2006 жылдың негізгі қорытындысы бюджет



жүктеу 135.89 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі135.89 Kb.
2006 жылдың негізгі қорытындысы БЮДЖЕТ

Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 100,8 пайызға орындалды, осының нәтижесінен негізгі кіріс 163,4 млн. теңгені құрастырды.


Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 99,1 пайызды құрастырды, осының нәтижесінен біз жұмыспен қамту, әлеу- меттік көмек, жолдарды ұстау, сумен жабдықтау сияқты бағдарламаларды толығымен қаржыландырдық.
Желтоқсан айында өткен мәслихат сессиясында депутаттармен бірлесе 2007 жылға арналған бюджетті бекіттік. Негізгі кірістің түсімдері 185 млн.теңгеге өседі, шығыс бөлігі 619,9 млн.теңгені құрастырды, білім беруге жұмсалатын қаражаттар 401,2 млн.теңгеге, жолдарды ұстау, әлеуметтік көмек, мәдениет пен спорт және басқа да бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттардың шығыстары ұлғаюда.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ауданның экономикасының негізгі саласы болып саналады. Өткен жылы 2010 жылға дейін ауылды тұрақты дамытудың бағдарламасын іске асыру және ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдалану жұмыстарын жүргізу басталды. Қосымша есеп бойынша жер шаруашылығы мен мал шаруашылығының жалпы көлемі өткен жылы 1,2 млрд. теңгені құрады. Малдардың барлық түрлері бойынша малдар басының өсуі жалғастырылуда. Шаруа қожалықтарының санын ұлғайту жалғастырылуда, азаматтар жиынының басында 727 шаруа қожалығы тіркелді.
Егін шаруашылығымен айналысушылармен 32,2 мың гектар егістікке астық егілді. Сондай-ақ, ауа райының құрғақшыллығына, агротехниканың жетіспеушілігіне байланысты жермен айналысушыларға өздерінің жоспарлаған өнімдерін алуға мүмкіндік болмады. Аудан бойынша астықтын жалпы өнімі 11,9 мың тонна немесе 4,1 центнер гектарды құрады.
Агроөнеркәсіп кешенінде қайшы келетін тенденциялар әлі де болса баяу жүргізілуде.
Біз әлі де болса егістік жерлерді төмен пайдаланудамыз, көптеген егістік жерлерде ауыспалы егістіктер қолданылмайды, парлар жоқтың қасы, жоғарғы сортты тұқымдардың жалпы салмағы төменгі деңгейде қалып отыр. Мұның, бәрі көптеген шаруа қожалықтарының шағын үлестегі жерлерді иеленетіндігі, экономикалық жағынан төмендігі, жаңа техникаларды, сапалық тұқымдық материалдарды сатып алуға және үздік технологияларды қолданудың мүмкіндіктерінің жоқтығына байланысты.
Мал шаруашылығында малдар санының және өнімділігінің өсіп жатқан қарқынына қарамастан, әлі де болса олардың сапалық көрсеткіштері және өнімділігі төмен деңгейде. Өнімдерді өңдейтін жаңа күштерді іске қоссақ та (Сосновка, Глуховка, Б-Владимировка) өнімдерді өңдірудің жалпы салмағы ұлғаймады.
Осыған байланысты, аудандық әкімдік шаруашылықтарды ірілендіру, тұқым шаруашылығын дамыту, егістік жерлерді тиімді пайдалану, үздік технологияларды енгізу, лизингі бойынша жаңа техникаларды сатып алу мақсатында нақты бағыттарды қолға алды. Жыл сайын жерлерді пайдаланбайтындардан сұраныс қатаң болады және заңға сәйкес ол жерлерді алып, ұлғайтылатын шаруаларға беретін боламыз. Ағымды жылы Глуховка, Канонерка, Сосновка және аудан орталығында өнімдерді өндейтін цехтарды іске асыру қажет. Бұл жұмыстар біздің аудандық қызметтердің (Бопаев Ж.Ж, Шахметова А.С.), ауылдық округтері әкімдерінің қатаң бақылауында болуы қажет.

ШАҒЫН БИЗНЕС
Өткен жыл кәсіпкерліктің алдағы уақытта дамуына әсер етті. Қазіргі уақытта ауданда 1088 бизнес субъектілері тіркеліп, осы саладағы жұмыспен айналысатын халықтардың саны 2 мың адамға артты. Бір жыл ішінде қосымша 22 сауда объектілері, қызмет көрсету салалары, шикі заттарды өндіру орындары ашылды. Кәсіпкерлік субъектілерді қаржылық қолдау ұлғаюда, өткен жыл ішінде екінші деңгейдегі банктен 70 млн.теңге сомасында несие берілді. Ауданның кәсіпкерлерінің өнімдерін сатып алуға мемлекеттік тапсырыс берулері 80 млн. теңгеге арттырылды. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін жергілікті бюджеттің кірістері анағұрлымға өсті. 2006 жылы олардың жалпы салмағы 30 пайызды құрады.
Біз, алдағы уақытта бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Мен, өндірісті, шикі заттарды өндеуді дамытуға, үй іші тұрмысына қажетті заттарды дайындауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға қаражаттар жұмсайтын кәсіпкерлерді жан-жақты қолдайтын боламын. Бізде жергілікті орындарда тұрғындардан сүттерді қабылдап алу және өндеу мәселесі ұзақ шешілуде, осы жылы еттерді сатып алу және тоңазыту жөніндегі стационарлық пунктін ашуымыз керек. Халықтар тұрғын үйлерді жөндеу мен құрылысына қажетті сапалы материалдарды сатып алуда қиындық көріп жүр, мұның бәрін бізге қайтадан жаңарту қажет.

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Өткен жыл ішінде ауданда кедейліктің төмен деңгейінде тұратын отбасылардың сандары анағұрлымға қысқартылды, бір жыл ішінде 104 жұмыс орындары ашылып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 275 адам қатыстырылды, бұл бағытта Б- Владимировка, Семеновка, Басколь ауылдық округтері белсенділікпен жұмыс істеді.
Осы кезеңде аудан бойынша халықтардың әлеуметтік әлсіз санаттарына 33 млн. теңгеге көмек көрсетіліп, 8,2 мың адам көмек алды.
Бір-ақ, кейбір ауылдарда халықтардың өмір деңгейі және кірістері ауданның орташа есебінен алыс қалып отырған жағдайы бізді күйзелтетіні бір жыл ғана емес.
Мысалы, Семияр ауылдық округінің аумағында кедейшілік деңгейі ауданның деңгейінен екі есеге артады (9,3 пайыз), еңбекке орналастырудың ең төмен пайызы Глуховка ауылдық округінде, мұнда ең аз жұмыс орындары ашылған. Осы мәселе бойынша бізге, әлеуметтік қызметтер мен ауылдық округтері әкімдеріне жұмыс жасау қажет.

Аудандық әкімдіктің ерекше қамқорлығында БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ тұрады.
Мектептер мен басқа да білім беру мекемелерін ұстауға бюджеттің екіден үш бөлігі жұмсалады.
28 мектеп жұмыс істейді, оның 19 орташа. Мектептердің көбі білікті кадрлық оқытушылармен іріктелген, олардың арасында өз істерінің шеберлері аз емес. Олар өздерінің күштері мен білімдерін болашақ жас ұрпақтарға білім беру
мен тәрбиелеуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арнайды. Мұғалім біздің ауданда барлық саяси науқандардың негізгі қозғаушы күші және Президенттің саясатын белсенділікпен насихаттаушы болып табылады. Білім беру сапасы анағұрлым артты. Білім беру мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға 32,2 млн.теңге бөлінді.
Білім беру жүйесін информациялау саласында үлкен өзгерістер болды. Интернет жүйесіне барлық 28 мектептер кіре алады, кейбір мектептер лингвистикалық, мультимедийкалық кабинеттер алды, ал 5 мектеп спутникалық жабдықтар сатып алды.
Мектептерде буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылды, 260 бала демеушілердің қаражаттары есебінен ақысыз тамақтандырылады.
Жазғы кезеңдерде барлық мектептерде мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылды, балалар Республика Астанасына экскурсияға шықты, төмен қамтамасыз етілген отбасылардың ішінен 80 бала жолдамамен «Радуга» лагерінде демалды. 2006 жылғы 353 түлектердің ішінен жоғарғы оқу орындарына 96 түлек түсіп, оның 64 грант бойынша оқиды. Сондай-ақ, біз аудандық білім беру бөлімінің (Баталов Б.Ж.),
аудан мектептерінің басшылары мен педагогикалық ұжымдарының анағұрлым нәтижелік жұмыстарына сенім артамыз. Егер, облыс бойынша Бірыңғай Ұлттық тестілеудің орташа баллы 60 пайызды құраса, біздің аудан бойынша 56 пайыз болды, облыстың көрсеткіші тек қана үш мектеппен шығып отыр. Біздің ауданда кәсіби мамандыққа насихаттау жұмыстары төмен жүргізілуде, қанша жыл аграрлық, құрылыс мамандарының жетіспеушілігіне тап болудамыз, бір-ақ та анағұрлым қабілетті мектеп бітірушілер заңгер, экономист, қаржыгер мамандығын алуға тырысады. Мұнда біз ата-аналар қоғамы мен үкіметтік емес ұйымдардың күштеріне сенеміз.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданда емдеу-профилактикалық мекемесінің дамыған жүйесі жұмыс істейді, ауруханаларды ауылдық дәрігерлік мекемелерді қаржыландыру анағұрлымға ұлғайтылды.
Ауданда аналар мен сәбилердің өлімдері тіркелген жоқ, жұқпалы аурулармен, оның ішінде өкпе ауруымен ауыру анағұрлымға төмендетілді.
Алдағы уақытта біз халықтар үшін маңызды саланы реформалауды жеделдетуді, әсіресе алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыруды, ауданға қазіргі заманға сай әдістермен емдеуді меңгерген жас мамандарды тартуды жоспарлап отырмыз. Ауданда халықтарды эстетикаға және патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызды рөлі мәдениет мекемесінің міндетінде.
Ауданда мемлекттік мекемелер күндерін, талантты және дарынды балаларды айқындайтын «Ақ-қайың» балалар гала- байқау концертін өткізу дәстүрге айналды. Осы жылы аудан орталығында «Жастар Синема» атты жас-тар кинотеатры ашылды. Бұл істердің негізін ұйымдастырушы мәдениет бөлімінің және балалар саз мектебінің бірлескен жұмыстары болып табылады.
Ағымды жылы мемлекеттік ұйымдардың іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруге байланысты ауданда тілдерді дамыту бойынша шаралар қолданылуда. Бұл жұмыстар атқарушы органдардың ерекше назарында болуы қажет. Мектептердегі тілдердің сапалы оқытылуына ерекше назар аударылу қажет, мемлекеттік тілді үйренуге ынталанған біздің азаматтарды жан-жақты марапат-тау және ынталандыру қажет.
Атқарушы органдар есеп беру кезеңінде дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарын жалғастыруда. Халықтардың әртүрлі топтары арасында, бірінші кезекте жастар арасында салауатты өмір салтын енгізуді біз алдағы уақытта басымдық міндет ретінде қарайтын боламыз, өйткені бұл маскүнемдікпен, шылым шегумен, нашақорлықпен және де басқа да теріс әсер ететін құбылыстармен күресудің маңызды жолы.

ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
Ауданда тұрғын үй құрылысының бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс басталды. Бір жыл ішінде пайдалануға жалпы көлемі 1238 шаршы метр болатын 12 үйлер берілді, 10 үйдің құрылысы аяқталуда.
Аудандық орталық аурухананың құрылысына өткен жылы 139 млн.теңге қаражат меңгерілді, қаражаттардың мүмкіндігіне байланысты 2007 жылы объектіні пайдалануға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Семияр орта мектебінің жобалау жұмысы аяқталуда, Беген орта мектебін жобалау мәселесін шешумен қатар құрылысы басталды.

Бізге өзіміздің құрылыс инфрақұрылымын құру қажет. 2007 жылдан бастап мекемелерді күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жергілікті бюджеттің есебінде өзіміздің құрылысшылардың күшімен жүргізілетін болады, бұл жұмыс орындары мен қаражаттар өзіміздің ауданымызда қалатын болады.


Өз қаражаттары есебінде және банктердің несиелік қорлары арқылы өндірістік және тұрмыстық объектілердің құрылысын, қайта жөндеуін жүргізетін кәсіпкерлерді, тұрғындарды жан-жақты қолдап, марапаттау қажет.
Аудан дамыған жолдар жүйесінде орналасқан, оның ұзындығы 400 шақырым қашықтықтан асады. Қаржыландырудың жеткіліксіздігінің салдарынан (8 млн. теңге) өткен жылы шұңқырларды жөндеуді жартылай жүргізе алдық, ал қалған қаражаттар қысқы кезеңге және су
тасқынынан кейін төсемені қалпына келтіруге жұмсалды. Аудандық бюджеттің қаражаттары есебінен Семей-Долон- М-Владимировка- Қоянбай учаскелерінің жолдарын күрделі жөндеуге сметалық-жоба құжаттары дайындалды. Біз Ресейге шығатын жолдардың статусын өзгерту, облыс бюджетінің қаражаттары есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша жұмысты қолға алудамыз.
Биылғы жылы аудан бюджетінен жолдарға 12 млн.теңге бөлудің жолдарын қарастырдық. «Таза су» бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда. Биылғы жылы 29 млн.теңге Кривинка ауылының су құбырларының жүйесін жөндеуге бөлініледі, Бөдене ауылындағы су құбырлары бойынша құжаттарды дайындау үшін іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Ауданда байланыс құралдарын дамыту, телефон жүйелерін кеңейту бойынша маңызды шаралар қолданылуда. Қазіргі уақытта біз облыстық және республикалық ведомствалармен бірлесе Глуховка ауылдық округінің елді мекендеріне телефон Аудандық электр-станциясының орнату мәселесімен жұмыс істеудеміз, біздің бақылауымызға барлық елді мекендерді, әлеуметтік және өндірістік объектілерді тоқтаусыз энергиямен қамтамасыз ету мәселесі алынды. АЭС-ның, аудандық телекоммуникация торабының және Қазпоштаның бірлескен жұмыстарының арқасында біз халықтан сөгіс алмаймыз.
Мемлекет соңғы жылдары орман шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен көмек көрсетуде. Оның тұрақты құрылымы құрылды, қаржыландыру, материалдық-техникалық жабдықтау ұлғайды, орман күзеті штаты қалпына келтірілді, бір-ақ құрғақшылық, кейбір азаматтардың жауапсыздығы, салбырттығы биылғы жылы өрттердің көбеюіне, «Семей орманы» МОТР ММ-нің Беген, Долон, Жаңасемей филиалдарындағы анағұрлым орман алқаптарындағы ормандарды жоюға әкеп соқтырды, орман материалдарын ұрлау жағдайлары да болмаған емес.

Бүкіл республика 3 қазан күні Беген орман шаруашылығында болған өрттің салдарын білді. Аудан халықтарына шын көңілмен алғыс айтамын, апаттың салдарын жоюда ешкім тыс қалған жоқ. Жылдың соңғы тоқсаны біздің ұйымшылдығымыздың, бірлігіміздің, шыдамдылығымыздың сынағы болды.


Үкіметтің, облыс әкімінің бізге көрсеткен үлкен көмектерінің арқасында біз жыл аяғына дейін 91 отбасын тұрғын үйлермен, үй ішіне қажетті заттармен, киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз ете алдық.

Атқарушы, құқық қорғау органдары осындай стихиялық апаттарды алдын алу бойынша қосымша ұзақ мерзімді шаралар қолдануда.


Менің күнделікті бақылауыма құқық тәртібі мен қоғам қауіпсіздігі мәселесі алынды. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс жасау деңгейі 22,4 пайызға төмендетілді, өткен жыл ішінде қылмыстарды ашу 87,5 пайызды құрады, осының нәтижесінде ауыр қылмыстардың толық ашылуы қамтамасыз етілді (өлтіру, денеге ауыр зақым келтіру, ұрлық, зорлау, көліктерді ұрлау). Ауданда жас өспірімдердің қылмыстары тұрақтандырылды. Бұл ауданның құқық тәртібі органдарының, мұғалімдер ұжымдарының, ауылдық округтері әкімдерінің және ауылдардың қоғамдарының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі.
Ауданда ел Президентінің ішкі саяси ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған саясатын іске асыру жүргізілуде.
Аудан аумағында төрт партияның өкілдіктері жұмыс іс- тейді, «Нұр Отан» партиясында 1007 мүшелерін біріктіретін 36 бастапқы ұйымдар бар.
Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен, сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен, ұлттық мәдени орталықтармен қарым-қатынасы кеңейтілді. Мұның барлығы ауданның еңбек ұжымдарындағы және ауылдарындағы қоғамдық-саяси және моральді-психологиялық жағдайларға ықпал етеді.

«Жергілікті атқарушы органдардың халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, мен халық алдында есеп беруімді өткен жылы 3 ақпан мен 24 ақпан аралығында өткіздім, оған 2342 адам қатысты, 103 ұсыныстар мен сын-пікірлер енгізілді, оның 95 орындалды, ауыл тұрғындарының өтініштері бойынша және барлық деңгейдегі депутаттардың қолдауымен ағымды жылы аяқтауға жоспарланған аудандық аурухананың құрылысы басталды, Беген ауылында мектеп салу мәселесі шешілді, Малая Владимировка ауылындағы су құбырларын күрделі жөндеу жұмысы аяқталды.

Өкінішке орай, халықтардың ұсыныстары мен өтініштерін толық қанағаттандыра бермейміз, өйткені, Қоянбай, Глуховка ауылдарында тұрғындар «Жедел жәрдем» автомобилін бөлуді сұрады, бір-ақ денсаулық сақтау объектілерін қаржыландыру облыстық бюджетке қарағандықтан, біз бұл мәселелерді шеше алмаймыз. Қалған мәселелерді біз бақылауда ұстаудамыз және олардың орындалуы туралы әрбір ауылдық округте өткен халықпен кездесулерде айтамыз.
Құрметті Сосновка ауылдық округінің тұрғындары, бүгін мен Сіздердің алдарыңызда есеп беруімде Сіздердің ауылдық округтеріңіздің әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқтала кеткенді жөн көрдім. Олай болса 2006 жылы өткен менің есеп беруімде бірнеше ұсыныстар мен өтініштер түскен болатын.

Сосновка ауылының тұрғыны Бекпаевадан ауыл клубы мен балалар бақшасын жөндеу туралы мәселе көтерілген болатын. Бұл мәселе бойынша ауылдағы кәсіпкерлермен жұмыс жүргізілді, бір-ақ өкінішке орай ешкім қалпына келтірумен айналысқысы келмейді, ал бюджетте мұндай қаражаттар жоқ.


Қоянбай ауылының тұрғыны Халиоллин электрдің ставкасын бөлуді сұраған болатын, бір-ақ Қоянбай ауылында техника қауіпсіздігі бойынша рұқсат етілген құжаты бар, білікті электриктің жоқтығына байланысты олардың бір-бірден жұмыс істеуге құқығы жоқ.
Қоянбай-Сосновка жолдарын жөндеу мәселесі көтерілді- біз айсайын жолдарды кескіндеуді жүргіземіз, алдағы уақытта ауданды дамыту бағдарламасына Қоянбай-Сосновка жолдарын жөндеуді қосуды жоспарлап отырмыз.
Қоянбай ауылының тұрғыны Е.Т.Тұраров – Қоянбай фельшерлік пункті үшін жедел жәрдем машинасын сұраған болатын, денсаулық сақтау саласы облыстық бюджеттен қаржыландырылғандықтан біз бұл мәселені шеше алмаймыз, бір-ақ облыстық департаментке хат жібердік.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау пунктін ашу мәселесіне келсек – «Ринат» шаруа қожалығының басшысы О.О.Баймұхамбетов бизнес-жоспарын тапсырды, қазір ол қаралуда.

«Семей орманы» МОТР ММ-нің Морозов филиалының директоры К.С.Мамыканов питомникке баратын электр беру желісін жөндеу және Морозов филиалының балансына беру жағынан көмек сұраған, бұл мәселені оған АЭС басшысымен мемлекеттік мүлік арқылы шешу қажет.


Сосновка ауылдық округінде 2006 жылы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша маңызды жұмыстар атқарылды.
Округтегі әлеуметтік-экономикалық дамуға шағын кәсіпкерліктің ықпалы мол. Округте 17- дүкендер, 5- дүнгіршек, 4-қоғамдық тамақтандыру орны, 2 -диірмен, 1- дәріхана, 1- жаттықтыру залы, 1- наубайхана, 1 -май өндеу цехы, 8- шпал кесу орны жұмыс істейді.
Округ аумағында екі мектеп бар, онда 493 оқушы білім алуда, оның 55-і мектеп алды даярлығында оқиды, 59 мұғалім жұмыс істейді. Мектептерде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, сыныптар жылы және таза. Мектептер компьютерлендірілген. Жоғарғы және орта оқу орындарында 114 студент оқиды, 2005 жылы олардың саны 82 болған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 14 отбасы 46 адам 477 мың теңге сомасында алса, балалар жәрдемақысын 617,2 мың теңге сомада 35 отбасы алды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ауылдық округтің тұрғындары арасында 6 адам тіркелген, 2005 жылы 12 адам болған, 8 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты -184,5 мың теңге соманы құрады.
Жергілікті салықтар жинау тұрақты орындалуда -103 пайыз, зейнеткерлерге зейнетақылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінің еңбек ақылары өз уақытында төленуде. Шаруа қожалықтарының саны ұлғаюда -54 құрайды.
Малдар басының өсуі де байқалуда. 2006 жылы Сосновка ауылдық округінің егіс алқабы 4020 гектарға ұлғайды.
Сосновка отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жұмысы өз деңгейінде, штат іріктеліп, жұмыс істеуге барлық жағдайлар жасалынған.
Халықты сауықтыруға көпшілік-спорт жұмысы ықпал етеді. Округте 2 спорт залы бар, әртүрлі спорт түрлері бойынша спорт секциялары жұмыс істейді. Округтің спортшылары аудан және облыс деңгейінде өтетін әртүрлі спорттық жарыстарға және ат-спорты сайыстарына қатысады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға ықпал етеді. 2006 жылы 2 үй тұрғызылып, пайдалануға берілді.
Округте 2 мешет, 2 кітапхана жұмыс істейді.
Достық және рухани келісім 11 ұлттың өкілдері тұратын округтегі ішкі саяси тұрақтылықты нығайтады.
Сондай-ақ, округте кейбір кемшіліктерде кездесуде. Бұл-көрнекті және визуалдық ақпараттарға, мерзімді басылымдарға жазылу мәселелеріне жеткілікті назар аударылмайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу жөніндегі цехтарды ашу мәселесі шешілмейді.


Ауылдық округтің әкіміне жастардың мәдени демалуларын ұйымдастыруға, жастарды спортпен айналысуға тарту мәселесіне көңіл аудару қажет. Кәсіпкерлерге құрылыс бригадаларын құру, ағаш өндеу цехтарын ашу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін ашу жағынан көмек көрсету қажет.
Абдулхамит Дәулетханұлы өзінің қызметкерлерімен осы мәселелерді шеше алады –деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі стратегикалық мақсатын айқындағанына бір жылға жуық уақыт өтті. Тақауда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жаңадан тағайындалған Премьер-Министр Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовты таныстырып, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясын жүзеге асыру үшін кейбір нақтылы міндеттерді атап өтті.

Бұл бағытта аз жұмыс атқарылған жоқ. Бір-ақ та осымен шектелмеуіміз керек. Енді еліміздің тұрақты дамуының


нақтылы стратегиясына тоқтала кету қажет, олар бірінші және басты міндеттер.
Екінші- әкімшілік реформалары шеңберінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін ендіру қажет.
Үшінші – бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру қажет. Мемлекеттік ресурстарды бөлуге, салық төлеушілердің ақшалары қандай мақсаттарға, қандай көлемде бөлінетініне қатысты ешқандай құпия болмауы керек.
Төртінші – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің өсуі өңірлердің тұрақты дамуынсыз мүмкін емес. Ел басшысының Жарлығында бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық дамуының стратегиясы» осы идеяда шешуші рөлге ие болады.
Бесінші – әлеуметтік салада жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту бойынша жұмысты жалғастыру.
Алтыншы – ел басшысының озық халықаралық тәжірибе елдің жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторлары мыналар екендігін: ыңғайлы макроэкономикалық саясат, инвестициялық ахуал, баршаға тең бәсекеге қолайлы жағдай және ең маңыздысы – білім беру мен деңсаулық сақтаудағы қызмет көрсетудің жоғарғы сапасы болатындығын айтқан болатын.

Жетінші – мемлекет соңғы жылдары автомобиль және темір жолдар, аэропорттар, электр және жылу энергетикасы, коммуналдық қызмет тәрізді инфрақұрылымдарды дамыту үшін көп жұмыс атқарды және ол одан әрі жалғасуда. Дегенмен, сапаның төмендігі және олардың бағаларының айтарлықтай жоғары болуы кәсіпкерлер мен халық тарапынан айтарлықтай наразылық тудырады. Ел басшысы басқару жүйесін жақсарту, мемлекеттік қызметке қазіргі замаңғы сапа стандарттарының енгізілуі үшін тапсырма берді.


Сегізінші – Қазақстанда экономиканың мемлекеттік секторындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру үшін
«Самұрық», «Қазына», «Казагро» ұлттық холдингтері құрылды. Мемлекеттік органдардағы копоративтік басқарудың озық қағидаларын енгізетін уақыт келді.
Тоғызыншы – Индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудың екінші сатысы шеңберінде өндірістің шикізатқа тәуелділігі төмендеуінің шынайы нәтижелері болуы қажет.

Осыған байланысты, ел басшысы бағдарламалық құжаттар әзірлеу сатысына нақты жобаларға көшетін уақыт жеткенін атап өтті.


Жоғарыда аталған жаңа, маңызды міндеттерді шешу үшін, ең алдымен сабақтастық, жаңа кадрлар, жаңа күш –қуат пен білім қажет– деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет