2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша I. Хвқ келісімінің Баптарына сәйкес мәртебе


Кредиттік карталарды шетелде пайдалану



бет3/4
Дата09.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#186743
1   2   3   4

6. Кредиттік карталарды шетелде пайдалану

иә



a. Алдын ала рұқсат

жоқ




b. Сандық шектеу

жоқ




c. Болжамды шектеу/

адал ниеттілікті тексеру

иә

Резидент заңды тұлғалар үшін 10 мың доллардан асатын сомаға төлем жасаған кезде кейіннен қаражатты жұмсау мақсатын бірегейлендіретін құжаттарды ұсынуы талап етіледі.

7. Басқа төлемдер

иә




a. Алдын ала рұқсат

жоқ

Резидент еместер көрсеткен қызметтер бойынша ақы төлеуді кейінге қалдыру не алдын ала ақы төлеу коммерциялық кредиттерге жатқызылады. Резиденттер резидент еместердің қызмет көрсетуімен байланысты коммерциялық кредитті мынадай жағдайларда ҚҰБ-да тіркеуі тиіс: 1) егер көрсетілген қызмет сомасы 300 мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса және төлем 180 күннен артық мерзімге кейінге қалдырылса; 2) егер алдын ала ақы төлеу 50 мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса және қызмет көрсету күніне дейін 180 күннен артық уақытта жүзеге асырылса.

b. Сандық шектеу

жоқ




c. Болжамды шектеу/

адал ниеттілікті тексеру

иә




8. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер

иә

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы,

«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды

жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының, 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №129 қаулысы,

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы, 18.12.2000 ж. № 126



X. Көрінбейтін операциялардан және ағымдағы трансферттерден түсімдер

1. Репатриация туралы талаптар

иә

Репатриация талаптары қызмет көрсету (жұмыс) экспортынан алынған валюталық түсімге қолданылады. Осы кезең ішінде қызмет көрсету (жұмыс) экспортынан валюталық түсім репатриациялануы тиіс кезең мәміле талаптарында көзделген кезең болып табылады.

Валюта түсімін міндетті сату туралы талаптар

жоқ




а. Орталық банкке сату

жоқ




b. Уәкілетті дилерлерге сату

жоқ




2. Қаражатты пайдалануға шектеу

жоқ




3. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер

иә

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы,

«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды



жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №129 қаулысы

XI. Капиталмен операциялар

A. Капиталмен операцияларды бақылау


иә




1. Репатриация туралы талаптар

иә




Валюталық түсімді міндетті сату туралы талаптар

жоқ




а. Орталық банкке сату

жоқ




b. Уәкілетті дилерлерге сату

жоқ




2. Капитал нарығы және ақша нарығы құралдарын бақылау

иә

Резиденттер, егер операция сомасы 50 мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса және резидент еместер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға және, егер операция сомасы 300 мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, резиденттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алумен байланысты валюта операциялары туралы ҚҰБ хабарлауы тиіс.

Хабарлаудың талабы ҚҰБ-да тіркелуге жататын тікелей инвестицияларға қатысты мәмілелерге қолданылмайды.

a. Капитал нарығының бағалы қағаздары үшін

иә

Мәміле туралы хабарламаны мәмілеге қатысатын резидент не мәмілеге қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығына қазақстандық кәсіби қатысушы жүзеге асырады.

i. Акциялар және пай сипатындағы басқа бағалы қағаздар

иә




1. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы

иә




2. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы немесе шығаруы

иә

Резидент еместердің бағалы қағаздарын ішкі нарықта айналысқа жіберу немесе шығару бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығына айналысқа рұқсат беру рәсімінен өтуді талап етеді.

3. Резиденттердің шетелде сатып алуы

иә




4. Резиденттердің шетелде сатуы немесе шығаруы

иә

ҚР резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруына немесе шет мемлекеттің аумағында орналастыруына тиісті рұқсат талап етіледі.

ii. Облигациялар немесе басқа борыштық бағалы қағаздар

иә

Акцияларға және пай сипатындағы басқа бағалы қағаздарға қатысты нормативтік ережелер қолданылады.

1. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы

иә




2. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы немесе шығаруы

иә




3. Резиденттердің шетелде сатып алуы

иә




4. Резиденттердің шетелде сатуы немесе шығаруы

иә




b. Ақша нарығы құралдарына

иә

Акцияларға және пай сипатындағы басқа бағалы қағаздарға қатысты нормативтік ережелер қолданылады.

1. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы

иә




2. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы немесе шығаруы

иә




3. Резиденттердің шетелде сатып алуы

иә




4. Резиденттердің шетелде сатуы немесе шығаруы

иә




c. Ұжымдық инвестицияланатын бағалы қағаздар үшін

иә

Акцияларға және пай сипатындағы басқа бағалы қағаздарға қатысты нормативтік ережелер қолданылады.

1. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы

иә




2. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы немесе шығаруы

иә




3. Резиденттердің шетелде сатып алуы

иә




4. Резиденттердің шетелде сатуы немесе шығаруы

иә




3. Туынды және басқа құралдарды бақылау

иә

Ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында айналысқа рұқсат етілген туынды бағалы қағаздармен мәмілелерді есепке алу және тіркеу бағалы қағаздармен биржалық сауда ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Резиденттер туынды қаржы құралдарымен байланысты валюталық операциялар туралы, оларды жасағаннан кейін, егер резиденттің резидент емеске және/немесе резидент еместің резидентке төлем және/немесе аударым сомасы 50 мың АҚШ долларынан асатын болса, ҚҰБ-ға хабарлауға міндетті. Мәміле туралы хабарламаны мәмілеге қатысатын резидент не мәмілеге қызмет көрсететін бағалалы қағаздар нарығына қазақстандық кәсіби қатысушы жүзеге асырады.

a. Резидент еместердің ішкі нарықта сатып алуы


иә




b. Резидент еместердің ішкі нарықта сатуы немесе шығаруы

иә




c. Резиденттердің шетелде сатып алуы

иә




d. Резиденттердің шетелде сатуы немесе шығаруы

иә




4. Кредиттік операцияларды бақылау


иә

Кредиттерді резиденттер резидент еместерге 50 мың АҚШ долларынан асатын сомаға және резидент еместер резиденттерге 300 мың АҚШ долларынан асатын сомаға 180 күннен артық мерзімге берген кезде ҚҰБ-де тіркеу талап етіледі. Тіркеу, сондай-ақ 180 күннен аспайтын мерзімге берілген кредиттер бойынша резиденттің немесе резидент еместің қаражатты қайтарудың немесе міндеттемелерді өзге де орындаудың нақты мерзімі 180 күннен асқан жағдайларда талап етіледі. Тіркеуді талап ету, егер олар бойынша мәміле паспорттары ресімделсе тауарлар жеткізуге байланысты коммерциялық кредиттерге, сондай-ақ резидент банктердің қаржылық кредиттеріне қолданылмайды.

a. Коммерциялық кредиттер

иә

Тіркеуді талап ету, егер олар бойынша мәміле паспорттары ресімделсе, тауарлар жеткізуге байланысты коммерциялық кредиттерге қолданылмайды.

Резиденттерден резидент еместерге

иә




Резидент еместерден резиденттерге

иә




b. Қаржылық кредиттер

иә




Резиденттерден резидент еместерге

иә




Резидент еместерден резиденттерге

иә

Резидент банктер, егер осындай кредиттің сомасы 300 мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, тартылған қаржылық кредиттер туралы ҚҰБ-ға хабарлайды.

c. Кепілдіктер, кепілгерліктер және резервтік қаржылық тетіктер


жоқ




Резиденттерден резидент еместерге

жоқ




Резидент еместерден резиденттерге

жоқ




5. Тікелей инвестицияларға бақылау

иә




Шетелге тікелей инвестициялар

иә

Баламасы 50 мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегі тікелей инвестициялар, осындай операциялар туралы ҚҰБ-ға хабарлауға тиісті резидент банктерге тікелей инвестицияларды қоспағанда, ҚҰБ-да тіркелуге жатады.

Елге тікелей инвестициялар

иә

Баламасы 300 мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегі тікелей инвестициялар, осындай операциялар туралы ҚҰБ-ға хабарлауға тиісті резидент банктердің тікелей инвестицияларын қоспағанда, ҚҰБ-да тіркелуге жатады.

6. Тікелей инвестицияларды таратуға бақылау

жоқ




7. Жылжымайтын мүлікпен операцияларды бақылау

иә




a. Резиденттердің шетелде сатып алуы

иә

Резиденттер, егер резидент емеске қаражат аудару сомасы 50 мың АҚШ доллары сомасынан асатын болса, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты олар жүзеге асырған валюталық операциялар туралы ҚҰБ-ға хабарлауға міндетті. Резидент жеке тұлғаның мәмілесі туралы хабарлауды осындай төлемдерді және (немесе) аударымдарды жүргізетін резидент банк жүзеге асырады.

b. Резидент еместердің жергілікті нарықта сатып алуы

иә

Резиденттер, егер резидентке қаражат түсімі сомасы 300 мың АҚШ доллары сомасынан асатын болса, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты олар жүзеге асырған валюталық операциялар туралы ҚҰБ-ға хабарлауға міндетті. Резидент жеке тұлғаның мәмілесі туралы хабарлауды осындай төлемдерді және (немесе) аударымдарды жүргізетін резидент банк жүзеге асырады.

c. Резидент еместердің жеке нарықта сатуы

иә




8. Жеке капиталмен операцияларды бақылау

иә




a. Несиелер

иә




Резиденттерден резидент еместерге

иә

50 мың АҚШ долл. асатын мөлшердегі, 180 күннен астам мерзімге берілетін несиелер ҚҰБ-да тіркелуге жатады.

Резидент еместерден резиденттерге

иә

Резиденттерге 180 күннен астам мерзімге және 300 мың АҚШ долл. астам сомада берілетін несиелер ҚҰБ-да тіркелуге жатады.

b. Сыйға тартулар, қайырмалдықтар, мұралар және өсиет бастартулар

жоқ




Резиденттерден резидент еместерге

жоқ




Резидент еместерден резиденттерге

жоқ




c. Иммигранттардың шетелде борыштарды реттеуі

жоқ




d. Активтер аударымы

иә

Жеке тұлғалар аударымның мақсатын сәйкестендіретін құжатты ұсыну не ҚҰБ-ға және құқық қорғау органдарына аударым туралы ақпарат ұсынуға рұқсат беретін жазбаларды жасау шартымен өз қаражатын шетелге немесе елге шектеусіз аудара алады.

Эмигранттардың шетелге аударымы

иә




Иммигранттардың елге аударым

иә




e. Құмар ойындарынан және жүлделерден ұтыстарды аудару

жоқ




9. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер

иә

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы»,

«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды



жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №129 қаулысы

XII. Қаржы секторына қатысты арнайы ережелер

1. Коммерциялық банктерге және басқа да кредиттік мекемелерге қатысты арнайы ережелер

иә

Банктерге коммерциялық қызмет субъектісі ретінде банк қызметіне қатысты емес және «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында тікелей көзделмеген операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады. Банктерге, (1) қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды кейіннен өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын ұйымдардың; (2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша енгізілген қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғалардың; (3) кредиттік бюролардың, ломбардтардың, ҚР секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларының, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған резидент емес арнайы ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың және айрықша қызмет түрі банктің операциялық қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті иелену және оны басқару болып табылатын ұйымдардың және банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың; (4) кепіл ретінде қабылданған, осы ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестері ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде заңды тұлғалардың; (5) банктердің қауымдастықтары (одақтары); (6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың; (7) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары немесе бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына немесе акцияларына қатысуға тыйым салынады. Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу (акцияларды сатып алу) бойынша лимиттер (1) сатып алу құнының банктің меншікті капиталына; (2) Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жиынтық құнының банктің меншікті капиталына; (3) сатып алынатын акциялар санының заңды тұлғалар орналастырған акциялардың жалпы санына қатынасына байланысты белгіленеді. Банктерге (1) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен; (2) уәкілетті орган белгілеген рейтинг агенттіктерінің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигацияларымен; (3) банктің өз облигацияларымен және осы банктің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк кепілдік берген облигациялармен мәмілелерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызмет ретінде өзге бағалы қағаздармен мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады. «Банктер және банк қызметі туралы» заңға сәйкес банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай: (1) брокерлік – ҚР және рейтинг агенттіктерінің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен;  (2) дилерлік - Қазақстан Республикасының және рейтинг агенттіктерінің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен, «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен; (3) кастодиандық; (4) трансфер-агенттік кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы. Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.

a. Шетелде қарыз алу

жоқ




b. Шетелде шоттар жүргізу

жоқ




c. Резидент еместерді кредиттеу (қаржылық немесе коммерциялық кредиттер)

жоқ




d. Ел ішінде шетел валютасында кредиттеу

жоқ

Уәкілетті банктер резидент заңды тұлғаларға және резидент еместерге тек қана қолма-қол жасалмайтын нысанда шетел валютасымен кредит беруге құқылы.

e. Елде шығарылған, шетел валютасында деноминирленген бағалы қағаздарды сатып алу

иә

Банктер сатып алу үшін рұқсат берілген бағалы қағаздар тізбесі банктік заңнамада көрсетілген.

f. Шетел валютасындағы депозиттік шоттардың дифференцияланған есебі

иә




1. Міндетті резервтер

иә

Шетел валютасындағы депозиттер банктердің олар бойынша ең төменгі резервтік талаптарды орындайтын міндеттемелер базасына енгізіледі.

Банктің ішкі және өзге де міндеттемелері үшін ең төменгі резервтік талаптардың әр түрлі нормативтері белгіленеді.

Бұл ретте резиденттердің ұлттық валютадағы, сондай-ақ шетелдік валютададағы депозиттік шоттары банктің ішкі міндеттемелеріне, ал резидент еместердің депозиттік шоттары – банктің өзге де міндеттемелеріне жатқызылған.

Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері 2008 жылғы 29 шілдеге дейін банктің ішкі міндеттемелері үшін 6%, банктің өзге де міндеттемелері үшін – 8% құрады. 2008 жылғы 29 шілде – 18 қараша аралығында нормативтер тиісінше 5% және 7%, ал 2008 жылғы 18 қарашадан бастап тиісінше 2% және 3% құрады.



2. Өтімді активтерге талаптар

иә

2008 жылғы ақпанға дейін банктердің жоғары өтімді активтеріне қатысты ағымдағы валюталық өтімділік қолданылды (банктің шетел валютасындағы жоғары өтімді активтерінің орташа айлық мөлшерінің осы шетел валютасындағы оның талап ету бойынша міндеттемелерінің орташа айлық мөлшеріне қатынасы кемінде 0,9 болуы тиіс).

2008 жылғы ақпанда ағымдағы валюталық өтімділік лимиті к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттеріне ауыстырылды.

к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері шетел валютасындағы жоғары өтімді активтерінің орташа айлық мөлшерінің осы шетел валютасындағы мерзімді міндеттемелерінің орташа айлық мөлшеріне қатынасы ретінде, өтеуге дейінгі қалған мерзіміне байланысты есептеледі (7 күн, 1 ай және 3 ай). Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәні мынадай мөлшерде белгіленеді: к4-4 – 1; к4-5 – 0,9; к4-6 – 0,8.

Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетелдік валюталары және міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері өткен есептік айда банк міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері Банктің өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінің кемінде 1 пайызын құрайтын «Еуро» валютасы бойынша жиынтығында есептеледі.

Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетелдік валюталары бойынша міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері өткен есепті айда банктің өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінің кемінде 1 пайызын құрайтын әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі.


3. Пайыздық ставкаларды бақылау

жоқ




4. Кредиттік бақылау

жоқ




g. Резидент еместердің депозиттік шоттарының дифференцияланған есебі

иә




1. Міндетті резервтер

иә

Резидент еместердің депозиттері банктер ол бойынша ең төменгі резервтік талаптарды орындайтын міндеттемелер базасына кіреді.

Ең төменгі резервтік талаптарды есептеу мақсатында резидент еместердің депозиттік шоттары банктің ішкі міндеттемелерінен өзге міндеттемелеріне жатқызылған. Банктің ішкі міндеттемелерінен өзге міндеттемелері бойынша ең төменгі резервтік талаптар нормативі 2008 жылғы 29 шілдеге дейін 8%, 2008 жылғы 18 қарашаға дейін – 7%, 2008 жылғы 18 қарашадан бастап 3% құрады.



2. Өтімді активтерге талаптар

жоқ




3. Пайыздық ставкаларға бақылау

жоқ




4. Кредиттік бақылау

жоқ




h. Инвестицияларды реттеу

иә




1. Банктердің шетелдегі инвестициялары

жоқ

Резидент банктердің шетелдегі инвестициялары ішкі активтердегі меншікті және заем қаражаттарына орналастыруға арналған лимиттермен шектеледі.

Банктердің резидент емес ұйымдарда орналастырылған активтері бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін есептеу кезінде кредиттік тәуекел бойынша тиісті өлшеу дәрежесі белгіленген (к2), ол меншікті капитал сомасының: активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген, жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына азайтылған, екінші деңгейдегі капиталдың есебіне кіргізілмеген шартты ықтимал міндеттемелердің; активтердің, нарықтық тәуекелді есепке ала отырып есептелген шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің; операциялық тәуекелдің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. к2 мәні қатысушысы банк холдингі болып табылатын банк үшін кемінде 0,10 және өзге банктер үшін кемінде 0,12 болуы тиіс.



2. Резидент еместердің банктерге инвестициялары

иә

Резидент емес банктер өз өкілдіктерін уәкілетті органның келісімінсіз аша алады. Резидент емес банктерге филиалдар ашуға тыйым салынады. Резидент емес заңды тұлғалар рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде банк холдингінің немесе банктің ірі қатысушысының мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Рейтинг агенттіктерінің ең төменгі рейтингін және тізбесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі белгілейді. Еншілес банкке қатысты негізгі рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтингіне ие резидент емес банк негізгі банк бола алады. Негізгі рейтинг агенттіктерінің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингті уәкілетті орган белгілейді. Тізбелерін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар резидент банктердің дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана, және (немесе) оларға иелік ете алмайды. Көрсетілген шектеулер тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтинг агенттіктерінің А ретингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар банктерге қолданылмайды. Банктің құрылтайшысы болып табылатын резидент еместің тиісті елдің уәкілетті органы (ҚР тыс ждерде орналасқан банктер үшін – банктік қадағалау органы) берген, осы тұлғаға ҚР орналасқан банктің акцияларын иеленуге рұқсат етілгені туралы жазбаша хабарламасы, не тиісті елдің уәкілетті органының (ҚР резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) көрсетілген құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші болуы тиіс.

i. Ашық валюталық позицияға лимиттер

иә

Мынадай лимиттер белгіленген: (1) еуро және Standard & Poor's агенттігінің «А» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің басқа шетелдік валюталары бойынша ашық валюталық позициясының өлшемі (ұзын және қысқа) банктің меншікті капиталы мөлшерінің 12,5 пайызынан аспауы тиіс; (2) Standard & Poor's агенттігінің «А»дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетелдік валюталары бойынша ашық валюталық позициясының өлшемі (ұзын және қысқа) банктің меншікті капиталы мөлшерінің 5 пайызынан аспауы тиіс; және (3) валюталық нетто-позицияның шекті мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 25 пайызынан аспауы тиіс.

1. Резиденттердің активтері және пассивтері бойынша

иә




2. Резидент еместердің активтері және пассивтері бойынша

иә





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет