2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Қарағанды, 2014 жыл 1 бөлім. Көзқарас және миссия Миссия



бет1/14
Дата23.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#6911
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


«Қарағанды облысының

ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2011 – 2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары

Қарағанды, 2014 жыл
1 бөлім. Көзқарас және миссия
Миссия
Агроөнеркәсіптік кешен саласының бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейіне қол жеткізу мен экономикалық өсуіне ықпал ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы облыстың аграрлық саясатын құру мен қалыптастыру.
Көзқарас
АӨК салаларын тұрақты дамыту, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру облыстың азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мен экономиканың ведомствалық бағынышты салаларын үйлестірудің жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту



1. Стратегиялық бағыт «Агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету».
1.1)Реттелетін саланың және қызмет салаларының негізгі даму параметрлері.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
Бүгінгі таңдағы агроөнеркәсіп кешеннің жағдайы өндірістің тиімді деңгейімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығын дамытумен, ауылдық тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартумен сипатталады.

2012 жылы ауыл шаруашылығының барлық санаттағы шаруашылықтарындағы жалпы өнім көлемі 114,1 млрд. теңгені, физикалық көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзіміне 95,8 пайызды құрады.

Ішкі жалпы өнім көлемінде ауылшаруашылығы өнімінің үлесі 3 пайызды құрайды.

Өсімдік шаруашылығы саласында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша, басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін ұлғайту арқылы облыстың азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, бәекеге қабілетті экспортқа бағытталған өндірістерді арттыру бойынша жұмыстар жалғасытырылуда.

2012 облыстық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен және шаруа қожалықтарымен дәнді дақылдар 665,2 мың гектарға себілді, , оның ішінде бидай – 541,4 мың гектар, картоп – 13,1 мың гектар, көкөніс – 3,0 мың гектар.

Облыста өсімдік шаруашылығын әртараптандыру шегінде дәнді-дақылдар алқабы оңтайландырылды, егістік алқабының құрылымында жемдік, жемшөптік және майлы дақылдар алқабы ұлғайтылды.

2012 жылы дәнді-дақылдардың жалпы өнімділігі астық түсімділігі 7 ц/га болғанда 435,5 мың тоннаны құрады. Жиналған астық көлемі 2013 жылдың астығына толық көлемде тұқыммен қамтамасыз етуге және мемлекет қорына қажетті бидай көлемін сатуға мүмкіндік берді.

2012 жылы экспортқа 2,5 мың тонна бидай және 149,2 мың тонна ұн жіберілді (2011 жылы – 13,6 мың тонна бидай және 118,4 мың тонна ұн жіберілді).

2012 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 39,6 млн.теңге көлеміндегі қаражаттар отандық тауар өндірушілерімен сатылып алынған 2,0 мың тонна көлеміндегі элиталық тұқымның бағасын арзандатуға мүмкіндік берді.

Картоп өндірісі барлық шаруашылық санаттарында 255,2 мың тоннаны құрады немесе 2011 жылмен салыстырғанда 1,6 мың тоннаға көп, көкөністер 94,2 мың тонна, ол 11,1 мың тоннаға көп.

2012 жылы 149 мың гектарға 5,1 мың тонна минералдық тыңайтқыштармен өңделді. Егіншілік шаруашылығын тиімді жүргізу үшін, топырақ құнарлылығын сақтау үшін ары қарай тыңайтқыштарды пайдалануды ынталандыру қажет (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда).

Облыс аумағында фитосанитарлық жағдайға үнемі бақылау жүргізіліп отырады, жыл сайын 300 мың гектар алқапта аса қауіпті зиянды және карантиндік ағзалармен күрес жүргізу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Аса қауіпті зиянкестерге және ауруларға қарсы топырақты химиялық өңдеу 259,5 мың га. (шегіртке зиянкестері), 52,5 мың гектар (бидай көбелегі), ауруларға қарсы 22 мың гектар, колорад қоңызына қарсы 2,1 мың гектар алқапқа жүргізілді.

Карантиндік арамшөпке қарсы (қызғылт укекіре) 2123,94 гектар алқапқа өңдеу жүргізілді.

Мал шаруашылығы экономиканың аграрлық секторының негізгі саласының бірі болып есептеледі.

2010 жылғы мал шаруашылығы саласын дамытудың талдамасы малдан алынатын негізгі өнімдерді өндіру көлемінің ұлғайғандығын және осы шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал басы санының көбейгенін көрсетеді. Мал шаруашылығы саласында барлық санаттардағы шаруашылықтарда құс пен мал басы санының өсуі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 3,7 пайызды құрады, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 6,2 пайызды құрайды.

Ірі қара мал басының үлесі үй шаруашылығында 59,9 пайызды, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 1,9 пайызды, шаруа (фермер) қожалықтарында 38,2 пайызды құрады; қой және ешкі малының басы сәйкес – 40,9 пайыз, 3,8 пайызды құрады; жылқы малының басы сәйкес – 43,5 пайызды, 2,9 пайызды, 53,6 пайызды құрады; шошқаның басы сәйкес - 36,3 пайызды, 52,3 пайызды, 11,4 пайызды құрады; түйелер - 55,9 пайызды, 0,7 пайызды, 43,4 пайызды құрады; құстар сәйкес – 11,9 пайызды, 86,0 пайызды және 2,1 пайызды құрады.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға меншіктің барлық нысанындағы шаруашылықтардағы ірі қара мал басы өткен жылғы деңгейден 3 пайызға артылып, 416,1 мың басты құрады, сиыр 208,2 мың басты құрап, 2011 жылға қарағанда 5,2 пайызға артты, қой мен ешкі 1033,7 мың басты құрап, 0,6 пайызға артты, жылқы 12,3 пайызға артылып, 185,2 мың басты, шошқа 2011 жылдан 8,1 пайызға артылып, 87,9 мың басты құрады, құс 10,9 пайызға артып 3051,8 мың басты құрады.

Осы саланы қолдау бойынша жүргізіліп жатқан шаралар мал шаруашылығы өнімінің артуына қол жеткізілді.

2012 жылы жалпы облыс бойынша меншіктің барлық нысанындағы шаруашылықтарда 117,3 мың тонна тірілей күйде ет, 2011 жылға қарағанда 2,3 пайызды көп, 353,1 мың тонна сүт, 1,3 пайызға артылды,1,9 мың тонна жүн, 4,2 пайызға артылып, 468,5 млн.дана жұмыртқа, 2011 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25,6 пайызға артық өндірілді.

Облыстың ауылшаруашылығы құрылымдарында мал және құстың сойылған салмағы 7 пайызға өсіп, 13 мың тоннаны құрады.

Мал мен құстың өнімділігі артуда. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1 сиырдан сауылатын сүт көлемі 18 пайызға артып 2397 килограммды, жұмыртқаның орташа өнімділігі бір мекиен тауыққа 277 дананы құрады, бір қойдан қырқылған жүн 1,5 құрап, 7,1 пайызға өсті.

Мал шаруашылығы саласын дамыту барысында жүргізіліп жатқан селекциялы-асылтұқымдылық жұмысы осы саланы дамытуға айқын ықпал етеді.

2010 жылы малдың селекциялық және асыл тұқымдылық және өнімділік сапасын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырумен асыл тұқымды 24 субъектісі айналысты.

Сондай-ақ, облыста 2012 жыл ішінде ірі қара малдың өнімділігін, асыл тұқымдылық сапасын арттыру мен ірі қара малды қолдан ұрықтандырудың 120 пункті айналысты, ағымдағы жылы 16,5 мың бас сиыр қолдан ұрықтандырылды.

Ветенария саласында облыстың эпизооттық жағдайы мен мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты бірлескен жұмыстар жұргізілді.

Эпизооттық жағдайды қамтамасыз ету үшін облыс бойынша 105 мал қорымдары жұмыс жасайды, 50 пайызға қамтамасыз етілген.

Қайта өңдеу саласы

АӨК қайта өңдеу кешендерінің қазіргі жағдайын тұрақты және өндіріс өсуінің потенциалы бар деп бағалауға болады. ауыл шаруашылығы өнімдерінің қайта өңдеу көлемі және азық-түлік тағамдарының өндіріс көлемі облыста жыл сайын ұлғаюда.

2012 жылы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірген өнімдерінің көлемі қолданыстағы бағамен есептегенде 76,7 млрд. теңгені құрады, физикалық көлем индексы 99,8 пайыз.

Азық-түлік тағамдарын шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығы жыл сайын артуда.

2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда өңделген сүт және қоюлатылған сүт өндірісі 9,5 пайызға артты, сары май 12,8 пайызға, маргарин 2,1 пайызға, ірімшік және сірне 34,6 пайызға, ұн 5,5 пайызға, ет өнімдерінің жартылай фабрикат өнімдері 48,9 пайызға артты.

Ет өңдеумен 19 ірі, орташа және кіші кәсіпорындар айналысады, жылдық жалпы қуаттылығы 9,2 мың тонна. Кәсіпорынның жүктелуі 60 пайыздан 100 пайызға дейін. 2012 жылы (ет және ет өнімдері 1101 тонна, консервіленген ет өнімдері және дайын еттен жасалған өнімдер 3085 тонна, оның ішінде жұшық 2964 тонна).

Ет және ет өнімдері нарығының көрсеткіштері көбінесе экономиканың өсуіне, ауыл шаруашылығы кешенін үдемелі дамытуына, қажеттіліктің өсуіне байланысты. Ет өңдеу кәсіпорындарының өндіріс көлемі жылдан-жылға өсуде.

Абай ауданында «Волынка» ЖШС-де шұжық цехы және мал сою пунктін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сүт өңдеумен облыста 7 сүтті қайта өңдеу кәсіпорындары айналысады, олардың жылдық қуаттылығы 35 мың тонна сүт шығарады. Кәсіпорынның жүктелуі 50 пайыздан 100 пайызға дейін. 2012 жылы 8,2 мың тонна өңделген сүт өндірілді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 0,7 мың тонна артық (109,5 пайыз), сары май 229 тонна (112,8 пайыз), ірімшік және сірне 1,3 мың тонна (134,6 пайыз).

Бидай өңдеумен 19 негізгі, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорын айналысады. Қайта өңдеудің жылдық қуаттылығы 786 мың тонна. 2012 жылы олармен 255 мың тонна ұн өндірілді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 22 мың тоннаға артық (105,5 пайыз). Кәсіпорынның жүктемесі 85 пайызды құрайды. Ауылдық аудандарда бидайды қайта өңдеу бойынша кіші кәсіпорындар маусымдық жұмыстарды ғана атқарады.

Көптеген диірмендік кешендер итальяндық, түріктік және қытайлық техникалармен жабдықталған.

Ұн шығару саласындағы басты тенденция ол, орташа қуаттылығы бар диірмен кәсіпоырндарын өсіру, жоғары өндірісті жаңа диірмендерді ашу, ірі диірмен кешендері арасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ішкі нарық беталысына бағытталу, анық бір тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша ұн шығару.

Ұн шығару өндірісінің дамуын тежейтін факторлардың бірі ол, шикізатқа шығынның көп кетуі, дайын өнімдегі құны 50 пайыздан 80 пайызға дейін.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу. 2012 жылы облыста Шахтинск қаласында «Лобов» ЖК-де «Қыша майын шығару» жобасы іске қосылды. Жобаның құны 90 млн.теңге (өз қаражаттарының есебінен), жоспарлық қуаттылығы 15 тонна қыша майы. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2013 жыл.



Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін дамыту бойынша.

Облыстың азық-түлік белдеуіне кірген 4 ауданында (Абай, Бухаржырау, Нұра, Осакаров) 2 мыңнан аса ауылшаруашылығы құрылымдары жұмыс жасайды және облыс көлемінде өндірілетін ауылшаруашылығы өнімінің 51 пайызын құрайды.

Азық-түлік белдеуінің шегінде Астана қаласында 2012 жылы 2,4 мың тонна ет, 100 тонна сүт, 1,7 мың тонна картоп, 1,4 мың тонна көкөністер, 135 млн.дана жұмыртқа, 2,2 мың тонна құс еті сатылды.

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу үшін, азық-түлік белдеуіне енетін аудандарда мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін арттыру мақсатында, жұмыс істеп жатқан өндірістердің қуаттылығын арттыру бойынша және жаңа өндірістерді ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2013 жылдың аяғына дейін Бұқар жырау ауданында «Здооровые продукты» ЖШС бройлерлік құс фабрикасын салу бойынша, Абай ауданында 1000 басқа жылқы фермасын салу бойынша, және басқа да жобалар жүзеге асырылады. Бұдан басқа, Абай ауданында «Волынка» ЖШС мал сою пунктін ашу және шұжық цехын ашу бойынша жобаны жүзеге асырып жатыр.

Ұсақ ауыл шаруашылығы нысандарын ірілендіру үшін, және қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қызмет көрсету үшін облыста АДО құру бойынша бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Азық-түлік белдеуіне кірген аудандарда 3 АДО құрылды:

«Ботақара» ЖШС АДО Бұқар жырау ауданында «Сатпаев атындағы канал» РМК су қорларын пайдалана отырып суарылатын жерлерді қайта қалыптастырумен айналысады.

«Нұра» ЖШС АДО Нұра ауданының қарақұмық және бидай дақылдарын өндіретін шаруа қожалықтарына және АДО қатысушыларына машина-тракторлық қызметтерді ұсынады, машина-тракторлық станция құрылып жатыр.

Абай ауданында МТС қызметін көрсету үшін және жемшөп дақылдарын өндіру үшін «Абай» ЖШС АДО құрылды.

Ауыл шаруашылығының машина жасау саласында облыстың өндірістік әлеуетін 1 машина жасайтын кәсіпорын ұсынады. Барлығы жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады.

Облыста 11,4 мың шынжыр және дөңгелек табанды трактор, 2,6 мың астық жинайтын комбайын, 0,6 мың орақ, 7 мың сепкіш, 3,8 мың жүк автомобилі, 93 себу кешені және басқа да ауыл шаруашылығының техникалары бар.

Ауыл шаруашылығы техникаларының тозу деңгейі 80 пайызды құрайды.10 жылға жуық қолданылып жүрген тракторлар 98 пайызды құрайды, астық жинаушы комбайндер 86 пайызды құрайды.

Машина-трактор паркін жаңарту бойынша бірлескен мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

2012 жылы облыстың АӨК субъектілерімен «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 2619,4 млн.теңге сомасына түрлі техниканың 257 бірлігі және облыс ауыл шаруашылығы құрылымдарының өз қаражаттары есебінен 7 себу кешені, 70 әр түрлі маркалы тракторлар, 42 асытқ жинау комбайыны, 9 сепкіш және 129 басқа да техникалар сатылып алынды.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне ғылыми жаңалықтар енгізу жұмыстары жандандырылды.

Облыста ылғалқорсақтау технологиясын пайдалану кеңінен қолданылуда, 2012 жылы оның аумағы жылпы облыстың астық алқабының 64 пайызын құрады. Бұл шаралар ауылшаруашылық зерттеулерді және жаңалықтарды өндіріске енгізуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгеннің нәтижесінде жүзеге асырылып отыр.

Соңғы жылдары бидай өндіруде және басқа да өсімдік шаруашылығын өндіруде ғылымның ролі арттырылды. Облыста өндіріске бидайдың жаңа «Секе» сорты енгізілді. Басқа ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша селекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, картоптың тұқым шаруашылығы дамытылуда. «Қазақ картоп шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен ынтамақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастықтың басты механизмі картоп шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы саласын дамыту үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, картоп және көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы жүйесін жетілдіру, облыста тұқым шаруашылығын құру, картоп және көкөніс дақылдарын өңдеудің алғы шепті технологияларын енгізу болып табылады.

Қарағанды облысының аграрлық секторында 2012 жылы жалпы құны 90 млн.теңге болатын 1 инвестициялық жоба іске қосылды.

«Қыша майын өндіру Шахтинск қаласы. Лобов ЖК», жоспарлық қуаттылығы 15 тонна қыша майы, 20 жұмыс орны ашылды.

Саланың дамуына мемлекеттік қолдаудың тиімділігі әсерін тигізді.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін 2012 жылы 6,9 млрд.теңгеге қаражат бөлінді. «КазАгро» ҰБХ» АҚ даму институттары арқылы 4,4 млрд.теңге бөлінді.

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Облыстың агроөнеркәсіп кешенінің салалық проблемалары агротехнологияның мешеулігі; өндірістік негізгі құралдардың физикалық және моралдық тозғандығы; суаратын судың нормативтен артық пайдалануы; ауылшаруашылығы кәсіпорындарының ұсақ тауарлығы; мал мен тұқымның генетикалық деңгейінің төмендігі; мал азығы негізінің әлсіздігі; құрама жем тұтымдылығының төменгдігі, осылардың салдарынан мал мен құстың өнімділігінің төменділігі, қайта өңдеу кәсіпорындарына сапалы шикізаттың жетімсіздігі және ішкі нарықта отандық өңделген азық-түлік тауарлары үлесінің төмендігі, облыста маңызды азық-түлік тауарларына сұраныстың қанағаттандырылмауы; аграрлық салаға инвестиция тартудың төменгі деңгейде болуы; ауылдық кооперацияның жеткілікті деңгейде дамымауы.



1.3) Ішкі және сыртқы факторды бағалау

- жаңа агротехнологиялар алқабын ұлғайту;

- сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі;

- жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету;

- тартылған инвестициялар көлемі;

- ішкі нарықта отандық ауылшаруашылығы өніміне сұраныстың артуының нәтижесінде саланың дамуы , халық санының өсуі және жағдайы деңгейінің өсуі;

- қаржылық қауіп-қатер (дүниежүзілік қаржылық дағдарыс;мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемінің қысқаруы және басқа);

- бағалық қауіп-қатер ( ауылшаруашылық өніміне дүниежүзілік және мемлекетішілік бағаның өзгеруі);

- облыстың азық-түлік қауіпсідігіне қатер төнуі;

- табиғи сипаттағы қауіп-қатер ( құрғақшылық, үсік шалу, үсіп кеті, жылудың жетімсіздігі, ылғалдың шамадан тыс көптігі, бұршақ, дауыл, су басу, сел жүру, мал мен өсімдіктің жаппай ауруы).


2. Стратегиялық бағыт «Ылғалқорсақтау технологиясы арқылы өңделетін дәнді-дақылдар алқабын ұлғайтуды қамтамасыз ету»
2.1) Реттелетін және қызмет саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері

Егіншілік шаруашылығы саласындағы басты міндеттердің бірі дәнді-дақылдарды өңдеудің прогрессивтік, ғылыми-негізделген технологияларын енгізу болып табылады. Алғы шепті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмыс тәжірибесі құрғақшылық жағдайда да жоғары асытқ өнімділігіне қол жеткізуге болатынын көрсетеді. Ылғалқорсақтау технологиясын пайдаланудың, егістіктің ғылыми негізделген мерзімдерін сақтаудың арқасында облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.

Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары шетелдік жоғары өнімді заманауи техникаларын пайдалану жолымен ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің жаңа технологияларына ауысуда.

2012 жылы облыс бойынша ылғалқорсақтау технологиясы бойынша дәнді-дақылдар 428,8 мың гектар алқапқа отырғызылды, ол жалпы егістік алқабының 64 пайызы.

Облыста ауыл ьшаруашылығы дақылдарын өңдеуде ынталы жүйенің бірі болып табылатын тамшылатып суару технологиясы пайдаланыла бастады. Тамшылатып суаруды Бұқыр жырау, Нұра және Жаңаарқа аудандарына енгізу жоспарланып отыр, 2012 жылдан 2015 жылға дейін енгізу алқабы 600 гектарды құрайды, 2012 жылы 230 гектар болды.

Мелиорациялық жерлердің сақтау және жақсарту мақсатында мемлекеттік деңгейде суармалы жерлерге мониторинг жүргізіледі.

Республикалық бюджеттен ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне су жеткізуді субсидиялау суармалы жерлерге пайдаланатын 52,8 млн.куб суды арзандатуға мүмкіндік берді.
2.2) Негізгі проблемаларды талдау

Бұл саладағы маңызды проблемалар:

Тұқым тазалайтын және улайтын техникалардың жетіспеушілігі, соның салдарынан көптеген ұсақ шаруашылықтар дәнді-дақылдарды себуде агротехнологияларды бұзуға жол береді. Дәнді-дақылдарды жинағанда ылғалдың сақталуы үшін сабанды ұсақтап және шаша отырып жинау технологиясы кеңінен қолданылмай отыр, ал минералдық тыңайтқыштардың, гербицидтердің жоқтығы облыс алқаптарында арамшөптердің көптеп шығуына әкеліп отыр.

Қазіргі уақытта су шаруашылығы мамандарының жетімсіздігі байқалады, бұл салада мамандар дайындап шығару төмендеген, бұл сала мамандарына сұраныстың жоқтығынан және төлем ақының аздығынан мамандықтары бойынша жұмыс істемейді.

Аграрлық секторда информатикалық-маркетингтік құрылымының дамымағандығынан ауылшаруашылық тауарөндірушілер ауылшаруашылық және азық-түлік нарығындағы жағдай жөнінде жедел ақпарат ала алмайды. Консультациялық және консалтингтік қызметтердің ауылдық жерлерде жоқтығынан ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі және қайта өңдеу өнімдерінің көлемі төмендеп отыр.


    1. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

- ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің қаражатының жоқтығына байланысты жаңа агротехникаларды енгізуге мемлекет тарапынан қолдау көрсету (ылғалқорсақтау технологиясын және тамшылатып суаруды енгізуге ауылшаруашылық техникасын сатып алу);

- жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету;

- тартылатын инвестицияның көлемі;

- қаржылық қауіп-қатер ( дүниежүзілік қаржылық дағдарыс, республикалық бюджеттен қаралған қаржы көлемінің қысқаруы және т.б.);



- бағалық қауіп-қатер ( ауылшаруашылық өніміне дүниежүзілік және республикаішілік бағаның өзгеруі);



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет