Бүгінгі таңда аймақтардың экономикалық даму нәтижелері олардың жедел өзгермелі халықаралық және ұлттық деңгейдегі нарықтық қатынастарға тезірек бейімделу қабілетіне байланысты болып отыр.
Аймақтардың келешектегі экономикалық жағдайын жақсарту үшін стратегиялық тұрғыдан жоспарланған экономикалық даму бағыттары пайдаланылып отыр.
Жергілікті экономикалық даму (ЖЭД) аймақтың (қаланың) экономикалық потенциалын қалыптастыра отырып, аймақтың болашақтағы экономикалық дамуын жетілдіріп, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді көздеп отыр.
Экономикалық дамуды жетілдіріп, аймақтың тұрғындарын еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған осындай күрделі процесске жеке меншік иелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірлесе отырып ат салысуы тиіс.
Әрбір қала мен елді мекен экономикалық дамуды жетілдіруге қолайлы өзіндік жергілікті жағдайларымен сипатталады. Аталмыш жергілікті жағдайлар экономикалық даму стратегиясын ендіру мен қалыптастыруға негіз бола алады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жергілікті күшті экономиканы қалыптастыру үшін қауымдар жергілікті жердің әлді, әлсіз жақтарын және мүмкіндіктері мен қауіптерін ескере отырып, бірлескен стратегиялық тұрғыда жоспарланған іс әрекеттер жүргізуі тиіс.
Бұндай процесс аймақтарға деген бизнестің, жұмысшы күші мен жәрдем институттарының қызығушылығын арттырады.
ЖЭД тәжірибе жүзінде 1970-шы жылдардың басында қолға алынды, сол кездері жергілікті басқару органдары аймақтар мен қалаларды экономикалық жағынан нығайтудың қажеттілігін білді.
Жеке секторларды дамытудағы келеңсіздіктерді жойып әлеуметтік –экономикалық дамуды белсенді түрде зерттей отырып, нығайту мақсатында стратегиялық бағдарламалар мен жобалар қабылданып отырылды. Осылайша, аймақтар өзінің экономикалық базасын ұлғайтып, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етіп отырды.
Қазіргі таңда қалалар мен аудандық жерлердің алдында бұдан да зор мақсаттар қойылып отыр, ол дегеніміз аймақтардың жергілікті экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлы түрде жүргізу қажеттігінің зор маңызы бар екенін көрсетеді.
Жергілікті экономикалық даму эволюциясы
ФОКУС
|
ҚҰРАЛДАР
|
1960-жж. бастап 1980-жж. басына дейін.
|
| -
Жергілікті районың сыртқы мобилдық өндіріске инвестицияларды тарту
-
Ірі компаниялар үшін субсидиялар
-
Берік инфрақұрылымға инвестицияларды жүзеге асыру
(тек мемлекеттік секторы үшін)
| -
Ірі гранттар, салықтардың мөлшерлерің төмендету, өндірістік инвесторларға жұмсақ несиелер
-
Берік инвестицияларға субсидтенген инвестициялар
-
Арзан жұмыс күшін жалдау арқылы өндірістік шығындардың төмендету фокусы
|
1980-жж.-нан 1990-жж. ортасына дейін
|
| -
Бар болған жергілікті кәсіпорындардың сақтауы мен дамуы
-
Ішкі инвестицияларды тарту кезінде оған үнемі акцент жасау, бірақ әдетте, нақты салаларға немесе белгілі географиялық жерлерге бағытталған әрекет
(мемлекеттік сектордың басшылығымен)
| -
Бизнестің бөлек субъекттеріне тіке төлемдер
-
Жұмысқа арналған бизнес-инкубаторлар/аумақтар
-
Техникалық кеңес беру, шағын кәсіпорындарды қолдау және тренингтер өткізу
-
Жаңа кәсіпорындардың шығаруын қолдау
-
Берік және жұмсақ инфрақұрылымдарға инвестциялар
|
1990-жж. аяғы
|
| -
Іскер ахуалын түгелімен жайлы қалыптастыру
-
Жұмсақ инфрақұрылымдарға инвестициялар (мысалы, адам қорларын даму, біліммен алмасу, реттеуді рационалдау)
-
Мемлекеттік-жеке әріптестік
-
Жалпақ жұрттың берекесі үшін жеке сектордың инвестицияларын қолдану
-
Жергілікті тұрғындар және әлеуетті инвесторлар үшін өмірдің сапасын жақсарту
-
Жергілікті артықшылықтар тұғысынан қарағанда, ішкі инвестицияларды тарту
(әдетте мемлекеттік сектордың басшылығымен)
| -
Жергілікті іскер аухалын жайлы қалыптастыруға бағытталынған біріктірілген стратегия
-
Жергілікті компаниялардың дамуын ынталандыру
-
Жергілікті қоғамның арасында қарымқатынастарды және ынтымақтастықты дамыту
-
Бірлескен іскер байланыстарды дамыту
-
Еңбек күшті дамыту және жұмсақ инфрақұрылымды қамтамасыз ету
-
Өмір тіршілігінің сапасын жақсартуына қолдай жасау
-
Қызмет көрсету секторына және өндірістік секторына акцент жасау
-
Экономикалық байланысқан бизнес кластерлерді ынталандыру
Аумақтық және жергілікті экономикалық даму бағдарламасын енгізу
|
Тарау 1. Жұмысты ұйымдастыру
Бұл тарауда қысқаша түрде Стратегияны жасау процессі сипатталып, жұмыс жасау барысында пайдаланылған әдістемелерге нұсқау келтіре отырып, процесстің бірізділік схемалары мен мүдделі тараптардың қатынасы беріліп отыр.
Жоғарғы тарауларда көрсетіліп отырғанындай, Стратегия - Дүние жүзілік территориялық Даму Банксінің әдістемелік нұсқауларына сәйкес жасалынған. ( www.worldbank.org/urban/led).
Аймақтық стратегиялар жасау процессі бес кезеңнен тұрады:
-
Ұйымдастыру жұмыстары
-
Жергілікті экономика болжамы
-
Стратегияларды жасау
-
Жүзеге асыру
-
Мониторинг пен баға
Ұйымдастыру жұмысы және аймақтық экономикаға берілетін баға бойынша тарауларға барлық ұйымдастыру шаралары мен зерттеу қорытындылары жатады, сонымен Стратегия – болжам, мақсат, міндет, бағдарламалар мен жобалар сияқты 5 бөліктен тұратын матрица болып отыр.
3 тарауда осы матрицаның 5мақсаты беріліп отыр, онда мақсаттан туындайтын міндеттер, бағдарламаларды іске асыруға қажетті жобалар келтірілген.
Жұмысты ұйымдастыру кезеңінде Қарағанды облыс әкімшілігінде құрылған Жұмысшы топ стратегияның алдын ала жоспары мен соңғы түрін қарады.
Қарағанды облыс әкімшілігіне қарасты Жұмысшы топ келесі құрамнан тұрады:
-
Экономика мен бюджеті жоспарлау Департаменті;
-
Кәсіпкерлік пене өнеркәсіп Департаменті;
-
Қаржы Департаменті;
-
Әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекпен қамтуды үйлестіру жөніндегі Департамент;
-
Мәдениет Департаменті;
-
Денсаулық сақтау Департаменті;
-
Білім беру Департаменті;
-
Ауылшаруашылық Департаменті;
-
Пассажирлік көлік және автомобиль жолдары жөніндегі Басқарма;
-
Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану жөніндегі Басқарма
-
Қоршаған ортаны қорғау Басқармасы ;
-
Облыстық миграция Басқармасы;
-
Қарағанды облыстық кәсіпкерлер Ассоциациясы.
Стратегияны жасаушы жобалық топ ААҚ «Маркетинг – аналитикалық зерттеу Орталығының» мамандарынан тұрады.
Дүние жүзілік территориялық Даму Банкі әдістемелік көмек көрсетті.
Стратегияны аймақтық деңгейде жасауға қатысушылар негізінен ҒЗИ басшылығы мен мамандарынан, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларының әкімшіліктеріндегі экономика және бюджетті жоспарлау департаменттерінің мамандарынан, кәсіпкерлер мен өнеркәсіп қызметкерлерінен тұрады.
Стратегияның бастапқы түрі бойынша Қарағанды қаласында 5-тен астам көрмелер өткізіліп, Жезқазған, Балқаш қалаларында семинарлар жүргізіліп, Қарғанды, Балқаш, Жезқазған әкімшіліктері және облыс кәсіпкерлері, жоғарғы оқу орындары, кәсіпкерлер ассоциациясы, экологиялық мәселелер бойынша мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен кеңесу шаралары өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |