2007 жыл мазмұны кіріспе 3 Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе 4 Тарау Аймақ бағасы 9


Әлемдік, ұлттық, аймақтық экономикасы бойынша облыстың бәсекеге қабілеттілігінің сандық бағасы7



бет6/13
Дата16.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#138271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2.6. Әлемдік, ұлттық, аймақтық экономикасы бойынша облыстың бәсекеге қабілеттілігінің сандық бағасы7


Әлемдік, ұлттық, аймақтық экономикасы бойынша облыстың бәсекеге қабілеттілігінің сандық бағасы RCA (Revealed Comparative Advantage) индексінің негізінде болып отыр

Тауарлық номенклатураның сыртқы экономикалық қызметі бойынша республика облыстарының RCA көрсеткіші есептелінді.

Қорытындылары негізгі үш топқа біріктірілген:


  1. RCA >1 төмен көрсеткіші бар тауарлық топ. Бұл тауарлар экспортқа арналған, сыртқы нарыққа шығарылып отыр.

  2. RCA көрсеткіші бірден төмен, 0-ден жоғары тауарлық топ. Тауарлар республикалық нарықта жүзеге асып отыр.

  3. RCA >1 кем көрсеткіші бар тауарлық топ. Бұл топ тауарларының , ұлттық республикалық нарық бойынша да экспорттық потенциалы жоқ әлемдік, олар тек облыс ішінде ғана тұтынылатын тауарлар болып отыр.

10 кестеде көрсетілген ТН ВЭД топтары сыртқы нарыққа бағытталған экспорттық тауарлар болып отыр. Облыстың негізгі экспорт тауарларына төмендегілер жатады:

  1. пластмасса және пластмассадан жасалған бұйымдар; каучук пен резина бұйымдары;

  2. асыл және жартылай асыл тастар, қымбат металдар; бижутерия; монеталар;

  3. асыл емес тастар және олардан жасалған бұйымдар;

  4. әртүрлі өндірістік тауарлар;

соның ішінде:

– мебель өндірісі мен басқа топқа кірмей қалған тағы басқа да өнімдер (жалпы өнімнің 58,1% );

– өңдеуден өткен шикізат өндірісі (жалпы өндірілген өнімнің 41,9% );


  1. өнер бұйымдары, коллекция мен антиквариат заттары.

11 кестеде келтірілген ТН ВЭД тобы заттары тек Қазақстан Республикасының территориясында ғана айналымға түседі, себебі олар ішкі рынокқа арналған:

– тастан, гипстен, цементтен, асбестена, слюдадан жасалған бұйымдар;

– бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары.

12 кестеде тауарлық топтардың RCA көрсеткіші келтірілген, олардың бәсекеге қабілеттілігі болмағандықтан ішкі, сыртқы реализация үшін құндылығы жоқ.


  • тамақ өнеркәсібінің тауарлары, алкоголды және алкоголсыз сусындар, қышқыл, табак;

  • минералдық өнімдер;

  • химия және онымен сабақтас саланың өнімдері;

  • былғары шикізаты, былғары және олардан жасалған бұйымдар;

  • ағаш және ағаштан жасалған бұйымдар;

  • ағаштан немесе талшықты материалдардан жасалған қағаз;

  • тігін және тоқыма бұйымдары;

  • машиналар, құрал-жабдықтар мен механизмдер; электротехникалық құралдар;

  • жер, әуе және су транспорт құралдары, олардың бөлшектері мен керек- жарақтары;

  • оптикалық приборлар мен аппараттар, фотографиялық құралдар және тағы басқалар; часы; музыкалдық аспаптар;

  • тірі хайуанаттар мен малшаруашылығының өнімдері;

  • аяқ киім мен бас киімдер, қолшатырлар, таяқшалар, құс қанаттары, қолдан жасалған гүлдер, шаштан жасалған бұйымдар;

  • өсімдік өнімдері.

Кейбір тауарлық топтардың экспортқа шығарылған өнімдері бойынша (мәселен, тамақ өнімдері) Қарағанды облысы басқа облыстар арасында алдыңғы орын алып келе жатқанына қарамастан, импорт өнімдері экспорттан басым болып тұр.

Жүргізілген анализ Қарағанды аймағын дамытып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда орын алатын экономика салаларын айқындап берді. Сонымен, облыс үшін келесі өндіріс салаларын:

– реизна мен пластмассадан бұйым жасау өндірісін;

– тау-кен өндірісін, әсіресе, метал емес минералдық ресурстарды өндіру; металдық рудалар мен дайын метал өндірісін;

– асыл материалдарды өңдеу өндірісін (алтын бұйымдар, монета, медаль жасау өндірісін);

– ағаш өңдеу өндірісін (дүние жасау), өңделген шикізатты қайта өңдеуден өткізу өндірісін экспортқа бағыттау қажет болып тұр.

Республика бойынша Қарағанды облысы метал емес заттардан: цемент, әктас, асбестоцементтен жасалған бұйымдардан экспорт өнімдерін өндіруді алға қойып отыр.

2.7. Қарағанды облысы мен оның ірі қалаларының әлемдік, ұлттық, аймақтық деңгейде алар орны


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму стратегиясының жағдайларына сәйкес Қарағанды облысының динамикалық дамуын аймақты сыртқы интеграцияға апаратын, экономикалық тұрғыдан белсенді жетекші қалалар қамтамасыз ететін болады.

Жетекші қалалар екі түрлі дәрежеде болып отыр:

1. Ұлттық дәрежеде. Қарағанды, Теміртау қалалары, Сары-Арқа макроаймағының орталығы.

2. Аймақтық дәрежеде. Балқаш, Жезқазған-Сатпаев қалалары.

Қарағанды, Темиртау, Балқаш және Жезқазған қалалары төмендегі потенциалдық факторлар бойынша жетекші қала болып отыр:


  • экономикалық жағынан үлкен қала және басқару орталығы;

  • транспорт торабы және ішкі-сыртқы транспорттық коридорда орналасқан;

  • потенциалдық ішкі және сыртқы рынокторға жақын орналасқан.

Жетекші қалалар қала стратегиясының даму жоспарына сәйкес әлемдік, ұлттық және аймақтық дәрежедегі алар орнына қарай дамитын болады. Өзіне шағын қалалар мен ауылдарды біріктірген бұл жетекші қалалар аймақтық кластерлер жасауда және кәсіпкерлікті белсенді дамытуда катализатор болады.

Ұстанымдық бойынша маркетинг зерттеулерінің нәтижелері


Аталмыш бөлімде Қарағанды облысының әлемдік, ұлттық, аймақтық дәрежеде алар орнына Қарағанды облысының экономика және бюджетті жоспарлау Департаментінің ұсынысы бойынша аймақтық дамудың ғылыми зерттеу институты жасаған қысқаша мазмұндамасы беріліп отыр. Облыстың өндірістік сипаты жетекші қалалр үшін осы ұстанымның негізгі тірегі боолып отыр. Бұл қалалардың өндірісі нақты мамандандырылған өндіріс болып олтыр, бір ғана өндіріс саласы қаланың өнеркәсіп өнімдерінің 90% астамын бере алады. Теміртау қаласы бойынша бұндай өндіріс-қара металлургия болса, Балқаш, Жезқазған қалалары үшін – түрлі-түсті металлургия, ал Қарағанды қаласы әртүрлі өнеркәсіптерден тұрады, негізгі өндіріске көмір, тамақ мен машина жасау өнеркәсібі жатады. Қарағанды облысының ірі қалаларына орта есеппен облыстың барлық өндірісінің 90% жатады.

Қосымша 3 Қарағанды қаласының салалар бойынша ұстанымдық картасы: басқа қалалармен салыстырғанда Қарағанды қаласында өндірістік кәсіпорындар көп болып отыр. Олардың ұстанымдық жағдайы орташа дамыған салаларға- көмір өндірісі, тамақ, машина жасау өнеркәсібі және дайын бұйымдар шығару өнеркәсібіне байланысты болып отыр.

Теміртау қаласының ұстанымдық картасы: Теміртау қаласының ағымды жылғы және келешектегі ұстанымдық бағыты қара металлургияға байланысты болып отыр (ААҚ «Миттал Стил Теміртау» өнімі Теміртау қаласы бойынша барлық өндірістік өнімнің 90% ). Бұдан басқа да айта кетер жайт, басқа салалар үлесінің де айтарлықтай маңызды болуы: (ААҚ «Централ Азия Цемент»), құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорны мен кальций карбиды мен силикомарганец өндіруші (ЖШС «ТЭМК») ерекше көзге түсіп отыр.

Бұл жерде қосымша түрде айта кететін жайт, негізгі қорлардың хал- ахуалының төмендігінен, ірі және әлеуметтік маңызды тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары бәсекеге қабілетті емес болып отыр: ЖШС «Бидай нан»

(бәсекелес кәсіпорын өнімдері (шағын наубайханалар) ішкі рынокта арзан болғанымен, сапасы жағынан төмен болып отыр).

Жезқазған қаласының ұстанымдық картасы: ағымды жылғы және келешектегі қаланың ұстанымдық жағдайы түрлі-түсті металлургияның дамуымен байланысты болып отыр. Келешекте ұстанымдық бұдан басқа да экспортқа бағытталған сирек кездесетін металдар мен мырыш сульфиті өндірісінің дамуына және (РГП «Жезқазған сирек металлл»), құрылыс материалдарын өндіруші (ЖШС «Еркин Огнеупор», ЖШС «Еркин Кварц», ЖШС «АША-1») байланысты болады.

Балқаш қаласының ұстанымдық картасы: ағымды жылғы және келешектегі ұстанымдық бағыты– түрлі-түсті металлургияны ( мыс балқыту заводын, мырыш пен цинк заводын) дамытуға байланысты болып отыр. Сондай-ақ, ЖШС «Қазақмыс корпорациясының» күкірт қышқыл цехын ашуы – күкірт қышқылын өндіруді жолға қоюға септігін тигізеді. Жалпы алғанда, өндірістік кәсіпкерліктің нашар дамуын атап өткен жөн.

Сарань қаласының потенциалын қолдана білу керек, болашақта тиімді пайдаланған жағдайда, бұл қала Қарағанды облысындағы жайнаған қаланың бірі бола алады. Оның негізгі ірі кәсіпорны - ААҚ «Сараньрезинотехника». Болашақта осы кәсіпорыннның өнімдерінің негізінде химия өнеркәсібін дамытуға болады: ЖШС «ПКФ «Тибет» ( үрлемелі полиэтилен құбырлары, ток өткізгіш құбырлар), ЖШС «Восход» ( ауылшаруашылығы мен мұнай өндіру саласына арналған резина техникалық өнімдер), ЖШС «Карат» ( жасанды жамылғылар өнімі).

Ағымды жылғы ұстанымдық бағытына сай жетекші қалалар мен оларға қарасты ауылдық мекендердің стратегиялық даму бағыттары айқындалып отыр.

Қарағанды облысының ұстанымдық бағытын анықтау- облысты тек төмен қосымша құн өндіруші ғана емес, аймақты орта және жоғары технологиялық продукциялармен жабдықтаушы және кең көлемдегі қызмет көрсетуші (сауда-логистикалық, көлік-ақпараттық, қаржы және білім беру) тұрақты экономикалық жүйе болуына мүмкіндік береді.


Жетекші қалаларға жақын орналасқан елді мекендердің әлеуметтік экономикалық жағдайына жасалған талдауы 7
Қарағанды облысының жетекші қалаларының ішінде тек Жезқазған қаласына ғана жақын селолық территориялар бар. Жезқазған қаласының құрамына үш селолық округ кіреді: олардың орталықтары Талап, Кеңгір және Малшыбай селоларында орналасқан. Сондай-ақ Кеңгір селолық округқа Теректі, Қорғанбай, Түйемойнақ елді мекендері жатады.

2006 жыл көрсеткіші бойынша Жезқазған облысының селолық тұрғындар саны 4673 адам болып отыр. 1999 жылы жүргізілген санақ нәтижесі бойынша халық саны 5200 болыпты, ал қазіргі уақытта халық саны азайып отыр.

Жезқазған аймағының жалпы жер көлемі 917,2 мың гектар, оның тек 549 гектары егістік жерлер болып отыр.

2006 жылдың 1 қаңтар көрсеткіші бойынша Жезқазған қаласында 173 шаруа қожалықтары бар, олар негізінен малшаруашылық өнімдерімен айналысады. Олардың 140 жұмыс іcтеп тұр. 2005 жылы барлығы 3727 тонна сүт, 1102 тонна ет (мал мен құстың сойылғандағы салмағы), 7250 мың дана жұмыртқа өндірілд. Малшаруашылық өнімінің көлемі мал мен құстың өсуіне байланысты болды. 4 елді мекенде денсаулық сақтау бөлімшелері бар, оның екеуі (Теректі және Қорғанбай) селоларында 2001-2002 жылдары ашылған болатын.

Теректі ауыл оқушыларының саны 1 адамнан асады, 5 мектеп жұмыс істеп отыр, оның 3 орта білімді мектеп және 2 аяқталмаған орта мектеп. Ауылдық мектептерде мұғалімдер саны жеткілікті.

Теректі ауылында кітапхана жоқ, бір клуб бар.

Барлық елді мекендерде байланыс бар: Кеңгір селосында – 256 номерге арналған АТС, Талап селосында – 96 номерге арналған АТС, Малшыбай селосында – 20 номерге арналған АТС бар.

Кеңгір мен Талап селоларының тұрғындары ауыз суды Жезқазған қаласынан тасып ішеді. Жолдардың техникалық хал - ахуалы автокөліктерді жүргізудің қауіпсіздік талаптарына сай емес.



Қарағанды облысының басымдылықтық SWOT –талдаудың матрицасы


Қарағанды облысы үшін басымдылықтық SWOT –талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А. Басымдылығы

Үлкен табиғи әлеует

Минералды, су, рекреациондық

Бай минералды қорлар кенінің барлығы
Кенттенудің жоғары деңгейі (республика жөнінде)

(әуежайлары бар ірі қалалардың барлығы)


ҚР орталығында облыстың аумақтық жайғастыруы, Астананың еркін экономикалық аймағына жақындығы
Жергілікті атқарушы үкімет жергілікті қоғамдастықпен (кәсіпкерлікпен, МЕҰ, жоғары оқу орындармен және т.б.) өзара әрекеттесуіне байланысты мүдделіктері
-----------------------------------------------------

B Басымдылығы



Орташа ҚР-нан жоғары білімі бар мамандардың жоғары пайызы салыстырғанда жоғары болып табылады
Маңызды ғылыми-зерттеу әлеуетті
-----------------------------------------------------

С Басымдылығы

Кәсіпкерлікке көмектесуші және дамытуына байланысты ұйымдар мен жобалардың қатысуы (бизнес-инкубатор, аумақтық технопарк UniScienTeсh, Индустриалдық аймақ , ӘКК «Сары-Арқа»)

халықты жұмыспен қамтамасыздандыруын қолдау мақсатында мемлекеттік органдар, кәсіподақтар және жұмыс берушілердің арасында нығайтылған әлеуметтік әріптестік


Тұрғындардың белсендік кәсіпкерлік қабілетті

А. Басымдылығы

Бірталай транспорттық жолдардың ұзындығы, жоғары транспорттық шығындар, әкімшілік орталықтар Қарағанды қаласынан алыс болуы (Ұлытау ауылынан макс. Қашықтық-653 км.)
Энергетикалық қуаттылық дамуының жеткіліксізі (энергодефицит) аумақтық экономиканың дамуың имендіреді
Металлург және қазып шығаратын салаларда инвестициялардың шоғырлауы

тиісінше, экономиканың басқа секторларына жеткілікті инвестициялау


Өнімділіктің дамуын артта қалған технологиялар имендреді,

Қарағанды облысының ғылыми-іздеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға ЖАӨ жөнінде арналған шығындары төмен, «ноу-хау» бойынша коммерциализациялау зерттеулердің жоқтығы

-----------------------------------------------------------

B Басымдылығы
Кәсіпкерлік үшін жағымсыз жағдайлар (қаржы, әкімшіліктік,құқықтық )
Маңызды өндірістік және инновациялық салаларда «тар көлемді» мамандардың жетіспеушілігі, денсаулықты сақтауда жеткіліксіз қолдау көрсету – «көк жағалардың» жетіспеушілігі, яғни (жұмысшылардың), жұмыстың жағымсыз жағдайы салдарынан (денсаулыққа қауіпті)

----------------------------------------------------------



С Басымдылығы
Экологиялық жағдайдың нашарлауы, қайта өндеуде, қалдықтарды пайдалануда және өндірістік шығындардыжерге көму кезінде өндірістік қуаттың жоқтылығы



Мүмкіндіктер

Қатерлер

А Басымдылығы
Шикізат емес салалардың даму жолымен әртараптандырылған және жігерлі экономиканы құру (қайта өндірілген өнеркәсіп), шетел және жергілікті инвестицияларды тарту үшін әлеует, жаңа /тиімді технологияларды пайдалану және басқа экономика секторларында, металлургиялық өндірісте, өндеу салаларында ортаны ластайтын қауіпсіздік стандартын арттыру
Инфрақұрылымды дамыту (трансконтиненталдық транзиттық жүйелерді жақсарту; аймақаралық жүйелерді құру)

----------------------------------------------------В Басымдылығы


Бизнес-ахуалын жақсарту, инвестицияларды тарту, шағын және орта бизнестің дамуы, олқылықты жобалар және интситуттар қызметі арқылы жалпы экономиканың дамуы және жаңа еңбек орындарын құру, сонымен бірге ӘКК «Сары-Арқа», индустриалдық аймақ, технопарк сияқты кәсіпкерлік қызметтерді дамуын қалыптасады
-----------------------------------------------------

С Басымдылығы
Жастарды және жұмыссызларға кәсіби қайта даярлауды жетілдіру үшін дамыған білім инфрақұрылымың құру
Демалыс/туризм аймақтарың, медициналық, консалтингтік, транспорттық-логистикалық және басқа қызметтер түрлерінің даму әлеуеті
Демалыс/туризм аймақтарды, медициналық, консалтингтік, траспорттық-логистикалық және басқа қызметтер түрлерінің салаларың дамыту әлеуеті

А Басымдылығы
Облыстың экономикасы кейбір экспорттқа бағытталынған салаларға артық тәуелді, мысалы металлургия және металлды қайта өндеу
Шикізат және қайта өндеу тауарларына жататын облыс экономикасының маңызды тауарларына құбылма құндары

----------------------------------------------------------

В Басымдылығы
Қайта өндірілген өнеркәсіпте инвестициялардың жоқтылығы негізгі қорлардың былайғы тозуы аймақтық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және импорттың үлғайуын, сонымен бірге жергілікті нарықта ұстанымдардың жоғалтуына жол береді.
Пайдалы кендерді шығарумен байланысты экологиялық жағдайдің нашарлауы
Кәсіпорындарда қолайсыз еңбек жадайларымен байланысты еңбек күшінің жетіспеушілігі
---------------------------------------------------------

С Басымдылығы

Ғылыми-зерттеу ұйымдардың тозуына және жоғары білікті мамандардың кетуіне байланысты бар болған аймақтық ғылыми әлеуетінің жоғалтуы




Нәтижелер: Қарағанды облысында маңызды табиғи потенциал, минералды шикізат запастары, табиғи-рекреациялық ресурстары, дамыған білім және ғылым ресурстары және жоғары білімді мамандар бар аймақ болып саналады. Сонымен қатар, шикізаттың экспорт бағасының төмендігінен, негізігі қорлардың тозуы мен экологиялық жағдайдың нашарлануы себебінен аймақтық экономика вертикальді интеграциялық түрде дамып отырған 3 компанияның тұрақты жұмысына тәуелді болып отыр. Бұл мәселелердің шешімі табылмаған жағдайда, аймақ экономикасы вертикальді интеграциялық түрде дамып отырған компанияларға тәуелді болуын одан әрі арттырып, жұмыс күшінің жетіспеушілігіне, экологиялық жағдайдың төмендеуіне, қолдағы бар ғылыми потенциалды жоғалтып алуға алып келеді. Экономиканы түрлендіріп, адам потенциалын дамытып, экологиялық жағдайды және инфрақұрылымды дамыту қажет болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет