Тапсырма 6: Типтік оқу бағдарламасынан 3 оқу мақсатын таңдаңыз және олардың қандай деңгейі ойлау дағдылары (Блум таксономиясы бойынша) мен құзыреттілік түріне сәйкес келетінін анықтаңыз
Оқу мақсаты
|
Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Құзыреттілік түрі:
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
7) базалық құзыреттілік – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
14) кәсіби құзыреттілік – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
30. Кадрларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны мен білім берудің деңгейіне сәйкес базалық және кәсіби құзіреттіліктермен анықталады.
31. ТжКБ білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына және білім алушылар даярлығының көзделген біліктілік деңгейіне байланысты мынадай құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған:
1) белгілі бір деңгейде дербес әрекет ете отырып, оқытушының жетекшілігімен жұмыс жүргізу, негізгі базалық білімді қолдану, практикалық тапсырмаларды орындау, нұсқаулықпен берілген алгоритм бойынша іс-әрекет тәсілін таңдау, жұмыс жағдайының шарттарына сәйкес іс-әрекеттерді түзету;
2) қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету;
3) маңызды әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау, өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету.
Достарыңызбен бөлісу: |