Стратегияның негізгі бағыттары 2006 жылдың наурызында Қазақстан халқына жолдаған «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына Қазақстанның кіру Стратегиясы. Қазақстан дамуындағы жаңа белес» атты Елбасының Үндеуіне сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясының негізінде жасалған.
Аймақтың тиімді дамуы төмендегі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
-
Ұлттық және аймақтық деңгейде жетекші қалаларды қалыптастыру арқылы ауылдық территорияларды қосып, агломерация құру;
-
«Даму зонасын ұлғайту» Астана қаласына – Осакаровский, Нуринский аудандарын қосу және Қарағанды,Теміртау қалаларының даму зонасын ұлғайту;
-
Ауылдық территорияларды дамыту;
-
Қолайсыз территориялардың мәселесін шешу.
Ұттық және аймақтық деңгейдегі жетекші қалаларды қалыптастыру: Жетекші қалалардың екі түрі болады – ұлттық және аймақтық деңгейдегі қалалар.
Ұлттық деңгейдегі қалалар- Қарағанды, Теміртау қалалары, Сары-Арқао макроаймағының орталығы.
Аймақтық деңгейдегі қалалар - Балқаш, Жезқазған-Сатпаев қалалары.
Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған-Сатпаев қалаларының жетекші қалалар болу критерийлеріне келесі факторлар кіреді:
-
Экономикалық жағынан дамыған ірі қала және басқару орталығы;
-
Транспорт торабы және ішкі сыртқы транспорттық дәліз;
-
Потенциалды ішкі және сыртқы сауда рыногына жақын шоғырлану.
Жетекші қалалар өкілдерімен кәсіпкерлермен, бизнес - ассоциацияларымен, жергілікті басшылық өкілдерімен, академия және ғылыми мекемелермен, мемлекттік емес ұйымдармен жұмысшы кездесулер барысында қалалардың негізгі мәселелері анықталып, оларды шешу мен дамыту бағыттары айқындалды.
Қарағанды қаласының негізгі мәселелері:
-
Коммуналдық қызметтің негізгі қорларының ескіруі;
-
Жылу энергиясының тапшылығы 300 Гкал/сағат жуық.
-
;
-
Қайта өңдеу өндірісінің жоқтығы, оның ішінде жеміс жидек және ет өнімдерін сақтау, өңдеу қымбатшылыққа ұшырап, ішкі саудада тапшы болып барады;
-
Экологиялық мәселелер – ауа ластануы, тұрмыстық және өндірістік қалдықтар;
-
Жаңа өндірістер ашуға жер учаскелерінің жетіспеушілігі.
Теміртау қаласының негізгі мәселелері:
-
Ауа ластануының жоғары деңгейі;
-
Коммуналдық қызметтің негізгі қорларының ескіруі;
-
Жылу және электр энергиясының тапшылығы;
-
Аймақтағы инвестициялық жобалардың жеткіліксіз түрде қаржылануы;
-
Жаңа өндірістер ашуға жер учаскелерінің жетіспеушілігі;
-
Жоғарыдағы мәселелерді шешу үшін Қала әкмшілігінде мамандардың жетіспеушілігі.
Жезқазған, Сәтпаев қалаларының негізгі мәселелері:
-
Жезқазған, Сәтпаев қалаларының экономикалық және әлеуметтік даму жағынан ЖШС « Қазақмыс корпорациясы» мен Жезқазған мыс запастары кенішінің тұрақты жұмыс істеуіне тәуелділігі;
-
Жылу энергиясының тапшылығы (жылу қуатының ағымды тапшылығы 180 Гкал/сағатты құрап отыр);
-
Кеңгір су қоймасының тұрақсыз запастары қаланың өсімдіктерін суаруды қамтамасыз ете алмайды және жаңа өндірістер ашыла қалған жағдайда су ресурстарының тапшылығына ұшырайды;
-
Ауыз су сапасының тұрақсыздығы;
-
Қала территориясында транзиттің жоқ болуы, оның келешектегі дамуына кері әсерін тигізеді.
Балқаш қалаысының негізгі мәселелері:
-
Балқаш қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жағынан ӨҰ «Балхашцветмет» пен Жезқазған мыс запастары кенішінің тұрақты жұмыс істеуіне тәуелділігі;
-
ӨҰ «Балхашцветмет» ластануына байланысты пайда болған қаладағы ауыр экологиялық жағдай денсаулық сақтау мен ауылшаруашылығын дамытуға кедергі болып отыр;
-
Ұзақ мерзімді ауруға шалдыққан балалар, сөйлеу жүйесі бұзылған балалар мен туа біткен ауру балалар санының ұлғаюы, арнайы бала бақшалар, БДҮ және коррекциялық емдік мекемелер жоқтығы;
-
Балқаш көлінің ласталып, майдалануы;
-
Инфрақұрылымдық объектілердің негізгі қорларының тозып кетуі мен тұғын үйлер қорының ескіруі, халықты орталықтандырылған газбен жабдықтаудың жоқтығы;
-
Қала мен Ақтоғай ауданы арасындағы шекаралық жерді әкімшілік жағынан тиімсіз бөлу қаланың үндесе жұмыс істеуіне әсіресе туризм саласында жұмыс жүргізуге кедергі келтіріп отыр;
-
Шағын және орта өндірістік бизнестің нашар дамуы;
-
ӨҰ «Балхашцветмет» басшылығының әлеуметтік жағынан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жауапкершілігінің аздығы, қарамағындағы жұмысшылардың денсаулық сақтау, балаларға, көлді келер ұрпаққа сақтау мәселелеріне салғырттықпен қарап отырғандығы;
-
Қала сыртында шашылған тұрмыстық және өндірістік қатты қалдықтар атмосфераны, жер құнарын, жер асты суларын ластаудың бірден бір көзі болып отыр.
Аймақтың экономиалық жағдайына қарай , жетекші қалаларға байланысты инфрақұрлымдық салаларды (қатал инфрақұрылымды), адамдар ресурсын дамытып, бизнес-орта мен экологиялық жағдайды жақсартып, экономика мен институтционалдық саланы түрлендіру мақсатында жаңа өндірістер салу қажет.
Жетекші қалалар дамуы қалаларадың даму стратегиясына сәйкес олардың ұлттық, аймақтық дәрежеде алар орнын ескере отырып жүргізіледі. Жетекші қалалар, өздеріне жақын маңдағы қалашықтар мен ауылдық жерлерді біріктіре отырып аймақты кластерлер қалыптастыру мен кәсіпкерлікті дамытудың катализаторлары болады. Қалашықтардың мәселелері жетекші қалалардың агломерациясына енгізілу арқылы шешіліп отырады, сонымен бірге қалалар экономикасының өндірістік өнеркәсіптерге тәуелділігі жойылып, тұрмысты жақсартушы инфрақұрылымдар мен шағын бизнестің дамуы арқылы болады.
Жетекші қалалар өкілдерімен, кәсіпкерлермен, бизнес - ассоциацияларымен, жергілікті басшылық өкілдерімен, академия және ғылыми мекемелермен, мемлекттік емес ұйымдармен жұмысшы кездесулер барысында қалалардың негізгі мәселелері анықталып, оларды шешу мен дамыту бағыттары айқындалды. Бұл тарауда ғылыми зерттеу институтының ұстанымдық зерттеу қорытындыларының қысқаша мазмұны беріліп отыр.
Тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуші инфрақұрылымдар:
Облыс бойынша энергия тапшылығын азайту мақсатында 2007-2015 жылдар аралығында мемлекеттік-жеке серіктестік шартында энергия өндіруші жаңа объектілер соғу қарастырылуда: Қарағанды қаласында жаңа ТЭЦ-4 электр қуаты 500-600 МВт және жылу қуаты-1180 Гкал/с (2007-2013 ж.), ВЛ-110кВ ПС «Сантехническая» – НС 1, 2, 3 (2008-2009 ж.), бу құбырлары К-12-4,2Т Шахтинск қаласында (2008-2010 ж) «Шахтинская ТЭЦ» соғу жобаланып отыр.
2007-2015 жылдар аралығында жеке меншік есебінен энергиялық қуатты көбейту жоспарланып отыр: Қарағанды қаласы бойынша - жылуды ТЭЦ-3 175 Гкал/с көбейтіп, 140 МВт электр қуатын (2007-2009 ж.), Абай ауданының Топар поселкесінде КарГРЭС-2 соғу жоспарланып, 55 МВт қуаты бар К-55 құбырына (2007 ж.) монтаж жасау, Теміртау аласы бойынша орнатылған КарГРЭС-1 қуатын 240 МВт дейін (2007-2009 ж.) және ТЭЦ- 2 185 МВт (2007-20015 жж) көбейту жоспарланып отыр.
2007 жылы энергетиканы дамыту аумақтық Бағдарламасының әзірлеуі аяқтауы жоспарлауда, осы Бағдарламада келешекте мынадай шараларды орындауында ескеріледі:
- Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Шахтинск қалаларында жаңа энергия құатылықтарын қайта өндеу және іске қосу;
- шағын қалаларда және поселкелерде орталық жылумен қамсыздандыруды дамыту және этаптық қалпына келтіру;
- аулдық электр жүйені дамыту, аулдық елді мекенде орталық электр қамсыздандыруды қалпына келтіру;
- дәстүрлі емес энергия көздерің және энергия жинақшы технологияларды пайдалану, сонымен бірге энергия жинақшы және энергия тиімділігі жөнінде мәселелерді шешу.
Су шаруашылығындағы инфрақұрылымдар:
2007 жылы 46 елді мекенде жүргізілетін су құбырыларының құрылысы мен реконструкция жұмыстарына 2295 млн.теңге бөлініп отыр, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен – 1238 млн.теңге (12 елді мекен үшін),
- облыс бюджетінен – 352,4 млн.теңге (14 елді мекен үшін),
- Ислам Даму Банкі есебінен – 704,6 млн.теңге (20 ауылдық елді мекен үшін) бөлініп отыр.
Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңа Арқа аудандарының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің уставтық капиталына облыстық бюджет есебінен 2007 жылы 60,0 млн.теңге бөлінді, әрбір ауданға 20,0 млн.теңгеден болып отыр. 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму жоспарына байланысты ауыз сумен қамтамасыз ету объектілері үшін 17091,6 млн.теңге көлемінде 120 инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр, олардың 14938,8 млн.теңгесі республикалық, 2152,8 млн.теңгесі облыстық бюджет есебінен болып отыр.
Қарағанды қаласының Стратегиялық даму бағыты9: Қарағанды қаласының ұзақ мерзімді даму концепциясы қазіргі заман талабына сай өндірістік, ғылыми - инновациялық, ақпарттық-консалтингтік және аймақтың жоғары экспортқа бағытталған тауарлары мен ақпараттық технологиялық потенциалы жоғары, өзіне сай әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымы бар іскер орталығын қалыптастыруға негізделіп отыр. Қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы өндіріс дамуына тығыз байланысты болып отыр. Қосымшада қарағанды қаласының даму схемасы берілген.
Осыған орай, келесі стратегиялық бағыттарды дамыту керек:
-
экспорт тауарын өндіруге бағытталған жоғары технологиялық жобалардың негізінде БКК «Сарыарқа базасы бойынша қаланың экспорттық инновациялық-технологиялық потенциалын дамыту қажет. Бұл жағдайда қаланың ғылым мен өндірісі арасында тығыз байланыс орнату керек;
-
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қаланың технологиялық қызмет көрсету салаларына инвестиция тартуды нығайтады;
-
қаланың тұрмыстық саласын қамсыздандыру инфрақұрылымдарына инвестициялық белсенділікті арттыру қажет, ол қала мен аймақты электр энергиясымен жабдықтаушы ТЭЦ-4 соғылуын қажет етеді, «Ордабасы» компаниясы арқылы Қарағанды ТЭЦ-3 техникалық жабдықтармен қайта жабдықтау, ЖШС «Қарағанды Жарық», арқылы қалалық энергия, жылу, су құбырлары жүйелеріне реконструкция мен құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет;
-
ғылыми мекемелердің материалдық теникалық базасын жаңарту арқылы ғылыми потенциалды сақтап қалу, ғылыми мамандардың тұрғын үй мәселесін шешу, ғылыми жұмыстарды коммерциализациялау қажет;
-
облыс тұтынушылары үшін ақпараттық, ғылыми, білім, іскер және консалтингтік база жасау керек;
-
қаладағы құрылыс жұмыстарын реттеу мақсатында қала құрлысының бас жоспарын қабылдап, жаңа өндірістерге жер учаскелерін беру мәселесін шешу керек;
-
қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және халықтың тұрмысын көтеру механизмін жасау;
-
тұрақты әлеуметтік экологиялық экономикалық даму механизмдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек.
Аймақтың өндірістік және инновациялық динамикалық түрде дамуы облыс халқының тұрмыс жағдайын көтеріп, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытумен сабақтас болуы тиіс. Жетекші қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға арналған бірінші кезектегі жобаларына мониторинг жүргізу керек және оларды әртүрлі бюджет есебінен және жергілікті кәсіпкерлер капиталынан инвестициялау механизмдерін жетілдіру керек болып отыр.
Теміртау қаласының стратегиялық даму бағыттары: облыстың индустриалды дамыту мақсатында дамыған өнеркәсіптік қызмет көрсетуші секторлар мен тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуші инфрақұрылымдарды қалыптастыру және Қарағанды Теміртау агломерациясыныа қоса Астана қаласының даму аймағын ұлғайту керек.
Осыған байланысыт төмендегі стратегиялық бағыттарды дамыту керек:
-
Жетекші қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытып, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту қажет;
-
Қара және түрлі түсті металлургия мен машина жасау объектілерін дамытып, құрылыс материалдарын өндіру қаланың технологиялық қызмет көрстету саласына инвестициялық жинақтар тартуға ынталандыру керек;
-
Индустриалдық парктың негізінде жаңа өнеркәсіп орындарын ашу;
-
Энергетикалық мәселелерді КарГРЭС-1 энергетикалық қуатын арттыра отырып дамыту қажет;
-
Аутсорсинг құралдарын қала құрылысын жасақтаушы өнеркәсіптерді күшейтуге және шағын және орта кәсіпорындардың көмекші, қызмет көрсетуші және өңдеуші блоктары пайдаланылады.
-
әлеуметтік экологиялық экономикалық тұрақты даму механизмдерінін жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек.
Теміртауды тұрақты дамыту экологиялық мәселелердің шешілуіне байланысты болғанымен, оның ішіндегі ең маңызды мәселесі бірнеше бұлақ көздерінен алынып отырған атмосфераның ластану мәселесін шешу және Нұра өзенінің ағымды жерлерінің сынап арқылы ластануын, сонымен бірге бұрынғы «Карбид» заводының алаңы мен токсикалық қалдықтарды сақтайтын полигон құрылысын салу, металлургия өндірісінің қайта өңдеуші өнеркәсіптердің дамуын ынталандыру қажет болып отыр.
Қазіргі заман талабына сай нарықтық инфрақұрылымдарының дамуы сауда және несиелеу негізінде жасалатын қызмет көрсету арқылы шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүргізіліп отырған шаралар жиынтығы бойынша жасалуы тиіс, мемлекттік тапсырыс бойынша тауарларды жеке секторға енгізу үрдісін қамтамасыз ету керек.
Жезқазған, Сәтпаев қалаларының стратегиялық даму бағыттары; Жезқазған, Сәтпаев қалаларының ұзақ мерзімді даму концепциясы экспортқа бағытталған потенциалды қазіргі заман талабына сай өндіріс орталығын қалыптастыруды айқындап, білім беру жүйесінің жоғары деңгейі мен консалтингтік жәрдем беру қызметін жақсартып, қала тұрғындарымен қалаға жақын орналасқан ауыл тұрғындарын әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету керек болып отыр. Қосымшада аталмыш қалалардың өндірістік саладағы келешекте алар орны келтіріліп отыр.
Осыған байланысты мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі шараларды атқару керек:
-
Қала өндірісінің экспорттық және инновациялық-технологиялық потенциалын ЖШС «Қазақмыс корпорациясының», РГП «Жезқазған сирек металдары» мен ААҚ«ЗОЦМ» қарқынды жобаларын жасау арқылы іске асыруға болады, ол жоғары технологиялық тауарлар өндіріп, өндіріс көлемін ұлғайтуға алып келеді. Осыған байланысты аймақтың ірі өндірістік кәсіпорындары мен жетекші қалалардың инновациялық технологияны пайдалануы бойынша анықтама жүргізіп, оның бағасын беру керек;
-
Құрылыс материалдарын өндіру саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыру, технологиялық қызмет көрсету мен аймақаралық және жергілікті тамақ пен жеңіл өнеркәсібін дамытуға көмек беру қажет;
-
Жетекші қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытып, халықтың тұрмыстық деңгейін жақсартудың механизмдерін жасау қажет;
-
Қаланың қаржылай несиелеу формаларының жаңа түрлерін енгізу мен шағын және орта бизнесті ұйымдастыру қажет. Жетекші қалалардың инфрақұрылымдарын дамыту үшін несиелеудің мына түрлері тиімді: лизинг, жобалық қаржылау, облигациялық займдар мен муниципалдық облигациялар. Жетекші қалалардағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мыналар жатады: аутсорсинг, франчайзинг, микроқаржылау және т.б.;
-
Қаланың жылу қуатың ТЭЦ-2 құрылысы арқылы немесе КВГМ қазандығын мыс балқыту зауытының бу қазағындығына жұмысқа қосу арқылы кеңейтуге болады;
-
Қағыл және Қожамсейіт жер асты суларының кеніштеріне (гидрогеологиялық тұрғыдан қайта баға беріп, ТЭН және ПСД дайындау қажет);
-
Қала қалыптастыру өнеркәсіптерінің ірі жобаларын нығайту мақсатында аутсорсинг құралын қолданып, шағын және орта өнеркәсіптердің қосымша, қызмет көрсетіп қайта өндеу блоктарын дамыту қажет;
-
Жезқазған қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту, әсіресе көлік және темір жолдарды дамыту қажет;
-
Жезқазған Бейнеу теміржол учаскесін салу керек, (ұзақтығы 960 км);
-
Қала қалыптастырушы өнеркәсіптердің әлеуметтік серіктестігін дамытып, қала халқының денсаулық сақтау, тұрмыс жағдайын көтеру, экологиялық жағдайы мен жас өркендерді тәрбилеуді жақсартудағы олардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру қажет;
-
Жезқазған қаласына жақын орналасқан ауылдардағы ауыл шаруашылық өнімдерін (ет өнімін) дамыту қажет.
Балқаш қаласының стратегиялық бағыттарын дамыту: Балқаш қаласының ұзақ мерзімді концепциясы экспортқа бағытталған потенциалды қазіргі заман талабына сай өндіріс орталығын қалыптастыруды айқындап, білім беру жүйесінің жоғары деңгейі мен консалтингтік жәрдем беру қызметін жақсартып, қала тұрғындарымен қалаға жақын орналасқан ауыл тұрғындарын әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету керек болып отыр, сонымен бірге туризмді, жол бойғы қызмет көрсету мекемелерді дамытып, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін агроөнеркәсіптік кешен салу қажет.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін:
-
Туризм, қала экономикасының салаларының ішіндегі перспективті және өте белсенді сала болып табылады. Балқаш аймағы Балқаш көлінің табиғи су тоғандарымен ерекшеленеді. Ол жаз айларында біраздаған демалыс зоналары арқылы жағымды болып отыр;
-
Аутсорсинг құралдарын қала құрылысын жасақтаушы өнеркәсіптерді күшейтуге және шағын және орта кәсіпорындардың көмекші, қызмет көрсетуші және өңдеуші блоктары пайдаланылады;
-
Қаланың өмірің қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту, яғни ішкі қалалық су жүргізетін жүйлерді қалпына келтіру және Тоқрау-Балқаш магистралдық су таратқыштың құрылысы арқылы қаланы ауыз су қажеттілігімен қамсыздандыру;
-
Қала қалыптастырушы өнеркәсіптердің әлеуметтік серіктестігін дамытып, қала халқының денсаулық сақтау, тұрмыс жағдайын көтеру, экологиялық жағдайы мен жас өркендерді тәрбилеуді жақсартудағы олардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру қажет;
1стратегиялық мақсат «Көріністен жобаға көшу» (төмендегіні қараңыз) «Аймақты территориалық тұрғыдан тиімді ұйымдастыру» матрицасында беріліп отыр, мұнда қатан инфрақұрылым даму бағдарламалары мен институтционалдық даму мәселесі келтірілген. Адам ресурсы, бизнес ортаның жақсару және экологиялық мәселелер мен жаңа өндірістер ашу 1, 2, 3 және 5 стратегиялық мақсатта көрсетілген.
Астана қаласының Осакаровск ауданың «даму аймағы»
Қазақстан Респубикасының астанасына жақын орналасуына байланысты Осакаровск ауданының « даму зонасы» Астана қаласының даму аймағына ұқсас, келешекте ол Қарағанды, теміртау қалаларының даму аймағына қосылуы мүмкін .
Алғашқы кезеңдегі міндеттерді шешуде астана қаласының даму зонасының концепциясын жасау қажет және инфрақұрылымдардың экономикалық потенциалын дамытудың жоспарларын құру қажет болып отыр. Даму концепциясы мен іс шаралар жоспарын жасауда Астана қаласының стратегиялық даму бағыттарын ескере отырып, « Ұлттық және айматық дәрежедегі жетекші қалаларды қалыптастыру» тарауында келтірілген негізгі мәселелерді де шешу қажет.
Осакаровск ауданының стратегиялық даму бағыттарына транспорттық қатынас, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен өндірісті жаңа кәсіпорындар ашу арқылы одан әрі әртараптандырып, ауылшаруашылық секторын дамыту қажет болып отыр. Жалпы ауылшаруашылық өнімдерін ұсақ тауарлы сипаттан ірі және орта шаруашылық есебінен бұл ауданның ауыл шаруашылығын индустриалдық негізде (кәсіби фермерлік шаруашылық) деңгейіне көтеру керек. Бұл ауданның ауыл шаруашылығын жандандырудың бірден бір шарасы ретінде астана қаласының нарықтарын ауылшаруашылық өнімдермен қамтамасыз ететін аймақаралық сауда-саттық мекемелер кооперациясы құрылу керек.
Қазіргі кезде Қарағанды Теміртау агломерациясы мен Осакаровск ауданының Астана қаласының жүйелік «даму зонасына интеграциясы» болып отыр: оған территориалық орналасу жақындығы, экономикалық қарым қатынас, еңбек миграциясы кіріп отыр. Даму зонасын дамытудағы ең негізгі фактор, бұл бизнеске жағдай жасау: инфрақұрылымдарға инвестициялар тарту, аймақаралық басшылықтардың жақсы қарым қатынасы және т. б. Бизнес икейін өз бетімен дамып, кеңістікті игеріп алады, себебі зоналық (агломерациялық) тиімділік бизнес жүргізудің шығындарын азайтады.
Астана Қарағанды алты тараулы жоғары жылдамдықты автотрассасының соғылуы жүйелік даму зонасын одан әрі дамыта түседі. Территорияны маятникті еңбек миграциясы мен тығыз экономикалық қатынас құрап отыр.
Астана Қарағанды трассасының өн бойына жоларалық қонақ үй қызметі, сауда нүктелері, жөндеу шеберханалары орналасатын болады. Қарағанды Теміртау агломерациясы, Осакаровск ауданы Астана қаласының дамуына өз үлестерін қосатын болады және қаланың еңбек ресурсына, құрылыс материалдарына, тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұранысын қамтамасыз етіп, отыратын болады. Қарағанды Теміртау агломерациясының еркін экономикалық зонасы бойынша жер учаскелері беріліп, жоғары қосымша құнды өнім өндіруші жаңа өндірістер құру үшін инфрақұрылымдар жолға қойылады. Астана қаласының кәсіпорындары мен Қарағанды облысының басқа аудандарының кәсіпорындарына Қарағанды қаласында құрылған транспорттық логистикалық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, қызмет көрсетудің басқа да түрлері дамиды: консалтингтік, ғылыми-зерттеу, медициналық, мамандарды дайындаудағы және қайта оқытудан өткізудегі жарнамалық қызметтер көрсетіледі.
Жетекші қалалларға жақын орналасқан ауылдық территориялар10
Олардың стратегиялық даму бағыттары төмендегідей болып отыр:
-
Селолық үй шаруашылықтарын ауылшаруашылық кооперативтеріне біріктіру;
-
Ауылдық территориялар мен жетекші қалалардың дамуына қатысты механизмдерін жасау мен жүзеге асыру керек, оларды үздіксіз ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыру керек және жергілікті ауыл шаруашылы өнімдерін өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет болып отыр;
-
Мал шаруашылығы мен өсімдік өсіруді жетілдіру, жетекші қалаға жақын орналасқан ауылдық жерлерде ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу жөнінен агроиндустриалдық кешендер салу қажет;
-
Негізгі және айналымдық қордың қазіргі заман талабына сай формасы мен қайта өндіру әдістемелерін пайдалану және лизинг, қамсыздандыру, микронесиелеу жолдары арқылы оларды инвестициялау керек болып отыр;
-
Коммуналдық қызмет көрсету саласының жұмыстарын дұрыстау және қамсыздандыру мен мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту қажет;
-
Елді мекенді автобус қатынасымен толық қамту бойынша қамсыздандыру.
Ауылшаруашылығының одан әрі дамуы негізінен шаруа қожалықтарының дамуына байланысты болып отырғанымен, үй шаруашылығының үлес салмағы да дамып отыр. Ауылдық территорияларда ұсақ тауарлы ауылшаруашылық өнімдері басым болып отырғанына Үй шаруашылығының ауқымы шағын және оларға төмен инвестициялық белсенділік пен жинақтауға деген құштарлық тән болып отыр. Қазіргі таңда көптеген шаруа қожалықтары жер учаскесін ала отырып, ештеңе жасамай қол қусырып отыр. Осыған байланысты жерді инвентаризациялау керек, соның нәтижесінде аймақта тиімсіз қоладанып отырған жерлер анықталады. Осылайша, пайдаланылмаған жер үлесі есебінен шаруа қожалықтарының санын көбейту мүмкіндігі бар.
1стратегиялық мақсат «Көріністен жобаға көшу» (төмендегіні қараңыз) «Аймақты территориалық тұрғыдан тиімді ұйымдастыру» матрицасында беріліп отыр, мұнда қатан инфрақұрылым даму бағдарламалары мен институтционалдық даму мәселесі келтірілген. Адам ресурсы, бизнес ортаның жақсару және экологиялық мәселелер мен жаңа өндірістер ашу 1, 2, 3 және 5 стратегиялық мақсатта көрсетілген.
Бағдарламалар мен жобалардың стратегиялық 4 мақсаты «Көріністен жобаға көшу» матрицасында көрсетілген.
«КӨРІНІСТЕН ЖОБАЛАРҒА ДЕЙІН» МАТРИЦАСЫ - 4 мақсат «Аймақтың тиімді аумақтық ұйымдастыру»
Мақсаттар (М)
|
Міндеттер (М)
|
Бағдармалар (Б)
|
Жобалар (ж)
|
№
|
4 Мақсат:
Аймақтың тиімді аумақтық ұйымдастыру
|
М4:М1:
Қарағанда-Теміртау қалаларын ұлттық деңгейдегі үлгі қалалар ретінде қалыптастыру, ал Балхаш-Жезқазған-Сәтпаев қалаларын – аумақтық деңгейдегі үлгі қалалар ретінде қалыптастыру
|
М4:М1:Б1:
Қалалардың инфрақұрылымдық дамуы
|
М4:М4:Б2:ж1: ЖЭС-4 Қарағанды қаласындағы құрылысы
|
39
|
М4:М1:Б1:ж2:
Қарағанда, Жезқазған, Балхаш қалаларын құрылыс салудың бас жоспарын қабылдау
|
40
|
М4:М1:Б1:ж3:
Теміртауда ҚарГРЭС-тің қуаттылығын кеңейту
|
41
|
М4:М1:Б1:ж4:
Жезқазған қаласында ЖЭС-2 құрылысы
|
42
|
М4:М1:Б1:ж4:
Қағыл және Қожамесіт кенінің жер асты суларын қайта бағалау- Жезқазған қ. су қорын және көздерін нақты құру
|
43
|
М4:М1:Б1:ж4:
Жезқазған қ. Эскулин су жинағышына дейін топтық су таратқыштың құрылысы
|
44
|
М4:М1:Б1:ж8:
Жезқазған транспорттық инфрақұрылымды дамыту- Қызылорда-Жезқазған Арқалыққа шығуымен темір жолдың құрылысы
|
45
|
М4:М1:Б2:
Үлгі қалалардың институционалдық дамуы
|
М4:М1:Б2:ж1:
Үлгі қалалармен стратегияларды әзірлеу
|
46
|
М4:М1:Б2:ж2:
Аумақтық даму стратегияларын, муниципалды даму, стратегиялық менеджмент және жобалауды әзірлеу мәселелерін үлгі қалалардың экономиканы және бюджеттік жоспарлау департаментінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
|
47
|
М4:М1:Б2:ж3:
Ағылшын тілін стратегиялық даму, инвестицияларды тарту барысындағы жауаптыларды, қызмткерлерді оқыту
|
48
|
М4:М1:Б2:ж4:
Бизнес-талдау және қызметтерді қосарлану жолының деңгейі қала және облыс арасындағы сыртқы коммуникацияны, облыстың және үлгі қалалардың әкімшілігінің ішкі коммуниацияларын жақсарту
|
49
|
М4:М1:Б2:ж5:
Мүделлі тараптармен (бизнеспен, қоғамдық ұйымдармен) аймаққа маңызды құжаттарды келісу тәжірибесін енгізу
|
50
|
М4:М1:Б2:ж6:
Балхаш қаласына жататын шекара бойындағы және көл бойындағы аймақтарға ұсыныстарды дайындау
|
51
|
М4:М2:
Астана қ. «даму аймағы» дамуы
|
М4:М2:Б1:
Инфрақұрылымдық структуралық даму
|
М4:М2:Б1:ж1:
Автомобиль жолдарын жөндеу және олардың күтімі
|
52
|
М4:М2:Б2:
Осаровск және Нұра аудандарының институционалдық дамуы
|
М4:М2:Б1:ж2:
Аудандардың елді мекендер арасындағы траспорттық қатынастарын жақсарту
|
53
|
М4:М2:Б2:ж1:
Астана қ. Стратегиялық дамуын есепке ала отырып, Осакаровск пен Нұра аудандарының даму тұжырымдарын әзірлеу
|
54
|
М4:М2:Б2:ж2:
Кәсіби қоғамдастықтармен, МЕҰ ынтымақтастығымен шағын және орта кәсіпорындардың менеджерлер мен басқарушылардың біліктілігін арттыру
|
55
|
Достарыңызбен бөлісу: |