2009 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша



Дата05.07.2016
өлшемі32.21 Kb.
#179471
2009 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар
Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша:

2009 жылдың 1 шілдесіне округтегі елді мекендердегі тұрғындар мен шаруа қожалықтарының мал-құстарының санағы жүргізілді, онда

ірі-қара – 6240 бас, қой-ешкі – 17450 бас, жылқы – 1233 бас және құстар 1861 басты құрап, 2009 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ірі-қара 29 %-ға,

қой-ешкі 36 %-ға , жылқы 23 %-ға және құстар 75 %-ға өсті.

Округте сарып ауруының ошағын жою және таралып кетпеуіне байланысты барлық профилактикалық шаралар жүргізілді.

2009 жылы шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары 1525 га егістік алқабына дәнді және майлы астық дақылдарын егіп, 245 га бидайдың әрбір гектарынан 22,5 ц/га өнім орып, жалпы 551 тонна бидай жиналса, 100 га арпадан 22 ц/га немесе 220 тн, 70 га картоптан 105 ц/га түсіммен 735 тн,

20 га көкөністен 143 ц/га өнімділікпен 286 тн және 10 га бақша дақылдарынан 131 ц/га түсіммен 131 тн егін өнімдері жиналды.

Ауылдық округіне қарасты «Сарыешкі» егіс учаскесінен жалпы жиыны 298 га егістік алқабын жалға алып, ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған 6 шаруа қожалықтарының жетекшілеріне түсінік жұмыстары жүргізіліп, алған жерлерін пайдалануға мүмкіншіліктері жоқ болулары себепті аудан қорына алуға өтініштері аудандық жер қатынастары бөліміне тапсырылды.



Салық төлемдері бойынша:
2009 жылдың 9 айлығындағы бюджетке өткізілген барлық салық төлемдері 522 000 теңгені құрады, оның ішінде:
- жеке тұлғалардың жер салығы 115 000 теңге

- мүлік салығы 37 000 теңге

- көлік салығы 320 000 теңге

- бірыңғай жер салығы 50 000 теңге



Спорт саласы бойынша:
Ауылдық округінде жастар ісі және спорт нұсқаушысы ұйымдастыруымен спорттық жарыстар барлық мерекелерде үнемі өткізіліп отырады.

2009 жылғы 30 мамырда өткен аудан әкімі жүлдесіне арналған XII халықтық спорт ойындарында округ спортшылары жарыстың барлық түрлеріне қатысып, қортынды есепте 4 орынды иелендік. Спорттық жарыстарда озық шыққан спортшылар Өскемен қаласында өткен облыс әкімінің жүлдесіне арналған спорттық ойындарда аудан намысын қорғады.

Округ спортшылары 17-18 қыркүйектегі Зайсан ауданының 140 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған спорттық жарыстарға зор дайындықпен қатысып, 15 шақырымдық бәйгеден II – ші орынды , 25 шақырымдық аламанда III – ші орынды, көкпарда алғашқы салымды салғаны үшін тағайындалған арнайы жүлдені және волейболдан III – ші орынды еншіледі.
Мәдени көпшілік жұмыстар
Зайсан шекара жасағының 85 жылдық мерейтойына байланысты арнайы шара жасалып, Ақжон шекара заставасына барып, әскери жауынгерлермен кездесу өткізіліп, сыйлықтар, көркем әдебиет кітаптар сыйға тартылды.

Округ бойынша 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі және

22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелері аталып өтілді.

8 наурыз күні Біржан ауылында «Қайран біздің аналар, арды ойлаған» атты келіндер сайысы өткізілді. Көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.

22 наурыз мерекесі округке қарасты Біржан, Қуаныш, Ақарал ауылдарында өтті. Біржан ауылындағы мәдениет отауында «Әжелер сайысы» өткізілді. Барлық елді мекендерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік халықтық шара өткізілді, халыққа наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар (арқан тарту, қол тіресі,т.б ) ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

1 Мамыр «Ынтымақ күні» мерекесі мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 64 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.

1 Маусым «Балалар күні» мерекесіне «Бала біздің болашағымыз» атты әнші балапан байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан және көрермен балалардың барлығына да ауылдық кәсіпкерлер мен әкімшілік қызметкерлерінің демеушіліктерімен сыйлықтар, тәтті-дәмділер табыс етілді

Ауылдық округі 17-18 қыркүйек күндері өткен Зайсан қаласының

140 жылдық мерейтойына қатысып, мерекеге орай өткізілген мәдени және спорттық шаралардың барлық түрлерінде өнер көрсетті. Мерейтойда ауылдық округінің киіз үйі 17 қазанда облыс орталығы Өскемен қаласында өтетін «Зайсан ауданының күндері» мәдени шараларына тігілу құрметіне ие болды.

26 қыркүйекте атап өтілген «Оралмандар күні» мерекесіне округке қарасты елді мекендердегі оралмандар түгел тартылып, мәдени және спорттық шараларға қатысты. Қуаныш ауылында қоныстанған оралман Нұрқасен Айтқажының тіккен киіз үйі I-ші орынды еншілесе, ән айту байқауында Бүрдібай Серікбек жүлделі III-ші орынға ие болды.



1 қазан «Қарттар күні» ауылдық округінде атап өтілді. Округтегі елді мекендердегі қариялар мәдениет отауына жиналып, олар ауыл өнерпаздары ұйымдастырған концертті тамашалады және ауылдық округі әкімінің аппараты және демеушілер тарапынан дайындалған сый-тартуларға ие болды.

Еңсебаев Меңкеш, Сеитова Дәмеш және Мұстафин Зияда сынды қариялар аудан әкімі тарапынан ұйымдастырған мәдени шараларға қатысып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет