2011 жылдың 6 қаңтарындағы



бет1/5
Дата29.02.2016
өлшемі314.5 Kb.
#34506
  1   2   3   4   5





2011 жылдың 6 қаңтарындағы

№_________

Зырян ауданы әкімінің қаулысына

№ 1 қосымша










2011-2015 жылдарға «Зырян ауданының ішкі

саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

стратегиялық жоспары

Мазмұны



Миссия және көру



Сәйкес қызмет бағыттары (салаларының) дамуының тенденциясы және ағымдағы жағдайының талдауы




Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері

3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері

3.2. Мемлекеттік стратегиялық мақсаттарға мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының сәйкес келуі




Функционалдық мүмкіндіктердің дамуы



Водомство аралық қатынас



Тәуекелді басқару



Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар

7.2. Бюджет шығысының қорытындысы

1. Миссия және көру


Зырян ауданы ішкі саясат бөлімінің миссиясы- аймақта халық бірлігі мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуына, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын дамытуға және қолдауға, жастарды дамытуға жағдай жасауға және аймақтың ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған мемлекет саясаты дамуының жүзеге асырылуының тиімді жолы.

Көру:


қоғамдық-саяси тұрақтылық;

толерантты этносаралық және конфессияаралық қатынастар;

бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік;

дамыған үкіметтік емес сектор;

жастардың мемлекеттік кепілдігі мен әлеуметтік құқытарын қамтамасыз ету.

2. Ағымдағы жағдайдың талдауы

Стратегиялық бағыт 1. Аймақтың тұрақты дамуы үшін қоғам бірігуін қамтамасыз ету және халық бірлігін, мемлекеттілікті ары қарай нығайту.


1.1.Қызмет саласы немесе реттеліп отырған сала дамуының негізгі параметрлері

Ішкі саясат бөлімінің негізгі приоритеттері: мемлекеттілікті нығайту, азмататтық қоғам институттарын қолдау мен демократияны дамыту, қоғамдық тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуды қамтамасыз ету, халық арасындағы кең ауқымды ақпараттық-түсініктеме жұмысы, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, тұрғындардың әлеуметтік оптимизімін құру.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, демократиялық процесстерді дамытуға бағытталған шаралар жүйесі өткізіледі.

Ауданда саяси партиялардың 4 филиалы тіркелегн .

Азаматтық қоғамның белсенді институттарлы болып профсоюздар табылады.

Азаматтық қоғамның дамуына 6 этномәдени бірлестіктер елеулі үлестеін қосып жатыр.

Барлық этностық топтарды біріктіру мақсатында бірлескен шаралар өткізіліп жатыр.

Ішкі саясат бөлімінің өзекті сұрағы- конфессияаралық қатынастарды реттеу арқылы ішкі саясат тұрақтылығын және азматтық бейбітшілікті сақтау болып табылады.

Қазіргі таңда ауданда 16 діни бірлестік жұмыс атқарып жатыр, олардың 15 әділет органында тіркелегн. Негізінде олардың билік органдарымен қатынасы бірігу негізінде құрылады.

Ішкі саясат бөлімінің үкіметтік емес ұйымдармен біріккен жұмысы тең құқылы әріптестік негізінде қатынасты кеңейтуге және нығайтуға бағытталған. Ауданда 8 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, соның ішінде 4 жастар ұйымдары.

Мемлекеттің азаматтық қоғам институттармен біріккен қатынасы арқылы, тұрғындарды қоғамдық процесстерге кең ауқымды түрде тарту, диалогты дамыту қамтамасыз етіліп жатыр.

Бірнеше кеңестік-консультативтік органдар жұмыстарын атқарып жатыр (ҮЕҰ қатынас бойынша кеңестер, Қоғам кеңесі, Жастар істері бойынша кеңес және т.б.)

2010 жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға-619 мың теңге, 2011 жылы- 699 мың теңге, 2012 жылы- 724,9 мың теңге, 2013 жылы- 724,9 мың теңге, 2014 жылы- 724,9 теңге, 2015-724,9 мың теңге бөлінді.

Қоғамдық-саяси жағдайдың жүйелі мониторингі, азматтық қоғамның өзге институттары мен саяси партиялардың қызметтері, соның ішінде діни бірлестіктермен қатынас пен біріккен диалог жасау аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Экономикалық дағдарыс әсерлерінен өтуге байланысты жағдайдың ушығуына қарамасатан, 2010 жылдың өткен кезеңінде ауданда санкцияланбаған қарсылық акцялары тіркелген жоқ.

1.2. Негізгі проблемалардың талдауа

Соның ішінде деструктивті мінездегі дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалының артуы байқалады.

1.3. Негізгі ішкі және сыртқы факторлардың бағасы

Ішкі:


қоғамдық-саяси жағдайдың нашрлауының мүмкіндігі;

әлеуметтік қақтығыс орталықтарының пайда болуы



Стратегиялық бағыт 2. Аймақтық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігінің артуы

2.1.Сала қызметі немесе реттеліп отырған саланың негізгі параметірлері.

Ауданда барлығы 5 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқарып жатыр. Солардың ішінде «Алва» телеарнасы.

Қазақстандық сандық спутниктік алғашқы телекөрсетілімді енгізу шеңберінде, қазақстандық телекөрсетілім телеарналарымен облыс тұрғындарының қамтылуын кеңейту мақсатында, бөлімдер қалалық, ауылдық және кенттік округтардың әкімдерімен бірігіп, спутниктік қабылдау жүйелерінің түгендеу жұмыстарын атқарды және тұрғындармен түсініктеме жұмыстары жасалып жатыр.

2010 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландырудың мөлшері – 7887 мың теңгені, 2011 жылы- 10 727 мың теңгені, 2012 жылы- 11 585 мың теңгені, 2013 жылы- 11 585 мың теңгені, 2014 жылы- 11585 мың теңгені, 2015 жылы- 11 585 мың теңгені құрады.



2.2. Негізгі проблемалардың талдауы

Ішкі саясат бөлімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірігіп, телерадиокөрсетілім жоқ елді мекендерде тұратын жағдайлары нашар отбасыларының саны анықталды. Әкімдіктер жағдайлары нашар отбасыларына спутниктік құрылғыларды сатып алуларына және орнатуларына көмек көрсету сұрақтарын қарап жатыр. Халықпен түсініктеме жұмыстары жасалып жатыр.



2.2. Негізгі ішкі және сыртқы факторлардың бағасы

Ішкі: жергілкті билік органдарының қызметі мен мемлекеттік саясатқа қатысты газет беттерінде жағымсыз материалдардың шығу мүмкіндігі.

Сыртқы: 1) Қытай тарпынан ақпараттық кеңістіктің бұзылуы; 2) Ресей тарапынан ақпараттық ықпал.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет