Тұрғын үй салуға және сатып алуға аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне берілген бюджеттік кредит көлемі
-
атауы
|
Сомасы, мың теңге
|
Арал ауданы бюджетіне
|
73500,0
|
Қазалы ауданы бюджетіне
|
39200,0
|
Қармақшы ауданы бюджетіне
|
147000,0
|
Жалағаш ауданы бюджетіне
|
49000,0
|
Сырдария ауданы бюджетіне
|
34300,0
|
Қызылорда қаласы бюджетіне
|
252000,0
|
Барлығы
|
595000,0
|
Дегенмен, облыстық қаржы басқармасы, бюджеттік бағдарлама әкімшісі, аудан және Қызылорда қаласы әкімдері арасында кредит қаражатын пайдалану туралы кредит шарты жасалмаған.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 188-бабына сәйкес бюджет-тік кредит беру кредиттік шарт, тапсырма шарттары және бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар жасалып, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылатынына қарамастан, 595000,0 мың теңге бюджет кредиті есебінде берілген қаржы аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне аударылып берілген.
2012 жылдың 1 қаңтарына «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша бюджеттік кредиттердің 329730,0 мың теңгесі игеріліп, игерілмеген сома 265270 мың теңге, атап айтқанда, Арал ауданында - 68845 мың теңге, Қазалы ауданында - 4336,1 мың теңге, Қармақшы ауданында - 86708,6 мың теңге, Жалағаш ауданында - 47257 мың теңге, Сырдария ауданында - 34300 мың теңге және Қызылорда қаласында - 23823,3 мың теңге құраған.
-
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қазандағы №1203 қаулысына сәйкес 595000,0 мың теңге және оған есептелінген 15993 теңге сыйақы толығымен республикалық бюджетке қайтарылған.
Сыртық мемлекеттік қаржылық бақылау барысында және бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне үстеме бақылау жүргізу барысында басқармалар бойынша мынадай бұзушылықтар анықталды:
Құрылыс басқармасы.
«Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және қайта жаңғырту» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР Бюджет кодексінің 44-бабының 7-тармағының талаптары сақталмай, ҚР Үкіметі шешімімен 2011 жылы пайдала-нуға рұқсат етілген 215,5 млн. теңге қаражат сол жылдың соңына дейін және 2012 жылдың 1 наурызына дейін де игерілмесе де, республикалық бюджетке қайтарылмай отыр.
2011 жылдың қорытындысымен аталған үш нысан пайдалануға берілме-ген, соның салдарынан облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеумет-тік бағдарламалар басқармасында жоспарланған Қызылорда қаласының Александровск қыстағындағы 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының 2011 жылы ұстау шығындарына жоспарланған 59047,0 мың теңге игерілмеген.
2008-2011 жылдары бөлініп, игерілген 8,3 млрд. теңге жалпы шығындары 2012 жылдың 1 қаңтардағы жағдаймен құрылыс басқармасының бухгалтерлік есебі бойынша аяқталмаған құрылыс ретінде 203 қосалқы шотта айқындалмаған және келесi жылдардың баланстарына көшiрiлмеген.
«Денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жаңғырту» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен «Қызылорда қаласындағы 200 төсектік перинаталдық орталық құрылысы» пайдалануға берілмеген.
Облыстық бюджет есебінен денсаулық сақтау саласының 25 нысаны құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге, 8 нысан құрылысына 843,3 млн. теңге бөлінген. Алайда, жұмысты өз деңгейінде ұйымдастырмау салдарынан түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген. Атап айтқанда, Қармақшы ауданының Төретам кентіндегі ауылдық емхана құрылысының жобалау-смета-лық құжатын қайта түзетіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге және құрылысы-на 128,4 млн.теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сарап-тама қорытындысы алынбауынан құрылыс жұмыстары 2011 жылы басталмаған.
Арал ауданының Сексеуіл стансасында ауылдық емхана құрылысының жобалау-сметалық құжатын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2,3 млн. теңге бөлінгенмен, 2011 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынбаған.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы № 272 шешімімен 2010 жылы облыстық бюджеттен бөлініп, жыл қорытындысымен игерілмеген қаржысын 2011 қаржы жылы ішінде түгел пайдаланып, түпкілікті нәтижеге жету мақсатында Қызылорда қаласында көп салалы балаларға арнал-ған 200 төсектік аурухана құрылысының жобалау-сметалық құжатын қайта түзетіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 13,8 млн. теңге, Қызылорда қаласындағы № 5 емхананы кеңейтуге 1,6 млн. теңге қайта бөлінгенмен, 2011 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынбай, № 5 емхана құрылысы заң жүзінде пайдалануға берілмеген.
Мердігерлердің келісім-шарт міндеттемелерін орындамауы салдарынан Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылындағы, Жайылма ауылындағы, Қармақшы ауданы Алдашбай ахун ауылындағы фельдшерлік акушерлік пункттер пайдалануға берілмеген.
Қызылорда қаласында ауысымына 500 келушіге арналған емхана құрылысына 259,5 млн. теңге бөлінгеніне, ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді 2011 жылы қайта (түгел) пайдалану мақсатында 56,4 млн. теңгенің қайта берілгеніне қарамастан, объект 2011 жылы пайдалануға берілмеген.
Соған қарамастан 2011 жылы «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының № 3 қалалық емханасы» мемлекеттік мекемесіне 53316,0 мың теңге қаржы бөлініп, 53294,8 мың теңгесі игеріліп, 21,2 мың теңге қалдық қалған. Бұған қоса 2012 жылға облыстық бюджеттен 364179,0 мың теңге жоспарланған.
«Білім беру объектілерін салу және қайта жаңғырту» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен білім беру саласының 18 нысанының құрылысына 6783,6 млн. теңге бөлінсе, облыстық бюджет есебінен 9 нысанның құрылысына, 12 нысанның құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп, құрылысын бастауға, 27 нысан құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 1922,0 млн. теңге бөлінген.
«Қызылорда қаласындағы Түркістан көшесіндегі 1200 орындық мектеп құрылысына» 2010 жылы республикалық бюджеттен 801,3 млн. теңге қаражат бөлініп, оның 800,5 млн. теңгесі игерілген, игерілмеген 887,0 мың теңге қаражат ҚР Үкіметінің шешімімен 2011 жылы қайта (түгел) пайдалану мақсатында берілгеніне қарамастан, объект 2011 жылы пайдалануға берілмеген.
Қызылорда қаласындағы Осипенко атындағы 200 орындық № 8 мектеп (4,2 млн. теңге), Қызылорда қаласында 280 орындық балабақша (3,5 млн. теңге) құрылыстарының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалау-сметалық құжатын әзірлеуге барлығы 7,7 млн. теңге бөлінген. Аталған құрылыстарды салуға Қызылорда қаласы әкімдігімен жер учаскелерін бөлу мәселесі шешілмеуі салдарынан жоба-сметалық құжаттары әзірленбеген.
Қызылорда қаласы Қорқыт ата көшесі бойындағы 900 орындық мектеп, Қызылорда қаласы Ипподром аумағында 900 орындық мектеп құрылыстары-ның мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 15,5 млн. теңге бөлінген, 2011 жылдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттары әзірленбеген, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынбаған.
2010 жылы облыстық бюджеттен бөлініп, жыл қорытындысымен игеріл-меген қаржыны Қызылорда облыстық мәслихатының шешімімен 2011 қаржы жылында түгел пайдаланып, түпкілікті нәтижеге жету мақсатында Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі 90 орындық санаторлық типтегі балабақша құрылысына 53,5 млн. теңге, Жаңақорған ауданы Кейден ауылындағы 140 орындық мектеп құрылысына 16,2 млн. теңге қаражат қайта бөлінгенмен, 2011 жылдың қорытындысымен балабақша мен мектептің құрылыстары аяқталмай, пайдалануға берілмеген.
Қызылорда қаласының Титов қыстағындағы 280 орындық балабақша, СПМК-70 аумағындағы 280 орындық балабақша, Тасбөгет кентіндегі 320 орын-дық балабақша, Сырдария ауданының Шіркейлі ауылындағы 90 орындық бала-бақша, Теренозек кентіндегі 1200 орындық мектеп, Қызылорда қаласының Саяхат шағын ауданы аумағындағы 280 орындық балабақша құрылыстары аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісімен 2011 жылы пайдалануға берілгенмен, тиісті жергілікті атқарушы органның пайдаланушы мекемелерінің теңгерімдеріне берілмеген және техникалық төлқұжаттары ресімделмеген.
«Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша Арал қаласындағы 300 орындық Мәдениет үйі Арал ауданы әкімінің 2011 жыл-ғы 26 желтоқсандағы шешімімен пайдалануға берілгенмен, тиісті мекеменің теңгеріміне берілмеген, техникалық төлқұжаты ресімделмеген.
Қызылорда қаласындағы Достастық үйі құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5,3 млн. теңге бөлінгенмен, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынбаған.
Қызылорда қаласы әкімдігімен құрылысты салуға жер учаскесін беру мәселесі толық шешілмей, Қызылорда қаласындағы Шығармашылық үйі құры-лысының жобалау-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптама қорытынды-сымен дайындауға облыстық бюджеттен 21,5 млн. теңге бөлінген.
Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев атындағы музейдің мемлекеттік сараптама қорытындысына және құрылысына 30,0 млн. теңге бөлінгенмен, жобаға мемле-кеттік сараптаманың қорытындысын 2011 жылдың соңында алуына байланысты құрылыс жұмыстары басталмаған.
«Спорт және туризм объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша Арал қаласындағы спорттық-сауықтыру кешенінің сыртқы қоршауы-ның құрылысына 9823,0 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Арал ауданы әкімінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 18 шешімімен мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бекітілген. Алайда, пайдаланушы мекеменің теңгеріміне берілмеген.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне мүліктерді беру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысымен Шиелі кенті Достық көшесінде орналасқан 90 орындық балабақша ғимаратын облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен Шиелі аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешім қабылдан-ғанмен, «Қызылорда облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекеме-сінің теңгерімінен аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы «Алыс-беріс актісі» 2012 жылдың 9 сәуіріне тексеру мерзіміне дейін жасалмаған.
Аяқталмаған күрделi құрылыстарға түгендеу жұмыстары жүргізілмеген, 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен аяқталмаған және аяқталған, бiрақ пайдалануға берiлмеген құрылыс және қайта салынған объектiлер бойынша 18 млрд. теңге шығындары 203 қосалқы шоты бойынша бухгалтерлік есепке алынбаған және келесi жылдардың баланстарына көшiрiлмей келеді.
"Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 1181014,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы, Қызылорда облысы әкімдігі арасында нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 10 Келісімге 2011 жылғы 14 қарашада № 123 қосымша Келісім жасалып, Қызылорда облысына бөлінген 586000,0 теңге нысаналы даму трансферттері 1881 000,0 мың теңге болып өзгертілген.
Аталған қаражат аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне бөлін-генмен, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану нәтижелері туралы облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері арасында Келісім жасалмаған. Яғни, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабының талаптары бұзылып отыр.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен республикалық бюджеттен қаңтар айында 637390,0 мың теңге, қараша айында қосымша 300 000,0 мың теңге, барлығы 2011 жылы 937390,0 мың теңге бөлінген.
Қызылорда қаласындағы жобаланып жатқан «Сыр цементі» ЖШС-нің обьектісіне сыртқы инженерлік желілерді жеткізу құрылысын» жүргізу жұмыстарына Мердігер «НаиКит» ЖШС-мен 2011 жылы жасалған шарт бойынша төленген 122970,7 мың теңгеге 2012 жылдың 30 наурызына дейін ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Жұмысты атқару актісі тапсырылмағанды-ғынан 2012 жылдың 1 қаңтарына 122970,7 мың теңге дебиторлық қарыз құралып отыр.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес қаңтар айында бөлін-ген қаржыға Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Қызылорда облысы әкімі 2011 жылдың 7 ақпанында № 1 «Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы» келісім 637390,0 мың теңгеге жасалынғанмен, қараша айында қосымша бөлінген 300000,0 мың теңге қаржыға Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Қызылорда облысы әкімі арасында «Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы» келісімге өзгерістер енгізілмеген. Яғни, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабының 14-тармағының талаптары бұзылып отыр.
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Қызылорда облыстық мәслихаттың шешімімен Қазалы ауданы Ажар елді мекенін электр жүйелерін қамтуға 2010 жылы облыстық бюджеттен бөлініп, игерілмеген 3826,0 мың теңге қаражат 2011 жылы қайта (түгел) пайдалану мақсатында қайта берілген, алайда, жылдың қорытындысымен түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, нысан пайдалануға берілмеген.
«Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерін газдандыру» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сарапта-мадан өткізуге 1145,0 мың теңге бөлінгенмен, 2011 жылы бұл қаржы мемлекеттік сатып алу конкурсы өтпеді деп игерілмеген.
ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгал-терлiк есеп жөнiндегi Нұсқаулықтың» 10, 198-тармақтарының талаптары сақталмай, 2011 жылы аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілген құрылыс нысандары 1,2 млрд. теңге, құрылысы аяқталмаған нысандары бойынша 545,8 млн. теңге, барлығы 1,7 млрд. теңгенің шығындары 203 қосалқы шоты бойынша бухгалтерлік есепте айқындалмай, келесi жылдың балансына көшiрiлмеген.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
«Қызылорда қаласындағы теміржол арқылы өтетін аспалы көпір» жобасы бойынша 1,642 млрд. теңге және оған қосылатын «Самара-Шымкент-Жаңақор-ған» облыстық маңыздағы ұзындығы 6 шақырым автомобиль жолының құры-лысын аяқтау жобасының» жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2010 жылы бөлініп, игерілген 4,4 млн. теңге жобалауға жұмсалған шығындар (1 млрд. 646,4 млн. теңге) 203 қосалқы шоты бойынша есепке алынбаған және келесi жылдың балансына көшiрiлмеген.
«Арзан құнды тез тозатын заттар» 071 қосалқы шотта жалпы құны 2,0 млн. теңге активтер есепке алынып, кірістелген.
Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы.
«ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарлама бойынша 2011 жылы 289,1 млн. теңге бөлініп, 270,0 млн. теңге игерілген немесе 93,4 пайызға орындалған, 19,1 млн. теңгенің игерілмеу себебі 389,9 мың теңге - мемлекеттік сатып алу заңы бойынша үнемделген қаржы және 18,7 млн. теңге Сырдария өзенінен мәжбүрлеп су алу үшін Қараөзек арнасындағы су шаруашылығы нысандарын жөндеу жұмыстары бойынша «Универсал ЛТД» ЖШС-нің келісім-шартпен алған міндеттемелерін уақытылы орындамауынан. Осыған орай, мердігерге тұрақсыздық айыбы есептелініп, 2011 жылдың 27 желтоқсанында 2667895-00 теңге бюджетке өндірілген.
Алайда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 11-бабы 4-тарма-ғының 4) тармақшасының талаптары сақталмай, мердігерді жосықсыз деп танып, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар Тізіліміне қосу жөнін-де басқарма тарапынан сот органдарына талап-арыз белгіленген 10 жұмыс күні мерзімнен кешіктіріліп, 2011 жылғы 20 желтоқсанда жолданған (заңнамаға сәйкес 18 қазаннан 2 қарашаға дейін сот органдарына жүгінуге тиіс еді). Экономикалық соттың 2012 жылғы 17 ақпандағы шешімімен талапкердің талап арызы жартылай қанағаттандырылып, басқарма тарапынан 2012 жылғы 13 нау-рызда аппеляциялық шағым жолданған. Қазіргі таңда сотта қаралуда.
Басқармаға облыстық бюджетті 2011 жылғы 9 ақпандағы нақтылау бары-сында Қызылорда облыстық мәслихатының № 272 шешімімен 2010 жылы бөлініп, игерілмеген қаржы есебінен «Қызылорда қаласы Төле би көшесі, 112-дегі Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің арнайы мекемесі ғимаратының құрылысын» аяқтауға 21,5 млн. теңге қайта беріліп, 2011 жылы қаржы толығымен игерілген, нысан аяқталғанмен Қызылорда облысының ішкі істер департаменті теңгеріміне берілмеген.
Аяқталмаған нысандар ретінде 195,8 млн. теңгенің құрылысының шығын-дары 203 қосалқы шоты бойынша есепке алынбай, келесi жылдың балансына көшiрiлмеген.
Мәдениет басқармасы.
«Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулық бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығының 36) тармақша-сының талабы сақталмай, 2010 жылы жұмысы аяқталып, пайдалануға қабыл-данған «Жалаңтөс Баһадүр» мүсіндік композициясы тексеру күніне «Қызылорда облысы мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің немесе «Қызылорда облысының мәдениет басқармасының Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімдеріне 011 "Имараттар" қосалқы шотында есепке алынбаған. Бухгал-терлік есепте 149-ерекшелік бойынша игерілген 58,8 млн. теңге ағымдағы шығындар ретінде шығысталған.
Басқармаға 2011 жылы 007 «Театр және музыка өнерін қолдау» бюджет-тік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ғимаратын күрделі жөндеуге 158,8 млн. теңге бөлініп, жылдың қорытындысымен жұмыстардың орындалмауына байла-нысты 55,5 млн. теңге игерілмей, бюджет қаржысын пайдалануда түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
Сонымен қатар, Қызылорда зағиптар арнаулы кітапханасында негізгі қорларға түгендеу тізімінде 063 шотта (жалау, елтаңба, өрт қалқаны) кұны 40,2 мың теңге, 070 шотта (шкаф файл, өрт қалқаны, айна, жалюзи, т.б.) құны 489,1 мың теңге, жалпы құны 529,3 мың теңге активтері тез тозатын құндылықтар ретінде көрсетілген.
«Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулық бекiту туралы» ҚР Қаржы министрлiгi қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығының талаптары сақталмай, мемлекеттік бюджет есебінен 2008-2012 жылдар аралығында жұмсалған 21605,0 млн. теңге күрделі шығындар есепке алынбаған және мемлекеттік мекемелердің бухгал-терлік есептерінде жалпы құны 5,6 млн. теңге активтер тез тозатын, арзан құнды заттар ретінде есепке алынған, жалпы сомасы 21610,6 млн. теңгеге қаржы бұзушылықтар анықталды.
ҚР Үкіметінің «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысының 61-тармағы сақталмай, құрылыс қызметін болжайтын бюджеттік инвестициялық жобаларда жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы қоса берілмегеніне қарамастан 3 жағдайда 29,2 млн. теңге қаражат жер мәселесі шешілмей бюджетте жоспарланып, толық пайдаланылмай (8,6 млн. теңге), түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекеме-сіне тексеру қорытындысы бойынша жоғарыдағы жіберілген кемшіліктерді талдау мақсатында «Қызылорда облысының қаржы басқармасы», «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаны, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы», «Қызылорда облысының құрылыс басқармасы», «Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы», «Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Қызылорда облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемелері шақырылып, жан-жақты талқыланды.
Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы, Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облысының білім беру басқармасы, Қызылорда облысының ішкі істер департаменті, облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасы тарапынан «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 Бұйрығы талаптары сақтамау фактілері орын алған.
Сонымен қатар, аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттерінің атқарылуының талдау нәтижелеріне тоқталып өтетін болсақ:
1. «Арал аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 505242,6 мың теңге заңдылық талаптарын сақтамау фактілері орын алған:
1) 2010 жылы толық пайдаланылмаған 2011 жылға қайта пайдалануға рұқсат берілген 10 315,0 мың теңге жоғары тұрған бюджетке қайтарылмаған;
2) 2012 жылдың 1 қаңтарына 2270,0 мың теңге дебиторлық берешегі және 1911,0 мың теңге кредиторлық қарыздар құралған.
3) Құны 46 464,5 мың теңге тұратын 10 арендалық үй құрылысы, 381 519,6 мың теңгенің аяқталмаған құрылысы, барлығы 427984,1 мың теңге «Құрылыс бөлімі» ММ мекеме теңгеріміне алынбаған;
4) Арал ауданы әкімінің аппараты, Арал қаласы әкімінің аппараты, Арал аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі, Арал аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Арал аудандық жер қатынастары бөлімі, Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі барлығы 62 615,7 мың теңгеге бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудегі бұзушылықтарға жол берген.
5) бюджеттік кредиттерді төлеу барысында тиісті көлемі мен мерзімі сақтамағандықтан, 2010 жыл қорытындысымен 52,7 мың теңге, 2011 жыл қорытындысымен 30,0 мың теңге есептелінген өсімпұл, барлығы 82,7 мың теңге төлеуге тиіс.
6) Коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз жалға беруден 2010-2011 жылдары 201504 кодына барлығы 64,1 мың теңгесі бюджетке түспеген;
7) ауданға қарасты 4 мектептің ғимараттарына бағалау жұмысы жүргізілмегендіктен, теңгерімге құнсыз қабылданған және ауылдық округтер әкімі аппараттарының теңгеріміне берілген каналдар мен бөгеттер әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден (мемлекеттік жер актісі, техникалық төлқұжаты) өтпеген.
8) Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 2 «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық санының, қызметтік жеңіл автокөліктер санының лимиті туралы» қаулысы талаптары сақталмай, «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 1 қызметтік автокөлік артық қаралған.
2. «Қазалы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 16625,9 мың теңге заңдылық талаптарын сақтамау фактілері орын алған:
1) 2012 жылдың 1 қаңтарына 1538,6 мың теңге дебиторлық берешегі және 2160,3 мың теңге кредиторлық қарыздар құралған;
2) Аудандық бюджеттен жарғылық капиталды ұлғайтуға жоспарланған 9600,0 мың теңгенің 7420,0 мың теңге қаржысы қаржы-экономикалық негіздемесінде көзделмеген мақсаттарға жұмсалынған.
3) күл-қоқыс шығаратын баланстық құны 5507,0 мың теңгенің автокөлігі Әйтеке би кенті әкімінің аппараты теңгеріміне алынбаған.
3. «Қармақшы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 772348,0 мың теңге заңдылық талаптарын сақтамау фактілері орын алған:
1) «100 мектеп, 100 аурухананың» қызметкерлері үшін тұрғын үйді жос-парлауға және салуға 60260,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен кредит беріліп, 2011 жылдың 1 сәуіріне дейін қайтаруға міндеттенген.
Қармақшы ауданы Жосалы кенті Наурыз көшесінде салынған 12 ипотека-лық тұрғын үй мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен қабылданып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансына берілген.
2011 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылу есебінде азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдер жоспары орындалмағанмен, жоғары тұрған бюджет алдындағы қарыз толығымен аудан бюджеті қаражаты есебінен өтелген.
2) Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша республикалық бюджеттен берілген кредит 4042 мың теңге (2010 жылы 1683,6 мың теңге, 2011 жылы 2403,4 мың теңге) бюджеттік кредит алушылар тарапынан бюджетке түспей, аудан бюджетінің қаражаты есебінен облыстық бюджетке аударылған.
3) 2010 жылы республикалық бюджеттен мемлекеттік коммуналдық тұр-ғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілген ныса-налы даму трансферттері есебінен Жосалы кентінде 3 арендалық тұрғын үй құрылысын салуға беріліп, игерілмеген 547 мың теңгесі 2011 жылы пайдалану (түгел пайдалану) үшін бөлінгеніне қарамастан игерілмегенмен, 3 арендалық тұрғын үй мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданбаған, игерілмеген қаржы облыстық бюджетке қайтарылмаған.
4) Қызылорда облысы әкімдігінің осы қаулысымен Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылындағы 300 орындық № 185 мектептің құрылысына бөлінген трансферттердің пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) 11135 мың теңге-сін мектептің құрылысын аяқтау үшін 2011 жылы қайта пайдалануға берілгенмен, мектеп құрылысы аяқталмаған, пайдалануға берілмеген.
5) «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық санының, қызметтік жеңіл автокөліктер санының лимиті туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1021 қаулысымен қызметтік жеңіл автокөліктердің саны 33 болып бекітілген. Осыған қарамастан Қармақшы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 247 шешімімен аудандық мәслихат аппаратына қызметтік автокөлік сатып алуға 6000,0 мың теңге, аудан әкімінің аппаратына 19500,0 мың теңге қаржы жоспарланып, 2011 жыл қорытындысымен 6 қызметтік автокөлік алынған, 2012 жылдың 1 қаңтары жағдайында лимиттен артық 8 автокөлік пайдаланылуда.
6) 2012 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру бағдарламасынан 3080,7 мың теңге кредиторлық, 229,3 мың теңге дебиторлық берешек құралған.
7) Қуаңдария ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі. Ауыз су жүйесі желілері мен жабдықтары 78500 мың теңге негізсіз 2011 жылғы баланстан алынып тасталған.
8) 3 мектеп ғимараты бағалау жұмысы жүргізілмегендіктен, 2012 жылғы 1 қаңтардағы балансқа құны көрсетілмеген.
9) Жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер бойынша 2010-2011 жылдары 2544,5 мың теңгеге жасалған келісім-шарт бойынша төлемақы жасау жөніндегі міндеттемелері орындалмай отыр.
10) «Қармақшы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2009-2011 жылдары құрылысы аяқталмаған, құны 612009,5 мың теңгенің құрылыс нысандары мекеменің балансына енгізілмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |