4
Бір халық – бір ел бір тағдыр
Сабақтың мақсаты:
білімділік 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
дамытушылық - Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.
тәрбиелік - оқушыларды сана мен мәдениет және құқық пен міндеттің орындалуына тәрбиелеу, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы кітапшасы, қанатты сөздер, Қазақстан Республикасы Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
б) түгелдеу
Кіріспе.
Мұғалім:
Кіріспе.
Мұғалім сөзі. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге келгеніне 18 жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды» деген Елбасы, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған ҚХА - ның мерейтойлық ХХ сессия - сын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының мәніне тоқталды. Ал сіздер осы атаудың мәнін түсіндіріп көріңдерші.
(әр топтан оқушының ойы тыңдалады.)
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі алғашқы сабағымызды осы тақырыпқа арнаймыз.
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды.
Ой қозғау:
- Қазақ елінде қанша ұлт өкілдері тұрады?
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Қазақстанның көбінесе қай аймағында өзге ұлт өкілдері мекендейді?
- “Мекенім – Қазақстан... ” аталған пікірге өз ойынды қос.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.
Берілген сұрақтарға жауап беру:
1. Қай жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
2. Қай жылы, қай күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды?
3. Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң
бар ма?
4. Мемлекеттік нышандарымызды ата
5. Астанада ЕХРО - 2017-ні өткізу туралы шешім қай жылы қабылданды?
6. Қазақстанда мекендеп жатқан өзге ұлт өкілдерін ата
7. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз?
Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.
Сабақты қорытындылау:
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына айналдырдық..
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
Үйге тапсырма беру: «Қазақ елі – бұл Қазақстан!» атты шағын шығарма жазу
Кері қайту
Ілмек сөздер: Бір халық – бір ел бір тағдыр, тәрбие сағаты
Сынып сағаты Тақырыбы: «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан!»
Сынып сағаты
Тақырыбы: «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан!» .
Мақсаты: - еліміздің басты заңын тереңірек білу;
-елжандылыққа тәрбиелей отырып,өз елінің нағыз азаматтарын қалыптастыру, еліміздің болашағына өскелең ұрпақтың жауапты екендігін жастайынан саналарына сіңіре отырып,Ата заңын сыйлауға,қадірлеуге,білуге,сақталуына өз үлестерін қосуға талпыну.
Міндеті: -Отанымыз туралы білімдерін кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу,өз ойын ортаға салу.
Күтілетін нәтиже:- Сабақта оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін кеңірек ашады,
-өз көзқарастарын еркін білдіреді.
-Өз Отанының тағдырына өздері болашақта жауапты екенін саналарына сіңіріреді.
-Ата заңның баптарын өз жас ерекшеліктеріне сай біледі.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ - дәулетін аямаған жеріме.
Егемендік елдігіме жарасқан,
Ата заңым құт сыйладың еліме!
-Міне осы жыр жолдарынан Ата заңымыздың мемлекетіміздің гүлденіп дамуына,халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің орасан зор екенін байқаймыз.Ендеше барлығымыз 30 тамыз күні Ата заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының неше жылдық мерейтойын тойладық? /15 жылдығын атап өттік/
/Сабақтың тақырыбы аталып,негізгі мақсат айқындалады,Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылады/
- Балалар, осы Жер атты планетада әр адамның ең ыстық ,жүрегіне жақын орны бар - ол оттан да ыстық Отаны. Отан! Қандай керемет,қандай ыстық,сүйіспеншілік пен мейірімге толы ғажап мекен! Біздің еліміз,атамекеніміз – Қазақстан Республикасы.
Атамекен деп аталу себебі мұнда ғасырлар бойы біздің ата – бабаларымыз өмір сүрді,осы киелі топырақты мекен етті. Туған жер деп аталу себебі біз осы жерде туылдық,барлығы біздің туған тілімізде сөйлеседі,осында барлығы біз үшін ыстық,жүрекке жақын,таныс.
Отан - сенің ата- анаң,
Отан - сенің бауырың.
Отан - өлкең,астанаң,
Отан - аудан,ауылың.
Отан - тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлкең,Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
- Бір күні Мұзафар Әлімбаевтан француздың танымал жазушысы:-Сіз қай елде дүниеге келдіңіз ? деп сұрайды.
- Қазақстан Республикасында! – деп жауап береді.
-О,қандай керемет әрі үлкен мемлекетте тұрасыз! Сіздердің байтақ жерлеріңізге бес Франция сиып кетеді.
- Ия, деп мақтанышпен жауап беріпті Мұзафар Әлімбаев.
Осы кең байтақ еліміздің ең негізгі Ата заңы- Конституцияны егемендік құқығымызды негізге ала отырып,1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылдадық . Осы Ата заңымыздың 1 бөлім Жалпы ережелер, 30-бабында Азаматтардың барлығы білім алуға құқылы.Орта білім алу міндетті.
- Балалар, ойланайықшы! Сендер саналы,білімді азамат болып өсуің үшін өздеріңнің бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Атамекенді,туған жерді сүю.
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.
/Интерактивті тақтадан презентация жасау
Бастау жырлары
Армысыздар, асыл жандар,ата - ана!
Мейірім мен шуақ берген балаға.
Біз боламыз Егемен елдің ертеңі,
Екінші жыл,зор бақыт өттік екінші сыныпқа.
Ел ордадағы ең ыстық үй мектебім,
Өзіңде мен жас шыбықтай көктедім.
Зияткерлік - дарындылық қос қанат,
Білім,ғылым санама тек еккенім.
Жалықпастан бойға жинап білім нәрін,
Білгім келед бұл әлемде бәрін - бәрін.
Тек білімді, біліктілер бұл өмірде,
Бақытымен көреді өмір сәнін.
Адам болу мақсатымыз алдағы,
Өмірдің көп біз білмейтін сырлары.
Жақсы азамат болсақ терең білімді,
Бағымыздың осы болар жанғаны.
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.
Нәр аламыз сол білімді ұстаздардан,
Талабымен шәкіртпіз бағы жанған.
Тәрбие мен білімді қос көтеріп,
Жүйріктерміз биікке талаптанған.
- Қымбатты достарым,сыныптастар!
Міне,тағы бір оқу жылы,сансыз үміт пен білімнің нағыз додалы да жауапты жылы келіп жетті.Біз шынайы жүрекпен, ақ тілекпен алтын ұя мектебімізге құтты қадам бастық.
Ән «Отаным –Қазақстан» әні –А.Исағұлова, өлеңі-С.Тойлыбаев.
Сұрақ : Туған жер туралы не айта аласыңдар ?
Бұл ғажайып мұратты,
Халықтардың Отаны
Жаңа өмір құратын ,
Алыптардың Отаны.
Сол алыптың бірімін,
Отанның ұл-қызымын.
Ойын:«Алақан жылуы»
Шарты:сол жағымдағы оқушыға немесе ата –анаға сол қолымды бере тұрып,мен сізге жаңа оқу жылында жаңа табыс,терең білім,тамаша жетістіктер,жақсы қарым- қатынас,мол қуаныш,қажымас – қайрат,күш жігер,боашаққа сенім,зор денсаулық,құтты қадам,табысты оқу жылын тілеймін.
Тренинг: «Аялы алақанымдағы алтын ботақаным»/ Ата аналарға шартын түсіндіру/
Қорыту/саралау,сараптау/
Астана қаласы
№14 мектеп гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Балхиева Бибігүл Райымбекқызы
[c]
|
Қазақстан жолы – 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"
Жарияланды 29-01-2014, 02:17 Категориясы: Сценарий
Класы: 8
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.
Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру
2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.
Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.
2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.
Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.
Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі.
Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.
Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.
Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта Ақтөбе қаласындағы №32 орта мектеп - гимназия мұғалімдері де тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда. 2013 - 2014 оқу жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді.
e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.
Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.
Ақтөбе қаласындағы тұңғыш қазақ гимназиясы қазақ тілін дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге зор міндеттер қойып отыр. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық.
Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Ән: Елім менің.( тыңдалады)
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
» 20 Қазақша Тәрбие сағат: «Қазақстан - 2050» стратегиясы (Бір халық – бір ел – бір тағдыр) Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Сынып: 7,8 сынып Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер слайд, шарлар, гүлдер. Тәрбие сағат барысы: Әнұран орындалады. 1-жүргізуші: І. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар! Біздің «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 2-жүргізуші: 1. Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз. Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды. «Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш», - деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Осының барлығы егеменді еліміздің халыққа деген ыстық ықыласы мен көзқарасының арқасында. 1-жүргізуші: Атыңнан айналайын, егемен ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы келе берер. Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, Шығысында Қытай халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақ жері кең байтақ, табиғаты да әр алуан. Отан деген –Атамекен. Отан деген –туған жер. Отан-апа Отан үлкен Қазақстан туған елі. 2-жүргізуші Қайран, қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама. 1-жүргізуші: 5. Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың кең жаһан далада өмір сүрді, не жойылып кету қауіпі тұрған еді. 2-жүргізуші Өткен ХV ғасырда Қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлкеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан-қаперсіз жатқан еліміздің Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалық жұртты қан жалатты. 1-жүргізуші: ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіттерді бермейміз деп қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырауынан, адамдардың ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ. Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып, 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды. 2-жүргізуші 1923-1933 ж. Болған адам айтқысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы да аштық, тағы да жалаңаштық, тағы да өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 518 мың. 1-жүргізуші: 1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, елім деп жүріп – халық жауы атанды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды. 2-жүргізуші 1941-1945 ж. Аралығында азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизммен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Бұл қасіретті соғыста құрбан болған 27 млн адамның 350 мыңнан астамы қазақтар еді. 1-жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді. 2-жүргізуші Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені Желтоқсан оқиғасы көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді. 1-жүргізуші: Кең жазира құтты мекен – гүлістан. Арай таңым, бақыт берген шығыстан. Қасиетті анам - өзің, туған жер. Бабалардан келген мұрам-Нұрстан. 2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті. 1-жүргізуші: Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде: «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. 1-жүргізуші: Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан –туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам Халық тұрып жатыр. 130-дан аса ұл өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай- далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші арбір адам өз Отанын жаныдай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке. Ер болдың ерік алдың астаналы, Енді кімнен қарағым жасқанат? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атыменен басталады. Сондықтан елдің болашағы да, өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек. Мұғалім сөзі: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу . Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді. Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, Бәріміз баласындай бір атаның. Елімізде бақ-береке, ырыс болсын, Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын. Халқымның ахуалы дұрыс болсын. Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! Қорытынды: - Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? «Ойын» «Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу. Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады) Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет! Жүктеу батырмасы 58 секундта аш
Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/tarbie/1019-bir_el_bir_halyk_bir_tagdyr_2050.html?Like
© www.ZHARAR.com
Достарыңызбен бөлісу: |