмыстың жасалуына себепші болған себептер мен жағдайларды зерттеу туралы , қылмысты ашуға жұртшылықты тарту туралы нұсқауларды беруін жатқызады.
Заң тергеу бөлімі бастығының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру нысанын белгілейді. Қылмыстық іс бойынша барлық нұсқаулар жазбаша түрде беріледі.
Тергеу бөлімі бастығының процессуалды өкілеттілігін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты нақты қылмыстық істі тергеудегі процессуалдық бақылау тәсілдері құрайды. Екінші топқа оған бағынышты тергеушілерді процессуалды басқаруға бағытталған тәсілдері жатады. Э.И.Воронин ұсынған осы саралау заңның қаралып отырған бөлігіндегі ережелеріне анағұрлым толық жауап береді.
Тергеу бөлімінің бастығы.(9.77)
Тергеу бөлімінің бастығы – алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы мен өз құзіреті шегінде іс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.
|
Тергеу бөлімі бастығының өкілеттігі
Алдын ала тергеу жүргізу үшін бірнеше тергеушіге береді
Заңда көзделген реттерде, іс жүргізуден тергеушіні шеттету
Істі, өзіне бағынысты органның басқа тергеу бөлімшесіне береді
Қаралып біткен қылмыстық істі прокурорға жіберу
Қылмыстық істі қозғайды
Қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне алу
Бақылауды жүзеге асыру
Нұсқаулар беру , орындалуы міндетті болып табылатын нұсқаулар /прокурорға беріледі/
Қылмыстықістердің дер кезінде шешілуіне бақылауды жүзеге асырады
Нұсқауды шағымдау, олардың орындалуын тоқтатпайды
Қамауда ұстау мен алдын ала тергеудің мерзімдердің сақтауын бақылау
Істі сотқа жіберу үшін қылмыстық істі прокурорға жіберу
Прокурор нұсқауларының орындалуын қадағалау және прокурор нұсқ-ның басқа да тергеушілерге орынд. тапсыру
Айыптау көлемі мен қылмысты квалификациялау туралы
Қылмыстық істі қысқарту туралы
Тергеуші. Тергеушінің өкілетіктері, оның алдын ала тергеу жүргізу функцияларынан ажыратылмайды, оның үстіне олар, тергеу бөлімі бастығының процессуалдық жағдайымен өзара байланыста қаралуы тиіс.Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеуші - өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілетті лауазымды адам. Ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі, қаржы полициясы органдарының тергеушісі болады. Тергеуші заңмен көзделген жағдайларда әртүрлі өкілеттіктерге ие. Тергеушінің процессуалдық жағдайын қылмыстық ізге түсу органының ұғымымен байланыстыру керек. Өйткені Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 14-бөлігінде көрсетілгендей қылмыстық ізге түсу органдарын тергеуші де жатқызылған. Осы жағдай алдын ала тергеу органын сипаттайтын, атап айтқанда, қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының қатысушысы ретінде қаруға итермелейді.
Қылмыстық сот ісі қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің тұлғасын түсіну үшін анағұрлым маңызды принциптер мыналар болып табылады: заңдылық,жариялылық, азаматтардың тегіне және әлеуметтік жағдайына, нәсілдік және ұлттық болмысына, діни сеніміне қарамастан зхаң алдында теңдігі; тергеудің ұлттық тілде өтуі, тұлғаға, тұрғын үйге, жеке өміріне, хат-хабар-алысуына, телефонмен болатын әңгімелердің және телеграфтық хабарлардың құпиясына қол сұқпаушылық, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы, толықтылығы, обьективтілігі; алдын ала тергеуге қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау;кінәсіздік презумпциясы; алдын ала тергеу ісін жеделдетіп жүргізу; тергеушінің іс жүргізушілік дербестігі және жауапкершілігі; қылмыстарды ашу мен тергеуге қатысуға жұртшылықты тарту.
Тергеушінің негізгі мақсаты-істі тергеу болып табылады. Заң әдебиеттерінде “істі тергеу” ұғымы “анықтау”, “қарау”, “зерттеу” ұғымдарымен үндес, бірақ тергеушіге қатысты «айыптау», “қорғау” ұғымы жоқ және болуы да мүмкін емес. Тергеуші өз жұмысын айыптауға немесе қорғауға емес, шындықты анықтауға бағыттайды.
Тергеуші істің жағдайын жан-жақты, толық және обьективті зерттеуге ол үшін барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, қылмыстардың жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қортындысын жасау жолымен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті.Тергеуші алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыс белгілері болған кезде анықтау органы қылмыстық іс қозғауға және қылмыстың ізін анықтау мен бекіту жөніндегі кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс әрекеттерін: қарауда, тінтуді, алуды, куәландыруды, сезіктілерді ұстау мен олардан жауап алуды,жәбірленушілер мен куәлерден жауап алуды жүргізуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық іс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды.
Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс әрекеттерін орындағаннан кейін, бірақ іс қозғалған күннен бастап, бес тәуліктен кешіктірмей анықтау органы істі тергеушіге беруге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті. Істі тергеушіге бергенне кейін анықтау органы ол бойынша тергеу іс әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын тек тергеушінің тапсырмасы бойынша ғана жүргізе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкін болман істі тергеушіге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшін іздестіру шараларын жүргізуге, тергеушіге нәтижелер туралы хабарлауға міндетті.
Тергеуші, заңда прокурордың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу іс әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімді дербес қабылдайды және олардың заңды және уақытылы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Егер, тергеуші, тергеуіндегі ісі бойынша прокурордың нұсқауларымен келіспесе, онда жоғары тұрған прокурорға шағымдану құқығына ие болады.
Тергеуші өз тергеуіндегі істер бойынша анықтау органдарының тергеліп жатқан іске қатысты жедел-іздестіру материалдарымен танысуға, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге құқығы бар.
Сонымен қорыта келгенде, қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің іс жүргізушілік қызметі туралы ғылымдағы негізгі дау тергеушінің сот ісін жүргізудегі функциялары туралы мәселенің төңірегінде өрбіді. Н.А.Якубовичтің пікірі бойынша тергеуші үш функцияны ғана жүзеге асырады,олар:қылмысты ашу,ізге түсу, алдын алу.10
Аталған осы үш функцияға А.М.Ларин тағы екеуін қосты, олар мыналар: іске қатысушы адамдардың өз құқықтарын жүзеге асру мүмкіндігін қамтамасыз ету;тергеуге процесуалдық басшылық жүргізу. Мұндай көзқарастың ішкі қайшылықтары да бар. Мәселе мынада: іске қатысушы адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ тергеуге іс жүргізушілік басышылық жасау – принциптер болып табылады. Және де біріншісі – жалпы іс жүргізушілік принцип, ал екіншісі – тергеуші қызметі принципінің құрамдас бөлігі, ол тергеушінің іс жүргізушілік дербестігі мен жауапкершілігінен көрінеді.
Тергеушінің өкілеттігі.(11.77)
Достарыңызбен бөлісу: |