201 жылғы № хаттама «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген



жүктеу 98.54 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі98.54 Kb.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен

бекітілді

(201_ жылғы _________ № ___ хаттама)


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережесіне

ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ТОЛЫҚТРУЛАР

(2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 22 хаттама, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 23, 2008 жылғы 21 ақпандағы № 24, 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 26, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 29, 2012 жылғы 19 сәуірдегі №30, 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 31 шешімдері арқылы енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен)

аталған шешіммен бекітілген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережеге:

4-тармақта:


  1. тармақша мынадай редакцияда берілсін:

«1) Банк қызметінің артықшылықты бағыттарын белгілеу, Банктің Даму стратегиясын бекіту, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайларда Банктің даму жоспарын бекіту, сондай-ақ, Банктің Даму стратегиясын бекіту шеңберінде тәуекелдердің рұқсат етілген деңгейлерін белгілеу және бекіту, Банктің Даму стратегиясының орындалуына және оның ағымдағы нарықтық және экономикалық жағдайға, тәуекелдер бейіні мен қаржы әлеуетіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін бағалауға мониторингті іске асыру, тәуекелдердің рұқсат етілген деңгейлерін есептеу және оларды Банктегі тәуекелдердің ағымдағы деңгейімен салыстыру нәтижелері туралы есепті қарау;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) Банк жарғысының Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, оны маңызды күйінде сақтау;»;

10) тармақша «олардың өкілеттігін тоқтату» деген сөздерден кейін «, Банк Басқармасының қызметіне мониторингті, бақылау мен бағалауды іске асыру» деген сөздермен толықтырылсын;

13) тармақша келесі редакцияда берілсін:

«13) Банктің ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның басқарушысын және жұмыскерлерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Банктің ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін белгілеу, соның ішінде Банктің ішкі аудит қызметі туралы ережені бекіту, Банктің ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің еңбекақысы және сыйақы мөлшері мен оларды төлеу шарттарын белгілеу, ішкі аудиттің әдеп кодексін, ішкі аудиттің жылдық жоспарын бекіту, сондай-ақ Банктің еншілес ұйымдарында ішкі аудит тәртібін, стандарттары мен қағидаларын егізуді қамтамасыз ету;»;

мынадай мазмұндағы 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«13-2) Бас комплаенс-бақылаушыны тағайындау және лауазымынан босату;

13-3) Банктің ұйымдық құрылымын бекіту, оның Банк қызметінің көлеміне, құрылымына, сипаты мен күрделілік деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ету;»;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) Банктің тиісті жылға бюджетін бекіту және оның орындалуына бақылауды іске асыру;»;

19) тармақша «Банк қызметін ұйымдастыру» деген сөздерден кейін «, Банк саясаттары мен өзге де ішкі нормативтік құжаттарының ағымдағы нарықтық және экономикалық жағдайға, тәуекелдер бейіні мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету»;

мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

«25-1) Банктің меншік капиталының бес пайызынан асатын заемдарды беруді талдау мен оның орындылығын бағалауды іске асыру және осындай заемдарды беру туралы шешім қабылдау;»;

28) тармақша мынадай редакцияда берілсін:

«28) Банкте тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды қамтамасыз ету, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті ішкі құжаттарды бекіту, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық акттерде қарастырылған жағдайларда және оларға сәйкес тәуекелдерді басқару, аудит, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға жасалған мониторинг пен бақылау қорытындылары бойынша дайындалған ақпарат пен есептерді қарау;»;

мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:

«32-1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық акттің талаптарына сәйкес Банктің уәкілетті алқалы органдарын құру, олардың негізінде олар өз қызметін іске асыратын Банктің ішкі құжаттарын бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:

«39) реттеуші есептілікті қалыптастыру мен ұсынудың толықтығы, шынайылығы мен уақыттылылығына мониторинг пен бақылауды іске асыру;»;

10-тармақта «Директорлар кеңесінің Төрағасы мен Басқарма Төрағасының арасында міндеттердің бөлінуі жазбаша түрде нақты ақындалып, Директорлар кеңесімен келісілуі керек» деген сөздер «Директорлар кеңесінің Төрағасы мен Басқарма Төрағасының міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Банктің Жарғысында, осы Ережеде және Банктің өзге де ішкі құжаттарында айқындалған» деген сөздерге ауыстырылсын;

13-тармақта:

үшінші бөлім мынадай редакцияда берілсін:

«Директорлар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілуі тиіс.»;

4) тармақшаның төртінші бөліміндегі «қайтарып алу туралы» деген сөздер «айыру туралы» деген сөздерге ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы бесінші бөліммен толықтырлсын:

«Осы тармақтың төртінші бөліміндегі 1-1) тармақшада қарастырылған еңбек өтілінің бар болуы Директорлар кеңесінің Төрағасына қатысты талап етіледі.»;

15-тармақ мынадай редакцияда берілсін:

«15. Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы есепте Директорлар кеңесінің құрамы жөнінде, Тәуелсіз директорларды атап, акционерлерге хабарлайды.»;

19-тармақтың бірінші бөлімі «мүдделер арасында» деген сөздерден кейін «мүшесінің» деген сөзбен толықтырылсын;

20-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда берілсін:

«Шешімдер қабылдауда оның мүддесі бар мәселелер бойынша дауыс беруден Директорлар кеңесінің мүшесі қалыс қалады (жасалуында Директорлар кеңесі мүшесінің немесе оның үлестес тұлғаларының мүддесі бар мәміле). Бұл ретте Директорлар кеңесінің мүшесі Директорлар кеңесіне мұндай мүдделілік фактісін және де оның пайда болу негізін Директорлар кеңесінің отырысын көзбе-көз тәртіпте жүргізген кезде ауызша немесе шешімді сауалнама жүргізу тәртібінде (сырттай дауыс беру) қабылдаған кезде тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы ашады.»;

26-тармақтағы «Директорлар кеңесінің Төрағасы мен» деген сөздер алынып тасталсын;

28-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда берілсін:

«28. Жаңадан сайланған Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың міндеттеріне қатысты толық, формалды және арнайы әзірленген нұсқаулықтар (жадынама) беріледі»;

31-тармақтың екінші бөліміндегі «негізгі» деген сөз алынып тасталсын;

32-тармақтың төртінші бөлімі мынадай редакцияда берілсін:

«Директорлар кеңесінің отырысы жүргізілген жерде болмаған Директорлар кеңесі мүшесінің қатысуымен шешімдер қабылданғанда, Директорлар кеңесі отырысының хаттамасында Директорлар кеңесінің осы мүшесінің мәселелерді талқылауға және олар бойынша шешім қабылдауға телефон немесе отырыс жүргізілетін жерде болмаған Директорлар кеңесі мүшесін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа байланыс арқылы қатысқандығы көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда Директорлар кеңесінің осы мүшесі Директорлар кеңесінің отырысы жүргізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей, қабылданған шешімдер бойынша оның дауыс беру нәтижелерін растайтын жазбаша құжатты Директорлар кеңесінің хатшысына қолма-қол беруге немесе почталық байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберуге тиіс. Бұл ретте осы жазбаша құжаттың көшірмесін Директорлар кеңесінің мүшесі отырыс жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей факсимильді немесе электрондық байланысты пайдалану арқылы Директорлар кеңесінің хатшысына жіберуі тиіс.»;

33-тармақтың төртінші бөлімі мынадай редакцияда берілсін:

«Директорлар кеңесі отырыстарының, оның ішінде сырттай отырыстарының хаттамалары, бюллетендер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетендер), Директорлар кеңесі күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар Директорлар кеңесінің хатшысында құлттанатын шкафтарда сақталады және іс қағаздарын жүргізу жылы аяқталғанда белгіленген тәртіпте Банк мұрағатына тапсырылады. Директорлар кеңесінің хатшысы кез келген Директорлар кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша немесе Банктің құрылымдық бөлімшелерінің жазбаша сұратуы бойынша құжаттардың түпнұсқаларын танысу үшін, сондай-ақ Директорлар кеңесі хатшысының қолы мен мөр бедерімен расталған, Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамасынан (шешімінен) үзінділер және (немесе) көшірмелерді береді.»;

38-тармақта «негізгі дербес» деген сөздер алынып тасталсын;

51-тармақ мынадай редакцияда берілсін:

«51. Директорлар кеңесінің хатшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібі мен жүргізілуі туралы хабарлауды, сауалнама (сырттай дауыс беру) тәртібінде дауыс беру үшін Директорлар кеңесінің мүшелеріне бюллетендерді дайындау және таратуды, Директорлар кеңесінің көзбе-көз және сырттай отырыстарының хаттамаларын дайындау және ресімдеуді, сондай-ақ көрсетілген құжаттарды Банктің ішкі ережелеріне сәйкес белгіленген тәртіпте Банк мұрағатына беруді іске асырады.»;

54-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда берілсін:

«4) Банктің уәкілетті алқалы органдары арқылы тәуекелдерді басқару, аудит, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мәселелеріне мониторинг пен бақылауды іске асырады.»;

мынадай мазмұндағы 55-1, 55-2 және 55-3 тармақтармен толықтырылсын:

       «55-1. Директорлар кеңесі Банк жарғысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестік мәніне мониторнг жүргізуге және бақылауға жауапты болатын Банктің уәкілетті алқалы органын белгілейді. Директорлар кеңесі Банктің уәкілетті алқалы органының есебін тыңдап, қажет болған жағдайда Банктің уәкілетті алқалы органына Банк жарғысына өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлеуді тапсырады.

 55-2. Директорлар кеңесі жыл сайын комплаенс бағдарламаны (жоспарды) және ішкі аудиттің жылдық жоспарын қарастырады.

Ішкі аудиттің нәтижелері туралы есебін  және Банктің уәкілетті алқалы органының ұсынымдарын қарастыру нәтижесі бойынша Басқарманың  ішкі аудит ұсынымдарын орындау қажеттігі жайлы немесе ішкі аудитті жүргізу барысында анықталған тәуекелдерді қабылдау туралы  шешімі бар Директорлар кеңесінің хаттамасы ресімделеді.

55-3. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес Директорлар кеңесі Банктің ішкі құжаттарының Банктің даму стратегиясына, ағымдағы нарықтық және экономикалық жағдайына, тәуекелдер бейініне, Банктің қаржылық потенциалына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне, Банктің және оның қызметкерлерінің Банк саясаттарын және басқа да ішкі нормативтік құжаттарын сақтауына, Банктің банктік қызметтерді көрсету процесінде клиенттердің өтініштерін қарастыруына, Банк Басқармасының комплаенс-тәуекелді басқару саясатын, ішкі бақылау саясатын орындау тиімділігін, Банк қызметкерлері Банк қызметіне қатысты бұзушылықтар туралы конфиденциалды хабарлай алатын ресімдер тиімділігін қарастыруына, ішкі аудит қызметінің ішкі және сыртқы аудит мәселелері бойынша Банк Басқармасымен өзара әрекеттесуді және қызметті үйлестіруді қамтамасыз етуіне мониторинг жүргізу және бақылау қорытындылары бойынша, Банктің еншілес ұйымдарында ішкі аудиттің тәртібін, стандарттарын және қағидаларын ендіруді тексеру қорытындылары бойынша, сыртқы аудитормен жасалған шарттардың талаптарын бағалау және талдау қорытындылары бойынша, сондай-ақ кредиттік портфель сапасын талдау қорытындылары бойынша әзірленген ақпаратты қарастырады және есепті тыңдайды, және қажет болған жағдайда тиісті тапсырмалар береді.»;

56-тармақ мынадай редакцияда берілсін:

«56. Директорлар кеңесімен бекітілген, Банктің ішкі кредиттік саясаты туралы ереже мыналарды ескереді:

Банк стратегиясы мен Банкті кредиттік тәуекелге ұшырататын қызмет түрлерін;

Банк тәуекелінің жол берілетін деңгейін;

Банк бизнесінің көлемі, сипаты мен күрделілігін;

Банктің кредиттік тәуекелге ұшырау көлемін және оның Банктің қаржылық жағдайына ықпалын бағалауды;

тәуекелді бағалау нәтижелерін, оның ішінде сезіктілікті талдау мен стресс-тестілеуді іске асыру арқылы алынған;

Банктің бұрын қолданған кредиттік тәуекелді басқару рәсімдерінің тиімділігін;

кез келген ықтимал ішкі ұйымдастырушылық өзгерістерге және (немесе) нарықтық жағдайлардың сыртқы өзгерістеріне қатысты күтілімді;

Қазақстан Республикасының заңнамасын.»;

58-тармақтың бірінші бөлігі «Банк Басқармасынан» деген сөздерден кейін «және (немесе) Банктің уәкілетті алқалы органынан» деген сөздермен толықтырылсын;

59-тармақ мынадай редакцияда берілсін:

«59. Директорлар кеңесінің Банк Басқармасы қызметін бақылау, бағалау және мониторинг жүргізу мақсатында, Директорлар Кеңесі:

1) Банк Басқармасы қызметін бағалау көрсеткіштерін бекітеді;

2) Банк қызметінің күрделілік деңгейіне, түрлеріне және оның тәуекелдер бағдарына, Банк Басқармасының кәсіби деңгейіне сәйкестік мониторингін жүргізеді;

3) тоқсанына бір реттен кем емес ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін құру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық акт талаптарына сәйкес басқарушылық ақпаратты алады және Банк Басқармасының қызмет нәтижелері туралы есепті тыңдайды.

Директорлар кеңесі жыл сайын Банк басқармасы қызметінің Банктің ағымдағы қаржы жылына жоспарлаған табыс мәндерінің мақсаттарына, жетекшілік жүргізетін Банк қызметкерлерінің функционалды міндеттемелері бойынша есептерге талдауды жүзеге асырады.

Банк қызметінің нәтижелері ағымдағы жылдың мақсаттық көрсеткіштеріне сәйкес келмеген жағдайда, Директорлар кеңесі өзінің өкілеттігі шегінде Банк Басқармасы мүшелеріне сәйкес шараларды қолдана алады.»;

60-тармақ мынадай редакцияда берілсін:

«60. Директорлар кеңесі басқарушылық ақпарат жүйесінің болуын және қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Банк Басқармасы Директорлар кеңесіне қаржылық және басқарушылық есептілікті ұсынады, Директорлар кеңесі оның негізінде Банктің өткен жылға қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасайды.

Сондай-ақ Банк қызметіне ішкі бақылауды және тәуекелдермен басқаруды жақсарту мақсатында Банк Басқармасы Директорлар кеңесіне Банктің ішкі аудиторларының қорытындысын ұсынады. Бұл қорытынды Банктің сыртқы аудиторлары тиісті есепті Банк басқармасына бергеннен кейін Директорлар кеңесіне беріледі.».





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет