2007 жыл мазмұны кіріспе 3 Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе 4 Тарау Аймақ бағасы 9


Тарау 3. Қарағанды облысының территориялық стратегиялық даму сипаты



бет7/13
Дата16.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#138271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Тарау 3. Қарағанды облысының территориялық стратегиялық даму сипаты


Қазақстан Республикасының эконмика мен бюджетті жоспарлау министрлігінің аймақтарды бәсекелестік даму стратегиясының Әдістемесі мен Дүние жүзілік банктің территориялық стратегиялық даму жобасы бойынша Стратегия– болжау, мақсат, міндет, бағдарламалар мен жобалар деген бес компоненттен тұрады.

Территориялық даму Стратегиясының болжамы төмендегідей анықталады:



« Қарағанды облысы - дамыған өндірістік және жоғары технологиялы, экспортқа өнім шығаратын, бәсекеге қабілеттті қосымша құнды өнім өндіретін, Қазақстанның автокөлік және темір жолдары бойынша маңызды торабы болатын, халқының тұрмыс деңгейі жоғары аймақ болады».

2 тарауда көрсетілген аймақтық экономика бағасы, анализдер мен ақыл –кеңестер нәтижесінің негізінде төмендегідей мақсаттар айқындалды, кейінірек олар бағдарламалар мен салалық және өндірістік жобалар арқылы жүзеге асатын болады.


Стратегияның стратегиялық мақсаттары:



  1. Облыс экономикасын түрлендіру/ шикізат секторына деген тәуелділіктің азаюы

  2. Экономиканы жақсарту мақсатында адамдар ресурсын дамыту

  3. Бизнес-климатты жақсарту және шағын, орта бизнестің өркендеуіне көмек беру, әсіресе экспорттық бағыттағы өндірісті дамыту

  4. Аймақты территориялық тұрғыдан тиімді ұйымдастыру

  5. Аймақтың тұрғындарының хал ахуалын жақсарту

Стратегияның мақсат міндеттері, жобалары мен бағдарламалары төмендегі «Болжамнан жобаға көшу» деген матрицада келтірілген.



Қарағанды облысының аумақтық дамуының көрінісі

Қарағанды облысы дамыған өнеркәсіптік аймақ ретінде және дамыған, өндірілген, жоғары технологиялық өнеркәсіптік өндірісі бар, экспортқа бағытталынған және жоғары қосылған құндардың бәсекеге қабілеттілікті өнімдерді шығарады; Қазақстанның темір жол және автомобильдық жүйесінің маңызды торабы ретінде; тұрғындардың өмір тіршілігінің жоғары сапасы бар аймағы болады.







Қарағанды облысының аумақтық дамуының мақсаттары

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР




1 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ




2 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ

Облыстың экономикасын әртараптандыру/шикізат секторынан тәуелділігін төмендету




Экономикалық дамуды қамтамасыздандыру үшін адам қорларын дамыту





3 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ

Бизнес-ортаны жақсарту


4 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ

Аймақтың тиімді аумақтық ұйымдастыру

.


5 СТРАТЕГИЛЫҚ МАҚСАТ

Аймақ халықтың өмір сапасын арттыру



Стратегиялық мақсат 1

Облыс экономикасын түрлендіру / шикізат секторынан тәуелсіз болу

Келешекте Қарағанды облысы – аймақ экономикасын түрлендіру принциптеріне негізделіп, шикізат секторына тәуелсіз болып, қосымша құнды өнімдер көлемін арттырып, қазіргі заман талаптарына сай орта және жоғары технологиялармен жабдықтала отырып дамитын болады.

Уақыт көрсетіп отырғанындай, жер құнарын пайдаланушы компаниялар облыс пен ел экономикасына салық түрінде, жұмыс орындарын ашу арқылы үлес қоса отырғанымен , аймақтың экономикасын жақсартуға әр уақытта септігін тигізе бермейді, кейбір жағдайларда Қарағанды облысының машина жасау саласы сияқты өндірістік процесстерді тежеп отырады.

Сонымен, ресурстарды қайта өңдеу өнеркәсібіне көңіл қоя отырып, басқа да жер құнарын пайдаланушы компаниялармен аймақ үшін тиімді қарым –қатынас орнатып, олардың іс-әрекеттерін Қарағанды облысының экономикасын жақсартып, халықтың тұрмысын көтеруге бағыттау керек.





Облыстың өнеркәсіптік саясатының негізгі мақсаттары
1 БК «Сары-Арқа»-мен бірлесе отырып жер құнарын пайдаланушы компаниялардың дамуын облыс мүддесіне сәйкестендіру

Қазіргі уақытта өндіріс саласына тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің қосып отырған үлесі жоғары емес, олардың іс -әрекеттері негізгі 3 ірі компанияның іс-әрекеттеріне негізделген:

ААҚ «Миттал Стил Теміртау»

ЖШС «Корпорация «Қазақмыс»

ААҚ «Жәйрем ГОК».

Мақсат бағдарламалары
- аутсорсингті, жер құнарын пайдаланушылардың афиллирленбеген шағын және орта кәсіпорындармен субконтракттік әсер ету схемасын пайдалану;

- жасөспірімдерді өсіруде, халықтың тұрмысы мен денсаулығын көтеруде, экологиялық жағдайды жақсартуда әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында кәсіпорындарды мемлекттік тұрғыдан ынталандыру.


2 Жергілікті қызмет көрсету және қайта өңдеу өндірісін дамыту

Қайта өңдеу өнеркәсібі

Қайта өңдеу өнеркәсібі салаласының перспективті және потенциалды, жоғары қосымша құнды өнеркәсіптер қатарына төмендегілер жатады:



  • жартылай кристаллдық кремний өндірісі, Қарағанды қаласы

  • Машина жасау мен металл өңдеу өндірісі, Қарағанды қаласы

  • Құрылыс материалдарын өндіру және химия өнеркәсіптері жетекші қалалар бойынша- Жезқазған, Теміртау, Балқаш қалалары

  • Фармацевтік өнеркәсіп, Қарағанды қаласы

  • Резина мен пластмасса бұйымдары мен металдан жасалған дайын бұйымдар өндірісі, Сарань және Қарағанды қалалары

  • Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалалары

Аутсайдер- салалары

Аутсайдер салаларын дамытуға, бәсекеге қабілеттілігін көтеруге аса көңіл бөлу қажет, қазіргі кезде жағдайы құлдырағанымен олардың өндірістік базасы мен ежелден келе жатқан мамандықтары бар:



  • тоқыма және тігін өнеркәсібі, ағаш өңдеу мен ағаштан бұйымдар жасау өндірісі, көлік құралдары мен құрал-жабдықтар жасау, оларды тазалау мен суынан ажырату, былғары және одан жасалған заттарды өңдеу, және аяқ киім шығару ( импорт тауарларының басымдығынан және шығарылған өнім сапасынының төмендігінен мүлдем сұраныс жоқ деседе болады).

Қызмет көрсетеу саласы

Облыстың урбандалу деңгейінің жоғарылығы, мамандар ресурстарының сапалылығы, ғылыми-зерттеулермен айналысатын потенциалдың болуы, географиялық орналасу жағдайы мен табиғи ресурстар аймақта қызмет көрсету саласының жақсы дамуына себепші болып отыр:



  • ғылыми-зерттеу саласына қызмет көрсету – Қарағанды, Жезқазған қалаларында;

  • білім беру саласына қызмет көрсету – Қарағанды қаласында

  • медицина саласына қызмет көрсету – Қарағанды қаласында

  • транспорт-логистика саласына қызмет көрсету Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларында;

  • туристік-рекреациялық салаға қызмет көрсету – Балқаш маңындағы зонада, Қарқараалы, Ұлытау аудандарында (басқа объектілерде де болуы мүмкін);

  • консалтинг жәрдемін көрсету Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында болып отыр.

Туристік- рекреациялық қызмет көрсету

Балқаш маңындағы зоналарға, Қарқаралы, Ұлытау аудандарында туристік-рекреациялық саланы дамытуға көп көңіл бөлінеді. Ол -экономикалық тиімділікпен бірге Балқаш өлкесінің жалғыз кәсіпорынға тәуелділігін азайтып, ауылдық жерлердің, шағын және орта бизнестің дамуына, қоршаған ортаны саудаландыру арқылы экологияны жақсартуға және «жабайы туризм » көлемін қысқартуға ықпал етеді.


Транспорт-логистика саласына қызмет көрсету


Қарағанды облысы бойынша жүк тиегіш көліктер мен автофурларды жөндеуден өткізетін техникалық қамсыздандыру станциясы жеткіліксіз болып отыр. Мұндай қызмет көрсету саласының нашар дамуы аймақтың экономикалық жағдайына кері әсерін тигізеді. Транспорттық-логистикалық қызмет көрсету саласына жол бойындағы қызметтер жатады: мотельдер, кафе, көлік қою орындарын жақсы ойластырып дамытқан жағдайда, бұл- облыс үшін қомақты табыс көзінің біреуі болуы сөзсіз.

Қарағанды қаласында халықаралық стандартқа сай транспорттық-логистикалық орталығын ашу- транзиттік потенциалды дамытуға үлкен әсер етуі мүмкін.

Осыған орай, Қарағанды облыстық әкімшілігі транспорттық-логистикалық орталығын ашуға және жүк тиегіш көліктерді жөндеу орталығын соғу үшін жер учаскесін бөлу мәселесін қарастыруы тиіс.

Аймақтың логистикалық экспедиторлік қызмет көрсетуші транспорттық компанияларға тасымалдаудың озық үлгілерін, мысалы, интермодальдық тасымалдау және GPS жүйесін пайдалану сияқты жаңа технологиялар енгізу қажет.


Басқа қызмт түрлері


Білім беру, денсаулық сақтау, инновациалық консалтингтік қызмет көрсету салаларын дамытуға жеткілікті ғылыми мамандар бар, олар аймақтың инновациялық саласының дамуына үлкен үлес қосар еді. АИЖ – дегеніміз өз ара бірлескен өндіріспен және ғылыми білімді коммерциялаумен айналысып отырған ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы болып отыр, олардың құрамына (шағын, ірі компаниялар, университеттер, мемлекеттік лабораториялар, технопарктер мен инкубаторлар) еніп отыр.
Жергілікті қызмет көрсету мен өндірісті дамытушы мекемелердің дамуы

БКК «Сары-Арқа»

Ресурстарды жинақтау механизімдерінің бірі ретінде аймақтың едәуір дамыған аудан орталықтарында әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) құру болып отыр.

2006 жылдың 11 қыркүйек айындағы ҚР Үкіметінің №868 санды қаулысы бойынша Қарағанды облысында Акционерлік Одақ «Сары-Арқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация » құрылды.

Өз іс-әрекеттерінде ӘКК мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік серіктестік механизмін жиі қолданатын болады. Қарағанды облысын әлеуметтік экономикалық тұрғыдан тұрақты дамыту мақсатында Акционерлік Одақ «Сары-Арқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» инвестициялар мен инновациялар тарту, жаңа жобаларды іске асыру, қорғаныс маркасы қойылған тауарлар өндіруге жағдай жасау, бағдарламалар жасап, оларды игеру сияқты негізгі бағыттарды ұстанып отыр.

«Сары-Арқа» ӘККалға қойған міндеттері:


  • аймақтың инновациялық инфрақұрылымың дамыту;

  • бәсекеге қабілетті бинес-жоспарларды жасау, алға жылжыту;

  • аймақтың шағын және орта кәсіпкерлігін дамытуда ақпараттық, аналитикалық, әдістемелік және құқықтық жәрдем көрсету;

  • Мемлекеттік және жекеменшік түріндегі кәсіпкерлік ынтымақтастығын дамытудың тиімді механизмдерін жолға қою;

  • аймақтық әлеуметтік бағдарламаларын жасап, оларды жүзеге асыруға қатысу.

  • Аймақ бойынша транспорттық-логистикалық және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдар құру.

ААҚ ӘКК «Сары-Арқа» республикалық және коммуналдық меншіктің басын біріктіретін болады.

Қарағанды облыстық ӘКК «Сарыарқа» жобалары


Қазіргі уақытта (электр станциялар, ЛЭП, темір жолдар, автожолдар, су құбырларын, канализация, жылу жүйелерін) сияқты инфрақұрылымдарды соғып дамыту мақсатында ААҚ «ӘКК «Сарыарқа» Қарағанды қаласының индустриалдық паркіне беріліп отыр. Негізгі өндіріс-кремний өндіру болып отыр. ӘКК бұл жоба бойынша инженерлік жүйелер мен электр энергия жүйелері қамтамасыз етілуде.

Қарағанды қаласында 660 Мвт қуаты бар ТЭЦ-4 соғылу жобаланып отыр.

Ал қазір потенциалды инвесторларға іздеу жүргізілуде. ТЭН жасауға жер құнарын пайдаланушы құқығын қолданып, жер учаскесін бере отырып, ӘКК жоба жасауға қатыспақ ойы бар. Бүгінгі күні ТЭН жасаудан байқау өткізу жұмыстарына ӘКК дайындық жүргізілуде.

Қарауға ұсынылған жобалар тізімі:


  1. Жоба « Қарағанды қаласында қорғасыннан зат өндіру заводын соғу» ӘКК мен бірлескен ЖШС «Вторпром» компаниясы.




  1. Жоба «Полиэтилен құбырларын өндіруші завод» ӘКК мен бірлескен ЖШС ««ТИАТР » трансұлттық корпорациясы.




  1. Жоба « Мультибрендтік «Сары-Арқа Авто комплексін соғу », ӘКК мен бірлескен ЖШС «Toyota Center Karaganda».



Индустриалдық парк

Индустриалдық (өндірістік) зона соғу- ресурстарды жинақтау мен қосымша капитал тартудың тағы бір механизмі ретінде қарастырылып отыр. Индустриалдық (өндірістік) зона соғу идеясының мақсаты – аймақта жаңа өндіріс орындарын ашып, инвестиция тарту болып отыр.

2003 жылдың 8 қаңтарындағы ҚР «Инвестициялар туралы » заңына сәйкес жоғарыда көрсетілген өндірістерге приоритеттік бағытта болғандықтан инвестициялық артықшылықтар беріледі. Бұндай артықшылықтардың берілуі – капитал мен технологиялар тартуда және жаңа ғылыми бағыттағы жоғары қосымша құнды өнім өндіруде маңызды ынталандыру шарасы болып отыр.

Теміртау қаласында ӘКК «Сары-Арқа» арқылы индустриалдық (өндірістік) зона соғылады. Бұл өндірістік зонаның мақсаты – өндірістік кәсіпкерлікті жедел дамыту үшін отандық және шет елдік инвестиция тарту болып отыр.

Индустриалдық зона соғудың негізгі талаптарының бірі- техникалық инфрақұрылым және оның орналасқан жері.

Индустриалдық зона тиімді жұмыс істеуі үшін төмендегідей жағдайлар тудырылу керек:


  • 30 га – кем емес жер учаскесі бөліну керек;

  • магистральдық коммуникацияларға дейінгі ара қашықтық – 20 км аспауы керек;

  • негізгі транспорттық бағыттарда орналасуы тиіс;

  • дамыған және жеткілікті инженерлік инфрақұрылым болуы шарт;

  • кеңселік және қоймалық бөлмелер саны жеткілікті болуы керек және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлар шешілген болуы тиіс;

  • наличие доставочного количества рабочих кадров.

Зона территориясында: соғылған инженерлік инфрақұрылым (орнатылған электр желістері мен отын-сумен жабдықталған, канализациясы, байланыс тораптары бар болуы шарт), автомобил және темір жолдар, транспорттық-логистикалық орталық, кеңселік және қоймалық бөлмелер (индустриалдық зонаның қатысушыларына жалға берілуге болатын), тамақтандыру мен тұрмыстық бөлімшелер, жатақхана мен қонақ үйлер, кәсіптік техникалық оқу орындары болуы керек.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында индустриалдық зона жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған:



  • бірінші алаң көлемі – 940 га, халықаралық «Алматы- Екатеринбург» автомагистраліне жақын орналасқан;

  • екінші алаң республикалық дәрежедегі «Қарағанды – Павлодар», автомагистраліне жақын орналасқан;

- техника-экономикалық негіздеме жасалған, соғылған инфрақұрылымдар бар
Теміртау қаласының индустриалдық паркінің негізіндегі еркін экономикалық аймақ.

2003 жылың 8 қаңтарындағы «Инвестициялар туралы» ҚР Заңы бойынша инвестициялық жеңілдіктер алуға жатпайтын жаңа өндіріс орындарының келешекте ашылуына байланысты, жақсы техника экономикалық негіздемесі бар кәсіпорындар үшін Теміртау қаласында Индустриалдық зонаның негізінде арнайы экономикалық аймақ АЭА құру мүмкіндігін қарастыру керек.

Арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеп жатқан компанияларға салықтық және кедендік жеңілдіктер беріледі. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес АЭА территориясында еркін кеден зонасының үрдісі бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл- жоғары дәрежелі қосымша құнды ғылыми негізделген өнімдер шығаруға жағдай туғызады.

Салық және кеден заңдарында қарастырылған жеңілдіктерден басқа, түрлі формадағы субсидия ретінде қаржылай жеңілдіктер беріледі. Салық, кеден, қаржы жеңілдіктеріне қоса, жер учаскелері мен өндірістік ғимараттарды жалға беру бағасы мен коммуналдық төлем арзандатылып, оларға кәсіпорынды тіркеуден өткізу және шет елдік азаматтардың келіп- кету жөнінен әкімшілік жеңілдіктер беріледі.

2007 жылдың 14 сәуір ҚР өндірістік министрлігіне бірінші индустриалдық паркте «СЭЗ Металл өңдеу және машина жасаудан АЭА», екіншісінде «Кремний АЭА» құру туралы ұсыныс болды.
Қарағанды облысында арнайы экономикалық аймақ құрудың алғышарттары

Облыс артықшылықтары:


  • Қарағанды қаласы бойынша халық саны- 446,2 мың адам, Теміртау қаласында -170,7 мың адам болып отыр.

  • Орналасу жері -

    • Ел орталығында

    • Ірі қарағанды-теміртау агломерациясының территориясында (616,9 мың адам)

    • кластері «Металлургия мен металл өңдеу »

  • Индустриалдық зонаның географиялық және әкімшілік жағынан жақын орналасуы, БКК «Сары-Арқа», Технопарк «UniScienTech»

  • Энергетика жағынан қуатты болуы

  • Шикізат көздерінің болуы

Өндірістік потенциал:

- Металлургия мен машина жасау

- Металлургиялық кремний өндіру

-Қүрылыс материалдарын өндіру

Транспорттық-логистикалық:

«Алматы- Екатеринбург» халықаралық автомагистраль

Республикалық дәрежедегі «Қарағанды – Павлодар» автомагистралі

Маандар потенциалы:

Қарағанды облысында мемлекеттің ғалымдарының 12% жиналған.

Қарағанды –теміртау қалалырнда 2005/2006 оқу жылының басында :


  • 19 колледжде - 23043 оқушы,

  • 15 кәсіптік-техникалық оқу орындарында– 6923 оқушы,

  • 13 жоғары оқу орындарында - 63998 студент оқиды.


Нәтижелер

  • Жергілікті және шет елдік инвестициялар тарту

  • Машина жасау өндірісінің даму нүктесі

  • Жоғарғы қосымша құнды өнім экспорты

  • Қарағанды, Теміртау және сол маңда тұрып жатқан халықты жоғары айлықты жұмыспен қамтамасыз ету



Технопарк «UniScienTech»

бизнес-парктің негізгі міндеті- технологиялар трансферті және субконтрактинг пен аутсорсинг арқылы ғылым жаңалықтарын өндіріске енгізуге жағдай жасау болып отыр.

Алғашқы кезеңде бұндай технопарктер коммерциялық емес мекемелер болуы мүмкін, олар тек қана инвестициядан пайда алуды көздемей, өзіндік құнын өтей алатын қауіпті инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында инкубациялық орта құруға ұмтылған кәсіпорындар болуы керек. Олар төмендегідей сипатта болуы керек:


  • компанияларға, соның ішінде, жас компанияларға, шағын және орта бизнеске, толық комплексті инфрақұрылымдар ұйымдастырып, керек болған жағдайда аутсорсинг негізінде менеджерлік қызмет көрсетіп, субконтрактілік қатынастың ұйымдастырушылары болуы керек;

  • қызмет көрсету бағасы жас компаниялар пайдалана алтындай болуы керек және бизнесті өзін өзі қамтамасыз ететін компаниялар есебінен жасауға жол бермеу керек;

  • өз бетінше заңды тұлға болуға мұқтаж емес кезеңде технологиялық ұжымдарға заңды жамылғы ретінде қызмет көрсету керек;

  • жаңа кәсіпкерлер мен компанияларға ашық болу;

  • шеберлер мен пайдаланушылардың белсенді және келісімді әрекет етуі үшін «электрондық дүкен» және инновациялық қызмет құру арқылы виртуалды орта ретінде жәрдем беру керек;

  • кластерге енген кәсіпорындардың бір – бірімен бірлесіп әрекет етуі- корпоративтік ақпарат жүйесін жасауға мүмкіндік береді.

ЖШС «Технопарк UniScienTech» 2007-2008 жылдарға арналған бағдарламасында Қарағанды облысында арнайы прототиптеу лабораториясын ашу көзделіп отыр.

Прототиптеу технологиясының негізіне заттардың компьютерлік үш өлшемді үлгісін жасау, САМ-технологиясы арқылы СAD көрсеткіштерін технологиялық құрал жабдықтарда материализациялау жатады.

Инновациялық өнімді нарықққа шығару мақсатында технологиялық тізбекті одан ары дамыту керек, демек өндірістік тәжірибе өнеркәсіптерін ашып, онда жаңа технологияларды сынақтан өткзу керек.

Бұл бағыттағы ең бірінші қадамды қазір технологиялық инжиниринг және трансферт Орталығы Ұлттық Инновациялық Қормен бірлесе отырып, "Машина жасау салаласының жоғары технологиялық Орталығы" атты жобасын "UniScienTech" технопарк базасында жүргізіліп отыр.

Орталықта тау кен өндірісіне машина жасау өнеркәсібінің қазіргі заманғы технологияларын ендіріп, оларды пайдалану жұмыстары жүргізіледі.

Аймақтың экономикалық потенциалын күшейтудің айрықша құралы ретінде жалпы экономиканың негізі болатын трансұлттық корпорациялар құру керек.

Қазақстан Дүние жүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін тек трансұлттық корпорациялар ғана басқа бәсекелестермен табысты түрде белдесе алады.
Кластерлік даму

Облыс экономикасын түрлендірудің айрықша «өсу нүктесіне», «Металлургия мен и металл өңдеу», «Фармацевтика», «Құрылыс материалдар». Кластерлері жатады. Аймақтың қара және түрлі түсті металладар саласы бойынша ААҚ «Миттал Стил Теміртау» және ЖШС «Корпорация «Қазақмыс» сияқты негізгі өндірістік компаниялар төңірегіне 200 жуық құрал жабдықтармен қаматамасыз етуші өнеркәсіптер топтасқан, оларға машина жасау және метал өңдеудің 30 астам тұтынушы өнеркәсіптері кіреді, олар қорғасын өңдеу, шойын, ақ мыс, катодтық мыс, мыстан жасалған сымдар өндіруші өнеркәсіптер болып отыр.

Ғылыми зерттеу, инновациялық потенциал және қазіргі заманғы тәжірибе базалары «Фармацевтика» кластерін жасақтаушы ретінде болып отар.

Фармацевтикалық кластерды ынталандыру жұмыстарын жүргізу фармацевтика саласының жалпы даму мәселелерін шешіп бере алады: отандық фармацевтика кәсіпорындарының ара қатынасын, ғылыми өндірістік потенциал мен материалдық табиғи ресурстарды рационалды түрде пайдалану, бәсекеге қабілетті өнеркәсіп өнімін өндіру мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Қарағанды облысы ғылыми және мамандар жөнінінен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуіне, дамыған дәріханалар жүйесінің барлығына және географиялық жағдайы бойынша Орталық Қазақстанда орналасуына байланысты республиканың фармацевтикалық кластер жағынан орталық ядросы болып отыр.

Құрылыс материалдар кластеры тұрғын үйлерге деген сұраныс негізінде дамып отыр (Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы, көпқабатты пәтерлерге деген сұраныс пен жеке меншік құрылыс) және өндірістік, азаматтық құрылыстың басқа түрлері даму үстінде, бәсекеге сай өнім бере алатын, инновациялық құрал жабдықтармен қамтамасыз тілген құрылыс компаниялары мен заводтарының бірталай қатары өсіп отыр.

Аймақ кластерлерінің дамуын тежеуші факторларға кластерлердің монополистік құрылымдық қатынастары жатады («Металлургия мен метал өңдеу»), ол дегеніміз бизнес пен жергілікті үкімет өкілдерінің кластерлер ұғымын, олардың маңызын жете түсінбей отырғандығын және аймақ өнеркәсіптерін кластерлерге топтастыру керектігін, сонымен бірге жергілікті бизнесті кооперацияғы біріктірудің төмендігін, кәсіпкерлер мүддесін қорғаушы мекемелердің жұмысының тиімсіздігін көрсетеді.
Мақсатты жүзеге асыру бағдарламалары


  1. «Қазына» ТДҚ, Дүние жүзілік даму банкы мен жеке компаниялар арқасында аймақты дамыту қорын құру

  2. 30 корпоративтік жетекшілер атты бағдарлама аясында компанияларды дамыту

  3. БКК «Сары-Арқа» және «UniScienTech»технопарктің Индустриалдық паркпен байланысын жақсарту және АЭК құру

  4. Приориттетік салалар бойынша жаңа өндірістерге институтционалдық көмек көрстеу

  5. Шаруашылық субъектілерінің инновациялық ынталылығын арттыру және экономика секторына инвестициялар тарту

  6. Салалардың технологиялық тізімінің негізгі кезеңдерін құраушы өндірістерді қалыптастыру және алғашқы кезеңде тауар өндіруді арзандату арқылы бәсекеге қабілетті тауарлар өндіру мүмкіндігін тудыру ( қарқынды жобалар тарауын қараңыз)

  7. Қызмет көрсету саласын дамыту

  8. «Металлургия және метал өңдеу», «Фармация», «Құрылыс материалдары кластерлерін дамыту

Мақсат 1, жүзеге асырушы бағдарламалар мен жобалар кестесін «Болжамнан жобаны іске асыру» матрицасынан көруге болады.



«КӨРІНІСТЕН ЖОБАЛАРҒА ДЕЙІН» » МАТРИЦАСЫ - 1 мақсат «Облыстың экономикасын әртараптандыру/шикізат секторынан тәуелділігін төмендету»

Мақсаттар (М)

Міндеттер (М)

Бағдармалар (Б)

Жобалар (ж)



1 Мақсат:

Облыстың экономикасын әртараптандыру/шикізат секторынан тәуелділігін төмендету




М1:М1:

Облыстың мүдделігімен кенді қолданушылар компаниялардың дамуын пайдалану



М1:М1:Б1:

Аутсорсингті пайдалану, субконтракттық кестемен афиллиренген емес шағын және орта кәсіпорындармен кенді пайдаланушылармен өзара әрекет жасау




М1:М1:Б1:ж1:

Жергілікті аффинирленген емес кәсіпорындарға өткізу мақсатымен профильдік емес активттерді бағалау



1

М1:М1:Б1:ж2:

Жергілікті қызметтердің таурлар сатылымдарын ұлғайту үшін кенді қолданушылар мен жергілікті өнім берушілердің арасында кездесулер өткізу



2

М1:М1:Б2:

Өмірдің сапасын, қала тұрғындардың денсаулығын және экологиялық жағдайларды жақсартуда, жас буындарды тәрбиелеуде қала құрастыратын кәсіпорындарды әлеуметтік жауапкершілігін мемлекеттік тұрғыдан ынталандыру



М1:М1:Б1:ж1:

Қала құрастыратын кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігін әлемдік тәжірибеде зерттеу және мандатты өндіру, ол қала құрастыратын кәсіпорындардың әлеметтік бастамаларын міндетті түрде жүзеге асыруын қамтиды




3

М1:М2:

2015 жылға дейін жергілікті қызмет көрсететін және қайта өндеу өндірістін көлемін 30% ұлғайту




М1:М2:Б1:

Жаңа өндірістерді басыңқы бағыттар бойынша институтционалдық қолдау көрсету




М1:М1:Б1:ж1:

Маңызды қаржы мәселелерін талқылау үшін кәсіпорындар және даму институтармен кездесулер ұйымдастыру (коммуникацияны жақсарту)



4

М1:М1:Б1:ж2:

Зерттеу және инновациялық кәсіпорындардың қауымдастығын құру қажеттілігін айқындау




5

М1:М1:Б1:ж3:

Стратегияның жүйелік жобаларын қаржылау үшін (АБР, ИБР, ЕБРР, ВБ, ПРАГМА, Европалық Комиссия және т.б.) донорлық ұйымдармен жұмыстар жұргізу




6

М1:М2:Б2:

Экономиканың басыңқы секторына инвестициларды және инвестициялық қызметтерді ынталандыру





М1:М2:Б1:ж1:

ҚР Үкіметіне бизнес тарапынан мынадай ұсыныстарды амортизациялық саясатты жетілдіруін және импортқа жіберетін құралдар тізімін кеңейтуін енгізу, ҚҚС есептеме әдістемесі бойынша төленеді




7

М1:М2:Б2:ж2:

Қарағанды инновациялық-инвестициялық Қорын құру



8










М1:М2:Б2:ж3:

Ивестицияларды аймаққа тарту үшін қала әкімшілігінің қызметкерлерінетренингтер өткізу



9

М1:М2:Б5:

«Сары-Арқа» ӘКК, «UniScienTech», технопаркімен, индустриалдық паркімен өзара қарым-қатынас жасау және АЭА құру

М1:М2:Б5:ж1:

«Сары-Арқа» ӘКК жобаларын қаржылау жағдайларын, басыңқыларын және міндеттер ақпараттары туралы облыс және қала әкімшілік сайттына жариялау



10

М1:М2:Б5:ж2:

«UniScienTech» технопарк қызметтерінің нәтижесін талдау және оның жұмыстарының тиімділігін бағалау үшін индикаторларды әзірлеу



11



М1:М1:Б6:

Қызметтер көрсету салаларының дамуын қолдау




М1:М2:Б6:ж1:

Облыстың туристік аймақтардың толық картасын қалыптастыру және зерттеу



12

М1:М2:Б6:ж2:

Туристік аймақтарда 3 басты туристік аймақтардың электрқуатын жақсарту



13

М1:М2:Б6:ж3:

3 басты туристік аймақтарда дренаждық және канализация жүйелерін қалпына келтіру



14

М1:М2:Б6:ж4:

3 басты туристік аймақтарда жол инфрақұрылымың қалпына келтіру




15

М1:М2:Б6:ж5:

3 басты туристік аймақтарда жасылдандырылған аумақтарды кеңейту және жақсарту



16

М1:М2:Б6:ж6:

Облыстың туристік аймақтарында жарнама ақпараттарын жариялау



17

М1:М2:Б6:ж7:

Қарағанды қаласында транспорттық-логистикалық орталықты құру



18

М1:М2:Б6:ж8:

GPS жүйесінде интермодальдық тасымалдаудың және жүктерді жаңа тасымалдау технологиясы бойынша облыста транспорттық-экспедиторлық компанияларға семинар өткізу



19

М1:М2:Б6:ж9:

Дәрігерлік және білім қызметтер кластерін құру мәселесін әзірлеу/бірінші кластерлік кездесулер ұйымдастыру



20







М1:М2:Б7:

«Металлургия және металлды өндеу», «Фармация», «Құрылыс материалдар» кластерін даму




М1:М2:Б7:ж1:

«Металлургия және металлды өндеу», «Фармация», «Құрылыс материалдар» кластерінің даму шебер-жоспарларын әзірлеу



21

М1:М2:Б7:ж2:

Кластер кездесулерде айқындалған, кластер мәселелерін локальды шешу аясында салалық жұмыс топтарын құру және кеңейтілген кластер кездесулерін ұйымдатыру



22

М1:М2:Б8:

«Қазына» ТДҚ және Дүниежүзілік Банктің көмегімен аумақтық даму қолдауының қорын құру



М1:М2:Б8:ж1:

Аумақтық даму қолдауының қорымен қаржылайтын жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды дайындау



23


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет