Өнеркәсіптің инновациялық қызметі
2006 жылы республиканың барлық облыстарында иновациялық-пәрменді өнеркәсіптер тіркелді. Қарағанды аймағында 51 инновациялық кәсіпорын жұмыс істеп отыр, республика бойынша 132 тіркелген инновациялық кәсіпорындары бар Алматы қаласынан кейінгі 2 орынды иеленіп отыр.
Инновациялық өнімнің ең жоғарғы мөлшерін ААҚ «Миттал Стил Теміртау», ААҚ «ЗОЦМ», ӨБ «Балқаш түрлі түсті металл», ААҚ «Шұбаркөлкөмір» кәсіпорындары беріп отыр: қорғасынды үзбей құю бөлімшесі соғылды, ЛПЦ-2 суық прокаткасы орналастырылып, цинктеу және аллюминилеу жөніндегі ыстық цех жолақтарын полимермен сырлау бөлімшесі ашылды, №7 кокстық батареясы реконструкциядан өтті, латун және қола, арнайы кокс және тағы басқалардың втулкалары жасалды. Сондай-ақ өндірістік көрсеткіштер толығынан инновациалық сипатта деп айта алмаймыз. Алайда облыста нағыз ғылыми-инновациалық потенциал бар, мәселен Фитохимия институты ең танымал «Арглабин» препаратынан басқа тағы да жергілікті шикізаттан 43 емдік препарат жасап шығарды
Органикалық синтез және көмірхимия институты «Антилишай» ветеринарлық препаратын жасап шығарды. Облыс бойынша инновация ендіруші кәсіпорындар санының көбеюі байқалады, ЖШС «Алиан пейнт» француз технологиясының негізінде бояу өндіруді ендіріп, ЖШС «Карат» жасанды газон мен спорт алаңдарына жамылғы жасап отырса, ЖШС «Тибет» пропилен құбырларын, ЖШС «Онтүстік Қазақстан зерттеу институты» жарылғыш заттардың су-гелдік түрлерін жасап шығаруда.
Индустриалды-инновациялық Бағдарлама бойынша аймақтық деңгейде 2004-2006 жылдар аралығында 61 индустриалды-инновациялық бағыттағы жаңа кәсіпорын бой көтерді, осылайша 2315 жұмыс орны пайда болды, бөлінген қаржы көлемі 66,4 млрд. теңге болды.
Облыста халықаралық сапаны басқару жүйесін ендіру бағыты бойынша шаралар жүргізіліп, облыстың 96 кәсіпорнында 01.01. 2007 ИСО 9000 стандарты қабылданды.
Қарағанды облысында ғылыми білімді дамыту мен қоғамдық өнеркәсіпті дамытуға септігін тигізетін ғылыми потенциал бар. Ғылыми –техникалық потенциалдың ұйымдық құрылымына ғылыми жұмыспен айналысатын тәуелсіз қоғамдар және жоғарғы оқу орындар мен өнеркәсіптік ұйымдар мен кәсіпорындардың ғылыми зерттеу бөлімдері кіреді.
ҚР индустриалдық-инновациялық Стратегиясын 2015 жылға дейін жүзеге асыру мақсатында облыс әкиматының 2004 жылдың 20 сәуіріндегі № 08/13 қаулысы аясында ЖШС «Технопарк UniScienTech» ашылды. Технопарктың негізгі мақсаты – инновациалық бизнес пен ғылыми техникалық ресурстарды пайдалана отырып, тиімді иннновациалық орта құру болып отыр. Технопарк лабораториялық орталық ашу мәселесін, жобаны функционалдық бағытта инженерлік жинақтауға арналған (жобалық конструкторлық жұмыс жасау, жобаны техникалық және технологиялық жағынан жабдықтау жөнінен) инжинирингтік бөлімшелер ашуды қолға алып отыр.
Облыстың жоғарғы оқу орындарында ғылыми жұмыс, жоба, зерттеулерге инжирингтік қызмет көрсететін инновациялық орталықтар бар.
Техникалық және жаратылыс тану салаларында ғылыми зерттеулермен айналысатын 33 ұйым бар, оның 5 жоғарғы оқу орындары, 7 жобалық институттар, 14 ғылыми-зерттеу институттары мен жобалық ізденіс ұйымдары болып отыр, онда 1285 адам жұмыс істейді, олардың 54 – ғылым докторлары, 176 – ғылым кандидаттары.
Жоғарғы ғылыми потенциал (аймақта республика ғалымдарының 12% жұмыс істейді) зерттеу жүргізуден бастап жаңа техника мен технологияның үлгілеріне тәжірибе жасаумен аяқталатын ғылыми жұмыстың барлық кезеңдерін дамытуға мүмкіндік береді:
-
ҚАРМТУ 35 кафедрасында ғылыми-зерттеу лабораториялары бар;
-
КГМА бойынша ғылыми –техникалық 4 бағдарлама жүргізіліп отыр. Сондай-ақ, академия қызметкерлері «Байқоңыр» космодромындағы зымыран қондырғыштарының халыққа тигізер зияндығына зерттеу жүргізіп отыр;
-
Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ ғалымдары ҚР әртүрлі министрліктері жариялайтын көптеген фундаменталдық, қолданбалы инновациялық ғылыми зерттеу байқауларына қатысып келеді. Қазіргі кезеңде ғылыми тақырыптарды қаржыландырудың жыл сайынғы жалпы көлемі 40 млн. теңге болып отыр;
-
ААҚ «О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің», Қарағанды металлургиялық институттың, Ж. Абишевтің химия-металлургиялық институтының профессорлық оқытушылық құрамының қызметкерлері ғылыми зерттеу жобалары бойынша байқауларға белсенді түрде қатысып келеді.
Бизнес-орта
Адамдар ресурсы: бизнес ортаның зерттеу қорытындылары мен кәсіпкерлер Форумы өткізген анықтама бойынша сұралған фирмалардың 2/3, орналасу орны мен көлеміне қарамастан менеджмент саласында білікті мамандар табуда үлкен қиыншылықтарға ұшырап отыр. Мамандар тапшылығы әсіресе (Жезқазған, Балқаш қалаларында) бухгалтерлік есеп, финанс, бюджет жасау мен ақпараттық технологиялар салаларында байқалады.
Инфрақұрылым мәселелері:
-
Ірі және орта фирмалардың тек 2/3 бөлігі ғана электрондық пошта және Интернетпен жұмыс істеп отыр;
-
Фирмалардың аса қажетті инфрақұрылымына жолдарды жатқызып;
Инфрақұрылымның басқа элеметтерінің ішінде атап өтілген мәселелері:
-
қазіргі заман талаптарына сай өндірістік құрал-жабдықтар;
-
жабдықтау, сату және маркетинг орталықтары;
-
бизнес инкубатор және кеңес-көмек көрсету орталықтары;
Бизнес-қоғамдастығының негізгі даму бағыттары:
-
анықтама жүргізілген көптеген фирмалардың айтуынша сұрапыл бәсекелестікке ұшырап отырғандығы белгілі болды;
-
олардың басым көпшілігі өз өнімдерін тек облыс көлемінде ғана сатып отыр, бәсекелестік себебі осында жатыр;
-
барлығы дерлік бірдей өз бизнестерін келешекте дамыту мен облыстың дамуына оптимистік көзқараспен қарайды;
-
фирмалар өз бизнестерін болашағы бар секторлар мен нарықтарға сүйене отырып, дамытуды көздеп отыр.
Институционалдық баға6
Сандж зерттеу орталығы жүргізген зерттеулерге қарай институционалдық бағаның мақсатына қоғамдық, жеке, мемлекеттік секторлардың институтционалдық қабілетін анықтау мен олардың аймақты стратегиялық жобалау негізінде дамытудағы өзара серіктестігін нығайту кіреді.
Зерттеу барысында атқарушы үкімет пен бизнес және қоғамдық секторлардың мүмкіншіліктеріне баға беріліп отыр.
Жергілікті атқарушы үкімет мүмкіншіліктеріне жүргізілген зерттеу қорытындылары төменгідей болып отыр:
-
қазіргі кезде Қарағанды облысының экономикалық дамуын басқару оперативті түрде жүргізіліп отыр;
-
экономикалық негіздемеге статистика анализы, арнайы зерттеулер, кәсіпкерлермен және мемлекеттік емес ұйымдармен кеңесу қорытындылары кіреді.
Жергілікті атқарушы үкіметтің жақсы жақтары ретінде олардың жергілікті қауымдықтармен- кәсіпкерлермен, мемлекеттік емес ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен, ынталы тараптармен бірлесе жұмыс жүргізуге деген қызығушылығын айта кетуге болады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы үкіметтің қолында әлеуметтік экономикалық мәселелер бойынша ақпараттық ресурстар бар болып отыр.
Жеке және қоғамдық секторлардың жақсы жақтары ретінде олардың стратегиялық құжат жасауға қызығушылықпен қатысуын және жергілікті қауымдастық мәселелерін шешудегі белсенділігін, мемлекеттік емес ұйымдардың санының жоғары болуын және ғылыми мектептің бар болуын айтуға болады.
Стратегиялық жобалау жағдайында мемлекеттік, жеке және қоғамдық ұйымдардың тиімді түрде бірлесе жұмыс жасауына ішкі және сыртқы коммуникация кедергі келтіріп отыр. Бұл жағдайдың біден бір шешілу жолы- қызығушылық танытушы жақтарды стратегиялық құжаттарды жасауға және қорытындыларды бірлесе талқылап, мониторинг пен баға беру мәселесін шешуге жұмылдыру болып табылады. Стратегиялық құжаттарды бағалау критериилерін жасау-аймақтың стратегиялық жобалау арқылы дамытуына тиімді әсер етеді.
Шағын және орта бизнес дамуы
2007 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша Қарағанды облысы бойынша шағын бизнестің 10649 субъектісі болды, оның жұмыс істеп тұрғандарының саны - 7 373 .
Шағын бизнесте жұмыс істеп жүргендер саны 38, 3 мың адам болып отыр, жыл басында бұл санға тағы 6 мың адам қосылды.
Қарағанда облысының шағын субъектілері 2006 жылы 47 935,3 млн. теңге сомасында өнім өндірді, 2003 жылмен салыстырғанда өсім 82% болып отыр.
Қарағанды облысындағы кәсіпкерліктің жоғары белсенділігін айта кеткен жөн, кәсіпкерлікті дамытуға үкімет тарапынан жағдай жасалып отыр, мемлекеттік және қоғамдық секторлар арсында, мемлекеттік емес ұйымдармен, кәсіптік ұйымдар және ассоциациялармен серіктестік нығайып келеді, шағын бизнесті дамыту бағдарламалары жүргізіліп, шағын кәсіпкерлік Қоры жәрдем беруде.
Сонымен бірге мына мәселелерге көңіл аудару қажет болып отыр:
-
нұсқаулар мен ережелерге жиі-жиі өзгерістер енгізу;
-
жаңа бизнес ашуға жер учаскесінің тапшылығы.
2.5. Облыстың Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырмалы түрдегі анализі
Облыстың салыстырмалы анализі индустриалды-инновациялық, денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы, тұрмыстық сала, туризм және тағы басқа салалар бойынша 10 блокқа жүргізілді.
Бәсекеге қабілеттілік рейтингтік бағасы бойынша Қарағанды облысы халықты әлеуметтік қорғау жағынан алдыңғы орында келеді, білім беру саласы бойынша 2 орында, денсаулық сақтау саласы бойынша- 11 орында, индустриалды-инновация саласы бойынша – 1 орында, шағын кәсіпкерлікті дамыту жағынан – 5 орында, ауылшаруашылығы саласы бойынша – 7 орында тұрғын үй саласын дамыту жағынан – 13 орында, мәдениет пен қоғамдық қауіпсіздік жағынан – 6 орында, туризм мен қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша – 11 орында, финанс пен бюджет саласы бойынша – 3 орында келеді. 2006 жылғы жиынтық рейтингтік бағасы бойынша Қарағанды облысы республиканың басқа облыстары арасында 1 орынға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |