Регламенті Жалпы ережелер «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»



жүктеу 190.17 Kb.
Дата13.06.2016
өлшемі190.17 Kb.
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы

№ 407 бұйрығына

7-қосымша

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1.«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі –жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);

жәрдемақы тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны:электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – әлеуметтік төлем тағайындау.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.

6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:

1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:

уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:

уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.

Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;

электрондық іс макеті Стандартқа сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы жәрдемақы (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын куәландырады;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.

2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) екі жұмыс күні ішінде:

тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:

уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.

Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;

электрондық іс макеті Стандартқа сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы жәрдемақы (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын куәландырады;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жумыс күні ішінде:

Тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім( басқарма) бастығынан (басшысынан) келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:

уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.

Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;

электрондық іс макеті Стандартқа сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы жәрдемақы (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын куәландырады;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.

қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;

ЭЦҚ-мен куәландырылған кезде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.

Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

9. Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы екі жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау туралы шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасында рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы тармақта, сондай-ақ осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде электрондық іс макеті Стандартқа толық сай келген жағдайда жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)

өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл

тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің

сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:

1) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы;

2)уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.

11. ХҚО:


1) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттар көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді.

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі-ЖТМДҚ) ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері бойынша сұрау салуды қалыптастырады;

Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбасынан көшірме (2007 жылдың 13 тамызынан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жасалған тіркеу бойынша), неке қию туралы куәлігі (2008 жылдың 1 маусымынан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жасалған тіркеу бойынша) жөніндегі «ЗАГС» (бұдан әрі – ИС ЗАГС) ақпараттық жүйесіне,

Мүгедектік тобын анықтау туралы анықтама бойынша ЦБДИ-ға

3) құжаттардың көшірмелеріноның ішінде ЖТМДҚ ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;

4) өтінішті тіркейді;

5) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

6) өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне:

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді жібереді;

7) тағайындаудан бас тартылған жағдайда ұсынылған барлық құжаттарды, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бас тарту себептері туралы хатымен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі құжаттар қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының қағаз түріндегі және электрондық іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:

1) көрсетілетін қызметті алушыдан және ХҚО-дан өтініш пен құжаттардың топтамасын қабылдаған кезде «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге тағайындау немесе төлеу фактісінің болмауына тексеруді жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді;

3) сұрау салуды қалыптастырады:

Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбасынан көшірме (2007 жылдың 13 тамызынан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жасалған тіркеу бойынша), неке қию туралы куәлігі (2008 жылдың 1 маусымынан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жасалған тіркеу бойынша) жөніндегі «ЗАГС» (бұдан әрі – ИС ЗАГС) ақпараттық жүйесіне,

Мүгедектік тобын анықтау туралы анықтама бойынша ЦБДИ-ға

4) құжаттардың көшірмелерін, оның шінде ЖТМДҚ ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжатқа сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;

5) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді;

6) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық және қағаз түрінде іс макетін қалыптастырады;

7) электрондық іс макетін қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;

Жәрдем ақыны тағайындауға бас тартылған жағдайда барлық берілген құжаттар қызметті алушыға уәкілетті ұйымның жәрдемақы тағайындауда бас тарту бойынша негізі туралы хатымен қайтарылады.

13. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:

1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шеші жобасын қарайды және есептеудің және рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;

2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

14. Қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:


  1. уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете рәсімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын рәсімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;

  2. уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

15. Электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда:

уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО:

1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде телефон, почтабайланысы, электрондық почта арқылы хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бір жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;

2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:



  1. есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;

  2. көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.

16. ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алышуға береді.

уәкілетті ұйымның бөлімшесі қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне үндеугенде белгіленген ретте жәрдемақыны тағайындау немесе бас тартылған туралы хабарлайды;

уәкілетті ұйымның бөлімшесі электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызмет тағайындау туралы ақпаратты алған сәтке көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер электрондық түрде уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында бар көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылы мен шешімдері (функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы):

1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуден өтуге тиіс (тіркелмеген көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған қателіктерге байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;

9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;

10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);

11) 7-процесс – орын алған қателіктерге байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.

18. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.

19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

тағайындау» мемлекеттік қызметті

көрсету регламентіне



1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып

көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы

рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы


Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының)

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім)

Орындау мерзімдері

Келесі іс-қимылдың нөмірі

1

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы

Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматтық режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің бастығына (басшысына) жіберу;
2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қайтару және себептерін көрсете отырып, уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға хабарлау

2 жұмыс күні

2

2

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы

Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматтық режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің бастығына (басшысына) жіберу;
2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қайтару және себептерін көрсете отырып, уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға хабарлау

1 жұмыс күні

3

3

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) Жәрдемақы тағайындау туралы шешімі қабылдау;
2) жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны уәкілетті ұйымға немесе ХҚО-ға жіберу;
3) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қайтару және себептерін көрсете отырып, уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға хабарлау

1 жұмыс күні


«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

тағайындау» мемлекеттік қызметті

көрсету регламентіне

2-қосымша
Нысан



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

(тағайындауданбастарту) туралыақпарат
Азамат (ша) _________________________________________________________

(тегі, аты, әкеснің аты (ол болған кезде), туғанкүні)

____________ жылғы «_________» ____________ № _____________ шешімімен

арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ____________ теңге сомада тағайындалды.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау күні 20__ жылғы «_» __

Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылсын _______________________________

(бас тарту себебі)

*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды


*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

тағайындау» мемлекеттік қызметті

көрсету регламентіне

3-қосымша



Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің

функционалдық іс-қимылының диаграммалары, графикалық нысанда



«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

тағайындау» мемлекеттік қызметті

көрсету регламентіне

4-қосымша
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда:

*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс



**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты

уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсетілген жағдайда


Ескертпе:




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет